- •1)Студент жастарға Білім және Тәрбие берудегі «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінің міндеттері мен маңызы
- •2)Хх ғ. Бас кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-эконмикалық жағдайы. Тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары
- •3) Ресей империясының қазақ жеріне қоныс аудару саясатының күшеюі. Столыпиннің аграрлық реформасы және ауыл шаруашылығы саласындағы жағдайдың күрт шиеленісуі
- •4) Хх ғ. Бас кезіндегі Қазақ жеріндегі өндіріс ошақтарының қалыптасуы ерекшеліктері және оның отарлық сипаты
- •6) Қазақ зиялыларының I және II-Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуы және қызметі.
- •7)Қоғамдық сананы дүр сілкіндірген қазақ ұлттық зиялы қауымының қалыптасуы, құрамы, қоғамдық қызметі. Ұлт-азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы.
- •8)20Ғ. Бас кезіндегі қазақ ағартушылары: ерекшеліктері, мақсаты, тарихи тұлғасы.
- •9) Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстанда жалпы ұлттық дағдарысты күшеюі.
- •10) 1916 Жылғы ұлт-азаттық көтерілісі :себептері, қозғаушы куштері, барысы және негізгі кезеңдері
- •11) Ақпан буржуазиялық демократиялықреволюциясы және оның Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне әсері. Қазақстандағы саяси биліктің өзгеруі
- •12) Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстандағы саяси және діни партиялардың құрылуы
- •13) «Алаш» ұлттық партиясының құрылуы және бағдарламасы. Бүкілресейлік Құрылтай съезіне депуттатар сайлау. Алаш партиясының жеңісі.
- •14) Қазан төңкерісі және Қазақстандағы қоғамдық саяси өмірі. Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •15.Алғашқы ұлттық автономиялардың құрылуы мен қызметі
- •16.Қазақстан территориясындағы Азамат соғысы және оның зардаптары
- •17. Ұлттық автономиядан таптық автономияға. Қырғыз (Қазақ) акср-нің құрылуы
- •18. «Әскери коммунизм» саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу
- •19. Қырғыз (Қазақ) акср-нің территориялық шекарасын айқындауға командалық-әкімшілік шешімдер. Біртұтас Түркістан идеясының жеңіліске ұшырауы.
- •20.Қазақстандағы индустрияландыру және оның жүргізілуі бағытына қазақ қайраткерлерінің көзқарасы
- •21)Қазақстандағы ұжымдастыруды жүргізудің зардаптары.Қазақтардың шет мемлекеттерге ауа көшуі және олардың қасіретті тағдыры.
- •22)XX ғ. Ғ. 30-шы жылдарындағы республикадағы мәдени құрылыс.Мәдениет, білім, ғылым саласындағы кеңестік реформалардың қарама қайшылықтары.Қазақ халқының ұлттық және мәдени қайнарларының бұзылуы.
- •23)Республикадағы Сталиндік жаппай қуғын сүргіннің жүргізілуі.Қазақ жеріне көптеген халықтардың күштеп қоныс аударылуы және оның зардаптары.
- •24)Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰтзу-дың құрылуы, қалыптасу және даму тарихы.
- •25.Ұлы Отан соғысы басталуы мен негізгі кезеңдері
- •26) Соғыс аймағынан қазақ жеріне халықтарды, өнеркәсіп орындары мен мәдениет, ғылым ошақтарын көшіру және оны орнықтыру жолындағы қазақ халқының көмегі
- •27) Қазақстанда жасақталған әскери бөлімдердің Ұлы Отан соғысына қатысуы және ерлік жолдары
- •28) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерен ерліктері. Соғыс салдарынан қираған елді мекендерді қалпына келтірудегі қазақстандықтардың көмегі
- •30. Соғыстан кейінгі коғамдык-саяси жағдай
- •31. «Жеке басқа табынудың» шарықтауы және «Хрущев жылымығы». Одақ пен Республика басқарушыларының арасындағы қарым-қатынастардың қиыншылықтары. Орталықтың ұлттық мүддені елемеуі
- •32) Тың және тыңайған жерлерді игеру, оның қорытындылары мен зардаптары
- •33) Әлеуметтік-экономикалық жағдай: қарама-қайшылықар мен қиыншылықтар. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытының күшеюі(1965-1985жж)
- •34.Рухани және мәдени өмірдегі тоқыраулық құбылыстардың тереңдеуі. Экологиялық проблемалар және Арал қасіреті (1965-1985 жж.)
- •35.Ұлттық саясатты жүргізудегі Орталықтың әділетсіз шешімдерінің күшеюі. Целиноград оқиғасы. Қазақ тілінің қоланыс аясының шектелуі(1965-1985)
- •36.Тәуелсіздік жаршысы болған 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы.
