Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Статистика-ответы.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203 Кб
Скачать
☆
  1. Статистика әдістерінің түрлері және статистикалық әдістемелер

Статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстармен процестерге зерттеу жүргізу барысында қоғамдық ғылымның негізгі қағидалары мен заңдылықтарына, яғни құбылыстарды танып білудің диалектикалық әдісіне сүйенеді. Бірақ, басқа ғылымдар сияқты статистиканың да өзіне тән ерекшеліктері мен зерттеу әдістері бар. Ол әдістер өздерінің қолданылуына және бірінен соң бірінің жалғасып келуіне қарай үш сатыға бөлінеді˸ 1) статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәлеметтерді жинау; 2) жиналған мәлеметтерді өздеріне тән ерекшелігіне қарай топтау, оңдеу және жинақтау; 3) жинақталған, өңделген мәлеметтерге талдау жэне қорытынды жасау. Осы көрсетілген әдістер жиынтығын статистикалық әдістемелœер немесе зерттеу кезеңдері деп атайды. Статистикалық көрсеткіштерді топтау, өңдеу және жинақтау. Бұл - статистикалық зерттеудің екінші сатысы болып саналады. Осы әдісті қолдану кезінде статистикалық бақылау аркылы жиналған мәліметтер өздеріне тән жекелœеген белгілері бойынша біртекті топтарға және іштей жіктерге бөлінеді. Зерттеудің бұл кезеңінде коғамдық құбылыстар мен процестердің топтық көрсеткіштері ірілендіріледі, жекелœеген топтардың сапалық айырмашылығы анықталады және талдау, қорытынды жасау үшін сандық көрсеткіштері есептелœеді.Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау. Бұл-статистикалық зерттеудің соңғы, яғни үшінші сатысы. Мұнда жинақталған, топталган, өңделген статистикалық корсеткіштер біртектес топтық белгілері бойынша жеке қарастырылады. Олардың бір-бірімен байланысы анықталады. Қорытындылаушы көрсеткіштер орташа, қатысты шамалар немесе өсіңкілік катарлар, индекстік әдістер арқылы есептелœеді. Олар статистикалық кестемен көрсетіледі немесе график арқылы бейнелœенеді Сонымен, статистикалық мәліметтерге талдау жасау деп жинақталған, топтастырылған, өңделген көрсеткіштерді салыстыру, қорытындылау жэне солар арқылы ғылыми тұжырымдамалар мен ұсыныстар жасауды айтады.

  1. Статистикалық бағдарлама

Статистикалық бақылаудың бағдарламасы- статистикалық зерттеуді жүргізер алдында оның зерзатын, жиынтық және бақылау бірліктерін анықтағаннан кейін, негізгі бір ұйымдастыруға жататыны бақылау бағдарламасына жете дайындала білу. Статистикалық бақылау бағдарламасы деп зерттеу кезінде бастапқы мәліметтерді жинау үшін ұғымды, жинақы, ойға қонымды бақылау бірліктеріне берілетін сұрақтар тізімінің жиынтығын айтады.

Бақылау бағдарламасын қүрастыру кезінде бельгая ғалымы А. Кетленің үсынған төмендегі ережесін естен шығармауьмыз керек:

1) бағдарламаға керексіз, артық сұрақтар кіргізілмеуі және ондағы көрсеілген сұрақтардың жауаптары бақылаудың алдына қойған мақсатын анықтауы тиіс;

2) бақылау бағдарламасына дұрыс және нәтижелі жауап алынатын сұрақтардың кіргізілгені жөн;

3) бақылау бағдарламасына кіргізілген сұрақтар жауап берушіге кері әсерін тигізетіндей, яғни оның болжамы бойынша қисынсыз жүрізілген сияқты күдік туғызбауы керек.

  1. Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау.

Бұл-статистикалық зерттеудің соңғы, яғни үшінші сатысы. (Негізінде 3 саты бар: 1) статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәлеметтерді жинау; 2) жиналған мәлеметтерді өздеріне тән ерекшелігіне қарай топтау, оңдеу және жинақтау) Мұнда жинақталған, топталган, өңделген статистикалық корсеткіштер біртектес топтық белгілері бойынша жеке қарастырылады. Олардың бір-бірімен байланысы анықталады. Қорытындылаушы көрсеткіштер орташа, қатысты шамалар немесе өсіңкілік катарлар, индекстік әдістер арқылы есептелœеді. Олар статистикалық кестемен көрсетіледі немесе график арқылы бейнелœенеді Сонымен, статистикалық мәліметтерге талдау жасау деп жинақталған, топтастырылған, өңделген көрсеткіштерді салыстыру, қорытындылау жэне солар арқылы ғылыми тұжырымдамалар мен ұсыныстар жасауды айтады.