- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Х. Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті
- •«Мамандану практикумы 1» пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
- •Тараз 2014 Пәннің мазмұны және лекция тақырыптары
- •Мамандану практикумы 1пәнінен дәрістер Дәріс 1. Психодиагностика ғылыми іс-әрекет ретінде
- •Дәріс 2. Психодиагностика практикалық іс-әрекет ретінде
- •Дәріс 3. Психодиагностикалық әдістерді жіктеу және олардың негізі
- •Дәріс 4. Психодиагностикалық міндеттер
- •Дәріс 5. Мінез-құлықтық бақылау
- •Дәріс 6. Жекелік сұрақтамалар
- •Дәріс 7. Проективті әдістер (телімелі әдістер)
- •Дақтардың формасы және оны сыналуышының бейнелік сипаттауын өңдеу
- •Дәріс 8. Тақырыптық апперцепция тесті
- •Проективті тестердің бағасы
- •Дәріс 10. Психогигиена мен психопрофилактика
- •Дәріс 11. Психокоррекция пәні.
- •Дәріс 12. Психологиялық кеңес беру пәні.
- •Дәріс 13. Тренинг. Тренинг барысындағы қаралып шешілетін міндеттері
- •Дәріс 14. Әдістемені қолданушыға және әдістемеге қойылатын талаптар.
- •Дәріс 15. Психодиагностика әдістері, олардың жіктелуі
Дәріс 4. Психодиагностикалық міндеттер
Психодиагностикалық деректерді медицинада пайдалану
Психодиагностикалық деректер
Психолог аурудың ойлау, ес процесінің жеке басының ерекшеліктері туралы тьұжырым жасайды. Ал дәрігер медициналық диагноз қояды. Психолог диагноз үшін де жауап бермейді. Психодиагностикалық деректер сот, біріккен психологтық-психиатрлық экспертиза қажет еткен жағдайда да, жұмысшының кәсіптік деңгейін анықтарда да осы схема бойыншажүреді.
2) Деректерді диагноз қою үшін Психодиагностың өзі пайдаланады, бірақ басқа саланың өкілдері араласа алады. Мысалы: оқушының оқу үлгерімінің төмендеу себебін анықтау психологиялық диагноз қойылады, ал оны орындауды мұғалім, тәрбиеші, ата-аналар жүзеге асырады.
3) Психодиагностың мыңдаған деректер негізінде психологиялық диагноз қоюы – психологиялық әсер ету жолдарын құруға жағдай жасайды. Психологиялық консультация жағдайындағы психодиагностиканың міндеті осындай.
4) Диагностикалық деректер мінез-құлқын түзету, өзіндік дамуды жүзеге асыру мақсатында тексерілушінің өзінің қолдануымен жүзеге асады. Мұндай жағдайда психолог деректердің туралығына, диагноздың сыпайы түрде жеткізілуіне толықтай және диагнозды клиенттің қалай орындайтындығына ішінара жауап береді.
Дәріс 5. Мінез-құлықтық бақылау
Мінез-құлық бақылау әдісінің тиімділігі
Мінез-құлық зерттеу әдісінің жүргізу барысы
Әртүрлі әлеуметтік жағдайды жүйелі түрде бақылау арқылы адамның жеке басын зерттейтін объективті әдіс. Сұрақтаманың және решетканың көмегімен бақылаушы әрдайым адамдардың әртүрлі мінез-құлықтарының реакцияларын белгілейді, сосын оның жиілігін анықтайды. Мысалы, бұл үшін оның қоршаған ортамен өзара әрекетін жүйелі түрде тіркеп отыруымен және оның жылау, айқайлау, итеру, шаштан тарту, ұру, сес көрсету, айбаттану, оңашалау, сұраншақтық секілді әрекеттерінің жиілігі мен ұзақтығын анықтау арқылы бағалауға болады.
Мұндай бақылау-адамдардың бүкіл мінез-құлқының барысын («аумалы-төкпелілігінің») қарастыруымен қатар, қандай да бір психологиялық әсерден соң, мінездің қалай өзгеруінің мүмкіндігінен де хабар беріп отырады. Әйткенмен де бұл әдіс адамдардың жеке басының қасиеттерін терең аша алмайды, тек үстірт баға береді.
Дәріс 6. Жекелік сұрақтамалар
Адамның жеке басының әртүрлі жақтарын берілген тұжырымдар жиынтығы
ММРі сұрақтамасы адамның жеке басының көрінісі
Бұл тестер қағаз бен қаламның көмегімен орындалады. Адамның жеке басының әртүрлі жақтарын берілген тұжырымдар жиынтығымен «келісуі» немесе «келіспеуі» арқылы анықтаймыз. Бұлардың ішіндегі ең кең тараған түрі-Миннесот штатының университетінде жасалған ММРі сұрақтамасы.
ММРі сұрақтамасы адамның жеке басының көрінісінің әртүрлі салаларын қамтитын (семьялық өмір, кәсіптік белсенділік, жыныстық әдеттер,әлеуметтік және діни әрекеттер) 550 пунктен тұрады. Тест адам бағасын психотерапияда сипатталған патологиялық категориялармен сәйкес, 10 анықталған өлшемде қарастырылады. Бұл өлшемдердің әрқайсысына, сол бағытта психикалық ауытқушылығы бар адамдардан тұратын, бақылау тобы таңдалып алынған.
