Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Статистика-ответы.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203 Кб
Скачать
☆
  1. Статистикалық орган қандай функциялары

Статистикалық қызмет жүргiзетiн уәкiлеттi орган мен мемлекеттік органдар:

статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, дұрыстығын және жеткiлiктiлiгiн;

Қазақстан Республикасында болып жатқан экономикалық және әлеуметтiк процестердiң және олардың даму тенденцияларының жан-жақты және дұрыс зерделенуiн, қорытындылануы мен талдануын;

статистикалық ақпараттың Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген шектерде қол жететiндей және ашық болуын;

қолданылатын әдiстеменiң және есептелген негiзгi көрсеткiштердiң халықаралық тәжiрибеде пайдаланылатын статистикалық стандарттармен салыстырмалығын қамтамасыз етедi. Агенттіктің негізгі міндеттері: мемлекеттік саясат жүргізу және мемлекеттік статистиканы басқару; ғылыми әдіснама және халықаралық стандарттардың негізінде бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін және жетілдіруді қамтамасыз ету; мемлекеттік, коммерциялық құпиялардың сақталуын және бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету; статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, дұрыстығы мен жеткіліктілігін қамтамасыз ету; елімізде болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестер мен олардың даму үрдістерін жан-жақты және объективті түрде зерделеу, қорыту және талдау

  1. Қазақстан Республикасындағы статистикалық органдары

Қазақстан аумағында құрылған бірінші мемлекеттік ресми статистикалық орган болып, Түркістан губерналық статистикалық комитет (құрылған күні - 1868 жылдың 22- қаңтары) пен оған бағынышты Сырдария және Жетісу облыстарындағы статбюролар саналады. XІX ғасырдың 70-жылдарының ортасында Орал облыстық статкомитет, 1877 жылы Семей және Ақмола (Омск қаласында) және 1895 жылы Торғай облыстарының статкомитеттері ұйымдастырылды. Бірақ, 1920 жылға дейін Қазақстанда аталған және басқа да жергілікті статистикалық қызметті біріктіретін бірыңғай статистикалық орган болған жоқ.

Қазақстанның орталықтандырылған бірыңғай статистика органының құрылған күні 1920 жылдың 8-қарашасы болып қабылданды.

1930-1948 жылдарда Республикадағы статистика қызметінің жалпы жұмысына және оның жоспарлы жүруіне басшылықты Қазақ АКСР- ның (1936 жылдан бастап Қазақ КСР) Мемлекеттік жоспарлау органы жүргізді. 1948 жылдан бастап статистика жүйесін дербес мемлекеттік орган Республика Министрлер Кеңесі жанындағы статистикалық басқарма басқарды, ал 1960 жылдан бастап Орталық Статистика басқармасы (ОСБ), 1987 жылдан бастап Статистика жӛніндегі Мемлекеттік комитет (Мемстатком) басқарды.

Қазақ КСР-ның Мемлекеттік статистикасы, 1990 жылы Қазақ КСР-ның статистикасы мен есеп жүргізуі бойынша бірінші заңның жобасын жасауға кірісті. 1992 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің VІІ сессиясы "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының бірінші Заңын қабылдады. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV Заңымен. Бұл заңда Статистика Агенттігінің және оның салаларының (облыстық басқармалар) негізгі қызметтері, міндеттері, мақсаттары және статистикалық органдардың құқықтары анықталады