- •1)Студент жастарға Білім және Тәрбие берудегі «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінің міндеттері мен маңызы
- •2)Хх ғ. Бас кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-эконмикалық жағдайы. Тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары
- •3) Ресей империясының қазақ жеріне қоныс аудару саясатының күшеюі. Столыпиннің аграрлық реформасы және ауыл шаруашылығы саласындағы жағдайдың күрт шиеленісуі
- •4) Хх ғ. Бас кезіндегі Қазақ жеріндегі өндіріс ошақтарының қалыптасуы ерекшеліктері және оның отарлық сипаты
- •6) Қазақ зиялыларының I және II-Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуы және қызметі.
- •7)Қоғамдық сананы дүр сілкіндірген қазақ ұлттық зиялы қауымының қалыптасуы, құрамы, қоғамдық қызметі. Ұлт-азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы.
- •8)20Ғ. Бас кезіндегі қазақ ағартушылары: ерекшеліктері, мақсаты, тарихи тұлғасы.
- •9) Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстанда жалпы ұлттық дағдарысты күшеюі.
- •10) 1916 Жылғы ұлт-азаттық көтерілісі :себептері, қозғаушы куштері, барысы және негізгі кезеңдері
- •11) Ақпан буржуазиялық демократиялықреволюциясы және оның Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне әсері. Қазақстандағы саяси биліктің өзгеруі
- •12) Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстандағы саяси және діни партиялардың құрылуы
- •13) «Алаш» ұлттық партиясының құрылуы және бағдарламасы. Бүкілресейлік Құрылтай съезіне депуттатар сайлау. Алаш партиясының жеңісі.
- •14) Қазан төңкерісі және Қазақстандағы қоғамдық саяси өмірі. Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •15.Алғашқы ұлттық автономиялардың құрылуы мен қызметі
- •16.Қазақстан территориясындағы Азамат соғысы және оның зардаптары
- •17. Ұлттық автономиядан таптық автономияға. Қырғыз (Қазақ) акср-нің құрылуы
- •18. «Әскери коммунизм» саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу
- •19. Қырғыз (Қазақ) акср-нің территориялық шекарасын айқындауға командалық-әкімшілік шешімдер. Біртұтас Түркістан идеясының жеңіліске ұшырауы.
- •20.Қазақстандағы индустрияландыру және оның жүргізілуі бағытына қазақ қайраткерлерінің көзқарасы
- •21)Қазақстандағы ұжымдастыруды жүргізудің зардаптары.Қазақтардың шет мемлекеттерге ауа көшуі және олардың қасіретті тағдыры.
- •22)XX ғ. Ғ. 30-шы жылдарындағы республикадағы мәдени құрылыс.Мәдениет, білім, ғылым саласындағы кеңестік реформалардың қарама қайшылықтары.Қазақ халқының ұлттық және мәдени қайнарларының бұзылуы.
- •23)Республикадағы Сталиндік жаппай қуғын сүргіннің жүргізілуі.Қазақ жеріне көптеген халықтардың күштеп қоныс аударылуы және оның зардаптары.
- •24)Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰтзу-дың құрылуы, қалыптасу және даму тарихы.
- •25.Ұлы Отан соғысы басталуы мен негізгі кезеңдері
- •26) Соғыс аймағынан қазақ жеріне халықтарды, өнеркәсіп орындары мен мәдениет, ғылым ошақтарын көшіру және оны орнықтыру жолындағы қазақ халқының көмегі
- •27) Қазақстанда жасақталған әскери бөлімдердің Ұлы Отан соғысына қатысуы және ерлік жолдары
- •28) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерен ерліктері. Соғыс салдарынан қираған елді мекендерді қалпына келтірудегі қазақстандықтардың көмегі
- •30. Соғыстан кейінгі коғамдык-саяси жағдай
- •31. «Жеке басқа табынудың» шарықтауы және «Хрущев жылымығы». Одақ пен Республика басқарушыларының арасындағы қарым-қатынастардың қиыншылықтары. Орталықтың ұлттық мүддені елемеуі
- •32) Тың және тыңайған жерлерді игеру, оның қорытындылары мен зардаптары
- •33) Әлеуметтік-экономикалық жағдай: қарама-қайшылықар мен қиыншылықтар. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытының күшеюі(1965-1985жж)
- •34.Рухани және мәдени өмірдегі тоқыраулық құбылыстардың тереңдеуі. Экологиялық проблемалар және Арал қасіреті (1965-1985 жж.)
