Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ықтималдық теориясы және МС.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Мысалдар.

1. Көлдегi балықтар санын жуықтап қалай анықтауға болады? Көлде – балық болсын. Ау құрып балық алайық. Олардың әрқайсысына белгi соғып, суға қайта жiберемiз. Бiрнеше күннен кейiн сондай ауа райында, сол жерге қайта ау құрамыз. Ауға түскен балықтың -сы белгi соғылған балықтар болсын. Ұсталған балықтың белгiсi болуы А оқиғасы десек, онда (3) формула бойынша . Көлде балық болса және бiз оған белгi соғылған балықты жiбергендiктен, (1)-шi формула бойынша, .

болғандықтан, .

2. Алынған 100 бұйымның 4-еуi жарамсыз болса, 2400 бұйымның қаншасы жарамсыз болады?

Алынған бұйымның жарамсыз болуы - А оқиғасы болсын. Сонда, . Егер 2400 бұйымның жарамсыз болса, онда . болғандықтан , осыдан .

3-тақырып(1 сағат).

Ықтималдықтың қасиеттері. Шартты ықтималдық. Ықтималдықты есептеудің толық және Байес формулалары.

Үйлесiмсiз оқиғалар қосындысының ықтималдығы. Өзара үйлесiмсiз А және В оқиғалары берiлсiн. А оқиғасы саны болатын элементар оқиғалардың (қиылыспайтын), ал В оқиғасы саны болатын элементар оқиғалардан тұрсын. Жалпы үйлесiмсiз оқиғалардың толық тобын құрайтын элементар оқиғалардың саны n болсын. Сонда (1) формула бойынша , .

А және В оқиғалары үйлесiмсiз болғандықтан, оқиғасының көрiну мүмкiн саны -ге тең. Сондықтан . Демек (4)

1-суретте (4) формуласының геометриялық кескiнi берiлген. Сонымен, мынадай қорытынды жасаймыз. Үйлесiмсiз оқиғалардың қосындысының ықтималдылығы олардың ықтималдықтарының қосындысына тең.

n k

m

m + k

Ð(À+B) =

n

Сурет 2.

  1. Лотереяның 10000 билеттен тұратын сериясында: 10 ұтыс 200 сомнан, 100 ұтыс 100 сомнан, 500 ұтыс 25 сомнан, 1000 ұтыс 5 сомнан келедi. Бiр билет сатып алған адамның 25 сомнан кем ұтпау ықтималдығы қандай?

Оқиғаларды былайша белгiлейiк:

А - ұтыстың 25 сомнан кем болмауы

А1 - ұтыстың 25 сомға тең болуы

А2 - ұтыстың 100 сомға тең болуы

А3 - ұтыстың 200 сом болуы.

Тек бiр ғана билет болғандықтан А=А1+А2+А3, мұндағы А1, А2, А3 оқиғалары қос-қостан үйлесiмсiз, сондықтан ;

  1. Екi теңгенi лақтырғанда ең болмағанда бiр рет герб жағымен түсу ықтималдығы қандай?

А - бiрiншi теңгенi лақтырғанда герб жағымен түсуi,

В - екiншi теңгенi лақтырғанда герб жағымен түсуi,

С=А+В оқиғасының ықтималдығын табу керек. Бiрақ бұл жағдайда , себебi А және В үйлесiмдi оқиғалар. Сондықтан (3) формуланы қолдана алмаймыз. Шешудiң басқа жолын iздеймiз. - герб жағымен түсуi болсын, екенi белгiлi. Екi теңгенi лақтырғанда үйлесiмсiз оқиғалардың толық тобын құрайтын мына оқиғалар пайда болады: ГГ, ЦЦ, ЦГ, ГЦ. оқиғасы болатын оқиға болғандықтан, , . Осыдан, .

Үйлесiмдi оқиғалар қосындысының ықтималдығы. А оқиғасының көрiнуi мүмкiндiгi , ал В оқиғасының көрiну мүмкiндiгi болсын.Сонда оқиғалар iшiнде А оқиғасы мен В оқиғасы рет пайда болсын. Егер жалпы элементар оқиғалар саны болса, онда (1) формула бойынша: , , .

