- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •“Гуманитарлық білім” факультеті
- •050301-“Құқықтану”мамандықтарының студенттері үшін
- •050301-“Құқықтану”мамандықтарының студенттері үшін
- •Мазмұны
- •Жалпы мәліметтер:
- •2. Курсты өткізу уақыты және орны
- •3. “Заң кәсіптік этикасы” пәнінің мақсаты.
- •4. Жұмыс оқу бағдарламасының басқа пәндермен келісім хаттамасы.
- •5. Оқу жоспарынан көшірме.
- •6. Оқу сабақтарының құрылымы:
- •Лекция студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.
- •7. Студентке арналған ережелер (Ruies):
- •8. “Заң кәсіптік этикасы” пәнінің мағынасы Оқу сағаттарын сабақ түрлеріне қарай тақырыптық бөлінуі
- •050301-“Құқықтану”мамандықтарының студенттері үшін
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Этика тарихы : этиканың негізгі кезеңдері және бағыттары.
- •2. Ежелгі Шығыстың этикалық ілімдері.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Ізгілік туралы ортағасырлық ілім.
- •2. Жаңа кезең этикасы
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Кәсіби этиканың қайнар көздері
- •2. Кәсіби этиканың түсінігі және оның заты.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Кәсіби этиканың міндеттері.
- •2 . Құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсіптік қызметінің категориялары.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Кәсіби борыш
- •3. Кәсіби ар-намыс
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •2 . Кәсіби бедел.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Моральдың түсінігі және мәні
- •2 . Моральдың функциялары
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Моральдық норамлардың түсінігі және белгілері.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Қаржы полициясы қызметкерінің және т.Б қызметінің ізгілік негіздері.
- •3. Заң мамандығы өкілдерінің қызметің құрайтын жеке ізгілік.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •1. Этикет туралы түсінік.
- •2. Этикет түрлері.
- •3. Құқық қорғау органдары қызметкерінің этикеті және имиджі.
- •4. Сәлемдесу және танысу этикеті.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •10. Обсөж жоспары және орындау кестесі
- •11. Студенттердің өзіндік жұмысы және орындау кестесі.
- •12.“Құқық” кафедрасына қарасты “Заң кәсіптік этикасы” пәні бойынша дәріс берудің бақылау сұрақтары
2 . Құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсіптік қызметінің категориялары.
Құқық қорғау органдары қызметінің негізгі мәні олардың атауынан айқын көрінеді: бұл мемлекеттің маңызы конституциялық міндеті - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды және сақтауды жүзеге асыру. Олардың басқа да қалған функциялары – қоғамдық тәртіпті сақтау, меншікті қорғау, қылмыстылықпен күрес, қоғамға қарсы бағытталған құбылыстардың алдын алу және т.б- осы маңызды міндеттің элементтері. Құқық қорғау органдарының өзіде мемлекеттің элементі, оның негізгі құрылымдарының бірі белгілі бір қоғамның қалыпты өмір сүруін ұйымдастыратын, әлеуметтік нормалар мен қатынастардың жүйесі ретінде құқықтың кепілі қызметін атқаратын билік құрылымы- болып табылады.
Құқық қорғау органдары өз қызметін жүзеге асыруда мынадай негізгі әдістерді қолданады: құқық бұзушылықтардың алдын алу (яғни, азаматтармен тәрбие жұмыстарын жүргізу) және ерекше жағдайларда тікелей зорлау нысанын иеленетін мәжбүрлеу санкцияларын қолдану. Жоғарыда келтірілген анықтамадан көрініп тұрғандай , “биліктік күш” түсінігі (яғни, мәжбүрлеуге, зорлауға негізделген әрекет) құқық қорғау органдары қызметінің негізгі сипаттамасы болып табылады.
Бұл мәселеден мынадай сұрақ туындайды: мәжбүрлеу, тікелей зорлық адамгершілік сипатта бола алама? Олардың қазіргі кездегі қоғамға қажет екеніне ешбір күмән жоқ; даулар оның қолдану саласына, зорлықтың дәрежесіне қатысты ғана туындауда. Ал, зорлықтың моральдағы мәселесіне келетін болсақ, бұл мәселенің позитивтік және негативтік шешімі ұзақ уақыт бойы тіпті, қазіргі күннің өзінде де ғалымдарды екі бағытқа бөлген: моралистік және реалистік. Бірінші бағыт барлық адамдарға мектеп қабырғасынан белгілі. Біз Лев Толстойдың шығармашылығынан “зұлымдыққа зорлықпен қарсы тұрмау” концепциясымен таныстық ( дінге сенушілер бұнымен одан да ертерек танысады, себебі, ол Исаның өсиетеріне айтылған). Бұл концепция гуманизм қағидасына негізделген пацифистік және басқа да қозғалыс-тардың негізінде жатыр. Осыған ұқсас көзқарастарды қазіргі кездегі көптеген ғалымдар да білдіруде. Олардың қатарынан XX ғасырдың ірі философы, әлеуметттанушысы және тарихшысы Макс Веберді атауға болады. Ол “моральдық тұрғыдан мәжбүрлеу әрқашан кері бағаланған, тіпті, ол саясатты жүзеге асырудың жалғыз құралы болаған күннің өзінде де ” деп тұжырымдайды.