- •35.Ұлттық саясатты жүргізудегі Орталықтың әділетсіз шешімдерінің күшеюі. Целиноград оқиғасы. Қазақ тілінің қоланыс аясының шектелуі(1965-1985)
- •36.Тәуелсіздік жаршысы болған 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы.
- •38.Тәуелсіздік қарсаңындағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдай
- •39. Ксро-ның ыдырауының себептері және Тмд-ның құрылуы.
- •40. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы.
- •41. Тәуелсіз Қазақстандағы конституциялық-құқықтық реформаларды іске асырудың өзіндік жолы: қиындықтар мен тарихи шешімдер.
- •42.Қазақстан Республикасы рәміздерінің бекітілуі. Тарихи мәдени мұраларды қорғау және патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің рөлі мен маңызы.
- •43)Қр-ның қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру жолындағы іс-шаралардың атқарылуы және саяси партиялардың қалыптасуы барысындағы қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтар
- •44) Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарындағы Қазақстан экономикалық дағдарыстың жағдайы және нарықтық қатынасқа көшу
- •45) Елбасының биылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясаты – Қазақстанның жаһандануға берген жауабы
- •47. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау, спорт және дене тәрбиесән дамыту, саламатты өмір салтын қалыптастыру.
- •48. Елбасының «Қазақстанныі әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы (2012 ж). Елдің еңбек қуатын, адам капиталын дамыту стратегисы.
- •50. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. «Интеллектуалды ұлт-2020» Президенттік бағдарламасы және оның маңызы.
- •2012 Жылдың бірінші жартыжылдығында Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының негізгі индикаторларына қол жеткізу жөніндегі жүйелі жұмыстар жүргізілді.
- •52)Қазақстанның көп этностылығының қалыптасу тарихы және ұлтаралық келісімнің қазақстандық жолы
- •54)Қазақстанның ұлттық бірлігі доктринасы.
- •55)Қр-ның мдәени құрылысы барысындағы қиыншылықтары мен жетістіктері
- •57. Мәдениет саласына жаһандық өзгерістердің әсер етуі және ұлттық мәдениетті сақтау міндеттері.
- •58. Қазіргі Қазақстан терриоториясындағы діндер тарихы.
- •59. Қазіргі Қазақстан территориясындағы ислам мәдениетінің тарихы.
- •60.Конференциялық келісім және діни сенім бостандығының қазақстандық үлгісі
- •61. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлттық тарихты ұлықтауға арналған іс-шаралар. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегіндегі ұлттық таризты зерделеу мәселелері.
- •63.Ұлттық тарих рухында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
- •65) Қазақ хандығының құрылуы. Қазіргі қр мемлекеттілігінің Қазақстан территориясындағы желгі мемлекеттік құрылымдардың ерекшеліктері
- •66.Қазақ халқының ауызша тарих айту дәстүрі мұрасының зерттелуі, оның ерекшеліктері мен маңызы
- •67. «Мәңгілік ел» идеясының тарихи бастаулары және бүгінгі тәуелсіздігімізбен сабақастығы
- •68. Мәңгілік елдің негізгі идеялары мен құндылықтары.
- •70. Қазақстан - әлем таныған ел.
- •75. Қр президенті н.Ә.Назарбаевтың – өмір жолы және қайраткерлік қызметі.
- •76)Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың халықаралық тұрақтылық және бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы рөлі.
- •78.Назарбаев н. Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму. (Елбасының 2016ж Қазақстан халқына жолдауы)
54)Қазақстанның ұлттық бірлігі доктринасы.
