Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИК.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать
☆

48. Елбасының «Қазақстанныі әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы (2012 ж). Елдің еңбек қуатын, адам капиталын дамыту стратегисы.

 Қазақстандық қоғамның әлеуметтік жаңғыруының негізгі қағидаттарын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей еңбек қоғамына жиырма қадам» мақаласында баяндады. Осы мақалада басты проблемаларды көрсетіп, оның шешпен еліміз алға кезекті қадамын жасай алмайтынын айтты. Сонымен қатар, Президент біздің азаматтарымыздың инфантилизмі, жеңіл ақшаға табынудың тамыр жайғанына аса назар аударды. Осыған байланысты мемлекет басшысы әлеуметтік жаңғыртудың тұтастық үлгісін әзірлеуін ұсынады.  Құқықтық сауаттылықтың, руханих - адамгершілік құндылықтардың жоғары деңгейібар, және де әлеуметтік берекелі адамдардың дамуынсыз, толысқан қоғамның қалыптасуынсыз жаңғырту мүмкін емес.  Әлеуметтік жаңғырту – бұл біздің жас мемлекетіміз үшін қазір шынымен қажет, және біз Президентіміздің осы идеяларын әрі қарай дамытуға және іске асыруға барлық күш жігерімізді саламыз.  Бүгінгі күннің өзінде бірінші қадамға аяқ бастық. Мысалы, 2011 жылы елеміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес ҚР Үкіметімен жұмыссыздардың, табысы аз азаматтарды және өз бетінше жұмыспен қамтылған тұрғындарды экономикалық қызметтердің әр түрлі түрлеріне тартуды қарастыратын  Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы бекітілді. Бұл өзінің нәтижесін берді.  Бүгінгі күні жұмыссыз қалған қандай да болсын азаматың халықты жұмыспен қамту орталығына барып, қажетті мамандықты алу үшін оқып шығуға және жұмысқа тұруға мүмкіндігі бар. Аталған бағдарлама бірінші кезекте халықты жұмыспен қамтамасыз ету міндеттерін жүйелі түрде шешуге арналған.  Мемлекет Басшысының идеясы «Жалпыға бірдей еңбек қоғамына жиырма қадамға» жаңа индустриалдық-инновациялық экономика шарттарында өмірге қоғамның дайындалуына мақсат қояды.  Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары жұмысының басым бағытының бірі болып табылады. Оны оңай жүзеге асыру үшін облыста тиісті ұйымдық-дайындық жұмысы өткізілді. Бүгінгі уақыта ол төрт бағыт бойынша жүзеге асырылуда:  - еңбек потенциалык дамыту, тұратын жері бойынша жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жолымен халықты тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;  -  ауылда кәсіпкерліктің дамуына жәрдем көрсету;  - Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық дамудың төмен потенциулы елді мекенен әлеуметтік-экономикалық дамудың потенциалы жоғарғы елдімекенге және экономикалық өсу орталығына өз еркімен көтуге жәрдемдесу есебнен еңбек ресурстардың мобилдігін көтеру;  -әлеуметтік-экономикалық дамудың потенциалы орташа және жоғарғы елді мекемерде орындарда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен халықты жұмыспен қамтуды жүзеге асыру.  Халықты жұмыспен қамту бағдарламаларының негізгі бағыттарын жүзеге асыру халықты тұрақты және өнімді жұмыспен қамту дәрежесін көтеруге, азаматтардың табыстарын көбейтуге, жұмыссыз, табысы аз азаматтар мен өзбетінше жұмыспен қамтылған азаматтар санын төмендетуге мүмкіндік береді.  Мемлекет Басшысы өзінің мақаласында өнімді еңбек біздің әлеуметтік саясатымыздың негізі болу керектігіне баса назар  аударып, өмірлік қажетті мәселелерді көтерді. Тек еңбек қана қазақстандықтар өмірінің әл-ауқаты мен сапасын көтереді.  Еліміз бойынша кең жайылған индустриалдық үрдісті Президентіміз бәрінен бұрын әр бір еңбекке қабілетті адамды қажетті жұмыспен қамтумен тура байланыстырады.  Әлеуметтік қауқарсыз халықтар дережесіне жататындарға: көп балалалы отбасылар, мүмкіндіктері шектеулі, зейнеткер жастағы адамдар сырт қалмау үшін,  әрбір адам өзінің мүмкіндігі мен біліміне қарай жұмыста жетуге, өзінің отбасына және қоғамға табыс әкеліп оның ертеңгі күнге сенімін арттыру үшін мемлекет барлық жағдайды жасайды.

ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатеріне Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев тоқталып өткені белгілі. Солардың ішінде, біздіңше, бүгінгі таңда Қазақстан үшін шешілуі өзекті болып тұрған сын-қатерлер қатарында демография, урбанизация, өңірлер бойынша еңбек ресурстарының теңгерімсіздігі және еңбек өнімділігінің теңгерімсіздігі мәселелерін атауға болады. Бұлардың түпкі негізі білім беруге, білімге сәйкес мамандық игеруге, мамандыққа сәйкес жұмыс табуға және әлеуметтік қорғауға келіп тіреледі.

Енді осы мәселелерге қысқаша тоқталып өтейік.

Бүкіл дүниежүзіндегі сияқты Қазақстанда да халықтың қартаю үрдісі белең алуда. Бұл жағдай еңбек нарығы құрылымында өзгерістерге, яғни жұмыс істейтін адамдарға түсетін салмақтың артуына, экономикалық өсудің баяулауына әкеп соғатыны сөзсіз. Елде әлеуметтік саланы жаңғырту осындай демографиялық үрдіс жағдайында жүзеге асырылуда. Дамыған елдерде инновациялардың қарқынды енгізілуі олардағы еңбек өнімділігін өсіре түсіп, дамып келе жатқан елдерден одан әрі алшақтатуы мүмкін. Бұл құбылыстың Қазақстанға әсері адами капиталды дамыту, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қосымша күш-жігер жұмсау қажеттігін туындатады. Әлеуметтік салаға түсетін салмақ қазіргі кездің өзінде артуда, соның ішінде әлеуметтік нысандардың (балабақшалар, мектептер, ауруханалардың) жетіспеуі; соның салдарынан білім алуға, денсаулық сақтауға, әлеуметтік нысандар қызметіне қолжетімділіктің теңсіздігі және көрсетілетін әлеуметтік қызмет сапасының деңгейіне кері әсері; еңбек ресурстарының жетіспеуі. Аталған мәселелерді шешу үшін Үкімет басым бағыттарды айқындап, тиісті жұмыс жүргізілуде. Мысалы, білім беру саласында балаларды ерте жастан дамыту, білім алуға теңдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, сапалы техникалық және кәсіптік білім беру, заман талабына сәйкес академиялық бейімділікті енгізу арқылы жоғары білім беру саласын жаңғырту іске асырылуда. Халқымыз «Бесіктен сіңген тәрбие бел-белеске шығарар» деп баланы ерте жастан дамытуға үлкен мән берген. Көргені мен естігенін сорғыштай сіңіріп алатын сәби шағында болашақтағы ұшқыр ойлы, белсенді азаматтың тұлғалық қалыптасуы жүзеге асады. Осыны ескере келе, баланы ерте жастан дамытуға арналған іс-шаралар: мектепке дейінгі тәрбие беру желісін кеңейту, балаларды орынмен қамту, жүйені жетілдіру ісі қолға алынуда. Баланы ерте жастан дамытудың тұжырымдамалық негізі әзірленді, ол жыл аяғына дейін қаралатын болады.

