- •1)Студент жастарға Білім және Тәрбие берудегі «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінің міндеттері мен маңызы
- •2)Хх ғ. Бас кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-эконмикалық жағдайы. Тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары
- •3) Ресей империясының қазақ жеріне қоныс аудару саясатының күшеюі. Столыпиннің аграрлық реформасы және ауыл шаруашылығы саласындағы жағдайдың күрт шиеленісуі
- •4) Хх ғ. Бас кезіндегі Қазақ жеріндегі өндіріс ошақтарының қалыптасуы ерекшеліктері және оның отарлық сипаты
- •6) Қазақ зиялыларының I және II-Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуы және қызметі.
- •7)Қоғамдық сананы дүр сілкіндірген қазақ ұлттық зиялы қауымының қалыптасуы, құрамы, қоғамдық қызметі. Ұлт-азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы.
- •8)20Ғ. Бас кезіндегі қазақ ағартушылары: ерекшеліктері, мақсаты, тарихи тұлғасы.
- •9) Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстанда жалпы ұлттық дағдарысты күшеюі.
- •10) 1916 Жылғы ұлт-азаттық көтерілісі :себептері, қозғаушы куштері, барысы және негізгі кезеңдері
- •11) Ақпан буржуазиялық демократиялықреволюциясы және оның Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне әсері. Қазақстандағы саяси биліктің өзгеруі
- •12) Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстандағы саяси және діни партиялардың құрылуы
- •13) «Алаш» ұлттық партиясының құрылуы және бағдарламасы. Бүкілресейлік Құрылтай съезіне депуттатар сайлау. Алаш партиясының жеңісі.
- •14) Қазан төңкерісі және Қазақстандағы қоғамдық саяси өмірі. Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •15.Алғашқы ұлттық автономиялардың құрылуы мен қызметі
- •16.Қазақстан территориясындағы Азамат соғысы және оның зардаптары
- •17. Ұлттық автономиядан таптық автономияға. Қырғыз (Қазақ) акср-нің құрылуы
- •18. «Әскери коммунизм» саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу
- •19. Қырғыз (Қазақ) акср-нің территориялық шекарасын айқындауға командалық-әкімшілік шешімдер. Біртұтас Түркістан идеясының жеңіліске ұшырауы.
- •20.Қазақстандағы индустрияландыру және оның жүргізілуі бағытына қазақ қайраткерлерінің көзқарасы
- •21)Қазақстандағы ұжымдастыруды жүргізудің зардаптары.Қазақтардың шет мемлекеттерге ауа көшуі және олардың қасіретті тағдыры.
- •22)XX ғ. Ғ. 30-шы жылдарындағы республикадағы мәдени құрылыс.Мәдениет, білім, ғылым саласындағы кеңестік реформалардың қарама қайшылықтары.Қазақ халқының ұлттық және мәдени қайнарларының бұзылуы.
- •23)Республикадағы Сталиндік жаппай қуғын сүргіннің жүргізілуі.Қазақ жеріне көптеген халықтардың күштеп қоныс аударылуы және оның зардаптары.
- •24)Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰтзу-дың құрылуы, қалыптасу және даму тарихы.
- •25.Ұлы Отан соғысы басталуы мен негізгі кезеңдері
- •26) Соғыс аймағынан қазақ жеріне халықтарды, өнеркәсіп орындары мен мәдениет, ғылым ошақтарын көшіру және оны орнықтыру жолындағы қазақ халқының көмегі
- •27) Қазақстанда жасақталған әскери бөлімдердің Ұлы Отан соғысына қатысуы және ерлік жолдары
- •28) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерен ерліктері. Соғыс салдарынан қираған елді мекендерді қалпына келтірудегі қазақстандықтардың көмегі
- •30. Соғыстан кейінгі коғамдык-саяси жағдай
- •31. «Жеке басқа табынудың» шарықтауы және «Хрущев жылымығы». Одақ пен Республика басқарушыларының арасындағы қарым-қатынастардың қиыншылықтары. Орталықтың ұлттық мүддені елемеуі
- •32) Тың және тыңайған жерлерді игеру, оның қорытындылары мен зардаптары
- •33) Әлеуметтік-экономикалық жағдай: қарама-қайшылықар мен қиыншылықтар. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытының күшеюі(1965-1985жж)
- •34.Рухани және мәдени өмірдегі тоқыраулық құбылыстардың тереңдеуі. Экологиялық проблемалар және Арал қасіреті (1965-1985 жж.)