А+В түрiнде жазылуы, А оқиғасы немесе В оқиғасы пайда болатындығын немесе екеуi қатар орындалатындығын бiлдiредi. Бұл оқиға үшiн мүмкiн элементар оқиғалар саны болады. Сондықтан (1) формула бойынша:

немесе

. (5)

Бұл формула (4.1) формуланың жалпы түрi екенi көрiнiп тұр. Егер А және В үйлесiмсiз болса, онда болады. (5) теңдiктен мына ереженi аламыз:

Екi үйлесiмдi оқиғаның қосындысының ықтималдығы, олардың ықтималдықтарының қосындысынан олардың қатар пайда болу ықтималдықтарын шегергенге тең.

(5) формуланың геометриялық кескiнi 3-суретте көрсетiлген, мұндағы - сәйкестi салынған фигуралардың аудандары болып табылады.

n

ml k

m + k - l

Ð(À+B) =

n

Сурет 3.

Мысалдар.

  1. Өткен параграфта қарастырылған 2-шi мысалды еске түсiрейiк. Бiзге оқиғасының ықтималдығын анықтау керек және В үйлесiмдi оқиғалар болғандықтан,

, , , . Осыдан, .

  1. Екi ойын сүйегiн лақтырғанда ең болмағанда бiреуiнде алтылық ұпайдың түсу ықтималдығын табу керек.

А - бiрiншi ойын сүйегiн лақтырғанда алтылық ұпайдың түсуi,

В - екiншi ойын сүйегiн лақтырғанда алтылық ұпайдың түсуi болсын.

Бiзге оқиғасының ықтималдығын анықтау керек.

, , , .

  1. А,В және С үйлесiмдi оқиғалар. Төменгi теңдiктердi дәлелдеу керек: .

Дәлелдеу: деп белгiлейiк. Сонда,

.

Шартты ықтималдықтар. және қара шарлар салынған жәшiктен бiр-бiрлеп екi шар алынған. Мына оқиғаларды қарастырайық:

А - бiрiншi алынған шар ақ,

В - екiншi алынған шар ақ.

екенi белгiлi. А оқиғасының ықтималдығы қандай?

  1. Егер А оқиғасы орындалса, онда қалған шардың -еуi ғана ақ, сондықтан екiншi шардың ақ болу ықтималдығы -ге тең.

  2. Егер А оқиғасы орындалмаса, онда қалған шарлардың -сы ақ шар, сондықтан екiншi шардың ақ болу ықтималдығы -ге тең. Сонымен бiрге В оқиғасының ықтималдығының, А оқиғасының пайда болуы немесе пайда болмауына байланысты жағдайларын қарастырайық. Мұндай жағдайда, В оқиғасы А оқиғасына тәуелдi, ал В оқиғасының пайда болу ықтималдығын шартты ықтималдық деп атайды және деп жазады.

Осындай ықтималдарды есептеу тәсiлiн қарастырайық. сынақ кезiнде А оқиғасы рет, В оқиғасы рет, АВ оқиғасы рет пайда болсын ( ). . Дәл осы сияқты . Осы формуладан шығатыны: , , ÿ¹íè (6)

Осы формуладан мынадай ереженi аламыз:

Екi оқиғаның көбейтiндiсiнiң ықтималдығы, бiреуiнiң ықтималдығын екiншiсiнiң шартты ықтималдығына көбейткенге тең.

Мысалдар.

  1. Жәшiкте ақ және қара шарлар бар. Бiртiндеп алынған екi шардың екеуi де ақ болу ықтималдығы қандай?

Оқиғаларды белгiлейiк: А - бiрiншi шар ақ, В - екiншi шар ақ. Бiзге ықтималдықты табу керек. ; (6) формула бойынша iзделiндi ықтималдықты табамыз:

.

  1. болатындығын дәлелдеңiздер. Дәлелдеу: , сонда (6) формула бойынша, . Тағы да (6) формуланы қолданып, болатындығын аламыз.

Тәуелсiз оқиғалардың көбейтiндiсiнiң ықтималдығы. Егер В оқиғасының пайда болу ықтималдығы А оқиғасының пайда болу не болмауына тәуелдi болмаса, онда В оқиғасы А оқиғасына тәуелдi емес дейдi және деп жазады.

