- •Алматы, 2017 аңдатпа
- •Мазмұны
- •1 Қазақстан-қытай арасындағы экономикалық аймақтық ынымақтастықтың қалыптасуы мен дамуы
- •1.1 Екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың халықаралық-құқықтық негізі
- •1.2 Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары
- •1.3 Аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың түрлері
- •2 Шекарааралық ынтымақтастықтың қазіргі кездегі жағдайының анализі
- •2.1 Қазақстан мен қхр шұаа арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық
- •2.2 Екіжақты қатынастардың өзара тиімді ынтымықтастығының басым бағыттары
- •2.3 Қазақстан-қхр шұаа екіжақты ынтымақтастығының даму мәселелері
- •3 Шекарааралық ынтымақтастық дамуының стратегиялық бағыттары
- •3.1 «Қорғас – экономикалық аумақ» жобасының дамуы
- •3.2 «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» – ең ірі транспорттық дәліз ретінде
- •3.3 Қазақстан-Қытай екіжақты қатынастарындағы «Қорғас» шмыхқ қызметінің проблемалары мен перспективалары
- •Қорытынды
1.3 Аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың түрлері
Экономикалық интеграция жаһандану процессінің маңызды бөлігі болып табылады. Мемлекеттердің шекараларының ашықтығына қосымша алғышарттар жасауының арқасында, экономикалық интеграция - шекара және трансшекаралық ынтымақтастықтың әрі қарай дамуына әкеледі. Ол аймақтық деңгейдегі сыртқы экономикалық қарым-қатынастардың, халықаралық сауда және экономикалық қызметінде рөлін арттыру және шекаралық өңірлердің экономикалық тәуелсіздігін нығайту нәтижесінде дамуы тиіс. Аймақтық экономикалық ынтымақстастықтың мақсаты - дамушы елдердің экономикалық тұрақтылығына, маңызды экономикалық секторларының қалыптастыруға, әлеуметтік деңгейінің ұлғаюы мен халықтың өмірін жақсартуға қолдау көрсету болып табылады. Аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың мынадай тән ерекшеліктері бар:
-Аймақтық экономикалық ұйымдар мүшелері географиялық көршілес елдер болып табылады;
-Ұйымның жұмыс істеуі үшін, институционалды құжаттар немесе келісімдер, экономикалық интеграция және еркін сауда бойынша келісімшарттар - шешуші шарттар болып табылады;
-Ұйымның барлық мүшелері ішкі экономикалық ынтымақтастықты және сыртқы потекционизмді жүзеге асырады;
-Аймақтық сауда-экономикалық ынтымақтастық ұйымын, ұйымға мүше мемлекеттер құрайды.
Қазақстан Республикасына келер болсақ, қазіргі уақытта аймақтық-шекаралық ынтымақтастық Қазақстан үшін маңызды болып келеді. Сауда- экономикалық ынтымақтастықтың құрылып, дамуына ықпал ететіні тауарларды еркін өткізу, қызмет көрсету, капитал, технологиялар, еңбек және инновациялық компоненттеріне бағытталған, бірлескен кәсіпорындар үшін жасалатын алғышарттар, Қазақстанның аймақтық ынтымақтастықтың басты факторы болып табылады [9].
Алматы обылысы Қазақстанның ең ірі облыстарына жатады. Ол Қазақстаннның Шығыс бөлігінде орналасқанымен, айтарлықтай бөлігі Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Қытаймен Алматы облысының жалпы ұзындығы - 1460 км. Алматы облысының негізгі даму бағдарламасына сәйкес, облыстың транзиттік әлеуетінің дамуы және көлік бағыттарының, көлік логистикалық қызметтері мен трансшекаралық сауда орталығының инфрақұрылымның дамуы арқылы, шекаралық аймақтар халықаралық экономикалық ынтымақтастықта маңызды рөлінің атқаруы бағдарламаның оң жақтары болып табылады. Облыстың аумағында Қазақстан мен Қытай шекарасын кесіп өтетін үш кеден пункттері бар:
-Алакөл ауданында орналасқан «Достық» (Дружба) кедені;
-Панфилов ауданында «Жаркент» кеден пункті;
-Ұйғыр ауданындағы «Қалжат» кеден пункті.
Қытай мен Қазақстанның шекаралық аймақтарының ынтымақтастық стратегиялық бағыттарына сәйкес, ол арнайы экономикалық аймақтардың, бірлескен кәсіпорындар, ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастықты тереңдету, жоғары технологиялық аймақтарды құру, көлік және байланыс салаларының даму құру шеңберінде сауда-экономикалық байланыстарды дамытуды көздейді.
Осылайша, соңғы жылдары аймақтық деңгейде сауда-экономикалық ынтымақтастықтың белсенді қатысушылары, ШҚО мен Қытайдың солтүстік-батысындағы (Шыңжаң) шекаралық ауданы болып табылады. Аталған Қазақстан мен Қытайдың шекара аймақтары, инфрақұрылымды тұрақты, тең құқылы және өзара тиімді саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуға атсалысады [10].
ШҚО және ҚХР ШҰАА арасындағы келісімдерге қол қою жөніндегі белсенді жұмыстар 1998 жылы дами бастады. Қазақстан-Қытай шекаралық ынтымақтастықты дамытуға үлкен рөл- шекаралық аймақтарының сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетінің негізінде, арнайы экономикалық аймақтарды дамытуға берілген.