- •38.Тәуелсіздік қарсаңындағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдай
- •39. Ксро-ның ыдырауының себептері және Тмд-ның құрылуы.
- •40. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы.
- •41. Тәуелсіз Қазақстандағы конституциялық-құқықтық реформаларды іске асырудың өзіндік жолы: қиындықтар мен тарихи шешімдер.
- •42.Қазақстан Республикасы рәміздерінің бекітілуі. Тарихи мәдени мұраларды қорғау және патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің рөлі мен маңызы.
- •43)Қр-ның қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру жолындағы іс-шаралардың атқарылуы және саяси партиялардың қалыптасуы барысындағы қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтар
- •44) Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарындағы Қазақстан экономикалық дағдарыстың жағдайы және нарықтық қатынасқа көшу
- •45) Елбасының биылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясаты – Қазақстанның жаһандануға берген жауабы
- •47. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау, спорт және дене тәрбиесән дамыту, саламатты өмір салтын қалыптастыру.
- •48. Елбасының «Қазақстанныі әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы (2012 ж). Елдің еңбек қуатын, адам капиталын дамыту стратегисы.
- •50. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. «Интеллектуалды ұлт-2020» Президенттік бағдарламасы және оның маңызы.
- •2012 Жылдың бірінші жартыжылдығында Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының негізгі индикаторларына қол жеткізу жөніндегі жүйелі жұмыстар жүргізілді.
- •52)Қазақстанның көп этностылығының қалыптасу тарихы және ұлтаралық келісімнің қазақстандық жолы
- •54)Қазақстанның ұлттық бірлігі доктринасы.
- •55)Қр-ның мдәени құрылысы барысындағы қиыншылықтары мен жетістіктері
- •57. Мәдениет саласына жаһандық өзгерістердің әсер етуі және ұлттық мәдениетті сақтау міндеттері.
- •58. Қазіргі Қазақстан терриоториясындағы діндер тарихы.
- •59. Қазіргі Қазақстан территориясындағы ислам мәдениетінің тарихы.
- •60.Конференциялық келісім және діни сенім бостандығының қазақстандық үлгісі
- •61. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлттық тарихты ұлықтауға арналған іс-шаралар. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегіндегі ұлттық таризты зерделеу мәселелері.
- •63.Ұлттық тарих рухында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
- •65) Қазақ хандығының құрылуы. Қазіргі қр мемлекеттілігінің Қазақстан территориясындағы желгі мемлекеттік құрылымдардың ерекшеліктері
- •66.Қазақ халқының ауызша тарих айту дәстүрі мұрасының зерттелуі, оның ерекшеліктері мен маңызы
- •67. «Мәңгілік ел» идеясының тарихи бастаулары және бүгінгі тәуелсіздігімізбен сабақастығы
- •68. Мәңгілік елдің негізгі идеялары мен құндылықтары.
- •70. Қазақстан - әлем таныған ел.
- •75. Қр президенті н.Ә.Назарбаевтың – өмір жолы және қайраткерлік қызметі.
- •76)Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың халықаралық тұрақтылық және бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы рөлі.
- •78.Назарбаев н. Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму. (Елбасының 2016ж Қазақстан халқына жолдауы)
68. Мәңгілік елдің негізгі идеялары мен құндылықтары.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы – халқымыздың бастан кешірген елеулі оқиғаларының бірі. Осы жылдар аралығында Қазақстан әлемде дамыған 50 мемлекеттердің қатарына қосылды. Болашаққа жоспарланған 2030-стратегиясын мерзімінен бұрын іске асырып, алдағы мақсаттарды айқындау үшін Қазақстан-2050 жоспарын қолға алды. Ұлттың дамуын нақтылайтын, алға жетелейтін 5 институционалды реформа белгіленіп, ол реформаларды жүзеге асыратын 100 нақты қадам бойынша бүгінде нақты істер жүзеге асырылып жатыр.
Ел ішіндегі тұрақтылық пен тұтастықтың бірқалыпты дамуының шешуші факторы болып табылатын ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімге бастайды. Ал, бұл құндылықтар «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясында көрініс тапқан. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. Бұл, Елбасымыздың: «...біздің бір ғана Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде түйсек, осы жолда бар әлеуетімізді салсақ, 2050 жылы мұрат еткен «Мәңгілік Елге» жететінімізге сенімдімін..., ...өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бағытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгiлiк Ел», – деген сөздерімен толыға түседі. «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.
«Мәңгілік ел» идеясының тарихи бастамасына көз жүгіртер болсақ, көне түркілердің осы сипаттағы идеясы үш негізден тұрады. Оның біріншісі – көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы. Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айтылады. Түркі халқының елдігінен айырылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі. Осының бәрі кейінгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. Сонымен қатар, бұл жерде «Мәңгілік Ел» ұғымы қазіргі Қазақстанның тәуелсіздік рухы және азаттық идеясымен үндесіп тұр.