Мысалы теңгенi бiрнеше рет лақтырғанда теңгенiң белгiлi бiр жағымен түсуi тәуелсiз оқиғалар болады. В оқиғасы А оқиғасына тәуелсiз болса, онда (5) формуласы (7) болады. (6) және (7) формулалардан, егер В оқиғасы А-ның пайда болуына тәуелсiз болса, онда А-да В-ның пайда болуына тәуелсiз болғандығын көремiз. (7) -ге сүйене отырып мынадай ереже тұжырымдаймыз.

Екi тәуелсiз оқиғаның көбейтiндiсiнiң ықтималдығы сол оқиғалардың ықтималдықтарының көбейтiндiсiне тең.

Мысалдар.

  1. Екi ойын сүйегiн лақтырғанда бiрнеше сүйекте тақ ұпайдың, ал екiншiде бестiк ұпайдың түсу ықтималдығы қандай?

Оқиғаларды былайша белгiлейiк:

А - бiрiншi сүйектi лақтырғанда тақ ұпайдың түсуi,

В - екiншi сүйектi лақтырғанда бестiк ұпайдың түсуi.

Бiзге -ны табу керек. А және В оқиғалары үйлесiмдi және тәуелсiз болғандықтан . Бiрақ, , , .

  1. А,В және С үйлесiмдi және тәуелсiз оқиғалары үшiн, екенiн дәлелдеңiздер.

дейiк, сонда

. Осы мысалға сүйене отырып оқиғалардың кез келген саны үшiн олардың көбейтiндiсiнiң ықтималдығы ережесiн айтуға болады. Оқиғалар тәуелсiз болған жағдайда сәйкестi формула мына түрде жазылады:

(8)

  1. Егер А және В тәуелсiз болса, онда және . Сол сияқты және оқиғалары да тәуелсiз екенiне көз жеткiзуге болады.

Ықтималдықтардың толық формуласы. оқиғалары қос-қостан үйлесiмсiз оқиғалардың толық тобын құрайтын болсын. Бiзге бұл оқиғалардың тек бiреуiнiң пайда болуынан, А оқиғасы пайда болу ықтималдығын табу керек.

(Бiрнеше оқиғалар тәуелсiз деп аталады, егер олардың кез келгенi қалғандарының кез келген жиынтығына тәуелсiз болса) А оқиғасы үшiн оқиғаларының бiреуi орындалады, мына үйлесiмсiз оқиғалардың бiреуi орындалады . Демек, . оқиғалар өзара үйлесiмсiз болғандықтан оқиғалары да үйлесiмсiз. Сондықтан (9). Ал, (6) формула бойынша

..............................

болғандықтан,

(10)

Осы формуланы ықтималдықтың толық формуласы деп атайды. Осы формуланың көмегiмен Байес формуласын оңай табуға болады.

, (11)

мұндағы .

Бұл формула болжамдарды бағалау ықтималдығымен байланысты есептердi шешуде кеңiнен қолданылады. Ендi Байес формуласының дұрыстығын дәлелдейiк. (6) формула бойынша, және . Соңғы теңдiктен . Ықтималдықтың толық формуласындағы (10) -ның мәнiн әкелiп қойсақ, Байес формуласын аламыз.

Мысалдар.

  1. Ішiне ақ және қара түстi шарлар салынған 1-шi типтегi 2 жәшiк, ІІ-шi типтегi 1 жәшiк, ІІІ-шi типтегi 3 жәшiк кездейсоқ орналасқан. І-шi типтегi 2 жәшiктiң әрқайсысында екi ақ және қара үш шарлар бар. ІІ-шi типтегi жәшiкте төрт ақ, бес қара шар бар. ІІІ-шi типтегi 3 жәшiктiң әрқайсысында үш ақ және екi қара шарлар бар. Кез келген жәшiктiң кездейсоқ алынған шардың ақ болу ықтималдығы қандай?

І-шi типтегi жәшiтен алуымызды А1 оқиға дейiк, ІІ-шi типтегi жәшiктен алуымызды А2, ІІІ-шi типтегi жәшiктен алуымызды А3 болсын. Сол алынған шардың ақ болуы В оқиғасы болсын. Сонда сәйкестi бұл оқиғалардың ықтималдықтары мынадай: , , , , , .

Ықтималдықтың толық формуласы бойынша, iзделiндi ықтималдық:

.

4-тақырып(1 сағат).