Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MAMANDANU_PRAKTIKUMY_1_lektsia.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
153 Кб
Скачать
☆

Дәріс 14. Әдістемені қолданушыға және әдістемеге қойылатын талаптар.

  1. Психодиагностикалық әдістемелерді жариялаушыларға қойылатын талаптар

  2. Психометриялық түрлер көпшілік оқырманға арналған басылымда

а) Психодиагностиканың теориялық, әдістемелік принциптерін білуі шарт; дифференциальды психометрия негіздерін игере білуі керек,

ә) тесті өткізу негізінде қабылданатын шешім үшін жауап береді.

б) берілген салада психодиагностика өткізуге хұқы бар.

в) әдістемелерді таңдауға диагностиканың барынша маңыздылығын игеруі.

д) стандартты әдістемелер өткізу үшін қойылатын талаптарды қатаң сақтайды.

е) псидиагностикалық деректің құпиялығы (конфедециальность) үшін жауап береді.

ж) Психолог қате, әдепсіз қолданылған әдістемені өткізуге, кедергі келтіруге, оны психологтар қоғамына хабарлауға міндетті.

з) зерттеушілердің құрамы, қолдану барысы туралы баяндайды.

Нұсқау құжаттарымен анықтамалық басылымдар әр кезең сайын қайта құрылып отыруы керек. Себебі, әдістер шартты уақыт ағымына сай өзгеріп отырады, нәтижесінде психометрия да өзгереді.

Психометриялық түрлер көпшілік оқырманға арналған басылымда. Психолог-авторлық кәсіптік құпияны (диагностикалық әдістердің мәнін баяндау) жариялауға хұқы жоқ.

Әдістемеге қойылатын талаптар:

1.Тестер мына талаптарды қанағаттандыруы керек.

а) әдістемені қолдану саласы (өндіріс медицина, семья) мақсаты-(әкімшілік шешім қабылдау үшін, кәсіптік әрекетті жетілдіру үлгісі) затты бір жақты белгіленуі керек.

Зерттепушінің контингенті (жас, жыныс, білім, тәжірибе, қызмет).

б) тапсырманы өңдеу процедурасы статистикалық негізделген санақ әдістерін пайдалану арқылы жүруі керек.

в) тестің репрезентативтілігі немесе валидтілікке тексерілуі керек.

г) өзіндік есепке негізделген процедуралар ақиқаттығына бақылау жасайтын құралдармен қамтамасыз етілуі керек.

д) тест бойынша жиналған деректер бланкасын жүргізуі керек және мезгіл-мезгіл барлық стандартты әдістемелерді түзетіп отыруы керек.

Психодиагностикалық әдебиеттер мен әдістемелік материалдарға қойылатын талаптар:

Ғылыми журналдарға жарияланатын зерттеу әдістемелері.

Әдістеменің теориялық негізін, жасалу тәсілін, тестік көрсеткіштер шкаласының беріктігі, валидтілігі, репрезинтативтілігі, зерттеу деректерінің жариялануы керек. Оқырмандар үшін кейбір тест тапсырмаларынан мысалдар келтіруге болады.

Ғылыми басылымдарда кәсіби шектеулі әдістемелердің («К-әдістеме») тапсырмаларының толық тексті, кілті, өткізуі мен өңдеудің нақты нұсқаулары берілмейді. Бұлардың бәрі автордың қажетті әдебиеттерге сілтеме жасауы арқылы көрсетіле алады.

Сондай-ақ, ғылыми басылымдарда бұл салада маман еместерге арналған, нақты адамдарға кесірін тигізбейтін әдістемелерді егжей-тегжейлі баяндауға болады. Бұл әдістерді «ашық әдістер» деп атайды.

2) Анықтамалық-әдістемелік басылымдарда әдістердің тапсырмасының тексті, кілті, нормалары жарық көруіне болады. Тек бір шартқа сүйену керек, басылым арнайы психологиялық дайындықтары бар мамандарға таратылады. Баспаның авторлары мұндай басылымды таратқаны үшін психологтар қоғамының алдында жеке жауап береді.

3) Нұсқаушылық құжаттар әдістеменің қайда, қалай пайдаланатындығы туралы, кімдермен өткізу керектігі туралы шарттарды жариялайды.