- •Алматы, 2017 аңдатпа
- •Мазмұны
- •1 Қазақстан-қытай арасындағы экономикалық аймақтық ынымақтастықтың қалыптасуы мен дамуы
- •1.1 Екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың халықаралық-құқықтық негізі
- •1.2 Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары
- •1.3 Аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың түрлері
- •2 Шекарааралық ынтымақтастықтың қазіргі кездегі жағдайының анализі
- •2.1 Қазақстан мен қхр шұаа арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық
- •2.2 Екіжақты қатынастардың өзара тиімді ынтымықтастығының басым бағыттары
- •2.3 Қазақстан-қхр шұаа екіжақты ынтымақтастығының даму мәселелері
- •3 Шекарааралық ынтымақтастық дамуының стратегиялық бағыттары
- •3.1 «Қорғас – экономикалық аумақ» жобасының дамуы
- •3.2 «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» – ең ірі транспорттық дәліз ретінде
- •3.3 Қазақстан-Қытай екіжақты қатынастарындағы «Қорғас» шмыхқ қызметінің проблемалары мен перспективалары
- •Қорытынды
1 Қазақстан-қытай арасындағы экономикалық аймақтық ынымақтастықтың қалыптасуы мен дамуы
1.1 Екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың халықаралық-құқықтық негізі
1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алуы және жас мемлекет алдында өз сыртқы саясатын әзірлеу қажеттілігі Пекинмен бірге тату көршілік қарым қатынас құрудың маңыздылығын атап көрсетті. Бұл уақыт Пекин экономикалық қуатын өсіріп, әлемдік элита державаларына сенімді кірген кездері. Біздің мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев дана және көрген саясаткер ретінде ҚХР достық және болжамды қарым-қатынастарда құру уақыт талаптарына ғана емес, сондай-ақ жас мемлекет үшін қауіпсіздік туралы сенімді кепілдік болып табылады. Осыған байланысты басымдық ретінде саяси диалогты Пекинмен, сауда-экономикалық байланыстар мен екі жақты қарым қатынастардың қажетті құқықтық базаны құру ұйымдастыратыны анықталды. Сол кезде Одақтас Республика Президенті ретінде алғашқы сапары 1991 жылы шілдеде Қытайға болғанын атап өткен жөн [1].
Біздің еліміздің тәуелсіздігін ең алғашқы мойындаған елдердің бірі - Қытай Халық Республикасы. 1992 жылы 3 қаңтарда ҚР мен ҚХР арасында алғаш дипломатиялық қарым-қатынас орнаған болатын. Осылайша екі ел тарапынан өзара құрметке негізделген тату-көршілік қарым-қатынастарды құру үшін олардың олардың егемендікке негізделген, аумақтың тұтастығы, ішкі істеріне араласпау, және өзара қарым-қатынастардың барлық аспектілері бойынша толық масштабты диалогты дамытуға әзір екендіктерін білдірді [2].
Екі елдің тату көршілестік пен достық қарым-қатынас туралы келсім шарты (2002 ж. желтоқсан) - екі ел құқықтық және сауда-экономикалық бағыттары айқындайды. Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда қызметін дамыту туралы келсім (2006 ж. қаңтар), стратегиялық әріптестік орнату және дамыту туралы декларация (2006 ж. наурыз), трансшекаралық өзендер пайдалану келісімі, ғылыми техникалық ынтымақтастық, қосарланған салық салуды болдырмау конвенциясы, ынтымақтастық бағдарламасы 2003-2008 жылдар арасында өтті.
Қытай төрағасы Ху Цзиньтао Қазақстан мемлекетіне кездесу уақытындағы қол қойылған құжаттар өте маңызды болып саналады (2007 ж. тамыз), екіжақты ынтымақтастық әр салада дамыту туралы оннан аса келісімге қол қойылды. Қытай мемлекеті “инженерлік, металлургия және басқа салаларға инвестиция көбейтуге дайын”, қызықтырушылық танытуда “өнеркәсіптік және ғылыми парктер құру мәселесінде белсенді қатысуда”, “Қазақстандық қапиталының ҚХР аймағындағы бірлескен кәсіпорындар құру мен дамытуды қолдайды”.
Көп келісімдер мұнай-газ салаларына қатысты. Бірінші – Түркменстаннан Қытайға Қазақстан аймағы арқылы газ құбырының құрылысы туралы. Екінші – Атасу – Алашанькоу бағытымен мұнай құбырын кеңейту.
Қабылданған құжаттарда, әртүрлі саладағы қызметтер қосылған сонымен қатар, “екі ел мұнай және газ бағытындағы үлкен жобалардан маңызды болып табылатын шикізаттық емес секторларға, яғни мұнайгаз саласындағы инженерлік бағыт және азық-түлік және тоқыма өнеркәсіп, көліктік логистикалық қызметтер, металлургия және туризм мен құрылыс құралдарын дамыту салаларына көбірек көңіл бөлінетіні айтып өткен”.
Маңызды келісімнің біріне: Қазақстан мен Қытай арасындағы құрылыстың негізгі принциптері мен газ құбырын өткізу эксплуатациясы жайлы келісімді жатқызуға болады. Келісімнің қорытындысы бойынша НК “КМГ” және Қытайлық CNPC қол қойған болатын [3].
Екі елдің білім және ғылым министрлерінің арасында биотехнологияны дамыту бағытында меморандумға қол қоюға жоспарланған. “Самрұқ” және Қытайдың мемлекеттік банкі, Мойнақтың ГЭС және тағы басқа серіптестік құрылыстарды қаржыландыратыны туралы құжатпен келісті.
