- •3.Төмен түсетін менюлер
- •4. Құралдар тақталары
- •5.Стандарт құралдар тақтасы
- •6. Объекттер қасиеттерінің тақтасы
- •7. Қалып жолы
- •8. Функционалдық клавишалар
- •9. Графикалық қарапайымдарды жасау командалары
- •10. Қарапайымдардың қасиеттері
- •10.1 Сызбаны қабаттары бойынша жіктеу
- •11. Сызбаны безендіру командалары
- •11.2.1 Сызықтық өлшемдер
- •11.3. Өлшемдік стильдерін басқару
- •14. 3D модельдеу кеңістігіндегі Дене қосымша беті (вкладка тело).
- •15. 3D модельдеу кеңістігіндегі Бет қосымша беті(вкладка поверхность)
- •16. 3Д модельдеу кеңістігіндегі Визуализация қосымша беті (вкладка).
- •17.Ажырамалы біріктірулер (разъемные соединения).
- •18. Ажырамайтын біріктірулер.
- •19. Ажырамайтын біріктірулер. Пісірмелі біріктірулердің түрлері. Пісірмелі біріктірулерді кескіндеу.
- •20. Ажырамайтын біріктірулер. Ажырамайтын біріктірулердің түрлері. Дәңекерлік, желімдік және тойтармалы біріктірулерді кескіндеу.
- •21. Ажырайтын біріктірулер. Ажырайтын біріктірулердің түрлері. Бұранда. Бұрандалардың профиль түріне, кіріс санына, бағытына, пайдалану қажеттілігіне байланысты бөлінуі.
- •22. Бұранда. Бұранданың негізгі параметрлері : профилі, сыртқы және іші диаметрі.
- •23. Стандарттық метриалық бұранда, оның профилі және шартты белгіленуі.
- •24. Құбырлық цилиндрлік бұранда, оның профилі және шартты белгілері.
- •26. Бұрандамалы біріктіру құрамына кіретін тетікбөлшектер. Бұрандамалар, сомындар, тығырықтар және олардың стандарттық шартты белгіленуі?
- •28.Көріністер
- •30. Пішімдер.
- •32. Сызықтар. Типтері, қалыңдығы.
- •33. Негізгі жазбалар. Шрифттер.
- •34. Тіліктер(разрез). Түрлері.
- •35. Сұлбалар.Түрлері. Типтері.
- •36. Электрлік сұлбалар.
- •41. Технологиялық сұлбалар.
- •42. Автоматтандыру сұлбалары.
11.3. Өлшемдік стильдерін басқару
Ө
лшемдік
стиль – бұл суреттегі өлшем түрін
анықтайтын барлық өлшем айнымалылары
шамаларының жиынтығы.
DIMSTYLE (РЗМСТИЛЬ)
командасы Dimension
Style Manager (Диспетчер
размерных стилей) диалогтық терезесінде
(72 сурет) өлшемдердің стилімен жұмыс
істеу үшін қолданылады. Бұл
команда Dimension (Размеры)
Style…
(Стиль...) құлайтын менюінен
немесе Dimension (Размеры)
құрал-сайман панелінде Dimension
Style (Управление
размерными стилями) пиктограммасы
бойынша мышпен шерту арқылы шақырылады.
Сызбаларды редакциялау командалары
Объектілерді таңдау
Редакциялау командасының көбі пайдаланушыға олармен жұмыс жасау үшін объектілерді көрсетуді ұсынады. Таңдап алынған объектілер тобы жиынтық (набор) деп аталады. Оны редакциялау командасын шақырғанға дейін де, шақырғаннан кейін де жасауға болады. Бір жиынтықпен бірнеше редакциялау операциясын орындауға рұқсат беріледі. Егер HIGHLIGHT жүйелі айнымалысы қосылып тұрса, онда таңдап алынған объектілер жарықтаныды.
«Тұтқалар» көмегімен редакциялау
Таңдап алынған объектілерді анықтаушы нүктелерінде жарық болып көрінетін кішкене квадраттар түріндегі «тұтқалар» көмегімен редакциялауға болады (75 сурет).
«Тұтқалар» режимі қосылған кезде объектілерді таңдау графикалық курсордың немесе кілттік сөздер көмегімен орындалады. Сонымен, «тұтқаларды» пайдалану менюді қолдануды төмендетуге мүмкіндік береді.
