Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
autocad.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
705 Кб
Скачать
☆

11. Сызбаны безендіру командалары

Штрихтау

Штрихтау (шабақтау) дегеніміз кейбір үлгілер бойынша көрсетілген аймақты толтыру.

B HATCH (КШТРИХ) командасы –ассоциативті штрихтауды құру. Бұл команда Draw (Рисование)   Hatch... (Штриховка) құлайтын менюінен немесе Draw (Рисование) құрал-саймандар панелінен Hatch (Штриховка) пиктограммасын мышпен шерту бойынша шақырылады.

Өлшемдерді тұрғызу

Өлшемдер объектілердің геометриялық шамаларын, олардың арасындағы арақашықтықтарды және бұрышттарды, жеке нүктелердің координаттарын көрсетеді. AutoCAD-та өлшемдер негізгі үш типке жатады: сызықтық, радиалдық және бұрыштық. Сызықтық өлшемдер горизонталь, вертикаль және параллель, бұрылған, ординаталық, базалы өлшемдер және өлшем тізбегі болып бөлінеді.

 

 

56 Сурет - Горизонталь, вертикаль жәнебұрылған өлшемдер

57 Сурет - Базалы өлшемдер

58 Сурет - Өлшемдер тізбегі

 

Өлшемдерді түсіру командасын Dimension (Размеры) құлайтын менюінен және бір атаулы құрал-саймандар панелінен жіберуге болады (61 сурет).

 

 

  59 Сурет - Радиалды өлшемдер

 

60 Сурет - Бұрыштық өлшемдер

Өлшемдер кескіндері келесі элементтерден тұрады:

а) өлшем сызығы – сәйкес өлшемге параллель ұштарында стрелка (жебе) болатын сызық. Бұрыштық өлшем үшін мұндай сызық доға болады;

б) стрелка (жебе) – өлшем сызығының соңын көрсету үшін блок ретінде анықталатын жебе, керткен таңба немесе кез келген саркер;

в) шығару сызығы – сызықтық және бұрыштық өлшем үшін (өлшем сызығы өлшенетін объектәнің сыртында ғана болғанда қолданылады);

г) өлшем тесті - өлшемді көрсететін текст жолы. Оны AutoCAD жүйесінде автоматты түрде есептелген қылып немесе оны өзіңіздің текстпен ауыстырып қабылдауға болады. Егер өлшем саны үнсіздік бойынша қабылданса, онда оған автоматты түрде дәлдік шегін қосуға және өзіндік префикс пен суффиксті енгізуге болады;

д) шығару - өлшем текстін объектінің жанына орналастыруға болмаған жағдайда қолданылады;

е ) орталық маркері – шеңбердің немесе доғаның орталығын белгілейтін шағын крест;

ж) өстік сызықтар – шеңбердің немесе доғаның орталығында қиылысып ширектерге бөлетін үзік сызықтар.

Өлшем тұрғызу режимы ассоциативтік болып тағайындалған жағдайда өлшемді құрайтын барлық элементтер (сызықтар, стрелкалар, доғалар және тексттің элементтері) бір өлшем қарапайымы болып қарастырылады. Сонда өлшемі тұрғызылатын элементтердің өзгеруіне сәйкес ассоциативтік өлшемдер де өзгеріп жатады.

11.2.1 Сызықтық өлшемдер

AutoCAD сызықтық өлшемдерді тұрғызудың, өлшем сызығы өткізілетін бұрышқа байланысты, бірнеше түрін орындауға мүмкіндік береді.

D IMLINEAR (РЗМЛИНЕЙНЫЙ) командасы горизонталь, вертикаль немесе бұрылған өлшемдерді жасауда қолданылады. Ол Dimension (Размеры)    Linear (Линейный) құлайтын менюінен немесеDimension (Размеры) құрал-сайман панелінде  Linear Dimension (Линейный размер) пиктограммасын мышпен шерту арқылы шақырылады.