- •35.Ұлттық саясатты жүргізудегі Орталықтың әділетсіз шешімдерінің күшеюі. Целиноград оқиғасы. Қазақ тілінің қоланыс аясының шектелуі(1965-1985)
- •36.Тәуелсіздік жаршысы болған 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы.
- •38.Тәуелсіздік қарсаңындағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдай
- •39. Ксро-ның ыдырауының себептері және Тмд-ның құрылуы.
- •40. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы.
- •41. Тәуелсіз Қазақстандағы конституциялық-құқықтық реформаларды іске асырудың өзіндік жолы: қиындықтар мен тарихи шешімдер.
- •42.Қазақстан Республикасы рәміздерінің бекітілуі. Тарихи мәдени мұраларды қорғау және патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің рөлі мен маңызы.
- •43)Қр-ның қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру жолындағы іс-шаралардың атқарылуы және саяси партиялардың қалыптасуы барысындағы қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтар
- •44) Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарындағы Қазақстан экономикалық дағдарыстың жағдайы және нарықтық қатынасқа көшу
- •45) Елбасының биылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясаты – Қазақстанның жаһандануға берген жауабы
- •47. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау, спорт және дене тәрбиесән дамыту, саламатты өмір салтын қалыптастыру.
- •48. Елбасының «Қазақстанныі әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы (2012 ж). Елдің еңбек қуатын, адам капиталын дамыту стратегисы.
- •50. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. «Интеллектуалды ұлт-2020» Президенттік бағдарламасы және оның маңызы.
- •2012 Жылдың бірінші жартыжылдығында Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының негізгі индикаторларына қол жеткізу жөніндегі жүйелі жұмыстар жүргізілді.
- •52)Қазақстанның көп этностылығының қалыптасу тарихы және ұлтаралық келісімнің қазақстандық жолы
- •54)Қазақстанның ұлттық бірлігі доктринасы.
- •55)Қр-ның мдәени құрылысы барысындағы қиыншылықтары мен жетістіктері
- •57. Мәдениет саласына жаһандық өзгерістердің әсер етуі және ұлттық мәдениетті сақтау міндеттері.
- •58. Қазіргі Қазақстан терриоториясындағы діндер тарихы.
- •59. Қазіргі Қазақстан территориясындағы ислам мәдениетінің тарихы.
- •60.Конференциялық келісім және діни сенім бостандығының қазақстандық үлгісі
- •61. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлттық тарихты ұлықтауға арналған іс-шаралар. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегіндегі ұлттық таризты зерделеу мәселелері.
- •63.Ұлттық тарих рухында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
- •65) Қазақ хандығының құрылуы. Қазіргі қр мемлекеттілігінің Қазақстан территориясындағы желгі мемлекеттік құрылымдардың ерекшеліктері
- •66.Қазақ халқының ауызша тарих айту дәстүрі мұрасының зерттелуі, оның ерекшеліктері мен маңызы
- •67. «Мәңгілік ел» идеясының тарихи бастаулары және бүгінгі тәуелсіздігімізбен сабақастығы
- •68. Мәңгілік елдің негізгі идеялары мен құндылықтары.
- •70. Қазақстан - әлем таныған ел.
- •75. Қр президенті н.Ә.Назарбаевтың – өмір жолы және қайраткерлік қызметі.
- •76)Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың халықаралық тұрақтылық және бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы рөлі.