Графикалық курсор өзі өтетін «тұтқаға» байланады. Егер «тұтқалар» режимі қосылған болса, онда жиынтықтан объектілерді жойғанда олар түсін жоғалтады, олардағы «тұтқалар» қалады. Объектілер жиынтығынан «тұтқаларды» жою Esc кнопкасын басу арқылы орындалады. «Тұтқалары» бар қандай да бір объектіні жиынтықтан жою үшін, оны таңдап, Shift кнопкасын басуға жеткілікті.
|
|
|
|
E
RASE (СТЕРЕТЬ) командасы
бойынша объектілерді жоюға (өшіруге)
болады. Бұл
команда Modify (Редакт)
Erase (Стереть) құлайтын
менюінен немесе Modify (Редактирование) құрал-сайман
панелінде Erase (Стереть) пиктограммасы
бойынша мышпен шерту арқылы шақырылады.
Объектілерді жылжыту
M
OVE (ПЕРЕНЕСТИ)
командасының көмегімен объектілерді
жылжыту жүргізіледі.
Ол Modify (Редакт)
Move (Перенести) құлайтын
менюіненнемесе Modify (Редактирование) құрал-сайман
панелінде Move (Перенести) пиктограммасы
бойынша мышпен шерту арқылы іске
қосылады.
Объектілерді айналдырып бұру
R
otate (Повернуть)
командасы көмегімен
объектілерді айналдырып бұруға болады.
Бұл команда Modify (Редакт)
Rotate (Повернуть) құлайтын
менюінен немесе Modify (Редактирование) құрал-сайман
панелінде Rotate (Повернуть) пиктограммасы
бойынша мышпен шерту арқылы іске
қосылады.
Объектілерді көшіріп санын көбейту
С
OPY (КОПИРОВАТЬ)
командасының көмегімен объектілердің
санын көшіріп көбейтуі атқарылады. Бұл
команда Modify (Редакт)
Сору(Копировать) құлайтын
менюінен немесе Modify (Редактирование) құрал-сайман
панелінде Сору (Копировать) пиктограммасын
мышпен шерту арқылы іске қосылады.
Объектілердің санын массивпен көбейту
A
RRAY (МАССИВ)
командасының көмегімен объектілер
санын массив болып көбейтуі атқарылады.
Бұл команда Modify (Редакт)
Array(Массив) құлайтын
менюінен немесе Modify (Редактирование) құрал-сайман
панелінде Array (Массив) пиктограммасын
мышпен шерту арқылыіске қосылады.
Объектілерді айнадағыдай бейнелеу
M
IRRIR (ЗЕРКАЛО) командасының көмегімен
объектілерді айнадағыдай
бейнелеп көрсетуге болады. Бұл
команда Modify (Редакт)
Mirror(Зеркало) құлайтын
менюінен немесе Modify (Редактирование) құралдар
панелінде Mirror (Зеркало) пиктограммасын
мышпен шерту арқылы іске қосылады.
Ұқсас объектілерді тұрғызу
O
FFSET (ПОДОБИЕ) командасы берілген
жылжытумен орналасқан ұқсас объектілерді
тұрғызу үшін қолданылады. Бұл
команда Modify (Редакт)
Offset (Подобие) құлайтын
менюінен немесе Modify (Редактирование) құралдар
панелінде орналасқан Offset (Подобие) пиктограммасын
мышпен шерту арқылы іске қосылады.
Объектілерді масштабтау
S
CALE (МАСШТАБ)
командасының көмегімен объектілерді
масштабтау атқарылады. Бұл
команда Modify (Редакт)
Scale (Масштаб) құлайтын
менюінен немесе Modify (Редактирование) құралдар
панелінде Scale (Масштаб) пиктограммасын
мышпен шерту арқылы іске қосылады.
Объектілерді созу
S
TRETCH (РАСТЯНУТЬ)
командасы объектілерді созу үшін
қолданылады. Бұл команда атқарылуы
барысында қарастырылып отырған объектінің
суретте қалған бөлігімен байланысы
жоғалмайды. Бұл
команда Modify (Редакт)
Stretch (Растяни) құлайтын
менюінен немесе Modify(Редактирование) құралдар
панелінде Stretch (Растяни) пиктограммасын
мышпен шерту арқылы іске қосылады.