Үкіметтік дәрежеде 12 маңызды құжаттарға қол қойылған, ал Қазақстан мен Қытай компанияларының арасында оннан аса маңызды құжаттар бар. Және екі ел арасында Қазақстан – Қытай газқұбыры, екінші кезекте Қазақстан – Қытай мұнайқұбыры, халықаралық шекаралық ынтымақтастық, “Қорғас” және Мойнақтағы ГЭС сияқтыортақ жобаларды жүзеге асыруды күшейту ұсынылды.
Қазақстан Республикасының премьер – министрі транспорттық дамыту қарым қатынасының тереңдету қажеттілігі туралы айтты. Нәтижесінде АҚ “Ұлттық компания” “Қазақстан темір жол” және ҚХР теміржол министрлігі, екінші шекаралық теміржол өткелі Қазақстан мен Қытай арасындағы шекарадан өту аймағы “Қорғас” құрылысы бойынша жұмысты жеделдету қамтамасыз етуі туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстан үкіметінің жетекшілігімен жаңа технология – сандық теледидар саласы серіктестігін дамыту ұсынылды.
Қазақстан үкіметінің делегациясының келесі Пекин сапары барысында (2008 ж. сәуір) екі жақты сауда көлемінің өсіп жатқанын мәлімдеді. Мысалы 2007 жылы 13,8 млрд долларға жеткен еді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі шикізат бағытында дамып келетінін атап өтті. Оның ерекше бөліп қараған бағыты трансшекаралық өзендерді қолдану мен қорғау саласы, өйткені бұл мәселе Қазақстан үшін маңызды стратегиялық бағыт болып табылады. Екі елге маңызды болып табылатын Ертіс және Іле өзендері жайлы сұрақтарды егжей-тегжейлі қарастыру және екі ел арасындағы трансшекаралық өзендердің ластануынан қорғау, өзендердің сапасын бақылау және ынтымақтастық саласында оларды қолдану мен күзету жайлы жаңа үкіметаралық келісім жасау ұсынылды, өйткені алдынғы келісім 2009 жылы біткен болатын.
Ресей-Қытай Институтының қазіргі халықаралық қатынастар академиясының директоры Цзи Чжие екі жақты ынтымақтастық жобалары “келешегі бар және айқын шешімі бар болып табылады” – деп атап өтті. Қытай сарапшылары “Қытай ашық қызығушылық танытып, экономиканы жаһандыруда белсенді рөл атқарып, “пайда ғана тауып, залалдан қашу” деген принціптен бас тартып, ашық жолмен ұзақ және жылдам дамуға қол жеткізетіні” туралы мәлімдейді.
Халықаралық саудамен айналысатын мамандар, көршілес мемлекетінің экономикасы бірін – бірі толықтырып тұратынын мәлімдейді, сол себепті сауда – экономикалық қарым – қатынас екі жақты да қызықтырып отыр. Астанада өткен Қытайдың жабдықтары мен құрылыс материалдарының көрмесі ашылу қарсаңында, осыған ұқсас ойды, ҚХР халықаралық сауда комитетінің жетекшісі Цзяо Тяньли де айтып өткен болатын.
ҚХР Мемлекет Кеңесінің Премьері Вэнь Цзябао және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстандағы ресми кездесу кезінде кең ауқымды мәселелер қарастырылды (2008 ж. қазан). Саяси диалогты және өзара сауданы кеңейту үшін кедергілер болмауы, қазақ – қытай тауар айналымы көлемі 2008 жылдың бірінші жартыжылдығында 6,5 млрд доллардан асырды, ал негізінде жылдық қорытынды 15 млрд долларға жетуі мүмкін.
Ресми делегациялар кездесуінде ең көп талқыланатын мәселе, әлемдік қаржылай дағдарыс уақытындағы Қазақстан мен Қытайдың экномикалық қатынасы. Қытай экономикасы – әлемдегі ең дамығандардың бірі болып саналады, сондықтан ҚХР үкіметінің шешім қабылдағаны, бүкіл әлемге әсерін тигізеді [4].
2012 жылдың басынын біздің мемлекетіміздің тарихында символикалық кезең басталды, 20 жылдық мерейтойында үлкен мемлекеттер тобымен дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Осы уақыт ішінде Республика халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі болды, ал оның бірқатар жаһандық бастамалары әлемде өте жақсы баға алды. Осы жылдың 2-ші наурызында ҚР-ның БҰҰ-на мүше болғанына 20 жылдан асты. Бұл құрылымды Франклин Рузвельт «Дом дружбы» деп атады. Ұйымның мүшесі бола отырып, Қазақстан бастапқыда жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттік құруға бағытталған деп растады. Сонымен қатар, қаңтар айында Қытай, Ұлыбритания, Франция дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына жыл толады. Ақпан айында Германиямен және жылына әр ай басқа елдермен. Ол жайлы мемлекет басшысы Астанада жыл сайынғы дәстүрлі кездесуінде Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық корпуста айтты. Осы отырыста барлық қатысушы елшілерге және шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшыларына, барлық шетел дипломаттарына екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.
Елбасы белгілегендей Республикамыз өткен жылдардан халықаралық аренада үлкен жетістіктерге жетті, салмағы бар және дүниежүзілік қауымнын мүшесі болады. Оған куә жоғары халықаралық авторитеті мен мемлекеттің ЕҚЫҰ, ЕврАзЭС, ШЫҰ, ИЫҰ, ҰҚШҰ, және түркі кеңесінің төрағасы болуы [5].
Қорыта айтқанда, Қазақстан мен Қытай тату көршілестік және достық қарым қатынасты сақтап келеді. Соңғы он жылдықта екі ел көптеген келісімшарттарға қол қойды. Соның арқасында екі ел арасында құқықтық және сауда-экномикалық бағыттар жақсы дамуда.