Реалистік бағыт құқық пен моральдың белгілі бір әлеуметтік топтар мен класстардың ортақ мүддесін көрсету мен білдіруіндегі біртұтастығын негізге алады. Олар осы екі нысанда нормативтік, реттеушілік бағыт кеңінен таралған. Бұл бағыт мәжбүрлеумен зорлықты кез келген әлеуметтік өмір сүрудің қажетті құрамдас бөлігі ретінде қабылдайды.
Құқық қорғау органдарының қызметі туралы нақты білмейтін тұлғалар бұл жұмыстың адамгерщілік мазмұны туралы ойланбайды да. Қарапайым, бұл қызметке қатысы жоқ адамның көзқарасы бойынша бұл құрылымдар тек қорқыту және зорлау құралдарын ғана қолданады. Және олардың ойынша, бұл саладағы талаптар- осы құралдарды қолдану қабілетіне қойылатын талаптар. Олар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысында төмендегідей адамгершілік қасиеттердің ерекше роль атқаратынын білмейді де: адалдық, адамдарға деген махаббат, әділеттілік, батылдық, қоғам алдындағы өз әрекеттері үшін жоғары жауаптылық және т.б. Қызметкерде аталған қасиеттердің болуы оның кәсібилігінің міндетті өлшемі болып табылады.
Адам күнделікті нан үшін, материалдық игіліктер үшін ғана өмір сүрмеуі керек. Ол үшін, ең алдымен, шындық пен бостандық,арұят пен қадір қасиет, адамгершілікпен гуманизм жоғары тұруы тиіс. Сол себепті де, жеке тұлғаның жоғары моральдық қасиеттері ретінде қарастырылатын адам мінезінің түрлері құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік іс-әрекеттерінің ажырамас бөлігі, олардың кәсіби шеберлігінің, адамгершілік, және мәдени даму деңгейінің көрсеткіші болып табылады.
Кез келген қоғамда өмір сүріп, еңбек ету - бұл өз мақсаттарына жетуге ұмтылған қазіргі күнгі адамдардың қызметі ғана емес. Бүкіл әлемде мемлекеттік қызметтің кәсіпкерлікке қарағанда пайдасы азырақ екендігі белгілі. Алайда, қоғамның саған билікті бергенін сезіну мемлекеттік қызметтің кейбір артықщылықтары белгілі бір материалдық шығындардың орнын толтырады.
Егер азаматтар заңды әділетсіз, адамгершілік пен адалдыққа қарсы деп тапса, онда оны орындау қарама қайшы, яғни, қоғамды тұрақсыздандыратын нәтижеге алып келеді.
Сонымен құқық қорғау органдары қызметкерлері тұрақты түрде қоғам мен өзінің қызметтік құрылымының адамгершілік тұрғыдан бір - біріне әсер ету саласында қызмет атқарады. Бір жағынан, ол қоғамның адамгершілік тәрбиешілік әсерін секзінеді, екінші жағынан, ол өзі азаматтарға тәрбиелік әсер етеді: егер оның заң талаптарын орындауы әлеуметтік әділеттілік ісіне қызмет етсе және оны адамдар терең адамгершілік сипатта деп сезінсе, оның тәрбиелік әсері оң сипатта болады; ал егер азаматтар бұл әрекеттерді әділетсіз және адамгершілікке қарсы деп қабылдаса - кері әсері тиеді.
Міне құқық қорғау органдарындағы тәрбие қызметі осындай негіздерге сүйенген. Оның көптеген аспектілері бар, бірақ адамгершілік сипаттағы тәрбиелеу- органдардың және бөлімдердің басшыларының , тәрбиелеу және кадрлық аппарат қызметкерлерінің, қызметтік ұжымдардың тәрбиелік қызметінің аңызды нысаны болып табылады.
№5 Лекция
Лекцияның тақырыбы: Құқық органдары қызметкерінің кәсіптік қызметі-нің категориялары.
(1 сағат)
Лекцияның жоспары: 1. Кәсіби борыш
2 . Кәсіби әділдік
3. Кәсіби ар-намыс