- •78.Назарбаев н. Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму. (Елбасының 2016ж Қазақстан халқына жолдауы)
52)Қазақстанның көп этностылығының қалыптасу тарихы және ұлтаралық келісімнің қазақстандық жолы
XVIII—XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстанның байырғы халқы өлкенің басым көпшілігін құрады. 1897 жылы Қазақстанда барлығы 4147,7 мың адам тұрған болса, соның 80 пайызға жуығы қазақтар еді. Халықтың қалған бөлігін қазақтар мен қоныс аударған орыс шаруалары, сондай-ақ ұйғыр, дүнген, татар, өзбек, басқа да этностық топтар құрады.
Орыстар
Қазақстанға алғашқы болып келгендер қазақтар мен әскери шенді орыстар болды. Олар шекара шебіндегі әскери бекімістер мфен станицаларда тұрды. Кейін Қазақстанды отарлау әрекеті күшейген кезде қазақ әлеуметтік тобына қоныс аударып келген шаруалар мен мещандар, солдаттар да қабылдана берді.
Қазақстанда орыс халқының саны XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде қызу қарқынмен өсті. Бұл кезеңде Ресейдің еуропалық бөлігіндегі шаруалар Қазақстанға жаппай көшіріле бастаған болатын. 1897 жылы Қазақстанның алты облысындағы орыстардың саны 544 мың адамға жетті. Олар қазақ өлкесіндегі бүкіл халықтың 12,8 пайызы болды. Орыс халқының негізгі бөлігін қоныс аударып келген шаруалар (40 пайыз), содан кейін қазақтар (33 пайыз), мещандар (19 пайыз), дворяндар (5 пайыз) және басқалары құрады. Қазақтар мен орыс тұрғындары арасында өзара шаруашылық-мәдени алмасулар орын алды. Орыс қызы Мария Рекинаның есімі бүкіл қазақ даласына белгілі болды. «Дударай» әнін орыс қызы өзі ғашық болған қазақ жігітіне арнады.[1]
Украиндықтар
Украиндықтардың алғашқы тобы Қазақстан аумағында XVIII ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Олар негізінен ұлт-азаттық қозғалыстарына қатысқандар еді. Украиндықтардың елеулі бөлігі қазақтың кең-байтақ даласына ХІХ-XX ғасырлар шебінде, Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруалардың жаппай қоныс аударуы кезінде келді. Қоныс аударушы украиндықтар негізінен Полтава, Харьков, Таврия, Херсон, Екатеринослав және Киев облыстарының шаруалары еді.
1897 жылғы халық санағының деректері бойынша Қазақстанда 86,7 мың украиндық тұрды. Украиндықтардың қазақ өлкесіндегі бүкіл халықтың арасында алған өзіндік үлесі 2 пайызға жуық еді. Украиындықтардың негізгі топтары (51 пайызы) Ақмола облысында шоғырланды. Олардың басым көпшілігі (87 пайызы) шаруалар болды, бірқатары (7 пайызы) мещандар тобына жатты. Украиндықтардың 5 пайызға жуығы Ресей қазақтары қатарында әскери қызмет етті.[1]
Татарлар
Қазақстанда татарлардың келуі патша үкіметінің қазақ өлкесін отарлауға кіріскен кезінен басталды. XVIII—XIX ғасырларда патша үкіметі қазақ даласына ислам дінін тарату саясатын жүргізді. Бұл ретте қазақтардың арасына молдалар татарлардың дін қызметкерлері қатарынан ғана жіберілді. Мұның өзі қазақтарды Орта Азиядағы діни орталықтардың ықпалынан оқшауландыру мақсатымен жасалды. Татарлар өлкенің ірі Петропавл, Семей, Орал, Көкшетау, Верный, Ақмола, Павлодар, Зайсан және Өскемен қалаларында тұрды. Олардың неғұрлым жиі орналасқан жерлерінде татар слободкалары пайда болды.