Еліміздегі бала туудың 2007 жылдан бергі көрсеткіштеріне зер салсақ, ұдайы өсуді көруге болады. Ғылыми есептелген болжамдар бойынша мұндай өсу қарқыны 2016 жылға дейін сақталады. Бұл – Қазақстан сияқты ұлан-байтақ жері бар, игерілетін табиғи ресурстарға бай ел үшін сүйсінерлік жай. Екінші жағынан бұл білім беру саласының алдына үлкен міндеттер жүктейді. Бала туу үрдісінің қарқыны ескерілмеуі сәбилерді мектепке дейінгі тәрбиелеу орындарымен қамтамасыз ету ісінде байқалып отыр. Елбасының бастамасымен «Балапан» бағдарламасы қолға алынғалы көптеген балабақша мен шағын орталықтар іске қосылғанымен, мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды орналастыру 2012 жылы 71%, 2014 жылы 77,4 % ғана орындалды. Қазіргі кезде 2020 жылға дейін 3 – 6 жас аралығындағы сәбилерді мектепке дейінгі оқыту-тәрбиелеу мекемелеріне толығымен орналастыру міндетін орындау үшін жұмыс істелуде. Тағы бір күрмеуі қиын мәселе, білім беруді дамытуды, яғни адами капиталдың өсуін тежейтін фактор – шалғай ауылдардағы бала саны аз мектептер. Қазақстандағы 7 700 мектептің 4 000-ын осындай мектептер құрайды. Мәселені шешудің бір жолы ретінде ауыл мектептерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану ұсынылады. Бұл әдіс оқушыларға заман талабына сай білім беруде қала мен ауыл арасындағы ақпараттық теңсіздікті азайтуға мүмкіндік береді. Болашақта үлкен елді мекендерде интернаттарды жаңғырту ісі қолға алынатын болады. Тұтастай алғанда, ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтып, оларды біліктілігі жоғары кадрлармен қамтамасыз ету жұмысы жүргізіледі. Мамандарды дайындауда білім беру мен тәжірибеден өтуді ұштастыра жүргізудің маңызы зор. Бұл істе Германия тәжірибесі назар аударарлық. Онда білім басқармалары тәжірибе басталғаннан одан өткені туралы сертификат тапсырылғанға дейін бақылау жасайды. Оған қоса бұл елде жаңа мамандарды дайындауға кәсіпкерлік субъектілерінің инвестиция салуы заңмен бекітілген. Қазақстанда жұмысшы мамандарды дайындаудағы негізгі проблеманың бірі техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқушылармен әркелкі толығуы. Оңтүстікте 7 мыңға жуық орын жетіспейтін болса, солтүстік және шығыс өңірлерде 4 мыңдай орын бос қалып отыр. Жекелеген оқу орындары студентті мамандықтың бағытына сәйкес кәсіби тәжірибенің негізімен қамтамасыз етеді. Кәсіпорындар міндеттемелері заңмен бекітілмегендіктен, студентті тәжірибеден өткізуге қабылдау ерікті жағдайда жүргізіледі. Көп жағдайда студент жұмыс берушіні өзі іздеп табатындықтан, оның тәжірибесінің бағыты оқып жатқан мамандығына сәйкес келе бермейді. Биылғы жылғы қыркүйек айында Парламент қарауына ұсынылған заң жобасына кәсіптік білім берудің көптеген мәселелерін реттейтін нормалар енгізілді. Солардың ішінде жұмыс берушінің тәжірибеден өтуі үшін жұмыс орындарын беруі көзделеді. Бұл салалық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың кадрларды дайындау ісінде жауапкершілігін арттырады. Барлық жетістіктердің көзі білімде екенін біліп, соны ұрпағына жеткізуді қазақ ұлылары да мақсат еткенін Абайдың «Білім таппай мақтанба», Ахмет Байтұрсыновтың «Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек», деген нақылдарынан көруге болады. Бұл – ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын мәселе. Бүгінде ел мен елдің арасындағы даму алшақтығы туралы сөз болғанда міндетті түрде олардағы білім деңгейі есепке алынады. Осыған орай адам капиталының қуаттылығын арттырудың маңызды құралы ретінде жоғары оқу орындарына зор міндет жүктеледі. Басқарудың алқалық жүйесін енгізу арқылы жоғары оқу орындарының тиімділігін арттыру жоспарланып отыр. Жүргізіліп жатқан жұмыстар жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігі мен білім сапасын арттыруға әсер ететін болады. Биыл жоғары оқу орындарында құрылған Байқаушылар кеңестері алқалық басқару негіздерін енгізуге бағытталған. Инновациялық салада өзіндік орын алу ғылыми кадрларды, экономикаға қажетті жоғары деңгейлі мамандарды, ғалымдар мен зерттеушілерді дайындауға тікелей байланысты болғандықтан, зерттеу университеттерін одан әрі дамыту қажет. Бұл бағыттағы сәтті ұлттық жоба ретінде Назарбаев Университетін атауға болады. Оның қызметінің басым бағыттарының бірі – білім беру, ғылым және инновацияларды іс жүзінде кіріктіруге арналған зияткерлік-инновациялық кластер құру және оны дамыту. Бұл ғалымдар мен бизнеске қажетті жағдай жасай отырып, ғылыми ізденістер нәтижелерінің нарыққа шығарылуына жәрдемдесуге тиіс. Бүгінде 10 жоғары оқу орны Назарбаев Университетінің тәжірибесін өздеріне енгізу бағытында жұмыс істеуде. Оларға ғылым мен инновацияларды дамыту, зерттеулерді нарыққа шығарып, талантты жастарды тарту үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отыр. Өңірлердегі еңбек ресурстарының теңгерімсіздігін түзету, сондай-ақ, еңбек өнімділігін арттыру үшін этностық көші-қон, шетелден жұмыс күшін тарту және ішкі көші-қон көзделетін жаңа көші-қон саясаты жүргізіледі. Бес жылдан бері қолданылып, ел ішінде кең таралған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» уақыт талабына қарай бейімделе іске асырылуда. Елбасының тапсырмасына сәйкес 2013 жылдан бастап «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бекітіліп, ол қазақстандық еңбек нарығының тиімділігін арттырудың нәтижелі құралына айналды деуге болады. Қазақстан 2050 жылы халқының табысы мен өмір сүру сапасы жоғары, әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына кіруі керек. Бүгінде ол межеге жету үшін мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған жұмыста адами капиталды дамытуға ден қойылып отыр. Білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудың лайықты болуы бағытында аталған салаларда атқарылып жатқан жұмыс – әрқайсысы жеке-жеке әңгіме арқауы бола алады. Дегенмен, адам капиталы сапасының жоғары деңгейін бірінші кезекте жақсы білім қамтамасыз етеді. Сондықтан да біз бүгін адам капиталын дамытудың білім берумен қатысты мәселелеріне назар аудардық. Адам капиталына инвестиция салудың өзіндік ерекшеліктері бар. Басқа салалардан айырмашылығы сол, ол бірден пайда түсірмейді. Жоғары деңгейлі мамандар дайындау көп уақыт пен күш-жігер жұмсауды талап етеді. Бірақ, нәтижесі өзін-өзі ақтайтыны ақиқат. Жақсы мамандарының арқасында ел экономикасы тұрақты өсу траекториясына шығып, дағдарыс жағдайында да сындарға төтеп берер тегеурін танытады. Адамды дамыту мен қоғамның өркендеуі бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, бұл бағыттағы жұмыс ешқашан бәсеңсімеуге тиіс.