Объектілерді ұзарту
E
XTEND (УДЛИНИТЬ) командасы объектілерді
шеткі жиекке дейін ұзарту үшін қолданылады.
Бұл команда Modify (Редакт) Extend (Удлинить) құлайтын менюінен немесе Modify (Редактирование) құралдар панелінде орналасқанExtend (Удлинить) пиктограммасын мыштың көмегімен басу арқылы іске қосылады.
Объектілерді бөліктерге бөлу
B
REAK (РАЗОРВАТЬ) командасы объектілерді
бөліктерге бөледі. Бұл
команда Modify (Редакт)
BREAK (РАЗОРВАТЬ) құлайтын
менюіненнемесе Modify (Редактирование) құралдар
панелінде орналасқан BREAK (РАЗОРВАТЬ) пиктограммасын мышпен
шерту арқылы іске қосылады.
Объектілерді кесу
T
RIM (ОБРЕЗАТЬ)
командасы объектілердің кесу жиегі
бойынша қысқартыун атқарады. Бұл
команда меню Modify (Редакт)
TRIM (ОБРЕЗАТЬ)құлайтын
менюінен немесе Modify (Редактирование) құралдар
панелінде орналасқан TRIM (ОБРЕЗАТЬ) пиктограммасын
мышпен шерту арқылы іске қосылады.
Объектілерді жіктеу
E
XPLODE (РАСЧЛЕНИТЬ)
командасы блоктарды қарапайымдарға
жіктеуін жүргізеді. Бұл команда
меню Modify (Редакт)
EXPLODE(РАСЧЛЕНИТЬ) құлайтын
менюінен немесе Modify (Редактирование) құралдар
панелінде EXPLODE (РАСЧЛЕНИТЬ) пиктограммасын мышпен
шерту арқылы іске қосылады.
Фаскаларды алу
C
HAMFER (ФАСКА)
командасы көмегімен объекттерде
фаскаларды алу атқарылады. Бұл
команда Modify (Редакт)
CHAMFER (ФАСКА)құлайтын
менюінен немесе Modify (Редактирование) құралдар
панелінде CHAMFER (ФАСКА) пиктограммасын мышпен
шерту арқылы іске қосылады.
Түйіндестіруді орындау
FILLET (СОПРЯЖЕНИЕ)
командасы объектілерді түйіндестіру
үшін қолдандырылады. Бұл команда
меню Modify (Редакт)
FILLET(СОПРЯЖЕНИЕ) құлайтын
менюінен немесе құралдар
панелінде Modify (Редактирование) FILLET (СОПРЯЖЕНИЕ) пиктограммасын мышпен
шерту арқылы іске қосылады.
Объектілердің қасиеттерінің диспетчері
Object Property Manager объектілер қасиеттерінің диспетчері суреттегі бүкіл объектілерді толығымен басқаратын құрал. Оның ішінде 40-қа жуық диалогтық терезе мен команда шоғырланған. Object Property Manager (90 сурет) диалог терезесінде суреттің бүкіл қасиеттерін қарап шығуға және өзгертуге болады. Бұл терезе Modify (Редакт) Properties (Свойства) құлайтын менюінен немесе стандартты құралдар панелінде Properties (Свойства)пиктограммасын мышпен шерту арқылы іске қосылады.
12. Өлшемдерді тұрғызу, олардың түрлері. Сызбада өлшемдерді түсірудің негізгі ережелерін ГОСТ 2.307-68
тағайындаған.Сызбада өлшемдер өлшем сызықтары мен өлшем сандары көмегімен көрсетіледі. Өлшем сызықтарын өлшемі көрсетілетін кесіндіге параллель етіп, ал шығару сызықтарын - өлшем сызықтарына перпендикуляр етіп жүргізеді. Өлшем сызықтары бір немесе екі шетінен стрелкалармен аяқталады.
Өзара
параллель өлшем сызықтарының ең кіші
аралығы 7 мм, ал өлшем сызығы мен контурлық
сызықтың ең кіші аралығы 10 мм болуы
қажет (1.3 – сурет). Өлшем сызықтары мен
шығару сызықтарының қиылысуын қамтамасыз
ету керек. Шығару сызықтары стрелкалардың
ұштарынан 1 ... 5 мм шығып тұруы
қажет.Стрелкалар элементтерінің
өлшемдерін негізгі сызықтың қалыңдығына
байланысты қабылдайды және сызбада
оларды шамамен бірдей қылып сақтайды.
