- •Курстық жоба Тақырыбы:«Целина» жшс-ның ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы.
- •1.Әдебиетке шолу
- •Жерді пайдалану интенсивтілігінің коэффициенті;
- •Ақ «Майское»
- •1.1 Шаруашылық туралы жалпы мәліметтер
- •1.2 Табиғи жағдайының сипаттамасы
- •1.3Экономика саласының сипаттамасы.
- •2. Алаптарды ұйымдастыру.
- •2.1 Алаптардың нақты құрамын талдау және орналастыру.
- •2.2 Алаптарды трансформациялау және жақсарту.
- •Жыртылған жер территориясын реттестіру
- •Ауыспалы егістерді ұйымдастыру және олардың территориясын реттестіру
- •3.2 Жыртылған жер территориясын реттестіруді экономикалық
- •3.2.7 Келтірілген шығындарды есептеу
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жыртылған жер территориясын реттестіру
Ауыспалы егістерді ұйымдастыру және олардың территориясын реттестіру
Жыртылған жер территориясын реттестіру ауыспалы егістерді ұйымдастыру мен олардың территориясын реттестіру жұмыстарынан тұрады. Ауыспалы егістіктерді ұйымдастыру бірқатар өзара байланысты және кешенді түрде қарастырылатын жобалық міндеттерді қамтиды.
Ауыспалы егістерді ұйымдастыру олардың типін, түрін, санын, ауданын, дақылдардың кезектелу схемасын анықтауды және ауыспалы егістерді территорияда орналастыруды қамтиды.
Ауыспалы егіс – бұл кеңістікте және уақыт аралығында ауылшаруашылық дақылдардың белгілі бір территориядағы алмасуы. Ол танаптардан тұрады. Ауыспалы егістердің танаптары а.ш.дақылдарын өсіріп, өндіру және агротехникалық механикаландырылған жұмыстарды орындау үшін арналған ауыспалы егіс массивінің тең ауданды бөліктері. Кейде танаптар жұмысшы учаскелерге бөлінеді. Танаптар мен жұмысшы учаскелердің межелері бойынша алқаптық жолдар жүргізіледі
Ауыспалы егістерді жобалау және олардың территориясын реттестіру кезінде белгіленген талаптар ескеріледі. Ауыспалы егіс массиві орналасуы тиіс:
- а.ш.дақылдарын өсіріп, өндіру үшін жарамды топырақтарда;
- агроэкологиялық біртекті территорияларда;
- ықшамды.
Ауыспалы егістердегі а.ш.дақылдарын топырақты ескере отырып орналастырады. Мысалы, кезектелу схемасында жүгері егістігі бар ауыспалы егістерді тұзданған немесе эрозияланған топырақтарда орналастыруға болмайды. Тұзданған топырақтарда арпа немесе көпжылдық шөп егістігін орналастырған жөн. Аусыпалы егіс массиві ықшамды, яғни ұзындығы минималды болуы тиіс.
Ауыспалы егістердің танаптарын жобалау кезінде ескерілетін талаптар:
бірегей сапалы;
тең ауданды;
формасы және өлшемі бойынша тиімді;
бұрынғы ұйымдастырылған территорияны ескере отырып.
Жыл сайын ауыспалы егістерден бірдей мөлшерде өнім алу үшін, олар тең ауданды және тең сапалы болу тиіс. Сондықтан танаптарды жобалау кезінде ауыспалы егіс бойынша танаптардың ауданы орташа ауданнан ауытқу шамасын ескеру қажет. Егер танап жұмысшы учаскелерден құралса, онда жұмысшы учаскелердің тең ауданды болуы міндетті емес.
Машина-трактор агрегаттарын тиімді пайдалану үшін, танаптардың конфигурациясы дұрыс, өлшемдері тиімді болуы тиіс. Ауыспалы егіс танаптары әдетте, ықшамды, бір немесе аздаған учаскелерден жобаланады. Тік төртбұрышты немесе тік бұрышты трапециялы формалы танап, дұрыс конфигурациялы болып саналады. Тікбұрышты формалы танаптың бұрыштары 30 градустан аз болмауы тиіс. Жақтарының ара қатынасы 1:1 ден 1:4 дейін болады. Далалық аймақтағы тегіс жерлерде танаптардың тиімді ауданы 300-400га аралығында. Жыртылған жерді өңдеу кезіндегі айдау ұзындығы шамамен 2000м. Танаптың ұзындығы мен ауданына байланысты ені 1000 м ден 3000 м шамасында жобаланады.
