- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Х. Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті
- •«Мамандану практикумы 1» пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
- •Тараз 2014 Пәннің мазмұны және лекция тақырыптары
- •Мамандану практикумы 1пәнінен дәрістер Дәріс 1. Психодиагностика ғылыми іс-әрекет ретінде
- •Дәріс 2. Психодиагностика практикалық іс-әрекет ретінде
- •Дәріс 3. Психодиагностикалық әдістерді жіктеу және олардың негізі
- •Дәріс 4. Психодиагностикалық міндеттер
- •Дәріс 5. Мінез-құлықтық бақылау
- •Дәріс 6. Жекелік сұрақтамалар
- •Дәріс 7. Проективті әдістер (телімелі әдістер)
- •Дақтардың формасы және оны сыналуышының бейнелік сипаттауын өңдеу
- •Дәріс 8. Тақырыптық апперцепция тесті
- •Проективті тестердің бағасы
- •Дәріс 10. Психогигиена мен психопрофилактика
- •Дәріс 11. Психокоррекция пәні.
- •Дәріс 12. Психологиялық кеңес беру пәні.
- •Дәріс 13. Тренинг. Тренинг барысындағы қаралып шешілетін міндеттері
- •Дәріс 14. Әдістемені қолданушыға және әдістемеге қойылатын талаптар.
- •Дәріс 15. Психодиагностика әдістері, олардың жіктелуі
Мамандану практикумы 1пәнінен дәрістер Дәріс 1. Психодиагностика ғылыми іс-әрекет ретінде
1. Психологиялық міндеттер
2. Психодиагностикалық әдістер ерекшелігі
Психодиагностика, жалпы алғанда, психологиялық диагноз қою ғылымы 1921ж. Г.Роршахтың «Психодиагностика» еңбегі жарық көргеннен кейін психиатрияда «Психодиагностика» термині ене бастады. «Диагностикалық» термині даму мен қалыптасудағы кез-келген ауытқушылықты немесе нақты нысана жағдайын (индивид, жанұя, шағын топтар, нақты адамдардың психологиялық қызметін немесе процесін) егжей-тегжейлі білуге арналған.
Психологиялық міндеттер әр-түрлі тәсілдер арқылы шешіледі. Мәселен,
1) Тексеріліп жүрген адамға көмек көрсету барысында (консультация, психотерапия) ұзақ уақыт бақылау.
2) Тексеріліп жүрген адамды өмір сүру барысында бақылау. Мысалы: бала бақшадағы сәбидің мінез құлқын бақылау. Бұл тәсілдер тексерілуші туралы қомақты деректер береді, бірақ деректі Психологтың жұмысының басында емес, барысында береді. Ол кезде бұл деректердің қажеті болмай қалуы да мүмкін. Сондықтан психодиагностикада нақты индивидті немесе топ туралы деректерді, қажет болған жағдайда пайдаланатын, арнайы психодиагностикалық әдістемелер кеңінен таратылуда. Бұл әдістің мынадай ерекшеліктері бар: 1) олар диогностикалық деректерді тез жинауға мүмкіндік береді;
2) олар адамдар туралы ғана емес, оның ерекшеліктері (интелектісі, алаңдаушылығы т.б.) туралы да деректер береді;
3) индивидті басқа адамдармен сандық жәнесапалық тұрғыда салыстыруға мүмкіндік беретіндей деректер береді;
4)әдістеменің қаншалықты тиімділігі индивидтің даму барысы туралы, іс-әрекеттің маңызы туралы деректер береді.
Дәріс 2. Психодиагностика практикалық іс-әрекет ретінде
Психодиогностика-теориялық ғылым
Практикалық психодиагностика
Жалпы психодиогностика теориялық ғылым ретінде берік диогностикалық пікірлердің шығу заңдылықтарын және диогностикалық ой еңбектерінің ережесін қарастырады. Мұңдай ереже кейде қарапайым, кейде өте күрделі боп келеді. Күрделі жағдайда диагностикалық көрсеткіштермен ерекше жұмыс жасауды қажет етеді: профильдерді стандартты түрде салыстыру; интегралды көрсеткіштер есебі; альтернативті диагностикалық байқаулармен салыстыру; әкспертті өңдеу; болжам жасау және оны алып тастау.
Психодиагностика теориялық пән болғандықтан психология ғылымының тиісті салалармен тығыз байланысты. Мысалы, жалпы психодиагностика әлеуметтік және даралық психологиясымен: ал жеке психодиагностика медициналық, жас ерекшелік, әчкери, сот, еңбек, спорт психологиясымен байланысты.
Теориялық психодиагностика психологиялық білімдердің 3 облысын қамтиды.
1) берілген құбылыстарды түсіндіретін психологияның пәндік саласын;
2) анықталар жағдайдағы даралық өзгешеліктерді өлшеу ғылымы-психометрика (психологиялық өлшеу);
3) психологиялық білімдерді пайдалану тәжірибесі.
Практикалық психодиагностика пайдалы дағдылар мен көрегендікті (интуиция), бай клиникалық және тұрмыстық тәжірибені, психодиагностикалық өлшеуіш құралдарды қарастырады. Практикалық психодиагностиканы тексеру: өткізуге басшылық жасай білу керек және жеке адамдардың көрсеткіштерін нормативпен салыстыра білуі керек. Мәселен, тексеру үстінде қоршаған орта жағдайынан сыналушы шошынып қалса, тексеру процессі үшін сарапшылық (экспертиза) мәнге айналып кетеді. Мұндай жағдайда сенімді қарым-қатынас барысында алынған нормадағы көрсеткіштер мен зерттеу барысында алынған көрсеткіштер сәйкес келмейді. Немесе, керісінше. Осының бәрін Психодиагност біліп қана қоймай, сыналушының жағдайы қалай қабылданғандығын анықтай білуі керек. Практикалық-психодиагностика, сондай-ақ, клиентті тексерілуге түткі болған себептерді, оны қолдануға қажетті білімдерді: тексерілушінің жағдайын таразылай білу іскерлігін; тәрбиелеушіге өзі туралы деректерді хабарлаудағы біліктілікті; сыналушыға еріксіз зиянын тигізер әрекеттерге, қимылдарға сезімталдықты; сұраныс жасағандарға деректер бере алу икемділігін қарастырады.
