- •Статистиканың даму тарихы мен даму кезеңдері.
- •Статистика пәні және оның зерттеу объектісі
- •Қр статистикалық қызмет туралы Заңы. Оның негізгі ережелері.
- •Қр Статистика қызметінің ұйымдастырылуы.
- •Статистика түсінігі және статистика пәні
- •Статистиканың әдістемесі
- •«Статистика» ғылымының негізін қалаушылар
- •Статистикалық орган қандай функциялары
- •Қазақстан Республикасындағы статистикалық органдары
- •Статистикалық бақылаудың сипаты мен мәні
- •Статистикалық бақылау түрлері
- •Статистикалық мәліметтерді «жинақтау» ұғымының мәні мен түрлері
- •Статистикалық мәліметтерді «топтау» ұғымының мәнімен түрлері
- •Топтау белгілері мен топқа бөлу принциптері
- •Мәліметтер мен құбылыстар динамикасын графиктер мен кестелерде бейнелеу.
- •Секторлы, бағаналы, ленталы графиктер сызу.
- •Статистикалық кесте және оны құрастырудың жалып мақсаты
- •Статистика ғылымы мен статистикалық зерттеу жұмысын жүргізу кезеңі
- •Статистика әдістерінің түрлері және статистикалық әдістемелер
- •Статистикалық бағдарлама
- •Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау.
- •Статистикалық зерттеудің сатысы және олардың бір-бірімен байланыстылығы
- •Статистикалық бақылауды ұйымдастыру мен зерзаты(объекті)
- •Статистикалық мәлімет жинауды ұйымдастырудың жолдары, формалары
- •Статистикалық бақылаудың тікелей қатысу арқылы жинау тәсілі
- •Статистикалық қателер
- •Статистикалық мәліметтерді жинақтау, түрлері мен оның мақсаты
- •Статистикалық топтау әдісі мен мақсаты
- •Динамика қатарының шектен тыс белгінің деңгейлерін табуға мүмкіндік беретін тәсіл
- •Статистикалық кесте ерекшеліктері
- •Күрделі құбылыстардың барлық элементтерінің жалпы өзгерісінің индексі
- •Әлеуметтік-экономикалық статистика
- •Абсолюттік өсім мен өсу қарқыны
- •Динамика қатарының орташа интервалдық деңгейі
- •Дамудың негізгі тенденциясын айқындау тәсілі
- •Халықтың табиғи өсімі көрсеткіші
- •Орташа белгіленген (тарифтік) баға коэффициенті
- •Еңбек өнімділігінің деңгей өлшеу әдісі
- •Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастырудың қажетті алғы шарттары
- •Статистикалық кестенің элементтері, түрлері және оны құру ережелері.
- •Статистикалық графиктер және оны пайдалану мақсаты
- •Статистикалық графиктің негізгі элементтері, түрлері, бейнелеу ережелері
- •Диаграмма, картограмма, картодиаграмма
- •Статистикалық қорытындылаушы көрсеткіштер
- •Абсолютті жэне салыстырмалы шамалар түсінігі
- •Салыстырмалы көрсеткіштердің түрлері
- •Интенсивтіліктің салыстырмалы көрсеткіштері.
- •Абсолютті және қатысты шамаларға есептер шығару.
- •Орташа шамалардың мәні мен маңызы, түрлері мен оларды есептеу тәртібі
- •Құрылымдық орташа көрсеткіштер
- •Вариация көрсеткіштері
- •53. Ішнара бақылауды іріктеудің әдістері мен тәсілдері
- •54. Әр түрлі іріктеуде жіберілген қателер туралы түсінік және оны есептеу
- •55. Ішінара бақылауға алынған бірліктің санын анықтау
- •56. Іріктемелі бақылаудың қателігін анықтау
- •57. Ықтималды баға берудің негіздері
- •58. Өзгерменің көрсеткіштері туралы түсінік және оны есептеу тәсілдері
- •59. Шашырандының түрлері және оны қосу ережелері
- •60. Динамика қатарлары және оның құрамдас бөліктері
- •61. Динамика қатарының көрсеткіштері
- •62. ДИнамика тенденциясын анықтау тәсілдері
- •63. Индекстердің мәні және түрлері
- •64. Жеке индекстер
- •65.Агрегаттық қалыптағы индекстер
- •66.Индекстер көмегімен факторлық талдау жасау әдістемесі
- •67.Бағаның,өзіндік құнның, еңбек өнімділігінің жалпы индекстерін есептеу
- •68.Орташа индекстер
- •69.Құбылыстардың өзара байланысы туралы түсінік және оның түрлері
- •1.Ерекшеліктері бойынша:
- •3.Аналитикалық б/ша:
- •70. Құбылыстардың өзара байланысын статистикалық зерттеу Қоғамдық өмірдің қандайда
- •71.Сапалық белгілер арсындағы өзара байланыс тығыздығын анықтау
- •72.Сызықтық емес байланыстарды анықтау
- •73.Келушілерді статистикалық анықтау
- •74.Туризм сұраныстың көрсеткіштер жүйесі
- •75.Ішкі туризм бойынша іріктеме зерттеуді жүргізудің жалпы тәсілдері
Статистикалық мәліметтерді «жинақтау» ұғымының мәні мен түрлері
Статистикалық мәліметтерді жинақтау - статистикалық зерттеудің екінші сатысы болып есептелінеді және ол қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгерісін зерттеуде шешуші роль атқарады.