1897 жылы Қазақстанда тұратын татарлардың жалпы саны 56 мыңға дейін жетті. Мұның өзі Қазақстандағы бүкіл халықтың 1,3 пайызы еді. Татарлардың 38 пайызы мещандар, 28 пайызы шаруалар, 10 пайызы қазақтар, 2 пайызы көпестер болды.[1]
Белорустар
Белорустар Қазақстан аумағына Белоруссияда 1863—1864 жылдары К. Калиновский бастаған көтеріліс қатыгездікпен басылғаннан кейін келді. Ол кезде Белоруссиядан шет аймаққа 12 мыңнан астам адам жер аударылған болатын. Солардың кейбір топтары Қазақстанның солтүстік аймағын қоныс етіп, орналасып қалған еді. XIX ғасырдың 70-жылдарында Қазақстанның солтүстігіне төңкерісшіл белорус халықшылдары жер аударылды. Кейінірек белорус социал-демократтары да осы өңірден бір-ақ шықты. Белорус социал-демократтар ұйымының белсенді мүшесі П. Румянцев өзінің жер аударылған мерзімін Ақмола облысында өткізді. Кейін Столыпиннің аграрлық реформасы кезінде көптеген белорус Қазақстанның селолық жерлеріне қоныс аударды. Белорустардың негізгі кәсібі егіншілік болды.
Немістер
Немістер Қазақстанға тұңғыш рет XVIII ғасырда әскери құрамалар қатарында келді. Олардың едәуір бөлігі Балтық бойы губернияларынан еді. Немістер негізінен Омбы, Петропавл, Семей, Өскемен, Жәмішев сияқты тағы басқа да шекара шебіндегі әскери бекіністерде тұрды. XVIII ғасырдың аяғына қарай Қазақстандағы немістердің саны 400 адамға жетті. Қазақ жеріндегі немістер санының арта түсуі ХІХ-XX ғасырлар тоғысына сәйкес келеді. Қоныс аударып келген немістер негізінен егіншілікпен айналысты, өндеуші өнеркәсіп салаларында жұмыс істеді.
Олардың көпшілігі (55 пайызы) сауатты еді. Әлеуметтік сословие тұрғысынан алғанда 1897 жылы немістердің 85 пайызын шаруалар құрады.
1897 жылы Қазақстандағы және онымен шекаралас қалалардағы немістердің жалпы саны 7 мың адамға жуықтады. Олардың көпшілігі Ақмола облысында, Омбы қаласына жақын Ақмола облысының аумағындағы Преображенский, Романовский, Канкринский сияқты поселкелерде тұрды. Олардың ендігі бір елеулі тобы Сырдария облысында да қоныстанды. Сондай-ақ немістер қазақ даласына сонау Германия мен Австрияның тікелей өзінен де қоныс аударып келді.[1]
Поляктар
Поляктар Қазақстан аумағында алғаш рет XVIII ғасырда пайда болды. Олар патша үкіметі қазақ өлкесіне жер аударған поляк көтерілісшілері еді. Жергілікті өкімет билігі оларды өз еріктерінен тыс Жайық және Сібір қазақтарының қатарына зорлықпен тіркеп жіберген болатын.
Жер аударылып келген поляктар Польшадағы 1830-1831,1863- 1864 жылдардағы Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық көтерілістерге қатысушылар еді. Олардың едәуір бөлігін поляктардың таңдаулы тобы — дворяндар құрады. Поляктардың қатарында ақын-жазушылар, суретшілер мен дәрігерлер, инженерлер және заңгерлер көп болды. Мәселен, Адам Янушкевин қазақ халқының тарихын қызыға зерттеді. Суретші Бронислав Залесский «Қырғыз даласының тіршілік-тынысы» деген ғажайып картинасын салды. Ақын Густав Зелинский қазақтар өмірінен «Қырғыз» және «Дала» деген дастандар жазды. Владимир Недзвецкий Жетісу мұражайының негізін қалады. Ал Семейге жер аударылған Северин Гросс «Қырғыздардың тұрмысын заңдық тұрғыда зерттеуге арналған материалдар» деген тамаша кітап жазды.
