Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рустам курсач.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118 Кб
Скачать
☆
  • жерді пайдалану коэффициенті – бұл а.ш.алаптар ауданының жер пайдаланушылықтың жалпы ауданына қатынасы;

  • Жерді пайдалану интенсивтілігінің коэффициенті;

  • айдалу коэффициенті.

3.3 Алаптарды ұйымдастыру дегеніміз трансформациялау және жақсарту арқылы олардың құрамы мен ара қатынасын анықтау және территорияда шаруашылыққа тиімді орналастыру. Оның мақсаты топырақ құнарлығын сақтай отырып, максималды мөлшерде ауылшаруашылық өнімдерін алу үшін, жерді пайдалану интенсивтілігін көтеру. Жобаның осы құрамдас бөлігінің басты міндеті жерді жоғары интенсивтілікпен пайдалану үшін жағдай жасауға болатын көлемде алаптардың құрамын анықтап, орналстыру.

Алаптарды ұйымдастырудың негізгі бағыттары: трансформация және жақсарту. Алаптардың нақты құрылымынан жобалық құрылымға ауысу оларды бірте-бірте трансформациялау арқылы жүргізіледі. Трансформация дегеніміз алаптардың түрін өзгерту (қайта құру), яғни жерді бір алап түрінен басқа түріне ауыстыру. Алаптарды жақсарту – алаптарды пайдалану интенсивтілігін көтеретін (өнімділігін көтеретін), бірақ олардың түрін өзгертпейтін шаралар. Алаптарды ұйымдастыру нәтижесі жер алаптарының жобалық құрылымы болып табылады. Алаптардың құрамы мен ара қатынасы, оларды территорияда орналастыру келесідей талаптарға сай болуы тиісті: табиғи қасиеттеріне сәйкес бүкіл жерді тиімді пайдалануға; эрозиялық процестерді тоқтату, жою және ландшафты жақсартуға; топырақтың құнарлығын жүйелі түрде қалпына келтіріп отыруға және көтеруге; салалардың мамандығына және олардың үйлесіміне, алаптарды ұйымдастыру жобасының сәйкес келуіне; мал шаруашылығының мал азығымен тұрақты қамтамасыз етілуіне; өнімді тасымалдауға және сақтауға аз шығын жүмсалуына; еңбек өнімділігін көтеруге және машина-трактор агрегаттарын жоғары өнімде пайдалануға қолайлы жағдайлар құруға; жаңа жерлерді игеруге күрделі қаржыны аз жүмсауға, өнделіп жүрген жердің пайдаланылу қарқындылығын көтеруге және жүмсалған қаржының тез қайтарылуына; а/ш алаптарының ішкі территориясын реттестіру үшін қолайлы жағдайлар құруға.

Жобалауға арналған мәліметтер

Ақ «Майское»

1.1 Шаруашылық туралы жалпы мәліметтер

АҚ «Майское»аудан орталығы Астраханка ауылынан 64 км және Астанадан 168 км жерде Ақмола облысының оңтүстік-батысындағы Астрахан ауданындаорналасқан. АҚ «Майское» 1998 жылы «Маяк» совхозы негізінде құрылған. Негізгі шаруашылықтың бағыты – астық өндіру, қосымша – мал шаруашылығы.

1.2 Табиғи жағдайының сипаттамасы

Климат. Территория шөлейтті дала аймағында орналасқан, климаты шұғыл континентальды, қатал аязды қыстың ыстық жазбен ауысуымен, аз мөлшердегі атмосфералық жауын шашынмен және интенсивті буланумен сипатталады. Климаттық көрсеткіштер сипаттамасы 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте

Климаттық көрсеткіштер

№

Атауы

Саны

1

Жылдық жауын-шашын мөлшері,мм

250

2

Аязсыз период ұзақтығы, күн

115

3

Ауа температурасы: абсолюттік максимум

абсолюттік минимум

+37

-40

4

Желдің орташа айлық жылдамдығы, м/сек

5,4

5

Желдің максималды жылдамдығы, м/сек

20

6

Жылдық шаңды дауылдар саны, сағ

100

7

Құрғату қабаты, мм

20

Климаттың жағымсыз жағы жыл бойы толассыз соғатын белсенді жел болып табылады (2-кесте). Жылдың салқын мезгілінде басым жел бағыты батыс, ал жаз мезгілінде оңтүстік-батыс бағыттан соғады. Ол ылғалдың тез булануына және ылғалды қабаттың құрғауына әкеліп соғады. Климаттың қолайсыз жағдайына қарамастан берілген жағдайда ауылшаруашылық дақылдарын өсіру және тұрақты өнім алу мүмкіндігі бар.

2-кесте

Жел соғу сипаттамасы

Бағыты

С

СШ

Ш

ОШ

О

ОБ

Б

СБ

Жел соғу бағытының қайталануы%

7,3

19,4

12,8

10,8

7,0

10,7

15,0

17,0

Жер бедері.Шаруашылық территориясының жер бедері шұңқырлар мен жыралармен қиылысқан сәл толқынды жазық. Солтүстік бөлігі шұңқырларға еңістеу келген тегістелген су үстіртімен ерекшеленеді. Территорияның оңтүстік бөлігінде жер бедері толқынды-тегіс рельеф . Аумақтың әлсіз еңістігіне карамастан су эрозиясы байқалады..

Топырағы.Шаруашылық территориясы топырағы қоңыр шөлейтті дала зонасында орналасқан. Негізінен территорияда топырақ жамылғысының 70% құрайтын қара-қоңыр топырақ таралған. Гумус қабатының таралуы 40см аралығында ауытқиды. Топырақтың жоғарғы бөлігінде гумус 4-3% аралығында.Еңіс жердегі топырақтар су эрозиясына шалдыққан.

Негізінен шаруашылық территорияда I жарамдылық категориясының топырағы таралған, бирақ сонымен қатар II , III жарамдылық категориясының топырағы да бар (3-кесте).

3-кесте.

Топырақ картасының легендасы

№

Топырақ түрі

Жарамдылық санаты

Бонитет балы

39

Қара-қоңыр жеңіл сазды топырақ

I

34

40

Қара-қоңыр топырақ 20%-ға дейін шалғынды қоңырауыр сазды топырақпен аралас

I

42

57

Қара-қоңыр топырақ шалғынды қоңыр карбонатты ауыр сазды топырақпен аралас.

I

37

163

Шалғынды қоңыр топырақ қара-қоңыр 20%-ға дейін ауыр сазды топырақпен аралас

II

47

179

Шөлді далалы майда қара-қоңыр шөлдік 30%-ға дейін ауыр сазды топырақпен аралас

III

22

Өсімдігі. Климаттың құрғақтығы өсімдік жамылғысына, олардың құрғауы мен түрлерінің құрамына үлкен әсері тиеді. Негізгі өсімдік жамылғысы бетегелі-селеулі бірлестігі болып келеді. Сортаң жерлерде өсімдіктер қатты қураған және жусан бірлестігімен жабылған.