Статистикалық мәліметтерді жинақтау жай және күрделі болып екі түрге бөлінеді, жай жинақтау дегеніміз – жиналған мәліметтерді топқа бөлмей, қорытынды көрсеткіштерін есептеу. Ол жиналған мәліметтердің көрсеткіштерін қосу арқылы есептелінеді.
Күрделі жинақтау деп алдын - ала жасалынған бағдарлама бойынша жиынтық бірліктерін топқа бөлуді және әрбір топ бойынша сол жиынтықтардың жалпы мөлшерін есептеп шығаруды айтамыз.
Статистикалық мәліметтерді жинақтау екі түрлі жолмен ұйымдастырылады. Ұйымдастырудың бірінші жолы - барлық мәліметгерді бір орталыққа жинап, осында қорытынды жасау. Екінші жолы - алғашқы мәліметтер төменгі сатыдағы мекемелерде жинақталып, қорытынды мәліметтер жоғары сатыдағы мекемелерге тапсырылады.
Мәліметтер екі түрлі тәсілмен - қолмен және машинамен жинақталады. Материалдарды шифрмен белгілеу, оларды жинақтап бөлу және оны қорытындылау қолмен жинақтау тәсіліне жатады. Машинамен жинақтау тәсілі электронды есептеу машиналары мен компьютер арқылы жүргізіледі.
Жалпы алғанда, статистикалық жинақтау деп, бақылау нәтижесінде, жиналған бастапқы мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеуді және жиынтық бірліктерін өздеріне тән белгілері бойынша топқа бөліп, қорытынды көрсеткіштерді есептеуді айтады.
Статистикалық мәліметтерді «топтау» ұғымының мәнімен түрлері
Статистикалық топтау әдісі деп, қоғамдық құбылыстар мен процестерді өздеріне тән белгілеріне, өзара ұқсастығына немесе аса маңызды өзгешеліктеріне, түрлеріне, үлгілеріне (типтеріне) сәйкес бір-бірінен ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлуді айтады.
Топтау әдісінің басты мақсаты - жиналған мәліметтерге талдау жасау үшін ретке келтіріп, ықшамдау, өзгермелі белгілеріне қарай іріктеу, жиынтық бірліктерін қанша топқа бөлу керек екендігін анықтау және көрсеткіштер жүйесін белгілеу.
Статистикалық топтау бір үлгідегі (типтік), кұрылымдық және талдаулык (аналитикалык) болып үш түрге бөлінеді. Бір үлгідегі (типтік) топтау деп біртектес топтарды, типтерді, сыныптарды әлеуметтік-экономикалық түрлеріне карай саралауды айтамыз. Біртектес, біртипті жиынтық бірліктерінің өзгерісін өздеріне тән белгілеріне қарай бөлуді статистикалық құрылымдық топтау деп айтамыз. Талдаулық деп заттың саны, колемі бойынша бірнеше топтарга болип талдауды айтамыз. Жиынтық бірліктері бір ғана белгі бойынша топталған болса, жай топтау деп, ал екі немесе одан да көп белгілеріне қарай аталған, бөлінген болса онда оны күрделі топтау деп атайды.
Топтау белгілері мен топқа бөлу принциптері
Статистикалық мәліметтерді топқа бөлу кезінде әрбір топқа көптеген сандық бірліктер енгізілуі керек және оның мағынасы анық көрсетілуі тиіс. Егер топтау негізі сапалық белгіге қарай берілген болса, онда топтың саны сол белгілердің санына сәйкес келеді. Кейбір жағдайда сапалық белгілер өзінің нышандары бойынша бір-бірінен әр түрлі айырмашылықтарына қарай ерекшеленетін болса, онда оларды типтеріне, түрлеріне немесе сыныптарына қарай топтық жіктерге бөлу арқылы жүргізіледі. Сипаттайтын топтау өзінің өзгермелі мәніне сәйкес бүтін және деңгей аралықты болып бөлінеді. Топтық белгі бүтін санмен берілетін болса, онда бүтін сан өзгермелі топтауға жатады, ал ондағы бөліп алынатын топ саны сол берілген белгінің мәніне сәйкес келеді. Деңгей аралығының тұрақты шамасын есептеу алдында оның ең үлкен, ең кіші шамасының сандық мәнін анықтау керек. Тұрақты шама келесі формуламен анықталады:
d =Хmax-Xmin/n , мұндағы,
d-деңгей аралығының тұрақты шамасы;
Хmax, Xmin- топтау белгісінің ең үлкен және ең кіші сандық мән шамасы;
n- топтың саны.
Әрбір топтың ең жоғарғы және ең төменгі шегінің арасындағы сандық өзгеріс топтаудың деңгей аралығының тұрақтылық шамасы деп аталады.
