- •Курстық жоба Тақырыбы:«Целина» жшс-ның ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы.
- •1.Әдебиетке шолу
- •Жерді пайдалану интенсивтілігінің коэффициенті;
- •Ақ «Майское»
- •1.1 Шаруашылық туралы жалпы мәліметтер
- •1.2 Табиғи жағдайының сипаттамасы
- •1.3Экономика саласының сипаттамасы.
- •2. Алаптарды ұйымдастыру.
- •2.1 Алаптардың нақты құрамын талдау және орналастыру.
- •2.2 Алаптарды трансформациялау және жақсарту.
- •Жыртылған жер территориясын реттестіру
- •Ауыспалы егістерді ұйымдастыру және олардың территориясын реттестіру
- •3.2 Жыртылған жер территориясын реттестіруді экономикалық
- •3.2.7 Келтірілген шығындарды есептеу
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
2.2 Алаптарды трансформациялау және жақсарту.
Алаптарды трансформациялау дегеніміз алаптарды бір түрден басқа түрге ауыстыру. Трансформациялау қажеттілігі табиғи факторлармен және экономикалық тиімділікпен негізделеді. Алаптарды трансформациялау кезінде төмендегідей талаптар ескеріледі:
жерді толық, тиімді және ұтымды пайдалану;
жерді олардың табиғи қасиеттеріне сәйкес пайдалану;
топрырақ құнарлығын сақтау және көтеру;
өндірістің мамандандырылуымен алаптар құрылымының сәйкес келуі;
а.ш. техникасы мен еңбекті тиімді пайдалану үшін жағдай жасау;
күрделі қаржыны минималды жұмсау және олардың қайтарылуы.
Жақсарту дегеніміз а.ш. алаптарды олардың түрін өзгертпестен пайдалану интенсивтілігін көтеретін шаралар.
2.2.1 Алаптарды трансформациялау
Табиғи факторларды ескере отырып жерді қандай да бір алап түріне пайдалану мүмкіндігі жер-кадастрлық құжаттар бойынша жердің жарамдылық категориясына сәйкес анықталады. Демек, I-ші категорияның жерлері жыртылған жерге, II-ші категория шабындыққа, III –ші категория жайылымға трансформацияланады.
Ауылшаруашылық дақылдарынан тұрақты өнім алу үшін табиғи қасиеттері бойынша жарамды учаскелер жыртылған жерге транс-формациялануы тиіс. Сондықтан жарамдылық категориясы I-ші тыңайма, шабындық және жайылым учаскелері жыртылған жерге трансфор-мацияланып қайтарылады. Мұнда учаскенің кеңістік жағдайлары, конфигурациясы, тұрған орны, өлшемдері мұқият ескерілуі тиіс. Ең алдымен конфигурациясы мен өлшемдеріне қарамастан жыртылған жерге жарамды теңбілденіп орналасқан және жыртылған жермен қатар жатқан учаскелер трансформацияланады.
Шаруашылық орталығынан және жыртылған жер массивінен едәуір қашықта орналасқан, конфигурациясы (үшбұрышты немесе жолақ тәріздес) техникамен өңдеуге қолайсыз, ауданы 50 га аз жеке орналасқан жайылымдық учаскелерді жыртылған жерге трансформациялау экономикалық тұрғыдан тиімсіз болады.
Жыралардың бойында, тоғандардың айналасында орналасқан учаскелерді(эрозиялық процестерді болдырмас үшін), сонымен қатар елді мекен маңындағы (азаматтардың жеке меншігіндегі мал басын мал азығымен қамтамасыз ететіндігін ескере отырып) жайылымдарды жыртылған жер құрамына енгізудің қажеті жоқ.
Шабындыққаәдетте ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген және бедері мен конфигурациясы бойынша техниканы қолдануға қолайлы жарамдылығы екінші категориялы жерлер бөлінеді.
Мал жаюға қолайсыз болғандықтан жыртылған жерлерде теңбілденіп микроеңістерде орналасқан жайылымдық учаскелерді шабындыққа пайдалануға болады.
Жайылымға басқа алаптар құрамындағы жарамдылығы үшінші категориялы жерлер бөлінеді. Жыртылған жер құрамынан шығарылған және жыртуға жарамсыз тыңаймалық учаскелер түбегейлі жақсартылған жайылымға трансформацияланады.