Танаптар және жұмысшы учаскелердің межелерімен бірге байланыстырыла отырып алқаптық жолдар жобаланады. Жол желісін жобалау кезінде келесі талаптар сақталуы тиіс:
- шаруашылық орталығы мен негізгі жыртылған жер массиві арасында байланыс жасауға қолайлы;
- әрбір жұмысшы учаскесіне келуге қолайлы;
- жолдың ұзындығының минималды болуы;
- тік сызықты;
- бұрынғы жолдарды қайта салуға кететін шығынның минималды.
Жобада, мүмкіндікке қарай, ауыспалы егіс пен танаптардың межелерін бұрынғы жол желісімен сәйкес жүргізіп, жыртылған жер территориясының бұрынғы ұйымдастырылған қалпын сақтауға тырысу керек. Ең алдымен алқаптық магистраль болып табылатын және шаруашылық орталығын негізгі жыртылған жер массивімен байланыстыратын жолдарды сақтау керек.
Зерттелетін жобада жыртылған жер территориясын реттестіру үшін жобалық міндеттерді әзірлеудің келесідей тәртібі ұсынылады.
3.1.1 Ауыспалы егістердің типін және түрін анықтау.
Ауыспалы егістердің типін мен түрі шаруашылықтың мамандандырылуы арқылы анықталады. Егер шаруашылықтың негізгі саласы астық өндіру болса, онда өзінің құрамында пар танабы бар және дәнді дақылдар егілген алқаптық дәнді-парлы ауыспалы егіс жүргізіледі. Шаруашылықта мал шаруашылығы саласы бар болса, онда қосымша мал азықтық ауыспалы егіс (немесе мал азықтық дақылдар егілген ауыспалы егістен тыс учаскелер) енгізіледі. Мал азығымен қамтамасыз етілуіне байланысты ферма маңындағы және лагер маңындағы мал азықтық ауыспалы егістер жүргізу қарастырылады.
3.1.2 Жыртылған жерді пайдаланудың жоспарланған құрылымы есептеледі (кесте 6). Мал азықтық дақылдардың (жүгері, көпжылдық шөп, арпа және т.б.) ауданы жоспарланған мал басына қажетті азықтардың мөлшеріне байланысты (бастапқы мәліметтер жобалау тапсырмасында көрсетілген) анықталады. Пардың ауданы жыртылған жер ауданынан 15% мөлшерде бөлінеді. Дәнді дақылдардың ауданы жыртылған жердің жалпы ауданынан мал азықтық дақылдар мен пардың ауданын алып тастау арқылы анықталады. Жыртылған жерді пайдаланудың жоспарланған құрылымы ауыспалы егістерде егістіктердің кезектелу схемасын анықтау үшін қолданылады.
6- кесте Жыртылған жерді пайдаланудың жобалық құрылымы
№ п/п |
Ауылшаруашылық дақылдарының түрлері |
ауданы |
|
га |
% |
||
1.
2.
3 |
Дәнді дақылдар, соның ішінде: жаздық бидай арпа Мал азығы дақылдары, соның ішінде: жүгері сүрлемге Сұлы
Пар |
3504,5
2698 806,5 440
220 220
831,5 |
73,4
9,2
17,4
|
4. |
Жоба бойынша жыртылған жердің барлығы: |
4776 |
100.0 |
3.1.3 Ауыспалы егістердің саны мен ауданы анықталып, олардың территориясын реттестіру және орналастыру жүргізіледі.
3.1.3.1 Мал азығы а/е (немесе мал азықтық дақылдар егілген а/е тыс учаскелер) жобаланып олардың территориялары реттестіріледі.
Жобаның бірінші нұсқасында мал азықтық дақылдар мал азықтық ауыспалы егістерде орналастырылады. Ондағы дақылдардың кезектелу схемасы, жыртылған жерді пайдаланудың жобалық құрылымындағы мал азықтық дақылдардың ауданына байланысты анықталады. Мал азықтық ауыспалы егістің ауданы дақылдардың таңдалған кезектелу схемасы негізінде есептеледі; танаптардың саны дақылдардың кезектелу схемасы негізінде анықталады. Әдетте мал азықтық ауыспалы егістегі танаптың орташа өлшемі, жыртылған жерді пайдаланудың жобалық құрылымында көрсетілген жүгері егісінің ауданы бойынша анықталады (кесте 6). Мысалы, жүгері егісінің ауданы 200-400 га аралығында болса, онда мал азықтық а/е жүгері бір танапқа орналастырылады; жүгерінің ауданы 500 га(және одан да астам) болса,мал азықтық ауыспалы егісте 250 гектардан (және одан да астам)екі танапқа жүгері егіледі. Дақылдардың таңдалған алмасу схемасы мен танаптардың жобаланған аудандары 7- кестеге толтырылады.
