Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция- 15 са- С-Ж- 15 са- обс-Ж- 15 са- Барлы- са-ат саны- 45 с.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
545 Кб
Скачать
☆

3. Заң мамандығы өкілдерінің қызметің құрайтын жеке ізгілік.

Егер жасалған құқықбұзушылық тікелей, орны толтырылмайтын зиян келтіреді деген негіз болмаса, ол бұл құқықбұзушылықтың салдарын болдырмау жәнен қайталанбауы мақсатында болған оқиға туралы өз бастығына хабарлауы тиіс. Егер бұл хабарлама қөараусыз қалдырылса, ол жоғары тұрған инстанцияларға жолдана алады. Бұл бап заңбұзушылықтарға арналған . Декларация құқықбұзушылықтардың екі түрін ғана атап көрсетеді. Бірінші жағдайда тікелей және орны толтырылмайтын зиян келтірмейтін фактілер. Мұндай жағдайларда полиция қызметкері құқықбұзу-шылықытар тікелей және орны толтырылмайтын зиян келтірмейтін фактілер. Мұндай міндетті, нәтижесінде соттық сипаттағы бұлтартпау шараларына жол беріледі.

Заңға қайшы өкімді орындаудан бас тартушы полиция қызметкері тәртіптік жазаларға немесе сот алдында жауаптылыққа тартылмауы тиіс. Бұл бап 4 баптан туындайды. Заңғы қайшы бұрықпен Полициялық декларацияның нақты мәні айқын көрінсе, бұл бұйрықты орындаған полиция қызметкері өз әрекеттері үшін жазаға тартылмауы тиіс. Тағы да қайталанып айтылады: бұл бап 4 баптан туындайды. Заңғы қайшы бұйрықтан Полициялық декларацияның нақты мәні айқын көрінсе, бұл бұйрықты орындаған полиция қызметкері өз әрекеттері үшін тартылмауы тиіс. Тағы да қайталанып айтылады: бұл бап барлық заңға сәйкес бұйрықтардың орындалу міндеттілігіне бағытталған; сонымен қатар, ол бұйрықты орындамаған полиция қызметкерін өзінің бағынбаушылығының негізін міндеттейді.

Аңдуды, ұстауды, қорғауды немесе көлікпен тасымалдауды жүзеге асырушы полиция қызыметкері сезікті болмаса да, оларға қатысты нәсілдік тегіне, діни немесе саяси көзқарастарына байланысты қамау қаупі немесе қудалау орын алған тұлғалармен одақтаспауы тиіс. Мұндай жағдайда, ол екі көзқарастың арасынан оңтайлы нәтиже шығаруы тиіс. Бір жағынан, ол азаматтардың нәсілдік тегі, діни немесе саяси көзқарастары үшін қудалауға түсуіне шыдамауы тиіс. Ол полиция қызметкері ретінде нақты және айқын әрекеттер жасауы тиіс: мысалы, ол еврейлерді діни көзқарастарына байланысты қамауға көмек беруден бас тартуы тиіс.

№12 Лекция

Лекцияның тақырыбы: Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік қарым – қатынас жасау мәдениеті.

(1 сағат)

Лекцияның жоспары:1. Іскерлік қатынастардың табиғаты және мәні.

2.Іскерлік қарым – қатынас жасау этикасының негізгі принциптері.

3. Тұлға аралық қарым – қатынастардың заңдылықтары.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ғабитов Т.Х., Жатқанбаев Е “Бизнес этикасы” Анкара Иепо 1997

  2. Профессиональная этика сатрудников провоохранительных орга-нов М Шитимеч. 1998

  3. Ғабитов Т.Х. ”Этика негіздері” А.А. 1997ж

  4. Р.М. Рақымбеков, А.Т. Габитова “Заңгер этикасы” электрондық Из.за “Юридическая литература”.

  5. А.Т. Құлсариева “Этика” оқу құралы А.А-2003ж

Қазіргі заман айдары - нарықтық экономика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп нарық экономикасына әбден бейім, яғни сату- сатып алу, алу- алмасу әрекеттеріне жатық, өз ісін жетік білетін қағілез жанды айтады. Іскерде адам баласы болғандықтан, адамдар қоғамында өмір сүретін болғандықтан оны тек өз бас пайдасын ғана көздеген, ешкіммен санаспайтын жан деп түсіну дұрыс болмаған болар еді. Іскерліктің де өзіне тін этикеті- іс- әрекет ұстанымдары бар.