Екіншісі – Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» шығармасында бұл идеяның теориялық тұрғыдан тиянақталуы. Ұлы ғалым ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасаған болатын. Ғалым «Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат» шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім – Әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. Мемлекет пен қоғамның кемелденуі туралы әлеуметтік-саяси теориясында мемлекет басқарушылары мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті басқарудың негізгі механизмдері көрсетілді. Сондықтан, бұлардың бәрі қазіргі таңда түркітілдес мемлекеттердің ұлттық құндылықтары ретінде саналуы тиіс. Әл-Фараби мемлекеттің міндетін және оның ішкі және сыртқы міндеттерін толық анықтап береді. Сыртқы міндеті ретінде мемлекеттің қайырымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті сыртқы жаулардан қорғау, яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі. Ішкі міндеті ретінде мемлекеттің өз халқының бақытқа жетуі үшін көрнекті шараларды іске асыру керек: олар — әділеттілікті орнату, халықты оқыту, оларды керекті ғылыммен толықтыру, адамгершілікке тәрбиелеу, қайырымдылықты тарату және ең жақсы бақытқа жеткізетін әдеттерді бойға сіңіру. Қалған мәселелердің бәрі – экономикалық және саяси мәселелер – негізгі міндетке бағынады, яғни адамдардың бақытқа жетуі олардың рухани жетілуіне тәуелді.
Үшіншісі – Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастаны. «Құтты білік» дастаны Қарахан мемлекеті түріктерінің тілінде жазылғаны белгілі. Дастанда X-XI ғасырлардағы Жетісу жерінде тұрған тайпалардың салт-санасы, әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері көп жырланған. «Құтты білік» кейіпкерлерінің есімдері де бұрынғы тәңірілік дін нанымдарына қатысты. Басты бейне Күн туды – әділ ел басшысының рәмізі. Жүсіп Баласағұнның басты кейіпкер қылып Күлтегінді көрсетуі түркі мәдениетін жалғастырушы, мәңгілік ел бағдарының қолдаушысы екендігін айқындайды. XVIII ғасырда Қазақ хандығының басын қосып, айдаһардай Қытайдың аузына түсірмей, ақырған аюдай Ресейдің тырнағынан аман алып қалған Абылай ханның саясаты түркілік мәңгілік ел идеясын жандандырушы және жалғастырушы тұлғаның ерлігі. Ел басына түскен үлкен қиыншылықтан Абылай хан бабамыз елді біріктіріп, жұмылдырып, соның арқасында қазақ елін аман сақтап қалды. Ендеше, Абылай хан елді біріктірген ұлы тұлға және «Мәңгілік ел» идеясын жалғастырушы екендігін мақтанышпен айтуға болады. Бүгінгі таңда бірлікті бетке ұстаған елдің идеологиясы да осы іспетті болмақ.
Ал, бүгінгі таңдағы Қазақстанның біртұтас мемлекет ретінде ортақ шаңырақта өмір сүретін ұлттардың идеясы да осы мәңгілік елдің тұтастығы мен мызғымас іргесінің болуымен ерекшеленеді. Елбасы бес институционалдық реформаны талдау барысында, тарихтың жаңа белесінде тұрған ұлттың бірлігін нығайтуды ерекше назарға алды. «Біздің қоғамымыздың көп түрлілігі – біздің әлсіздігіміз емес, күшіміз. Барлық азамат құқықтың бірдей көлемін пайдаланып, жауапкершіліктің бірдей жүгін арқалап және түрлі мүмкіндіктерге бірдей қол жеткізуі тиіс. Біздің қоғамымыз неғұрлым қуатты және біртұтас бола отырып, тарихи тұрғыда көптеген тілдерден және мәдениеттерден қалыптасты.
69-сұрақ.Ұлттық мемлекет құру жолындағы күрес.Отан қорғаушы-дың қасетті күрес жолы
Алаш зиялылары «Шықсақ бір төбеде, өлсек бір шұңқырда болайық» деді және өмірлерінің соңдарына дейін осы сөздерінен таймады. Алаш Орда партиясы мен үкіметі таратылып, қайраткерлері қуғынға ұшырағаннан кейін олар күрестің басқа түрін таңдап алды. Ол халықты ағартушылық жолмен көзін ашып, күрес жолын бастап еді.