49-сұрақ.ҚР-дағы білім жүйесіндегі реформалардың барысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 20 жылында еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуымен қатар білім беру жүйесін жаңғырту мақсатында кезең-кезеңімен реформалар жүргізіп келеді. Сол білім беру жүйесіндегі реформаларды жүргізу Егемен Қазақстанның алғашқы құқықтық құжаттарының бірі – Тәуелсіздік Декларациясында бекітілген болатын. Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде қазақстанның білім беру жүйесінің негізін қалаған екі іргелі стратегия қабылданды. Олар: 2000 жылғы «Білім беру» бағдарламасы және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы еді. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басым бағыты» атты халққа арнаған кезекті Жолдауында жүзеге асырылуға тиісті он нақты міндеттерді айқындап берді.

            Осы жолдаудағы маңызды мәселелердің бірі жетінші бөлімдегі білім беру мен денсаулық сақтау саласы. Дәл қазіргі жаһандану заманында білім беру жүйесін одан әрі дамытуға қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев осы жолдауда айқындап берді. Атап айтар болсақ, бұл жолдауда Президенті Н.Ә.Назарбаев былдай деген болатын:

            «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. 

            Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу.

            Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арқаулық педогогтык білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет,

 Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет.

Еліміз дамуының жаңа кезеңі барлық салалардың инновациялық-индустриялық дамуына көшуді қарастыратын жаңа міндеттерді алға қойды. Осы мақсаттарды іске асыру үшін 2011 жылы Мемлекет басшысы Білім беруді дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Бұл стратегиялық құжатта Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының 2011-2020 жылдарға арналған білім беру саласының ұйымдастыру негізі қаланды.

2010 жылы Қазақстанның Болонья декларациясына қосылуы еліміздің тарихындағы маңызды оқиға болып, отандық жоғары оқу орындарын еуропалық білім беру кеңістігінің толық құқылы серіктесі етті.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі отандық жоғары оқу орындарына өз қызметін тәуелсіз бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін аккредиттеу мен саралаудың ұлттық үлгісін құрды. Бүгінгі таңда жиырмадан астам отандық жоғары оқу орны ұлттық институционалдық аккредиттеуге ие болды.

Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында оқуүдерісіне осы заманғы әдістеме мен ақпаратты технологияны енгізу қажеттігін атап көрсетті. Бүгінде оқу-әдістемелік базаны кредиттік технологиясыз көзге елестетудің өзі қиын. Оқу үрдісіне оқытудың интерактивті технологиясын енгізу, оның ішінде, бейнеконтентпен қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану, инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша материалдық-техникалық базаны нығайту, электронды оқу залдарының санын көбейту, ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыру кеңінен жалғасып келеді.

Қазіргі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы – білім болып табылады. Тәуелсіздік алғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар біздің болашағымызға салынып жатқан даңғыл жол.  Себебі, қай мемлекеттің болсын даму жолы, яғни экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей апарар жол – сол елдің  білімінің  дамуы  болып табылады. Яғни, болашақта бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына ену міндеті бәсекеге қабілетті жас маман мойнына жүктелетін абыройлы да, жауапты міндет болып отыр. Олай болса еліміздің болашағы болып табылатын жас мамандарға білім беретін ЖОО-дың білім жүйесін дамыту заман талабы.