2.2.2 Трансформацияның межелерін жобалау. Оларды жобалау кезінде топырақ контурларының және жарамдылық категорияларының межелері қисық сызықты болатындығы, ал а.ш. техниканы тиімді пайдалану үшін, өңделетін учаскелердің межелері тік сызықты болу керектігі ескеріледі. Осыған байланысты трансформацияланатын учаскелердің межелерін, топырақ контурларының межелеріне максималды түрде жақындата отырып тік сызықты жобалаған жөн.Масштабы 1:25000 планда топырақ контурлары межелерінің мүмкін ауытқуы 10мм болғандықтан, алаптардың жобалық межелері дәл осындай дәлдікпен анықталады.
2.2.3 Табиғи мал азықтық алаптарды жақсарту.
Егер топырағы құнарлы және бедері механикаландырылған өңдеуге қолайлы болса табиғи шабындықтар мен жайылымдық учаскелер жақсартылуы мүмкін.
Табиғи жайылымдар мынадай жағдайларда көпжылдық шөптермен шалғындау арқылы жақсартылуы мүмкін:
егер табиғи жайылым учаскелері түбегейлі жақсартылған жайылым учаскелерінің арасында теңбілденіп орналасса;
егер табиғи жайылым учаскелері шағын ауданды және түбегейлі жақсартылған жайылым учаскелерімен қатар орналасса;
егер а.ш. кәсіпорын территориясында жайылым тапшы болса.
3 кесте Алаптарды контур бойынша трансформациялау және жақсарту
кон тур №
|
Алаптардың ауданы |
Контурлардың ауданы га |
Оның ішінде өзгерген контурлар |
Контурда қалған аудан, га
|
||||||||||||||
Трансформацияға дейін |
Трансформациядан кейін |
Жырт. жер |
тыңайма |
шабындық |
жайылым |
Басқа лар |
||||||||||||
жақсартыл ған |
табиғи |
жақсартыл ған |
табиғи |
|
|
|||||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|||||||
Жобаға дейінгі эксаликация |
5908 |
4879 |
181 |
- |
- |
- |
832 |
16 |
|
|||||||||
Трансформацияға және жақсартуға жататын контурлар: |
||||||||||||||||||
2 |
Жырт жер |
Түб.жақс. жайылым |
- |
- |
|
|
|
|
|
|
|
|||||||
3 |
Жырт жер |
Түб.жақс. жайылым |
289 |
-289 |
|
|
|
+289 |
|
|
|
|||||||
4 |
Жырт жер |
Түб.жақс. жайылым |
- |
- |
|
|
|
|
|
|
|
|||||||
5 |
тыңайма |
Жырт жер |
181 |
+181 |
-181 |
|
|
|
|
|
|
|||||||
8 |
Табиғи жайылым |
Жырт жер |
- |
- |
|
|
|
|
|
|
|
|||||||
Барлығы: |
|
-108 |
-181 |
|
|
+289 |
|
|
|
|||||||||
Жобалық экспликация |
5908 |
4771 |
- |
- |
- |
289 |
832 |
16 |
|
|||||||||
2.2.4 Трансформацияланатын және жақсартылатын учаскелердің аудандары графикалық әдіспен (палеткамен) есептеледі. Есептеулер нәтижелері 3 - кестеге жазылады. Трансформациялау және жақсарту нәтижесінде алынған аудандардың өзгерістері жобаға дейінгі экспликацияға енгізіледі.Жердің жобалық экспликациясы жасалады (4-кесте).
4 кесте Жобалық экспликациясы
|
Жер дің барлы ғы |
оның ішінде алаптардың түрлері бойынша |
|||||||
А.ш. алаптардың барлығы |
оның ішінде |
Басқа алап тар |
|||||||
Жырт жер |
Шабындық |
жайылым |
|||||||
бар лығы |
жақ сар тыл ғаны |
бар лығы |
жақ сар тыл ғаны |
||||||
га |
5908 |
5892 |
4771 |
- |
- |
1121 |
289 |
16 |
|
% |
100 |
99,7 |
80,7 |
- |
- |
19,0 |
- |
0,3 |
|
2.2.5 Жобалық сызба мен алаптарды ұйымдастыру схемасы рәсімделеді.
Сызба мен схемада трансформацияланатын учаскелердің межелері, нөмірі және аудандары көрсетіледі. Жобалық сызба М 1:25000 жер пайдаланушылық планының көшірмесінде, алаптарды ұйымдастыру еркін масштабтағы схемада рәсімделеді (сурет 2).