Патша үкіметі поляктарды әскери-әкімшілік қызметке де тартты. Поляктардың көпшілігі қалаларда тұрды. 1897 жылғы халық санағының деректері бойынша Қазақстанда 1254 поляк тұрған. Олардың басым көпшілігі Орал, Семей, Ақмола және Сырдария облыстарында қоныстанған еді.[1]
Қазақстанға өзге халықтардың жер аударылуы
Қазақстан аумағына XIX ғасырдың аяқ кезіне қарай жоғарыда көрсетілген этностық топтардан басқа да халықтар ағылып келе бастады. Ресейдің еуропалық бөлігінен келген неғұрлым елеулі диаспора мордвалықтар болды. 1897 жылы Қазақстанда олардың саны 12 мыңға жуықтады. Олар негізінен Ақмола облысының Көкшетау және Петропавл уездерінде, Торғай облысының Қостанай уезінде тұрды. Уақыт өте келе шағын ұлыстар орыс халқымен араласып, ассимиляцияланып кетті.
Іс жүзінде Қазақстанның барлық қалаларында да еврей ұлтының өкілдері болды, 1897 жылғы халық санағында олардың саны 1651 адамға жетті. Олар Ақмола және Сырдария облыстарында жинақы қоныстанды. XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласына Украина мен Бессарабиядан болгарлар да келе бастады. Олар Қазақстанға жер жетіспеушілігінен қоныс аударды. Болгарлар 1908-1910 жылдары Семей облысының Павлодар уезіндегі Разумовка және Андрияновка селоларының, Торғай облысының Ақтөбе уезіндегі Болгарка селосының негізін қалады. Ақмола аумағында эстондықтар мен латыштардың шағын бір тобы (375 адам) да өмір сүрді.
1897 жылы өткен Жалпыресейлік халық санағының деректері бойынша, Қазақстанда 29,5 мың өзбек, 2,8 мың түрікмен, 2,6 мың башқұрт, 997 қалмақ, 987 тәжік, т.б. ұлт өкілдері тұрған.[1] 53)ҚР-ның көші-қон және демографиялық саясаты.Отандастардың оралуы
Көшi-қон процестерiн реттеу деп - Қазақстанның ағымдағы және алыс перспективалық қажеттiлiктерiне жауап беретiн және көшiп-қонушылардың құқықтарын iске асыруды қамтамасыз ететiн бағыттарда адамдардың қоныс аударуын ынталандыруға не шектеуге бағытталған әкiмшілiк және әлеуметтік-экономикалық шаралар кешенi түсiнiледi.
1. Көші-қон ахуалын бағалау Қазақстанның халық көшi-қоны саласындағы ерекшелiгi мемлекет дамуының тарихи ерекшелiктерiнен туындаған көп ұлтты адамдар қауымдастығының орнығуы болып табылады. Мәселен, 1968 жылға дейiн республика үшiн халықтың көшi-қонының оңды сальдосы тән болды, яғни, елiмiзге келушiлердiң саны одан кетушiлердiң санынан едәуiр көп болды. Мысалы, 1950-1959 жылдар мен 1960-1969 жылдар кезеңiнде орташа жыл iшiнде 1000 адамға шаққанда республикадағы халықтың көшi-қон өсiмi тиiсiнше 12 және 5 адам болды. Алайда, 1968 жылдан бастап қазiргi кезге дейiн республиканың көшi-қон процесiнде керi ахуал қалыптасты, яғни елге халықтың келуiнен гөрi кетуi неғұрлым жедел қарқында. Мысалы, 1970-1979 жылдар мен 1980-1989 жылдар кезеңiнде орташа жыл iшiнде 1000 адамға шаққанда республика халқының көшi-қон есебiнен кемуi тиiсiнше 5 және 7 адамды құрады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiк алуымен, бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағының трансформациялық процестерiнiң басталуымен және басқа да көптеген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiндегi сияқты Қазақстанда жекелеген этникалық топтардың тарихи Отанына оралу мүмкiндiгiнің кеңеюiмен көшi-қонның терiс сальдосының өсу үрдiсi қалыптасты. Мәселен, соңғы 10 жыл iшiнде көшi-қонның терiс сальдосы халықтың осы кезеңдегi табиғи өсiмiн толығымен жұтып қана қойған жоқ (1990 жылдарда табиғи өсiм, туу санының күрт азайып кетуi және 1980 жылдармен салыстырғанда қайтыс болғандар санының ұлғаюы есебiнен 2 есеге дерлiк азайды) сонымен қатар және одан 2 еседен астам асып кеттi. Қазақстан Республикасындағы көшi-қон ахуалы мынадай негiзгi процестермен сипатталады:
1. Эмиграцияда халықтың бұрын патша заманында Қазақстанға жiберiлген,сталиндiк режим жылдарында жер аударылған, тың және тыңайған жерлердi игеруге жiберiлген орыс тiлдi бөлiгі өкiлдерiнiң және әскери-өнеркәсiп кешенiне қызмет көрсететiн контингенттің кетуi басым;
2. Көшiп келуде этникалық қазақтардың қарқыны басым, ол мынадай жағдайлардан: өзiнiң ұлттық бiрегейлігін сақтау ниетiнен, әскери жанжалдар салдарынан;тарихи отанына оралу ниетiнен туындап отыр.