Қазақстан мен Қытай тауар айналымын арттыру мақсатында ШҚО мен Шыңжан өлкесіндегі шекаралас аудандарында, «Майқапшағай» және «Бақты» кеден пунктерінде трансшекаралық сауда аймағын құрды. Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасында 2006 жылдың жиырмасыншы қаңтарында «Қытай мен Қазақстан саудасын дамыту келісімшартына» қол қойылды. Бұл шарттың негізінде, Шығыс Қазақстан шекарасында «Майқапшығай- Жеменей» шекара сауда орталығы құрылды [11].
Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы сауда қатынастарының даму қарқыны жаман емес. ҚР статистика жөніндегі комитетінің Ұлттық экономика министрлігінің деректері негізінде 2012 жылы Қытай Қазақстанның ірі сыртқы сауда серіктестігі атанды, онымен тауар үлесі шамамен $83 млн. құрады. 2014 жылы екі ел арасындағы тауар үлесі төмендеп, $17,5 млн. құрады да Қытай Қазақстанның Ресейден кейінгі екінші ірі сыртқы сауда серіктестігі атанды, Ресейдің үлесіне Қазақстанның сыртқы саудасының 14,4% тиесілі болған. Әйткенмен, Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының жалпы көлемі де төмендегенін атап өту қажет. 2015 жылы $140 млн. құрып, 2016 жылы $203 млн. Болды (кесте 3 көрсетілген).
Қазақстанның Қытаймен сауда құрылымы төмен дәрежедегі әртараптандыруымен ерекшеленеді. Қытайға экспорт тауарларының құрылымында шикізат өнімдері басымдылыққа ие. Алайда Қытайдан сұраныстардың төмендеуі, Қазақстанның экспорт құрылымына ықпал етеді. Айтарлықтай 2015 жылы Қытайға экспорт көлемінің минералдық өнімдер үлесі төмендеп, 2016 жылы қайта өсті (кесте 3). Қытайдан Қазақстанға көбінесе машиналар, құрал-жабдықтар, металлургия, химиялық және жеңіл өнеркәсіп импортталады. Осы өнімдердің 70%-дан астам үлесі Қытайдан Қазақстанға импортталады.
Кесте 3 – 2012-2016 жылдардағы Қазақстанның Қытаймен тауар үлесі (АҚШ-ң 100 млн долл).
№ |
Көрсет-кіш |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
2016 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Жалпы көлемі |
83.6 |
139 |
175 |
140 |
203 |
2 |
Экспорт |
47.5 |
74.5 |
98.2 |
77.5 |
93.0 |
3 |
Импорт |
36.8 |
64.3 |
77.3 |
62.6 |
110 |
4 |
ҚХР үлесі |
77.4 |
66.9 |
73.7 |
79.6 |
79.8 |
Ескерту: авторлармен [12] әдебиет көзінен алынған |
||||||
Қазіргі кезде Қытай мен Қазақстан арасындағы ең озық аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың түрлеріне Қорғас жобасы кіреді. Орталықтың аумағында жеке тұлға, тауар, көлік құралдары виза қажетінсіз еркін қозғала алуы - жобаның бирегейлігі болып табылады. 2004 жылы «Қорғас шекарасы ынтымақтастық орталығының» жоба келісім-шартына қол қойылды. Ал 2005 жылы «Қорғас ШМЫХҚ-н басқару» шартына қол қойылды. Сөйтіп, орталықты кұру жұмысы басталды. Қорғас ШМЫХҚ-ның аумағы 528 гектардан тұрады. Қазақстанның бөлігі 185 гектардан тұрып, Алматы облысының Панфилов аумағында орналасқан. Ал Қытай Орталықтың 343 гектар бөлігін алып жатыр және ол ҚХР Шыңжан ұйғыр автономиялық өлкесінің Іле-Қазақ автономдық облысы аумағына тиесілі.
2011 жылғы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес «Қорғас-Шығыс қақпағы» арнайы экономикалық ауданы құрыла бастады. «Қорғас-Шығыс қақпағы» АЭА-ның мақсаты- Қазақстан Респубикасының транзиттік әлеуетін пайдалана отырып, көлік-логистикалық және индустриялық орталық құру болып табылады. АЭА Қытай мен Қазақстанның шекарасында орналасып, ауданы 4591,5 гектарды құрайды. Сонымен қоса арнайы экономикалық аудан Алтынкөл станциясы мен Батыс Еуропа - Батыс Қытай автомагистралімен тығыз жұмыс атқарады.
Сонымен қоса, 2013 жылдың соңында Қытай-Қазақстанның шекарасында, «Покиту» мен «Бақты» кеден бекеттерінде «Жасыл дәліз» атты жоба іске қосылған болатын [13]. Бұл жобаның негізгі мақсаты - Қытайдан Қазақстанға келетін жеміс-жидек өнімдерін жылдам өткізілуі үшін және кедендік рәсімделуін қамтамасыз етуі болып табылады.
Қорытынды: Бұл тақырыпта біз Қытай мен Қазақстанның арасындағы аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың түрлеріне ерекше көңіл бөліп шықтық. Трансшекаралық экономикалық ынтымақтастығында үлкен рөлге ие құрылымдарды зерттедік. Қазақстанның Қытаймен шекараралық ынтымақтастығы екі елдің экономикасында маңызды орын алады. Екі ел трансешкаралық ынтымақтастықтың дамуына байланысты, жобаларды жүзеге асыру үшін түрлі салаларда біріккен үлес қосып келе жатыр.
