Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИК.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать
☆

50. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. «Интеллектуалды ұлт-2020» Президенттік бағдарламасы және оның маңызы.

Қазақстан Республикасында  білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілді.

Мақсаты – білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты өсімі үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту.

Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде Қазақстан төмендегідей негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс:

шағын жинақты мектептерден (ШЖМ) басқа барлық білім беру мекемелерінде жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі енгізілетін болады;

жоғары және бірінші санатқа ие жоғары білікті педагогикалық қызметкерлердің педагогтардың жалпы санына шаққандағы үлесі 52%-ды құрайды;

орта білім ұйымдарының 90%-ында электронды оқыту жүйесі қолданылатын болады;

3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100%-ы  мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамтылатын болады;

оқытудың 12 жылдық моделіне толық көшу жүзеге асырылады;

мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған жоғары оқу орындары түлектерінің 80%-ы жоғары оқу орнын тәмамдаған алғашқы жылы мамандығы бойынша қызметке орналастырылатын болады;

үздік әлемдік университеттер рейтингінде Қазақстанның ең кемі 2 жоғары оқу орны атап өтілетін болады;

халықаралық стандарттар бойынша институциональдық тәуелсіз ұлттық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі 65 %-ды құрайды.

халықаралық стандарттар бойынша мамандандырылған тәуелсіз ұлттық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі 30%-ды құрайды.

2012 Жылдың бірінші жартыжылдығында Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының негізгі индикаторларына қол жеткізу жөніндегі жүйелі жұмыстар жүргізілді.

«Балапан» бағдарламасы. Елімізде 8524 мектепалды ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 2908 балабақша, 5616 шағын орталық бар. Оларда 605 709 бала тәрбие алуда.

Қазақстанда «Балапан» бағдарламасы табысты жұмыс істеуде. 2011 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда мектепалды ұйымдардың саны 1138 бірлікке ұлғайып отыр. «Балапан» бағдарламасы іске асыра басталғаннан бері мектепке дейінгі мекемелердің саны 3528 бірлікке (831 балабақша, 2697 шағын орталық) және 198,1 мың орынға ұлғайды.

І жартыжылдықта 6 жаңа балабақша (840 орын) салынды, 268 шағын орталық (6190 орын) және 47 жекеменшік балабақша (6460 орын) ашылды, тағы да басқа жолдармен 107балабақша іске қосылды (4731 мың орын).

Оның ішінде, республикалық бюджеттен мемлекеттік тапсырыстар орналастырудың есебінен 1 шілдедегі жағдай бойынша, 1022 мемлекеттік, 433 жекеменшік балабақшаларда және 2991 (оның ішінде 14 жекеменшік шағын орталықтарда 26 956,1 млн.теңге 197 988 орын іске қосылды.

Облыс әкімдерімен келісілген «Мектепке даярлық мекемелерді іске қосудың 2011-2015 жылдарға арналған қадамдық жоспарының» орындалуына жүргізілген мониторингке сүйенсек, 2012 жылдан бастап 1879 (189 788 орын) мектепке дейінгі мекеме ашу жоспарлануда.

Егер 2009 - 2010 жылдары балалардың мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылу көрсеткіші 36% болса, 2011-2012 жылдары .– 605,7 мың баланы немесе 3-6 жастағы балалардың 65,4 % құрады (ал жалпы 1-6 жастағы балалардың қамтылу көрсеткіші 47,5%).

Жалпы алғанда, «Балапан» бағдарламасы іске асырыла бастағалы бері балабақша желісі 3956 бірлікке ұлғайды (991 балабақша және 2965 шағын орталық) және контингент 237,8 орынға кеңейді. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі ұйымдар негізінен шағын орталықтар желісінің дамуы есебінен көбейіп отыр - 65,8% (балабақшалар - 34,1%).

Мектепке дейінгі мекемелер мемлекеттік «Балбөбек», «Қайнар», «Ұлан», «Мен жеке тұлға» бағдарламаларымен қоса, «Алғашқы қадам» (1-3 года), «Зерек бала» (3-5 лет), «Біз мектепке барамыз» (5-6 лет) бағдарламаларымен жұмыс істеуде.

Қосымша білім. Мемлекеттік бағдарламада қосымша білім берудің мазмұнын жетілдіру, мектептен тыс ұйымдарда түрлі үйірмелерде айналысатын балалардың қамтылу көрсеткішін 30%-50% жеткізу және қосымша білім беру мекемелерінің желісін дамыту жөніндегі шаралар қарастырылған.

Бүгінде республикада 621 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Жыл сайын жыл сайын 600-ден астам оқушы қосымша білім бойынша түрлі халықаралық және республикалық конкурстардың жеңімпаздары және жүлдегерлері атанып жатады. Қазақстанда қосымша білім жүйесімен қамтылған 6-18 жастың аралығындағы балалардың саны- 537 072, бұл жалпы оқушылар санының 21,8 пайызын құрайды.

Қосымша білім жүйесінде 13 784 педагог жұмыс істейді және олардың 30,9 пайызы - біліктілікті жетілдіру курстарынан өткен. Ағымдағы жылы 300 педагог біліктіліктерін арттырады. Балаларды қосымша біліммен барынша қамтудың аясында Оқушылардың функионалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық жоспарда балаларға қосымша білім беру жүйесін жаңғырту және инновациялық оқыту технологияларын енгізу шаралары қарастырылып отыр. Оған қоса, Ұлттық жоспардың аясында қосымша білім беру жүйесінің 418 ұйымының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 8,9 млрд. теңге қаржы бөлінеді.

Айта кету керек, тәрбие жұмыстарын жетілдіру үшін Типтік кешенді жоспар бекітіліп отыр. Бұл жоспар бойынша тәрбиелеу бағдарламалары мен білім берудің барлық деңгейі бойынша көрсетілетін қызметтердің тиімділігіне мониторинг жүргізу, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістеметік құралдар, оқу әдебиеттерін басып шығару қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қосымша білімнің мазмұнын жетілдіру, қосымша білім беретін ұйымдардың желісін дамыту және балалардың қамтылу көрсеткішін 30 - 50 пайызға жеткізу шаралары қарастырылған.