Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MAMANDANU_PRAKTIKUMY_1_lektsia.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
153 Кб
Скачать
☆

Дәріс 12. Психологиялық кеңес беру пәні.

  1. Бала бақшадағы психологтың жұмысы

  2. Балалар үйіндегі психологтың жұмысы

Психологиялық кеңес беру дегеніміз жеке тұлғаның ішкі әлем мүмкіншілігін танып түсініп бағыт бағдар беру. Жалпы алғанда психолог-консультант психология ғылымының әр түрлі бөлімдрінің, атап айтқанда, когнитивизм, психоанализ, гуманистік психологияның өкілі болуы мүмкін. Психолог-консультанттың ең басты мақсаты, ол өзіне психологиялық көмек сұрап келген адамға немесе кішігірім топтық адамдарға әр түрлі сенімді және нәтижелі әдістер мен техникаларды қолдана отырып, көмек беруі қажет. Психолог-консультант бұл профессиноналды психолог болуы керек.

Психодиагностикалық міндеті –психологтарға, тәрбиешілерге, ата –аналарға пайдалы болатын, баланың жеке –психикалық ерекшеліктері туралы ақпарат беру. Нәтижелі жұмыс істеп жатқан балалар психологы

мынадай кәсіби қасиеттер ерекшелендіріп тұрады: өзін және өзгелерді тануға деген талпыныс , қызығушылықтардың кеңдігі және көзқарастардың тәуелсіздігі, адамдарды эмоцианалды өзіне баурап алатын қаьілет, өзінің өзіне және іс -әрекетіне деген жауапкершілік сезімінің жоғары болуы.

Бала бақшадағы психологтың жұмысы даму психологсы, педагогикалық психология, клиникалық психология салаларында маманданған жоғары психологиялық білім бар маманды квалификациялауды талап етеді.

Біріншіден, балалар психологы еңбегінің объекті балалар болып табылады, мұнда тек жетім балалар ғана емес, ата –анасымен тұратын балалар , психологтың еңбегінің құралы балалардағы белгілі –бір жеке қасиеттерін қалыптастыру болып табылады, олардағы балалық қорқыныш, ұялшақтық, агрессивтілікті жеңуге көмектеседі. Көп жетім балалар өздерін өзгелерден кем сезінеді, құрдастары жиі кемсітіп, күлкіге айландырады. Сондықтан балалар психологы өздерін олардан еш жері кем еместігін сендіре білуі керек. Психологтың жұмысының нәтижелі болғаның олардың балалар үйінен аттап шыққаннан кейін, өздеріне сенімді болуынан байқалады.

Балалар үйіндегі психологтың жұмысы өте маңызды өйткені, өоғам шектетіп тастаған балаларды ,олар қоғамға өз -өздеріне сенімді жеке тұлға ретінде қарайды.

Дәріс 13. Тренинг. Тренинг барысындағы қаралып шешілетін міндеттері

  1. Тренингтің жүргізу мақсаты

  2. Тренингтің жүргізу міндеті

Тренинг- психологиялық, әлеуметтік ортадағы мәселелер мен қиындықтарды түзету, өзін - өзі шығармашылық тұрғыда дамытуға, тұлғаның әлеуметтік ортада өзіндік реттелуіне мүмкін болатын қажетті жағдайды туғызуға көмектеседі.

Тренингтің жүргізу мақсаты: топта қолайлы жағдайды қалыптастыру, қатысушылардың мінез – құлқы мен ойлауын, қабілетін, әлеуметтік өзара әрекет дағдысын дамыту, топта сенімді және ашық атмосфера құру.

Тренинг барысындағы қаралып шешілетін міндеттер:

  • Тиімді қарым – қатынасқа машықтану, байланыс құру, қосылып отыру, белсенділік таныту, өз пікірін толыққанды білдіру

  • Эмпатиясын дамыту

  • Сенімсіздіктен, қобалжудан қорқыныштан, қарым – қатынастағы қиындықтардан арылу

  • Тиімді қарым –қатынасқа деген дайындығын дамыту

  • Тыңдай білу, жанашырлық, дауды жеңу, іскерлікті игеру

  • Тренингке қатысушылардың мәдениетін дамыту

  • Байланыс жасаудағы іскерлігін дамыту

  • өз коммуникациалық ерекшеліктерін сезіну

  • өзгелердің қызығушылығымен санасу және оны есепке алу іскерлігін қалыптастыру

  • эмоциалық тонусты арттыру

  • тұлғаның өзін - өзі бекітуіне жағымды жағдай туғызу

  • ашықтық сезімді, адамдарға деген сенімді дамыту

  • өзіне деген жағымды қатынасқа машықтану