Сол уақытта Ташкентке М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.АймауытовҚ.Қожықов сынды көптеген Алашорда қайраткерлері жиналды. Мемлекет және қоғам қайраткерлері, қазақ зиялылары, ғылым мен мәдениеттің ірі тұлғалары Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, С.Қожанов, Н.Төреқұлов, М.Әуезов, Т.Жүргеновтей азаматтар Түркістан Республикасының басшылығында, ғылыми мекемелерде, халық ағарту мен жоғары оқу орындарында еңбек етті. Осы кезеңде Қырғыз (қазақ) Кеңестік социалистік автономиялық республикасының астанасы болған Орынбор қаласында А.Байтұрсынов бастаған алаштықтар білім беру мен мәдениет салаларында қызмет жасады. Барлығы дерлік газет-журналдар шығарып, оқулықтар жазды. Ұлы мұрат жолындағы күрес түрі мен сипатын өзгертіп, жалғаса берді. Бірақ әбден орныққан Кеңес үкіметі оларға уақыт та, мүмкіндік те қалдырмады.
1920 жылы Алаш Орда үкіметі құлағаннан кейін, Алаш көсемі Ә. Бөкейханов өз жақтастарына арнап үндеу тастайды. «Біз жеңілдік, бірақ ұлттың санасын оятып, мүддесін қорғауымызды бір сәтке де тоқтатпауымыз керек . Ол үшін, большевикттер партиясының қатарына өтіп, Кеңес органдарына жұмысқа кіріп, күресімізді астыртын жүргізуіміз керек», - дейді. Осыдан кейін Алаш Орда үкіметінің мүшелері мен олардың ұстанымын қолдайтын жақтастары Кеңес үкіметіне түрлі қызметке кіреді. Ал оларды осы қызметтерге тартқан Н.Нұрмақов, Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин сынды Қазақстандағы Кеңес үкіметінің басшылығындағы ұлт қайраткерлері, жаңа толқын саясаткерлері болатын.
Қазақ зиялыларының сол кезеңде Қызыл империя орталығының саясаты кесірінен ұлттық мемлекет құру жолында Алаш Орда үкіметі мен партиясын құрғандар және большевиктік партия мен социализм идеясына сенген қайраткерлер арасында саяси көзқарастарына қарай екі жікке бөлінген еді.
Бір анығы олардың жеке бас араздығы болған жоқ. Болса ол ұлттың болашағы жолында, қазақ мемлекеттілігі мен ел қамы жолында әртүрлі көзқараста болған шығар. Таңдап алған жолдары әртүрлі болса да, мақсаттары бір еді. Сондықтан қалай да бірігу керек екенін уақыт өте келе бәрі де түсінді. Әсіресе 1928 жылы басталған байлар мен орта таптың мал-дүниесін конфискациялау мен шаруаларды ұжымдастыру атты науқаны 1931-1933 жылдардағы халықты жалмаған аштыққа ұласқанда қазақты ұлт ретінде жоятын саясат екеніне көздері жеткен қайраткерлер елді аман алып қалу әрекетіне көшті. Осындай жағдайлар олардың түпкілікті бірігуіне алып келді.
Бұл әрекеттерін олар жасырын жүргізді ме, ашық жүргізді ме, анығы олар бұғып қалған жоқ, тізе қоса қимылдап елді біржола қырылудан сақтап қалды. Аштық жайлаған жылдары Ахмет Байтұрсынов «Ақ болсын, қызыл болсын бәрбір, мен тек қазақ ұлтының мүддесін қорғайтын мамлекетті жақтаймын»,- деп атқа қонды.
Ел басына төнген зұламаттан құтылу жолында біріккен ұлт қайраткерлерінің әрекетін Кеңес империясының диктаторлары конрревалюциялық ұйым деп бағалады. Оны олар 1937-1938 жылдардағы қанды репрессия жүргізгенде ұлт қайраткерлерінің көзін жою кезінде басты айып ретінде тағып, шебер пайдаланды.
Сол жылдары қазақ даласында 370-тей ірілі-ұсақ көтерілістер болған. Ол көтерілістердің негізі ұлтшыл қайраткерлеріміздің астыртын іс-әрекетінің арқасында ұйымдастырылған. 1917 жылдың 21-26 шілдесі аралығында Орынборда өткен бірінші Жалпықазақ съезінде “Алаш” саяси партиясы құрылады, оның атқарушы комитеті сайланады.Оның жұмысына 6 облыстан – Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана облыстары мен Бөкей ордасынан өкілдер қатысады.
Съезде А.Байтұрсынов пен М.Дулатов "автономиялы тәуелсіз қазақ мемлекетін құру" идеясын ұсынса, Ә.Бөкейханов "демократиялық, федеративтік және парламенттік Россия республикасының құрамындағы" қазақтың ұлттық-территориялық автономиясы болуын қолдады. Басым көпшілік Ә.Бөкейхановтың ұсынысын қолдайды.
