Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция- 15 са- С-Ж- 15 са- обс-Ж- 15 са- Барлы- са-ат саны- 45 с.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
545 Кб
Скачать
☆

3. Кәсіби ар-намыс

Бұл ұғымдардың бір- бірімен тығыз байланыстығы соншалық оларды бөліп-жарып қарастырудың өзі қиын. Ұлы неміс философы Канттың жүрек тебірентерлік төмендегідей жолдары бар: “Бұл әлемде өзінің шексіздігі мен ғаламаттылығы тұрғысынан адамды таңдандыратын тек екі нәрсе ғана бар: төбедегі мәңгілік шексіз аспан және менің ішкі жан дүниемдегі адамгершілік заңы”. Осыдағы адамгершілік заңының жүзеге асуын қадағалаушы ар-ождан мен ұят. Ұят- адамгершіліктің бір жемісі, сонымен қатар ар-намыстың қосшысы. Ұят жоқ жерде әдеп- инабаттылық жоқ.

Ненің ұят және ненің ұят еместігі туралы түсініктердің барлық жерде бірдей еместігін айта кету керек.

Ар-намыс арқылы адамның өз қылықтарын парыз, міндет, тиеселілік тұрғысынан бағалай білетіндігі көрінеді. Адамның парызы сияқты ар- намыс та өзіндік, ешкімге тәуелсіз дүние.

Ұят деп адамның өзінің қоршаған ортасында қалыптасқан ортақ нормаларға немесе қауымның өзінен үміттенген биіктеріне сай келмегендігін сезінуден туындайтын қолайсыздық күйі. Ар- намыспен салыстырған ұят ішкі, өзіңмен-өзің қалатын күй емес, басқалардың , қоршаған ортаңның көзқарасымен анықталатын күй. Өйткені өзіңнің жасаған келеңсіз әрекеттің, іс-қылығы үшін басқалардан еститін сөзді ойлап , олардың сен туралы көзқарастарының бұзылатындығын ойлап қам жейсің.

№6 Лекция

Лекцияның тақырыбы: Құқық органдары қызметкерінің кәсіптік қызметі-нің категориялары.

(1 сағат)

Лекцияның жоспары: 1. Кәсіби ұят

2 . Кәсіби бедел

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ғабитов Т.Х., Жатқанбаев Е “Бизнес этикасы” Анкара Иепо 1997

  2. Профессиональная этика сатрудников провоохранительных орга-нов М Шитимеч. 1998

  3. Ғабитов Т.Х. ”Этика негіздері” А.А. 1997ж

  4. Р.М. Рақымбеков, А.Т. Габитова “Заңгер этикасы” электрондық Из.за “Юридическая литература”.

  5. А.Т. Құлсариева “Этика” оқу құралы А.А-2003ж

1. Кәсіби ұят

Абырой категориясы қадір қасиет категориясы мен тығыз байланыста. Бұл категориялар іс жүзінде өздерінің объективтік мазмұны бойынша атыратуға болады. Абыройды бағалау – бұл қоғамдық көзқарасты бағалау, ал қадір қасиетті бағалау – бұл ең алдымен, тұлғаның өз қалауы бойынша жүзеге асыралады. Әрине, қадір қасиетті бағалау қоғамдық көзқарастан алшақ жүзеге аса алмайды, алайда, бұл жерде өзіндік бағалау ерекше рольді иеленеді. Ал бұл бағалау, өз кезейнде, тұлғаның қоғам алдындағы жеткіліктерін суінуіке негізделеді.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің басым көпшілігі – абыройдың адамдары. Бұл қасиет олардың қызметтік борышты орындауда көрініс табады. Оның ерекшелігі бейбіт өмір кезінде де қайраттынықты, устамдылықты, өз ісіне жан тәнімен берілуді талап етумен сипатталады. әрине олар өз қызметінің маңыздалығы, борышты орындау мен байланысты тұрақты қауіп туралы ешкілке жария салып айтпайды. Олар өз міндеттерін жай ғана атқарады, халық осы үшін де оларға риза.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің абыройын ол өзі қызмет етіп жүрген ұжымның, бөлімшенің абыройына бөліп қарастыруға болмайды.

Сол себепті де, ол өзінің қызметтес серіктерін ұятқа қалдырарлықтай әрекеттер жасамауға тырысады. Ұжымның абыройы – жеке қызметкерлердің де абыройы. Абыройды сүйю құқық қорғау органдары қызметкеріне тән қасиет. Дұрыс түсінілген абырой жалпы іске кедергі жасамайды, керісінше, оны орындауға қосымша күштер береді. Ал абыройға табыну жағымсыз сезімдермен ұштасса, онда ол мансап қорлыққа айналады. Мұндай жағдайда адам өзінің пайдакүнеледік мақсаттарына жету ушін кез – келген құралдар мен жолдарды пайдалануға дайын болады.

Қызметкер абыройы мен ұжым абыройының ұштасуы мақтаныш сезімін, яғни құқық қорғау органдары қызметкерлерінің осы жүйеде қызмет ежетіндігін сезінудің моралдық қанағаттанған суімін тудырады. Соңғы жылдары құқық қорғау органдарының беделі қоғамдық козқарас алдында біршама төмендегенімен, құқық қорғау органдары жүйесін халық қажет деп түсінеді және жалпы айғанда оған баға берілуде. Қызметкерлердің борышы құқық қорғау органдарының беделін қоғамдық көзқарас алдында тұрақты түрде көтеріп отыру және бұл органдардың ең жақсы дәстүрлерге деген затынасынан да көрініс табады. Дәстүрлерді ұмыту немесе оларды аяққа таптау қызметтік ортада қатақ сөгіс табатыны сөзсіз. Дәстүрлер – бұл тек тарих емес, сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті қорғаушы бас буынды тәрбиелеудің қуатты құралы.

Сонымен қатар, дәстүрлерге сүйену олардың дамуын, алдына қарай қозғалысын білдіретінін ескеріп өткен жөн. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің абыройы олардан болашаққа деген ұмтылысты, өзінің кәсіби міндеттерін орындау үшін жақа әдіс тәсілдерді және қазірші заман техникасын меңгеруді талап етеді. Ол үшін басқа елдердің құқық қорғау органдарының жетістіктері мен жұмыс тәжірбиесімен танысудың маңызды зор. Бұл біздің құқық қорғау органдарының абыройы мен қадір қасиеттін нығайтып, жоғарлыта түседі, қызметкерлердің кәсіби борышын тиімді орындауға көмектеседі.

Абырой категориясының тағы да бір құрамдас бөлігі өз сөзінде тұру. Сөзінде туратын адам! Бұл – адамның маңызды қасиеті, тіпті, оны кейде абырой түсінігімек теңестіріп жатады. Сөз бірдің бе – сөзіңде тұр, әуде бердің бе - орында. Әйтпесе, адамдар сені сыйлаудан қалады және өтірікші, бос сөздік адамы деген атқа қаласыз. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің абыройын құратын басты кемшілік – айтқан сөзінде тұрмау. Ақыр аяғына мұндай қызметкер беделінен айырылады.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, абырой категориясы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің адамгершілік мәдениетінің ішіндей ең маңыздыларының бірі – абыройды қадірлеу, бағалау бұл борыш әрі дәрежеде адамның жалпы мәдениетінің деңгейіне, оның рухани және физикалық дамуына, мемлекет туралы ойлай білу қабілетіне тәуелді. Ал бұған үздіксіз, тұрақты үйрену керек.