- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Х. Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті
- •«Мамандану практикумы 1» пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
- •Тараз 2014 Пәннің мазмұны және лекция тақырыптары
- •Мамандану практикумы 1пәнінен дәрістер Дәріс 1. Психодиагностика ғылыми іс-әрекет ретінде
- •Дәріс 2. Психодиагностика практикалық іс-әрекет ретінде
- •Дәріс 3. Психодиагностикалық әдістерді жіктеу және олардың негізі
- •Дәріс 4. Психодиагностикалық міндеттер
- •Дәріс 5. Мінез-құлықтық бақылау
- •Дәріс 6. Жекелік сұрақтамалар
- •Дәріс 7. Проективті әдістер (телімелі әдістер)
- •Дақтардың формасы және оны сыналуышының бейнелік сипаттауын өңдеу
- •Дәріс 8. Тақырыптық апперцепция тесті
- •Проективті тестердің бағасы
- •Дәріс 10. Психогигиена мен психопрофилактика
- •Дәріс 11. Психокоррекция пәні.
- •Дәріс 12. Психологиялық кеңес беру пәні.
- •Дәріс 13. Тренинг. Тренинг барысындағы қаралып шешілетін міндеттері
- •Дәріс 14. Әдістемені қолданушыға және әдістемеге қойылатын талаптар.
- •Дәріс 15. Психодиагностика әдістері, олардың жіктелуі
Дәріс 3. Психодиагностикалық әдістерді жіктеу және олардың негізі
Қазіргі кезде барынша негізделген бірнеше психодиагностикалық әдістемелер
Берілген тәсілдің негізіне қарай жіктелетін әдістемелер
Қазіргі кезде барынша негізделген бірнеше психодиагностикалық әдістемелер бар:
1) Жауап талап ететін тапсырмаларға негізделген психодиагностикалық әдістемелер. Олардың өзі дұрыс жауапты шамалайтын тапсырмалар және дұрыс жауабы жоқ тапсырмалар боп енеді. 1-типке интеллект тестері, арнаулы қабілет тестері; кейбір даралық белгілер тесті (Равен тесті, Уткиннің байланыстылық пен байланыссыздықты анықтау тесті), 2-топқа қандайда бір жауаптың бағыттылығын, жиілігімен анықталатын, бірақ ақиқаттығын қарастырмайтын тапсырмалар жатады. Көптеген даралық сұрақтамалар осындай болып келеді (Р. Кэттелдің 16 PF тесті).
2) Сөздік және сөздік емес психодиагностикалық әдістемелер; 1-сі тексерілушінің тілдік белсенділігіне сәйкес. Бұл әдістеменің тапсырмалары еске, қиялға байланысты болып келеді. 2-сі-тілді сыналушыға нұсқауды түсіндіру үшін ғана қолданылатын, ал тапсырманы орындау сөздік емес тәсілдерге: қабылдауға (моторика) қозғалысқа сүйенетіндігімен сипатталады.
3) Берілген тәсілдің негізіне қарай жіктелетін әдістемелер:
1.нақты тестер
2.қалыптандырылған өзіндік есептер
Оның құрамына мыналар кіреді: а) соңынан талдауға түсетін ашық сұрақтамалар, ә) сұрақтама-тестер, б) жеке бағыттамалық техникалар: рольді репертуарлық тор.
3.телімелі техникалар
4.диагностикалық техникалар (әңгіме, интервью, диагностикалық ойындар).
5.Шкалалық техникалар. (Ч.Осгуд әдістемесі)
6.Шынайы техникалар: тапсырманы дұрыс орындау мүмкіндігі қарастырылған әдістемелер.
Сөздік өзіндік есепке зерттелушінің сөздік қабілетін, ойлау, қиялдау есінің дәрежесін пайдалану жатады.
Сұрақтама тапсырмаларда- 1 сұраққа 2-3 жауап нұсқалары беріледі. Зерттеуші сол жауаптардың біріне тоқталуды сұранады. Жауап пунктері субъектінің өмір тәжірибесіне байланысты (қараңғыда қорқасың ба?) немесе пікіріне байланысты өңделеді. Сұрақтамалар бірқалыпты немесе көпжақты болады.
Ашық сұрақ. Зерттеушінің қалыпты жаабын қарастырмайды. Тапсырманы өңдеу ерікті жауаптарды қалыпты категорияларға жатқызумен жүреді.
Репертуарлы тор секілді жеке бағытталған техника-формасы жағынан сұрақтама әдістемелері секілді:әңгіме, интервью болуы мүмкін. Негізгі айырмашылығы бағаланатын параметрлер (ось, өлшем) зерттелушінің жауабының негізінде белгіленеді. Бұл әдістемеде бүгінгі күн талыбындағы статистикалық аппараттар пайданылады. Нәтижесінде, субъектінің даралық ерекшелігіне байланысты диогностикалық қорытындылар берік болады.
Проективті техника. Психодиагностың көрегендігі мен тапсырманы өңдеу кезінде аса қажет болатын теориялар даралығы негізінде құрылады. Бұл әдістемеде ынталандырғыш-субъектінің қандай да бір қажеттіліктері ретінде көрінеді және фантазия; қиял процестерін тудырады.
Диагностикалық техникада психодиагност зерттелушімен қарым-қатынасқа түсу барысында керемет диагностикалық нәтижелерге ие болады. Мұндай сенімділікке негізделген қарым-қатынас жанұядағы қарым-қатынас дамуындағы қиындықтарды, баланың жеке басының дамуындағы келеңсіздіктерді анықтау үшін қажет. Психодиагност бұл әдістемеде бір мезгілде не кеңесші ролінде, не психотерапевт ролінде жұмыс атқарады.
Диалогиялық техника сөздік емес (балалармен ойын) бола алады.
Шкалалық техника қандай да бір нысананы, шкаламен көрсетілген сапасына қарай бағалайды. Мысалы: нысана ретінде сөздік пайымдаулар, бейнелеу материалдары, нақты адамдар; ал сапалары-күшті-әлсіз, суық-жылы. әдетте, 3,5,7 нүктелі шкалалар пайдалынады.
