- •Алматы, 2017 аңдатпа
- •Мазмұны
- •1 Қазақстан-қытай арасындағы экономикалық аймақтық ынымақтастықтың қалыптасуы мен дамуы
- •1.1 Екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың халықаралық-құқықтық негізі
- •1.2 Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары
- •1.3 Аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың түрлері
- •2 Шекарааралық ынтымақтастықтың қазіргі кездегі жағдайының анализі
- •2.1 Қазақстан мен қхр шұаа арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық
- •2.2 Екіжақты қатынастардың өзара тиімді ынтымықтастығының басым бағыттары
- •2.3 Қазақстан-қхр шұаа екіжақты ынтымақтастығының даму мәселелері
- •3 Шекарааралық ынтымақтастық дамуының стратегиялық бағыттары
- •3.1 «Қорғас – экономикалық аумақ» жобасының дамуы
- •3.2 «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» – ең ірі транспорттық дәліз ретінде
- •3.3 Қазақстан-Қытай екіжақты қатынастарындағы «Қорғас» шмыхқ қызметінің проблемалары мен перспективалары
- •Қорытынды
2.2 Екіжақты қатынастардың өзара тиімді ынтымықтастығының басым бағыттары
Қазақстанның аудандары мен ҚХР ШҰАА арасындағы ынтымақтастық қазақ-қытай қарым-қатынастарының маңызды компоненті болып табылады. Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын әрі қарай тереңдетуі Қазақстан мен Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесінде (ҚХР) түрлі әлеуметтік-экономикалық салаларының жан-жақты дамуына ықпал ететін болады [14].
Түрлі ғалымдар мен мамандардың тұжырымдамалық сыни талдауы және зерттеулері бойынша, Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынастарын перспективті трансформациясын және екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту бағыттарының маңыздыларын анықтады: сыртқы сауда, трансшекаралық және аймақаралық ынтымақтастық, сондай-ақ есеп айырысу жүйесі мен банкаралық бірлестік, инфрақұрылым, отын- энергетика, инновация-технологиялық және инвестициялық салаларда, екі елдің гео-экономикалық мүдделерін үйлестіру тұрғысынан, олардың әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін және жақсарту мақсатындағы кешенді тәсілдері.
ШЫҰ-ның күшеюі, Қазақстан мен ШҰАА арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың әрі-қарай дамуына жаңа мүмкіндіктер мен перспективаларды ұсынады [15, 108-124 с.]. Өйткені:
Біріншіден, ШЫҰ Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету үшін платформаны құрайды;
Екіншіден, екі елдің экономикасының бірін-бірі толықтырылуы одан әрі жаңартылып келе жатыр;
Қытай Қазақстандық мұнай және басқа да шикізат үшін тұтынушы нарығында басты және тұрақты болып табылады, ал Қазақстан көмірсутегі ресурстары мен пайдалы қазбаларға бай ел. Сонымен қатар Қытай қазіргі заманға сай технологиясы бар, Орта Азия нарықтын қажеттілігін қанағаттандыра алатын жеңіл өнеркәсіп және кең қолданыс тауарларының ірі өндіруші ретінде қызмет етеді.
Осылайша, ШҰАА Қытайдың ішкі нарығының қолдауымен, экономикалық және техникалық салаларда Қазақстанмен және аймақтағы басқа елдермен белгілі бір экономикалық толықтыруы бар;
Үшіншіден, Қазақстанның 2015 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай дамытуына үлкен мүмкіндіктер береді. ҚХР Коммерциялық министрлігі жанындағы Халықаралық Сауда-Экономикалық Ынтымақтастық Институтының ғылыми қызметкері Лю Хуацинь “Казинформ” агенствосына берген сұхбаты бойынша Қазақстан мен Қытай ДСҰ-ның ашық және ортақ ережелері бойынша жұмыс істей алады. Бұл екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдай жасап, инвесторларға маңызды сигнал беретінін атап өтті;
Төртіншіден, Қазақстан-Қытай мұнай құбыры жүйесінің дамуы, осы күнге дейін екі ел арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуда шешуші фактор болып табылады;
Бесіншіден, Азия мен Еуропа арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды күшейту мақсатымен құрылған «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» атты трансұлттық инфрақұрылымдық жоба мен көлік дәлізі, Қазақстан мен Қытайдың экономикалық қарым-қатынастарына да ықпал етеді;
Алтыншыдан, Ұлы Жібек жолын жаңғыртуы- аймақ елдер арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды орнатып, дамытуды көздейді.