О бъект бойынша өлшемді түзетуге мүмкіндік беретін DIMALIGNED (РЗМПАРАЛ) командасы көмегімен горизонталь, вертикаль және бұрылған өлшемдерге ұқсас объектінің өлшенетін сызықтарына параллель өлшемдер жасалады. Команда Dimension (Размеры)    Aligned (Параллельный) құлайтын менюінен немесе Dimension (Размеры) құрал-сайман панелінде  Aligned Dimension (Параллельный размер) пиктограммасын мышпен шерту арқылы шақырылады.

D IMBASELINE (РЗМБАЗОВЫЙ)

командасы Dimension (Размеры)    Baseline (Базовый) құлайтын менюінен немесе Dimension (Размеры) құрал-сайман панелінде  Baseline Dimension (Базовый размер) пиктограммасын мышпен шерту арқылы шақырылады. Осыдан кейін стандартты сұраныстар шығады.

D IMCONTINUE (РЗМЦЕПЬ) командасы Dimension (Размеры)    Continue (Цепь) құлайтын менюінен немесе Dimension (Размеры) құрал-сайман панелінде  Continue Dimension (Размерная цепь) пиктограммасын мышпен шерту арқылы шақырылады.

11.2.3 Радиалдық өлшемдер

D IMDIAMETER (РЗМДИАМЕТР) командасырың көмегімен шеңбердің немесе доғаның диаметрі тұрғызылады. Команда Dimension (Размеры)    Dia­meter (Диаметр) құлайтын менюінен немесе Dimension (Размеры) құрал-сайман панелінде  Diameter Dimension (Диаметр) пиктограммасын мышпен шерту арқылы шақырылады.

D imradius  командасы көмегімен шеңбердің немесе доғаның радиусы тұрғызылады. Команда Dimension (Размеры)  Radius (Радиус) құлайтын менюінен немесе Dimension (Размеры) құрал-сайман панелінде  Radius Dimension (Радиус) пиктограммасын мышпен шерту арқылы шақырылады.

11.2.4 Бұрыштық өлшемдер

D IMANGULAR (РЗМУГЛОВОЙ) командасы бұрыштық өлшемді тұрғызуға мүмкіндік береді. Ол Dimension (Размеры)   Angular (Угловой)құлайтын менюінен немесе Dimension (Размеры) құрал-сайман панелінде  Angular Dimension (Угловой размер) пиктограммасын мышпен шерту арқылы шақырылады.

11.2.5 Ординаталық өлшемдер

Ординаталық өлшемдер координаттар өсі бойымен базалы нүктеден өлшенетін объектіге дейінгі ара қашықтықты көрсетеді (мысалы, бөлшектің тесігіне дейінгі қашықтықты). Мұндай өлшемдерді пайдалану объектілердің орны бір ғана базалық нүктеден өлшенетін болғандықтан жинақталатын қателерден сақтандырады.

О рдинаталық өлшемдерді тұрғызуға DIMORDINATE (РЗМОРДИНАТА) командасы мүмкіндік береді. Ол Dimension (Размеры)   Ordinate(Ординатный) құлайтын менюінен немесе Dimension (Размеры) құрал-сайман панелінде  Ordinate Dimension (Ординатный размер) пиктограммасын мышпен шерту арқылы шақырылады.

11.2.6 Ординаталық өлшемдер

Q LEADER  командасы шығаруды тұрғызуға мүмкіндік береді. Бұл команда Dimension (Размеры)   Leader (Выноска) құлайтын менюінен немесеDimension (Размеры) құрал-сайман панелінде  Quick Leader (Быстрая выноска) пиктограммасын мышпен шерту арқылы шақырылады.

11.2.7 Өлшемдерді тез енгізу

Q DIM (БРАЗМЕР) командасы көмегімен өлшемдерді тез енгізу орындалады. Команда Dimension (Размеры)   QDIM (Быстрый) құлайтын менюінен немесе Dimension (Размеры) құрал-сайман панелінде  Quick Dimension (Быстрый размер) пиктограммасын мышпен шерту арқылы шақырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]