Іскерліктің маңызды принципіне сенім жатады. Істес болған адамдар арасында сенім болмай іс оңға баспайды. Жалпы сенім адамдардың қарым қатынасын мүмкін ететін фактор. Егер көлік айдаушыға сенбесек ешқашан жолға шықпаған болар едік, егер аспазшыға, сенбесек өмірде ауруханаға қаралмаған болар едік және т.с.с.

Ендеше, адамдық әрекеттенушілік негізінде метафизикалық сенім жатыр.Сенім жоғалған жерде үміт үзіледі, ал, үмітсіз тек шайтан ғана. Адам баласы қандай қиын- қыстау жағдайда болмасын үмітін бір үзбейді. Сол сияқты іскерлер де әлдекімнің айтқан сөзінде, уәдесінде тұрар деген сенімді жоғалтпайды әрі өздері де сенімнен шығуға тырысады.

Бұл тарау өмірлік- тәжірибелік маңызды сұрақтарға арналғандықтан философия-лық - теориялық терең ой тұжырымдарынан гөрі нақты талаптар, ережелерге көп тоқталу қажеті бар екені белгілі. Ендеше, іскерлік аясында болсын, жалпы, қандай да ұжым ортасында қарым- қатынас адамдардың бір- біріне деген көңілінен басталады.

Ашық- жарқын көңіл күйде болу, айналаңа шаттық нұрын себу- тек іскердің емес, жалпы әрбір адамның парызы. Қай ортада жүрсең де мынаны есте ұстаған жөн: ұрыс керіс, айқай- шу шығарып, істі насырға шаптырғаннан гөрі сондай шекті, кері эмоциональды күйді болдырмастай алдын аларлық (превентивті) әрекеттердің ең тиімдісі- қай жағдайда болмасын сабыр сақтап, ұжымда бәріне жағымды ауа райын жасай білу.

Әдеп амандасудан басталады. Амандасу- адамдардың бір- біріне деген құрметін, жылы ықыласын, мейірімін көрсету үлгісі.Сондықтан болар, қазақ тілінде “ сәлеміміз түзу”,”сәлемнен кете қойған жоқпыз” деген сөз түсініктерінің басқамен татулықты, басқаға деген жылы шырайды білдіретіндігі.

Көптің үстіне, жиынға сырттан келген адам бірінші болып сәлем береді. Телефон шалған адам алдымен сәлемдесіп барып қана өз шаруасына көшеді.

“Жылы- жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады ” деген қазақ халқының даналығынан туындаған мақал да жағымды, ізетті сөз саптаудың адамдар арасындағы қарым- қатынасты құрастырушы фактор екендігін танытады. Жақсы сөйлеу, сыпайы сөйлеу- әдептіліктің маңызды шарты. Жақсы, орынды сөйлеп, елдің “тілін таба білу” іскер адамға пайдалы. Ал іскер пайда көздейтін адам болғандықтан, пайдалы жарайтын нәрсенің бәрін білгені жөн. Жүздескенде жылы шырай таныту, басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уәдеде тұра білу, өз бас пайдасын ойлай тұра басқалардың құқын тәрк етпеу сияқты әрекеттер іскер адамға қажетті құлық, өмірлік ұстаным болуы тиіс.

Басшы - бағынушы арасындағы қарым- қатынас ерекшелігі олардың белгілі бір жағдайда (ал жаратушы алдында бәріміз теңбіз ғой) тең еместінгінен туындайды. “Ұлық болсаң кішік бол !” деп халық даналығы бекер айтпаған, қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болсақ соғұрлым шынайы ниетке ие боласың. Басқаны тыңдай білу- үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра оппонентіңді (қарсыласыңды) соңына дейін тыңдап шығу тәрбиеліліктің нышандарының бірі. Бағынушының ұжымдағы өз мәртебесіне, өз орнына сай міндеттерден тысқары талап қойылған сәтте басқарушы бұйрықты раймен емес, сұраныс, өтініш білдіре алса, оның көрегендігі әрі ортақ іске пайдалы нәрсе жасағандағы болар еді. Басшының өз қарамағындағыларға көңіл аудара білуі де , яғни жұмыстағы жетістіктеріне , өмірлік қуаныштарына ортақтаса білуі де ұжымдағы жағымды, үйлесімді қарым- қатынастарды қалыптастыруға көп әсерін тигізеді.

Көптеген философиялық – теориялық пәндермен салыстырғанда этиканың категориялары күнделікті тілде кең пайдаланылатын сөздерден тұрады. Этикалық категориялардың барлығы табиғи құбылыстарға еш қатынасы жоқ, тек тікелей адам әлемімен байланысты ұғымдар. Өйткені адамгершілік, аты айтып тұрғандай , тек адамға, яғни жақсылық пен жаманшылықтың арасын ажырата білетін ерік- жігері бар жан иесіне ғана тиесілі.