3. Iшкi көшi-қонда: аграрлық сектордың құлдырауы нәтижесiнде ауылдық елдi мекендерден халықтың көшiп кетуi; қаланы ұстап тұрған кәсiпорындар мен өңдеу кешендерiнiң тоқтап қалуы салдарынан шағын және орташа қалалардан кетуi:экологиялық себептер салдарынан Семей полигоны аймағы мен Арал өңiрiнен халықтың көшiп кетуi.
Отандастардың оралуы Сырт елдерді паналаған қазақтардың тарихи отанына қайту шаралары ХХ ғасыр бойы жүрді. Өткен ғасырдағы қазақтардың Қытайдан қайта оралуының тарихы төрт дүркін жүзеге асты деп есептейміз:
1) 1916 ж. көтеріліске қатысқандарды жазалаудан қашып, Шығыс Қытайға өткен қандастарымыздың 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін елге қайтып оралуын қазақтардың Қытайдан қайтуының алғашқы легі болды.
2) Қазақтардың туған отанына қайту үдерісі кеңес дәуірінде ХХ ғ. 20-30 жылдарында жалғасты.
- 1925 ж. 1916-1919 жж. Қытайға кеткен қазақ босқындарын қайтару шаралары жүргізіледі.
3)ХХ ғасырдағы ата жұртқа оралудың үшінші, ал кеңестік дәуірдегі екінші ірі толқыны 1950-1960 жылдары жүзеге асты. 1954-1955 жж. «кеңес азаматтары» деп аталатын контингент есебінен Қытайдан қазақтар қайтты [8, 91-б.].
Тарихи әдебиеттерде 1950-1960-жж. репатрианттардың саны туралы мәліметтер әр түрлі. Осыған орай зерттеушілердің пікірі де бөлінеді. Қытай тарихшылары 100 мың десе, орыс тарихшылары 60 мың, американдықтар тіпті 300 мың дейді? Зерттеулер бойынша, 1954-1963 жж. Қытайдан 268371 репатриант қайта оралды: 1954 ж. 2461 адам Қытайдан ұйымдасқан түрде келді. Келесі 1955 ж. мен 1963 ж. аралығында барлығы 199269 адам ұйымдасқан түрде, ал, 1962 ж. сәуір айында 66841 адам өз бетінше Қазақстанға оралды.
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге ХХ ғасырдағы қандастарымыздың қайта оралуының жаңа кезеңі басталды.
Жалпы алғанда, 1991 ж. бастап 2011 ж. 1 қаңтарына дейінгі кезеңде елге алыс және жақын шетелдерден 210225 отбасы немесе 824170 қазақ көшіп келді деп ресми тіркелді [9, 112]. Оның ішінде Өзбекстаннан – 126790 отбасы (494565 адам), ҚХР – нан – 25764 отбасы (85487 адам), Монғолиядан – 22124 отбасы (110856 адам) және т.б.
2009ж. санақта 10098,0 мың адам болған қазақтардың шамамен алғанда 2 млннан астамы қайта оралған қазақтар деп айтуға болады. Бұл Қазақстандағы қазақтардың 19,8%-ы
