Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Статистика-ответы.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203 Кб
Скачать
☆
  1. Статистикалық кесте және оны құрастырудың жалып мақсаты

Статистикалық кестедегеніміз-сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану.Статистикалық кесте-көлденең және тігінен сызылған сызықтың бір-бірімен сәйкесті қиылысуы. Көлденең сызық жол, ал тігінен сызылған сызық баған деп аталады. Статистикалық кестенің екі элементі бар: бастауыш және баяндауыш. Бастауышдеп зерттелетін объектіні сандағы суреттейтін статистикалық жиынтық немесе оның топтастырылған бірліктері. Ол кестеде сол жақта орналасқан және жолдың мағынасы ретінде беріледі. Баяндауыш дегеніміз зерттеліп отырған объектінің сандық көрсеткіштерімен сипатталуы немесе толық мазмұндауы. Ол кестеде оң жақта орналасады және бағананың арты ретінде беріледі. Бастауыштың құрамына қарай статистикалық кестелер жай, топтық және күрделі болып бөлінеді. Жай кестеде бастауыш бір ғана билігі арқылы бөлінеді және процестер, құбылыстар мен объектілер аттары көрсетіледі. Оның үш түрі бар: 1.Тізімдік 2. Территориялық (аймақтық) 3. Хронологиялық

  1. Статистика ғылымы мен статистикалық зерттеу жұмысын жүргізу кезеңі

Статистика – бұл сандық көрсеткіштердің жиынтығы. Ол уақыт өткен сайын өзара байланыста әрқашан дамып, жетіліп, толығып отырады. Ондағы сандық көрсеткіштер арқылы мемлекетіміздің саяси және әлеуметтік–экономикалық даму немесе кему процестерін толығымен көруге болады. Сонымен бірге статистикалық сандық көрсеткіштерді қолданып, оған талдау жасау арқылы болашаққа, яғни белгілі бір кезеңге болжам жасауға толық мүмкіндік туады.

Статистика сөзі ғылыми әдебиетте 18 ғасырда қолданысқа енді және алғашқыда “мемлекеттану” деген мағынада ұғынылды. Бірақ статистика ғылымы 17 ғасырдың ортасында “саяси арифметика” нысанында дами бастады. Ғылымдағы бұл бағыттың бастауында ағылшын ғалымы – Уильям Петти тұрды. Статистика терминін ғылымға 1746 жылы неміс ғалымы Готфрид Ахенваль өзі сабақ беретінГермания университетінде “Мемлекет ісін жүргізу” курсының орнына “Статистиканы” қолдануды ұсынды. Осыған қарамастан статистиалық санаулар бұданда ерте жүргізілген болатын: Көне Қытайда халық санағы, Көне Римде елдердің әскери күшін салыстыру, азаматтардың мүліктерін бағалау. Статистика 19 ғасырдың басында А.Кетленің және оның мектебі өкілдерінің еңбектерінде қоғамдық құбылыстардың заңдылықтарын зерделейтін ғылым мен құралға айналды.

Статистика қоғамдық ғылым ретінде бертінде пайда болды және оның даму кезеңдерінің өзінше тарихы бар. Статистика ғылымының даму процесін, бастамасын ХVII ғасырдың аяқ кезінен Англиядан бастайды. Оның негізін ағылшын ғалымдары Джон Граунт (1620 – 1674) пен Вильям Петтидің (1523 – 1687) «Саяси арифметика» атты еңбегі қалады.

Статистика дамуының екінші бір бастауы «Саяси арифметикамен» бір мезгілде шыққан неміс ғалымы Г. Конрингтің (1605 – 1681) еңбектерінде қалыптаса бастаған мемлекеттану ғылымында жатыр.

Статистиканың одан әрі дамуына көптеген ғалымдар өздерінің ғылыми еңбектерімен атсалысты. Олардың ішінде мына ғалымдардың аттарын атамай кетуге болмайды: неміс ғалымы Г. Ахенваль (1719 – 1772), бельгия ғалымы А. Кетле (1796 – 1874), англия ғалымы А. Боули (1869 – 1957) және тағы басқалары.

Теориялық негізге сүйене отырып, статистика құбылыстарды сандық жағынан көрсетудің арнайы әдістерін қолданады, олар статистикалық зерттеудің үш кезеңдерінде көрсетілген:

1-кезең жалпы зерттелетін құбылыстың жеке бірліктері туралы алғашқы ақпараттар алынады.

2-кезең – Мәліметтерді ақпар (сводка) және топтау, барлық жағдайлардың (бірліктерді) тобын біртекті топтарға және бөліктерге бөлу және алынған нәтижелерді статистикалық кестелер түрінде қалыптастыру.

3-кезең – Есеп беруден алынған статистикалық көрсеткіштерді өңдеу және зерттелетін құбылыстардың жағдайы туралы негізделген қорытындыларын алу үшін нәтижелерді талдау. Қорытындылар текст түрінде келтіріліп графиктер және кестелермен толықтырылады.