Достық- адамдар арасындағы байланыстың ең ізгі, ең қалаулы, ең келісті түрі. Ол адамдардың бір- бірін қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестіктен, сенімнен құралады.

Достық қарым- қатынас дегеніміз жеке адамдардың бір бірін жақсы көруіне және ұнатуға, мақсат бірлігіне, ұзақ уақыт және жан-жақты тату- тәтті араласуына негізделген аса тығыз қарым-қатынас, үлкен сезім.

Махаббат- достықтың, тату- тәттіліктің, құрмет - ізеттің асқар шыңы. Онсыз өмірдің мәні, қызығы, құны жоқ. Ақын “Махаббатсыз дүние- бос” деп тегін айтпаған. Махаббат адам өмірінің ұлы жарастығы. Махаббатпен адамның бүкіл тіршілігі байланысты. Ол дүниеге келген мезеттен ата- ана махаббатының жылуына бөленсе, одан кейін дос- жаран, жора- жолдастарының сүйіспеншілігін біледі, бірте-бірте сүйіктісінің, жарының махабатымен қауышады. Барлық ұлы істерге адамды қажыр беріп бастаушы күш – махаббат.

Адам біреуді сүйгендіктен, біреудің өзін сүйетіндігін немесе болашақта сүйеді деп үміттенгендіктен, оның бойын күш- жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады.

Сезім атасы- махаббат- құдіретті күш. Ол адам жанының екінші біреуге, адамдар қауымына немесе белгілі бір идеяға бағытталған сүйіспеншілігі мен құштарлық сезімінің аса нәзік түрі.

Махаббат ұғымының мазмұны өте кең. Махаббат жануарлар әлеміндегі биология-лық инстинкте негізделген сезімнен әлдеқайда күрделі сезім. Ол адамның мәдени дамуының белгілі бір сатысында ғана пайда болатындықтан, оны шынайы адами сезім деп қарастыру керек.

Махаббатта сезім мен ақыл ұштасы, адам парасаты рухани күш ретінде көрінеді. Махаббат адам көңілін шартарапқа желдірер, көңілін аспанға көтерер, нәзіктік пен құштарлықты тудырар, қорқынышы мен үрейі, қуанышы мен қызғаныш қасіреті көп күрделі, құрғақ анықтамаларға сыйыспайтын ғаламат сезім.

Жомарттылық- басқаға жақсылық жасап, көмек көрсетуге пейілдік.

Мейрімділік- этиканың орталық категориясы. Бұл категорияның қосалы екендігін айтар болсақ, онда қатыгездік, зұлымдықты еске аламыз. Ең абстрактілі деңгейде мейрімділік пен зұлымдықты адамгершілік пен адамгершіліксіз айуандықтың баламасы деуге болады. Мейрімділік арқылы адамдар өздерінің ортақ мүдделерін, талап- тілектерін, болашақтан үмітін танытады. Сонымен мейрім шапағатымен өмір гүлі өсіп, тамыр алса, зұлымдылық өмірдің түбіріне балта шабады. Мейрімділік категориясында барлық оң қылықтар жинақталған.

Бақыт – этиканың іргелі категориясы болып табылады. Мәдениет тарихында бақыт мәселесімен айналысатын фелицитология деген пән де болды.

Бұқара санасында бақытқа төмендегідей төрт түсініктеме беріледі:

  1. Бақыт дегеніміз жолы болып , “ жұлдызы жанғандық”

  2. Бақыт- қуаныш, лаззат және жан қызығы.

  3. Бақыт дегеніміз ең жоғары ізгілікке қол жеткізу.

  4. Бақыт деп өз- өзіңе, жалпы өмірге көңілің толған “төрт құбылаң түгелдік” күйі.

Құндылықтар тұрғысынан алғанда бақыт пен адам өміріндегі мейірімнің өлшемін айтамыз. Өйткені тек қана ізгілік пен мейірім ғана адамды қуанышқа бөлеп, шаттандырады.

Жүздесу- жеке тұлғаны қалыптастыратын адами құбылыс әрі оның болмысының негізгі қасиеті. Ол жеке тұлғаның өз бойынан басқаны таба білу метафизикалық мүмкіншілігі.

№13 Лекция

Лекцияның тақырыбы: Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік қарым –қатынас жасау мәдениеті.

(1 сағат)

Лекцияның жоспары: 1. Іскерлік қарым – қатынастық коммуникативтік мәдениеті.

2. Іскерлік қарым – қатынас жасауды басқару.

3.Іскерлік қарым – қатынастағы сөйлеу мәдениеті.