Стрелкалардың формалары мен олардың
элементттері өлшемдерінің қатынастары
1.4 – суретте көрсетілген.
13. Өлшем сызықтарын қою ережелері.Өлшем сандары өлшем сызықтарының ортасына жазылады. Сызбада, оның масштабына байланыссыз, кескінделетін нәрсенің нақты өлшемдері көрсетіледі. Өлшемдердің жалпы саны мүмкіндігінше аз да, бірақ сызбада көрсетілген затты жасау және өлшемдерін бақылау үшін жеткілікті болуы қажет.Аралары бір-біріне жақын бірнеше параллель немесе концентрлі өлшем сызықтарын жүргізген кезде өлшем сандарын шахмат тәртібімен орналастыру керек.Өлшемдерді сызықтық және бұрыштық деп екіге бөледі. Сызбада сызықтық өлшемдерді миллиметрмен өлшем бірлігін қоймай көрсетеді, ал бұрыштық өлшемдерді градус, минут және секундпен көрсетеді (мысалы: 50; 0040/; 3020/10//).Сызықтық өлшемдердің өлшем сандарын өлшем сызықтарының әртүрлі көлбеулігіне байланысты 1.5а – суреттегідей орналастырады. Сызықталған секторда өлшем саны шығару сызығының сәкісіне жазылады. Өлшемдері кіші бұрыштар үшін өлшем сандарын шығару сызығының сәкісіне жазады.
Контур сызықтарын, өстік, центрлік және шығару сызықтарын өлшем сызықтары ретінде қолдануға рұқсат етілмейді.Егер тізбектей орналасқан өлшем сызықтарында стрелкаларды қоятын орын тар болса, онда оларды өлшем сызықтарына 450 бұрышпен көлбейтін сызықшалармен немесе нүктелермен алмастырады (1.6а – сурет). Егер стрелка қоятын орын контур сызықтарының өзара жақын орналасуына байланысты тар болатын болса, онда контур сызықтарын үзуге рұқсат етіледі.
Радиустың өлшемін қойғанда өлшем санының алдына бас R әріпі жазылады. Радиустың өлшемі үлкен болған жағдайда центрді доғаға жақындатуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда радиустың өлшем сызығын бөліктері бір-бірімен 900 жасайтын сынық сызықпен көрсетеді.Егер шеңбер доғасының центрін анықтайтын өлшемдерді көрсету қажет болмаса, онда радиустың өлшем сызығын центрге жеткізбеуге және оны центрге қатысты ығыстыруға болады
Бір
центрден бірнеше радиустың өлшемдерін
қойғанда кез келген екі радиустың өлшем
сызықтарын бір түзудің бойына
орналастырмайды (1.7б – сурет). Диаметрдің
өлшемін түсірген кезде (барлық жағдайларда)
өлшем санының алдынаØ
белгісі қойылады.Нәрсенің бірнеше
бірдей элементтерінің өлшемдерін,
әдетте, шығару сызығының сәкісіне
элементтердің санын көрсетіп бір рет
қояды (1.8а – сурет). Нәрседе шеңбердің
бойымен бір қалыпты орналасқан
элементтердің (мысалы, тесіктердің)
өлшемдерін қойған кезде олардың өзара
орналасуын анықтайтын бұрыштық
өлшемдердің орнына тек олардың санын
көрсетеді (1.8ә
Егер
фаска 450
бұрышпен орындалатын болса, онда
оның өлшемдерін 1.9 – суреттегідей қылып
қояды. Басқа бұрыштармен орындалған
фасканың өлшемдері жалпы ережелер
бойынша көрсетіледі – сызықтық және
бұрыштық өлшемдермен немесе екі сызықтық
өлшемдермен (1.10 – сурет). Фаска бұрышы
конус беті жасаушысы мен бөлшек өсі
арасындағы бұрыш деп есептеледі. Сызбада
берілген нәрсені үзіп көрсеткенде өлшем
сызығын үзуге болмайды (1.9ә - сурет).