2008 жылғы 23 қазанда Қазақстан халқы ассамблеясының XIV сессиясында Елбасы Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелерін қатыстыра отырып Ел бірлігі доктринасын әзірлеуге тапсырма берген болатын. Елбасы: «Біз қазақстандық қоғамның әрі қарай дамуының негізгі мақсаттарын айқындайтын Ел бірлігі доктринасын әзірлеуіміз керек. Бұл құжаттың қағидаттары Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына енуі тиіс»,- деп атап айтқан еді.
Жалпы, Іс-шаралар жоспары Доктринаның негізгі қағидаттарына сәйкес келетін үш негізгі тараудан тұрады.
БІРІНШІ ТАРАУ. «БІР ЕЛ — БІР ТАҒДЫР».
Бұл тараудың іс-шаралары ел бірлігін және қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталған.
Біріншіден, қоғамды осы үрдіске кеңінен тартуды көздейтін және бірқатар жаңа ақпараттық технологияларды қолданып, мемлекеттік телеарналардың тақырыптық саралау барысын аяқтап, Қазнет жобаларын дамытуды қалайтын ақпараттық-насихаттық толық кешенді іс-шаралары қарастырылған.
Сонымен қатар, Доктринаны іске асыру барысына ақпараттық қолдауға арналған Медиа-жоспар әзірленеді, этникааралық және конфессияаралық қатынастар мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында шынайы көрсетуді қамтамасыз ететін іс-шаралар қабылданады.
Екіншіден, бірқатар институционалдық шаралар қабылданады: Ақсақалдар кеңесі, діни тақырыптарды жариялауға арналған әдістемелік кеңес құрылатын болады, этносаралық қатынастар мәселелері бойынша үздік сарапшы журналистер клубының қызметі қамтамасыз етіледі
ЕКІНШІ ТАРАУ. «ТЕГІ БАСҚА — ТЕҢДІГІ БІР»
Біріншіден, бұл арқылы 2009-2012 жылдарға арналған адам құқығы саласындағы Ұлттық жоспар, 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстанды индустрияландыру картасы, 2004-2010 жылдарға арналған Ауылды аймақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, «Нұрлы көш» бағдарламасы жүзеге асырылады. Сонымен қатар «Ауыл жастары» жалпыұлттық бастамасы, «Дипломмен — ауылға» жобасын жүзеге асыру жалғасатын болады.
Екіншіден, тарау аясында 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, 2010-2014 жылдарға арналған Еңбек нарығын реттеу және Қазақстан Республикасында еңбек ресурстарын қамтамасыз ету бағдарламасы тәрізді әлеуметтік-маңызды құжаттардың қабылдануы қарастырылған.
Үшіншіден, жоғары оқу орындарына арналған «Этносаралық және конфессияаралық толеранттық негіздері» атты типтік бағдарламалар жобасын әзірлеу, тұрақты жұмыс істейтін «Дінтану дәрісханасын» құру, тиісті талдамалық материалдар, брошюралар, әдістемелік әдебиеттер әзірлеу және басып шығару сияқты ғылыми-әдістемелік іс-шаралар кешені қарастырылған.
ҮШІНШІ ТАРАУ. «ҰЛТ РУХЫНЫҢ ДАМУЫ»
Бұл тарауда рухани және ұлттық бірліктің басты факторларының бірі мәдениет, тіл, дәстүр болып табылатындығы ескерілді. «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасының нәтижелерін насихаттау.
Биылғы жылы Мемлекеттік тілді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының жобасы әзірленіп жатыр. Сондай-ақ, жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Үкіметке енгізу керек, жастар мен жастар ұйымдарына арналған Ресурстық орталықтар арқылы білімді ұлықтаудың кең қанат жаюына бағытталған жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету қажет. Отандық ғылым, білім, мәдениет және спорт өкілдерінің қол жеткізген жетістіктерін кеңінен насихаттау керек.
Қазақстан халық Ассамблеясы
Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылыТәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан
Ассамблеяның қызметі
Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. 2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды. Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы – халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.
Қазақстандық үлгі Біріккен ұлттар ұйымында, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып оң бағаға ие болды, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекет тіліне аударылды.
Ассамблея туралы Заң
2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті. Этносаралық қатынастар субъектілерінің жұмысының елімізде жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесін қалыптастырды.
Заңға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы ол – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.
