Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
autocad.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
705 Кб
Скачать
☆

5.Стандарт құралдар тақтасы

Standard Toolbar (Стандарт) құралдар тақтасы құралдардан тұрады:

1)QNew (QНовый) – суреттің жаңа файлын жасау;

2) Open (Открыть) – бар файлды ашу;

3) Save (Сохранить) – файлды сақтау;

4) Plot (Печать) – суретті плоттерге, принтерге немесе файлға шығару;

5) Plot Preview (Предварительный просмотр) - сызбаны бастырып шығарар алдында, оның қағазда қалай орналасқанын алдын-ала қарау;

6) Publish (Публикация) - сызба парақтарын .dwf-форматпен жариялау;

7) Cut to Clipboard (Вырезать) – объектлерді суреттен өшіріп, оларды айырбастау буферіне көшіру;

8) Copy to Clipboard (Копировать) – сызбаның таңдаған элементтерін Windowsтың буферіне көшіру;

9) Paste from Clipboard (Вставить) – қажетті мағлұматтарды Windowsтың буферінен алып қою;

10)Match Properties (Копировать свойства) – берілген объекттің қасиеттерін басқа объектке көшіру;

11)Undo (Отменить) – соңғы команданың қимылын жою;

12)Redo (Повторить) – соңғы жойылған қимылды қалпына келтіру;

13)Pan Realtime (Панорамирование в реальном времени) – кескінді нақты уақыт режимінде экранда жылжыту;

14)Zoom Realtime (Зуммирование в реальном времени) – объектлердің көрінетін өлшемдерін нақты уақыт режимінде экранда үлкейту немесе кішірейту;

15)Подменю Zoom (Зуммирование) – ашылатын құралдар тізімі. Оның құрамында кескіндеу аумағын рамканы пайдаланып беру;

16)Zoom Previous (Показать Предыдущий) – алдыңғы көрсетуге қайтып оралу;

17)Properties (Свойства) – таңдап аынған объектінің қасиеттерәін көрсету;

18)Design Center (Центр управления) – Басқару орталығын шақыру;

19)Tool Palettes (Палитры инструментов) – дайын саймандарды пайдалану;

20)Help (Помощь) - анықтама жүйесін шақыру.

6. Объекттер қасиеттерінің тақтасы

Объекттер қасиеттерінің тақтасы қабаттармен және сызықтардың түрлерімен жұмысты жеңілдетеді. Оған төмендегі құралдар кіреді:

1. Сделать слой объекта текущим – таңдалған қарапайымның қабатына сәйкес қажетті қабатты бекіту;

2. Слои – қабаттардың параметрлерін бекітетін  диалогтық терезесін щақыру;

3. Слой – ашылатын қабаттарды басқару тізімі. Әрбір жолда қабаттардың қасиеттерін басқару немесе оның қасиеттерін, атын көрсететін пиктограммалар бар. Төменде солдан оңға қарай пиктограммалардың атқаратын қызметтері келтірілген:

А. қабатты Қосу/Өшіру;

Б. барлық көрсету экрандарында Қатыру/Жібіту;

В. қабатты Тосқауылдау/Тосқауылдан босату;

Г. қабаттың құрамындағыларды басып шығаруды басқару;

Д. қабаттың түсі;

4. Цвета – қазіргі түсті орнатуға, сонымен қатар таңдап алынған объекттердің түсін өзгертуге арналған ашылатын тізім ;

5. Типы линий – түрлі типті сызықтарды қабылдау үшін  Менеджер типов линий диалогтық терезесін шақыру;

6. Установка типов ли­ний – қазіргі сызықтың типін орнатуға және таңдап алынған объекттердің сызықтарының типтерін өзгертуге арналған ашылатын тізім.

7. Қалып жолы

Қалып деп Windows терезесі бола алатын, оның барлық қасиеттерін қабылдайтын, басқа компоненттер орналастыруға арналған компонентті айтады. Қалып жолы Жұмыс столының төменгі бөлігінде орналасады. Ол курсордың ағымдағы координаттары мен сызу режимдерін қосу/өшіру кнопкаларынан тұрады:

1. SNAP (ШАГ) – курсордың қадамдық байланысын қосу және өшіру;

2. GRID (СЕТКА) – торды қосу және өшіру;

3. ORTHO (ОРТО) – ортогональ режимді қосу және өшіру;

4. POLAR (ОТС-ПОЛЯР) – полярлық бақылау режимін қосу және өшіру;

5. OSNAP (ПРИВЯЗКА) – объектілік байланыстыру режимін қосу және өшіру;

6. OTRACK (ОТС-ПРИВ) – объектілік байланыстыруда бақылау режимін қосу және өшіру.

Бұдан басқа, қалып жолында төмендегідей кнопкалар бар:

1. MODEL/PAPER (МОДЕЛ/ЛИСТ) – модель кеңістігінен парақ кеңістігіне ауыстырып қосу;

2. LWT (ВЕС) – сызықтарды қалыңдықтарына байланысты кескіндеу режимдерін қосу және өшіру.

Қалып жолында курсордың ағымдағы орыны жөнінде ақпараттар шығарылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]