Трансформацияланатын контурлардың нөмірі мен аудандары қызыл түспен жазылады. Егер алап контуры толығымен трансформацияланса, онда оның межесіне қызыл түсті крест сызықтары сызылады. Егер контурдың бір бөлігі трансформацияланса, онда қызыл түспен трансформация сызығы көрсетіледі. Трансформациялау кезінде контур нөмірі сақталады. Егер контурдың бір бөлігі трансформацияланса, онда контурдың трансформацияланбайтын бөлігіндегі нөмірге штрих салынады, ал контурдың трансформацияланатын бөлігіндегі нөмірге екі штрих салынады. Мысалы, №3 контурды бөлу кезінде оның бөліктері 3/ және 3// белгіленеді.
Трансформацияланатын учаскелердегі шартты белгілер мен олардың боялуы ережелерге сәйкес өзгертіледі.
2.2.6 Алаптарды трансформациялау және жақсартудың экономикалық тиімділігі анықталады. Экономикалық тиімділікті анықтау кезінде алаптарды трансформациялауға және жақсартуға кеткен күрделіқаржылардың қайтарылу мерзімі анықталады(5 - кесте).
Алаптарды трансформациялау және жақсартудың күрделі қаржысы анықталады.
Трансформацияға дейінгі (С1) және трансформациядан кейінгі (С2 ) (жақсарту) өсімдік шаруашылығы өнімінің құны мына формула бойынша анықталады:
С1 =У1 * Ц1 С2 =У2 * Ц2 (1)
мұндағы, У1 У2- трансформацияға дейінгі және кейінгі учаскедегі
шығымдылық, ц/га;
Ц1 Ц2–а.ш. алаптар учаскесінен трансформацияға дейін және кейін алынатын 1цөнімді сатып алу бағасы, теңге/ц (қосымша Б).
Жыртылған жер негізінен дәнді дақылдар егістігіне пайдаланылатындықтан, өнімнің құны, оны өндіруге кететін шығын, таза кіріс мөлшері 1 га шығатын астық және топырақтың сапасын (балл бонитетін) ескере отырып оның бағасы бойынша анықталады.
Трансформацияланатын учаскені трансформацияға дейін (Д1) және трансформациядан кейін (Д2) пайдалану кезінде алынатын таза кіріс өнімнің құны мен оны өндіруге кеткен шығын арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
Д1 =С1 - З1 Д2=С2- З2 (2)
мұндағы, С1,С2-трансформацияға дейінгі және кейінгі өнімнің құны,
тенге/га;
З1,З2 - трансформацияға дейінгі және кейінгі өнімді өндіруге
кеткен шығын, тенге/га (алаптардың түрлері бойынша
қосымша В бойынша анықталады).
1 га трансформацияланған (жақсартылған) алаптан түсетін таза кірістің өсімі ∆Д учаскені трансформациялағаннан кейін (Д2) және трансформациядан дейін (Д1) алынған таза кірістің айырмашылығы ретінде есептеледі:
∆Д = Д2 - Д1 (3)
Трансформациялаудың (жақсартудың) экономикалық тиімділігі күрделі қаржының (Т) қайтарылу мерзімі бойынша анықталады:
Кқаржы
Т= ------------ +n (4)
∆Д
мұндағы, Кқаржы- алаптарды трансформациялаға және жақсартуға жұмсалған күрделі қаржы, тенге/га;
∆Д – трансформациялау кезіндегі таза кірістің өсімі, мың.тенге/га;
n – алаптарды бір түрден басқа түрге ауыстыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін қажетті жыл саны (көптеген жағдайларда бұл мерзім 1 жылға тең, бірақ мал азықтық алаптарды түбегейлі жақсартылған алаптарға аударғанда 2 жыл).
5 кестеАлаптарды трансформациялаудың және жақсартудың экономикалық тиімділігі (1га есептегенде).
Контурлар №
|
Алаптардың атауы |
Күрделі қаржы, мың. теңге/га
Кқаржы |
Трансформацияға дейін, мың.теңге/га |
Трансформациядан кейін, мың.теңге/га |
Таза кірістің өсімі, мың.теңге/га
∆Д |
Қаржы ның қайтары лу мерзімі, жыл
Т
|
|||||
транс форма цияға дейін |
трансформациядан кейін |
өнім нің құны
С1 |
өндіріс тік өнімнің шығыны
З1 |
Таза кіріс
Д1
|
өнім нің құны
С2
|
өндіріс тік өнімнің шығыны
З2
|
Таза кіріс
Д2
|
||||
10
|
Тыңайма |
Жырт жер |
3,1 |
- |
- |
0 |
20 |
8,0 |
12,0 |
12,0 |
1,3 |
18 |
Жырт жер |
Жайылым |
3,6 |
20 |
8,0 |
12,0 |
12 |
2,5 |
9,5 |
-2,5 |
-0,44 |