Мал азықтық а/е шаруашылық орталықтарына (мал фермаларына) жақын және осы дақылдарды егуге жарамды учаскелерге орналастырылады, өйткені мал азықтық дақылдарды орналастыру кезіндегі негізгі экономикалық талап, мал азығын тасымалдауға кететін транспорттық шығындарды қысқарту үшін, мал азығы өндірісін тұтыну орнына барынша жақындату болып табылады. Мал азықтық ауыспалы егістерді орналастыру мысалдары 5 суретте көрсетілген.
7 – кесте (1 нұсқа)
Танап № |
Ауыспалы егістер |
||
№1мал азықтық |
№2 алқаптық |
№3 алқаптық |
|
отырғызылымдардың ауысу схемасы |
|||
1 |
Жүгері |
Пар |
Пар |
2 |
Бидай |
Бидай |
Бидай |
3 |
К.ж.ш. |
Бидай |
Бидай |
4 |
|
Бидай |
Арпа |
5 |
|
Арпа |
Бидай |
6 |
|
|
|
Танаптардың ауданы, га |
|||
1 |
220 |
417 |
414,5 |
2 |
220 |
417 |
414,5 |
3 |
220 |
418 |
422 |
4 |
|
384,5 |
422 |
5 |
|
384,5 |
422 |
6 |
|
|
|
а/е ауданы, га |
660 |
2021 |
2095 |
танаптың орт.көлемі, га |
220 |
404,2 |
419 |
Танаптарды жобалау кезінде Ауыспалы егістер сипаттамысытанаптың орташа өлшемнен ауытқу шамасы мал азықтық ауыспалы егісте 5% аспауын ескеру керек. Мысалы, егер ауыспалы егістегі танаптың орташа өлшемі 300га болса, онда бұл ауыспалы егістегі танаптың ауданының орташа өлшемнен ауытқуы 15 га аспауы тиіс. Танаптардың тең аудандығының сипаттамасы 8 кестеге жазылады.
Жобаның екінші нұсқасында мал азықтық дақылдарды келесідей орналстыру ұсынылады. Жүгері шаруашылық орталығына максималды жақын орналасқан жарамды (тұзданбаған, эрозияға ұшырамаған) топыраққа ауыспалы егістен тыс учаскеге ауыстырылмайтын егіс ретінде орналастырылады. Бұл жағдайда көп жылдық шөптерді жақын жатқан далалық ауыспалы егістерде қосымша танаппен немесе эрозияланған немесе сортаңданған ауыспалы егістен тыс учаскерде немесе жеке жыртылған жер учаскесінде орналастырған жөн (сурет 7).
3.1.3.2Алқаптық ауыспалы егістерді жобалау және оларды орналастыру.
Алқаптық ауыспалы егістер мал азықтық ауыспалы егістер енгізілмеген жыртылған жер территориясында орналастырылады (сурет 7). Олардың саны шаруашылықтағы жыртылған жердің және ауыспалы егістердің ауданына байланысты. Ауыспалы егіс ауданы бұрыннан бар танаптардың мөлшері және танаптардың саны бойынша анықталады. Әрбір ауыспалы егістердегі танаптардың саны дақылдардың кезектелу схемасының негізінде анықталады.
Алқаптық ауыспалы егістердегі дақылдардың кезектелу схемасы аймақтық ұсыныстарға және жыртылған жерді пайдаланудың жобалық құрылымына байланысты анықталады. Астық өндіруге мамандандырылған шаруашылықтар үшін далалық аймаққа ұсынылған кезектелу схемасы таңдалады. Схеманы таңдау кезінде далалық аймақтың қара топырақтарына алты және бес танапты, қара-қоңыр топырақтарға бес және төрт танапты дәнді парлы ауыспалы егістер ұсынылғандығын ескеру қажет. Таңдалған схемалар 7 кестеге жазылады.
Бұрынғы ұйымдастырылған территорияны сақтау кезінде ауыспалы егіс массивтері бұрыннан бар жыртылған жер контурларын жинақтау арқылы жобаланады және танаптардың межелері бұрынғы жол желісімен келістіріледі. Ауыспалы егіс жыртылған жердің-танаптың ықшамды орналасқан контурларынан құрастырылады. Майда контурлы болған жағдайда танаптар әрбір танаптың ықшамдылығынескере отырып, яғни бір-біріне жақын орналасқан жұмысшы учаскелерді жинақтап қалыптастырылады.