Қазақстан мен Шыңжан арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көмектесетін, үлкен потенциалы мен әлі ашылмаған мүмкіндіктері көп.
Қазақстан мен Шыңжанның экономикалық ынтымақтастығы үлкен потенциалға ие. Және бұл ынтымақтастықтың дамуына көмектесетін, әлі де ашылмаған көп мүмкіндіктері бар.
Мамандардың ойынша, екіжақты қатынастардың одан әрі дамуына ықпал ететін аса перспективті салалар:
Инфрақұрылым саласы. Қазақстан мен ШҰАА инфрақұрылым секторын жөндеуге және құруға мүмкіндік беретін жобаларда бірлесіп қатыса алады. Қытай өз жақтан капитал, жабдықтар мен технологилармен қамтамасыз ете алады.
Құрылыс саласы. Перспективті құрылыс саласында ынтымақтастықты жүзеге асыруда, Қытай Қазақстанды құрылыс материалдарымен қамтамасыз ете алады.
Тау-кен металлургия саласы. Қазақстандағы бағалы металл ресурстарының қолжетімділігі мен Қытайдың шикізаттың осы түріне сұранысына байланысты, ынтымақтастықтың осы саласы үлкен әлеуетке ие. Бұл ынтымақтастықтың ең перспективті түрі ретінде, қазақстандық инвестициялары мен ресурстары негізінде жұмыс жасайтын ШҰАА-дағы металлургиялық зауытын құру мүмкіндігін көруге болады. Және осылайша Қазақстандық кәсіпорындары өз өнімін Қытай нарығына тікелей апаруы мүмкін.
Энергетикалық сала. Шыңжан- Қытайды энергетика және мұнай-химия өнеркәсібімен жабдықтайтын негізгі базасына айналып келе жатыр. Қазақстанның энергетикалық мүдделерін ескере отырып, және де қайталама мұнай өнімдерін өндіру үшін ынтымақтастықтың кеңеюін назарға алып, екі ел болашақта бірлескен тиімді жобаларда белсенді қатысуы тиіс.
Энергетика саласындағы Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы екі ел арасындағы стартегиялық әріптестігін нығайтуға септігін тигізіп, Қытайдың энергетикалық қауіпсіздік және Қазақстанның мұнай секторларының әртараптандыруының мүдделеріне жауапты.
Электро-машина жабдықтарға кіретін электро-техника, ірі машиалар экспорты және т.б. екіжақты ынтымақтастықты дамытуға көмектесетін тағы бір перспективті сала болып табылады.
Соңғы жылдары Қытайдың электро-механикалық жабдықтарының экспорты тез арада өсуі байқалды. Осы экспорттың көбісі Шыңжаннан Орталық Азия және т.б. елдеріне шығарылады. Осыған байланысты, Қазақстан мен басқа елдерде осындай қытайлық жабдықтарды жасайтын зауыттарды құруға мүмкіндік бар.
Ауыл шаруашылығы саласы. Ауыл шаруашылықтың дамуы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тағы сондай сияқты, екіжақты ынтымақстастықты дамыту үшін үлкен әлеуеті бар. Бірақ осы салада Қазақстан мен Қытай ШҰАА арасындығы ынтымақтастық ерекше саясат түріндегі мемелкеттік қолдауды қажет етеді [16].
Сонымен, Қазақстан Қытайдың Орталық Азиядағы маңызды стратегиялық әріптесі болып келеді. Соңғы жылдары екі елдің сауда-экономикалық ынтымақстықтың деңгейі айтарлықтай өсті. Алайда, Қазақстан мен Қытайдың экономикалық ынтымақтастығының ұлғаюына әлі де көп қадамдар жасау қажет. Сондықтан Қазақстан мен ШҰАА және Қытайдың арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың кеңеюі маңызды болып табылады.
Қорытынды:
-Қазақстан мен Шыңжан арасындағы халықаралық еңбек бөлінісі шеңберінде ұлттық экономиканың перспективті секторларын анықтап шықтық.
-Жұмыс екі ел үшін артықшылықтарын және осы негізде құрылған өзара тиімді қарым-қатынасқа қатысты әрбір талданған өнеркәсіпті көрсетеді.
