Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
autocad.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
705 Кб
Скачать
☆

10. Қарапайымдардың қасиеттері

AutoCAD-та графикалық қарапайымдардың (примитивтердің) қабат, түс, сызықтардың типі сияқты қасиеттері болады. Тұрғызылған объектілер әрқашан анықталған қабатта орналасады. Қабаттар бірінің үстінде бірі жататын калька қабаттарына ұқсас. Түсті пайдалану суреттің ұқсас элементтерін ажыратуға көмектеседі. Кескіннің әр түрлі элементтерін тұрғызу үшін әр түрлі сызық типтері қолданылды.  

10.1 Сызбаны қабаттары бойынша жіктеу

Объектілерді жасау ағымдағы қабатта орындалады. Әрбір қабаттың келесі қасиеттері бар:

Name (Аты) – құрамында әріптер, цифрлар, қабылданған символдар және аралықтар болатын алфавит-цифрлы ақпарат;

T urn a layer on or off (Видимость) – қабат көрінетін Вкл немесе көрінбейтін Откл болуы мүмкін. Экранда тек көрінетін қабатта жататын қарапайымдар кескінделеді және параққа осылар ғана сызылады, бірақ көрінбейтін қабаттардағы қарапайымдар суреттің бір бөлігі болады және регенерацияға қатысады;

F reeze or thaw in ALL VP (Барлық көрініс экрандарда тоңазытылған/тоңазытылмаған) – тоңазыту дегеніміз қабатты көрінбейтін болғызу және тоңазытылған қабаттағы қарапайымдарды регенерация кезінде генерацияға бағындырмау;

L ock or Unlock a layer (Қабатты қоршау/қоршамау) – қоршалған қабаттағы қарапайымдар көрінетін болады, бірақ олар редакциялауға жатпайды. Қоршалған қабатты ағымдағы қабат деп тағайындауға болады, бұл қабатта сызуға және сызықтың типін өзгертуге болады, қабатта тұрғызылған қарапайымдарды тоңазытуға және осыларға қатысты анықтама командалары мен объектілік байланыстыруды қолдануға мүмкіндік бар;

 C olor (Түсі) – берілген қабаттағы қарапайымдардың түсін анықтайды;

Қабаттың көрінетінін/көрінбейтінін басқару

AutoCAD көрінбейтін қабатта орналасқан объектілерді көрсетпейді және оларды плоттерге шығармайды. Егер сурет бөлшегінің бір немесе бірнеше қабаттағы бейнесі өте күрделі болып көрінсе, онда пайдаланылмайтын қабаттарды тоңазытып немесе өшіріп тастауға болады. Сонымен қатар, қандай да бір қабатты басылымға шығармау үшін (мысалы, қосымша сызықтардың қабатын), осы қабатты көрінетін, бірақ  басылымға шықпайтын етіп тағайындауға болады.

Қабаттарды қоршау

Қабаттарды қоршау, анықталған қабаттарда орналасқан объектілерді редакциялау кезінде басқа қабаттардағы объектілерді көруге мүмкіндік болатын жағдайда пайдалы. Қоршалған қабаттардағы объектілерді редакциялауға болмайды, бірақ егер қабат қосылған және тоңазытылмаған болса, онда объектілер көрінетін болып қалады. Қоршалған қабатты ағымдағы қабат деп тағайындап, соның ішінде объектілерді жасауға болады.

Сонымен қатар қоршалған қабаттардағы объектілерге анықтама командаларын пайдалануға болады және объектілік байланыстары көмегімен оған байланыстыруға  мүмкіндік беріледі. Қоршалған қабаттарды қосуға және өшіруге, сонымен қатар олармен байланыстағы сызықтарың түсін және типін өзгертуге болады.

Қабатқа түс тағайындау

Қабаттарға түстерді беру Layer Properties Manager (Диспетчер свойств слоев) диалогтық терезесіндегіColor (Цвет) пиктограмма бойынша мышты шертуімен орындалады ашылған Select Color(Выбор цвета) диалогтық терезесі қажетті түсті таңдауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, ByLayer (Послою) және ByBlock (Поблоку) негізгі сөздер берілуі мүмкін. ByLayer (Послою) примитив анықталған ағымдағы қабат үшін анықталған түспен жасалынатынын көрсетеді. ByBlock (Поблоку) блокқа қосылғанға дейін объектілер қара экранда ақ түспен бейнеленетінін немесе ақ экранда қара түспен бейнеленетінін білдіреді. Одан соң, блок қайда қойылса да, объектілер ағымдағы түсті қабылдайды.

Қабатқа сызық типін тағайындау

Әртүрлі сызық типін қолдану – ақпаратты көзбен шолуға елестетудің тағы бір тәсілі. Қабатқа сызық типін тағайындау Layer Properties Manager (Диспетчер свойств слоев) диалогтық терезесінде іске асырылады. Ол үшін бар қабаттардың тізімінде мыштың курсорын қажетті қабатқа қойып, Linetype (Тип линии) пиктограммасына мышпен шерту қажет. Ашылған Select Linetype (Выбор типа линии) диалог терезесінде сәйкес келетін сызық типін таңдау керек

Қабатқа сызық салмағын (қалыңдығын)  тағайындау

Сызық салмағы объектілердің кескіндеу жуандығын анықтайды; ол объектілерді экранға енгізгенде және де баспаға шығарғанда қолданылады. Қабаттарға және объектілге әр түрлі салмақ тағайындауы суреттің көрнектілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Сызық салмағын айқын мағына қатарынан таңдауға болады, осының арасындаDefault (Обычный) аты болатын арнайы салмақ бар. Үндеместік бойынша Default (Обычный) сызық салмағы - 0.25 мм (0.1 дюйм). Сызық салмағы 44 суретте көрсетілген Layer Properties Manager (Диспетчер свойств слоев) диалогтық терезесінде орнатылады. Ол үшін қабатты белгілеп, Lineweight (Вес линии) алаңына сызық салмағына мышпен шерту керек. Lineweight (Вес линии) диалог терезесі ашылғаннан кейін тізімнен қажетті мәнді таңдау керек. Сызық салмағы стандарттардың талаптарына сәйкес әртүрлі жуандық сызығын алуға мүмкіндік береді.

Қабаттарды сүзу

Кейбір кезде Layer Properties Manager диалогтық терезесіндегі қабаттар тізімінде тек белгілі қабаттар көрсетілу керек. Осы үшін сүзу функциясы қолданылады. Сүзілуді  бірнеше критерий бойынша орындауға болады:

а) қабатқа тағайындалған аты, түсі және сызық типі;

б) қабаттың күйі: қосылған/ажыратылған;

в) қабаттың күйі: тоңазытылған/тоңазытылмаған;

г) қабаттың күйі: қоршалған/қоршалмаған;

д) сызбада қабаттардың бар немесе жоқ болуы;

е) қабаттардың сыртқы сілтемеге тәуелдігінің бар немесе жоқ болуы.

Қабаттарды сүзу үшін Layer Properties Manager (Диспетчер свойств слоев) диалогтық терезесінде көп нүктелі кнопканы шерту керек және ашылғанNamed layer filters (Именованные фильтры слоев) диалогтық терезесіне қажетті сүзгілерді беру керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]