Бұрыннан бар жол желісін сақтау тиімділігін анықтау үшін бұрынғы ұйымдастырылған территорияға талдау жасалады. Мұнда танаптардың тең аудандығы, олардың конфигурацияларының дұрыстығы, жақтарының өлшемдерінің қолайлылығы бағаланады.
Танаптардың тең аудандығы бойынша сипаттамасы ауыспалы егістегі танаптың орташа өлшемінен әрбір танаптың ауданының ауытқуы бойынша жүргізіледі. Танаптарды жобалау кезінде алқаптық ауыспалы егістердегі мүмкін ауытқу шамасы 10% аспау керектігін ескеру қажет. Бірақ параллельді (яғни дақылдардың кезектелу схемалары бірдей) ауыспалы егістер болса, бұл шама 15%-20% дейін көбейтілуі мүмкін.
Танаптар мен жұмысшы учаскелердің бұрынғы конфигурацияларын талдау кезінде, машина-трактор агрегаттарын пайдалануға қолайлы жағдай құру үшін, танаптардың конфигурациялары дұрыс болуын ескеру керек. Егер танаптардың конфигурациясы үшбұрышты болса, олардың формасын өзгерту қажет. Күрделі конфигурациялы танаптарды өзгерту немесе қарапайым геометриялық фигуралы жұмысшы учаскелерге бөлу қажет.
Танаптардың (жұмысшы учаскелердің) жақтары көзбен көретіндей шектен (3000 м) аспауға тиісті. Асып кеткен жағдайда танаптың ұзындығын қысқарту немесе танапты жұмысшы учаскелерге бөлу қажет.
7 кестеге жобаланған танаптардың аудандары жазылып, ауыспалы егістердің ауданы мен танаптардың орташа өлшемдері есептеледі. 8 кестеде танаптардың тең аудандығының сипаттамсы беріледі.
8 – кесте Тең аудандығы бойынша а/е танаптарының сипаттамсы(1нұсқа)
А/е № |
Танап №
|
Танаптың ауданы, га Р |
Танаптың орташа ауданнан ауытқуы Р – Рорт |
|
Га |
% |
|||
1
|
1 2 3 4 5 |
417 417 418 384,5 384,5 |
-12,8 -12,8 -13,8 +19,7 +19,7
|
3,17 3,17 3,4 4,87 4,87 |
а/е бойынша орташасы |
Рорт =404,2 |
|
|
|
2
|
1 2 3 4 5 |
414,5 414,5 422 422 422 |
+4,5 +4,5 -3 -3 -3 |
1,07 1,07 0,72 0,72 0,72 |
а/е бойынша орташасы |
Рорт =419 |
|
|
|
Ауыспалы егіс бойынша танаптың орташа ауданынан танаптың ауданының ауытқуы мына формуламен анықталады:
(Р - Рорт)х100%
∆Р = -----------------------, (5)
Рорт
мұндағы, ∆Р- танап ауданының ауытқуы,%;
Р– танаптың ауданы, (га);
Рорт- ауыспалы егістегі танаптың орташа ауданы, гектармен; Ол ауыспалы егістердің ауданын танаптар санына бөлу арқылы анықталады.
3.1.5 Ауыспалы егістердегі танаптардың орташа өлшемдері, дақылдырдың кезектелу схемасы ескеріле отырып, ауыспалы егістерде жыртылған жерлерді пайдалану құрылымы анықталады (9 кесте). Алынған аудандар 6 кестедегі жоспарланған а.ш. дақылдар егістігінің ауданымен салыстырылып, олардың сәйкестігі жөнінде қорытынды жасалады.
9 –кесте Жыртылған жердің а/е пайдаланылу құрылымы (1 нұсқа)
№ |
Отырғызылым- дардың атауы |
А/е отырғызылымдардың ауданы, га |
Барлығы |
||
№1 |
№2 |
га |
% |
||
1 |
Дәнді-дақылдар, барлығы соның ішінде бидай арпа
|
1824
1439,5 384,5 |
1680,5
1258,5 422
|
3504,5
|
64,8
|
2
|
Мал азығы дақылдары, соның ішінде: жүгері сұлы |
660
440 220 |
414,5 |
1074,5
|
19,8
|
3 |
Пар |
417 |
414,5 |
|
15,4 |
4 |
Жыртылған жердің барлығы |
2901 |
2095 |
4579 |
100 |
