- •Алматы, 2017 аңдатпа
- •Мазмұны
- •1 Қазақстан-қытай арасындағы экономикалық аймақтық ынымақтастықтың қалыптасуы мен дамуы
- •1.1 Екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың халықаралық-құқықтық негізі
- •1.2 Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары
- •1.3 Аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың түрлері
- •2 Шекарааралық ынтымақтастықтың қазіргі кездегі жағдайының анализі
- •2.1 Қазақстан мен қхр шұаа арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық
- •2.2 Екіжақты қатынастардың өзара тиімді ынтымықтастығының басым бағыттары
- •2.3 Қазақстан-қхр шұаа екіжақты ынтымақтастығының даму мәселелері
- •3 Шекарааралық ынтымақтастық дамуының стратегиялық бағыттары
- •3.1 «Қорғас – экономикалық аумақ» жобасының дамуы
- •3.2 «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» – ең ірі транспорттық дәліз ретінде
- •3.3 Қазақстан-Қытай екіжақты қатынастарындағы «Қорғас» шмыхқ қызметінің проблемалары мен перспективалары
- •Қорытынды
3 Шекарааралық ынтымақтастық дамуының стратегиялық бағыттары
3.1 «Қорғас – экономикалық аумақ» жобасының дамуы
Қазақстанның ДСҰ кіруіне байланысты халықаралық сауда жүйесі мен халықаралық көліктік-логистикалық бизнеске қосылу үшін әлеуеті зор. Қарқынды дамып отырған «Қорғас» ШМЫХҚ еркін саудасының шекара маңы Орталық Азиядағы ең маңызды жобалардың бірі болып табылады, өйткені «Шығыс-Батыс» бағыты бойынша Қазақстан Республикасы мен Алматы облысының транзиттік әлеуетін ғана дамыту үшін емес, туризм, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы MICE жүйесін енгізу, халықаралық деңгейде, соның ішінде үшінші елдер мен ҮЕҰ қатысуымен түрлі іс-шараларды ұйымдастыру (көрмелер, форумдар, симпозиумдар, құрылтайлар, фестивалдер, ат-спорттық іс-шаралар, БҰҰ, ЮНЕСКО айқындаған халықаралық кәсіптік күндер мен айтулы даталарды атап өту) үшін де жағдай жасайды. «Қорғас» ШМЫХҚ құру Алматы облысындағы экономиканың қарқынды дамуына, көліктік, инженерлік және туристік инфрақұрылымды дамытуға және жетілдіруге, жүк айналымының артуына, жаңа еңбек орындарының пайда болуына, тұрғылықты халықтың тіршілік деңгейінің жақсаруына себептеспек. Орталық аумағында тауарларды, технологиялар мен қаржыны орналастырудың ерекше жағдайлары инвестиция тарту үшін қолайлы климат қалыптастырады.
Алматы облысы Қазақстанның ірі облыстарының бірі. Аумағының алаңы 223,9 мың шаршы км., онда 777 елді мекен орналастырылған. Халқы 103 ұлт пен ұлысты құрайды.
Географиялық тұрғыдан, облыс Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан, оның көп бөлігі Қытай Халық Республикасымен шекаралас. Алматы облысының Қытаймен шекарасының жалпы ұзындығы 1460 км құрайды.
Экономикалық тұрғыдан, Алматы облысы өндірістік-экономикалық әлеуеті елеулі айқын аграрлық-индустриялық өңірлерге жатады.
Алматы облысын дамыту бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша позитивті жақтарының бірі шекара маңы саудасы орталықтарының көліктік маршруттарын, көліктік-логистикалық қызметтері мен инфрақұрылымын дамыту жолымен халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың маңызды аймақтары ретінде өңірдің транзиттік әлеуетін дамыту және шекара маңы аумақтарының рөлін күшейту болып табылады.
Қазақстанда мемлекеттің жарғылық капиталға толық қатысуымен «Қорғас» ШМЫХҚ» АҚ құрылған.
«Қорғас» ШМЫХҚ-ның құрылу тарихы 2002 жылдың 22-25 желтоқсанында Қазақстан Республикасының елбасының Қытайға мемлекеттік сапары кезінде бастау алған. 2003 жылдың 31 наурызында Үкімет Қаулысымен мемлекеттік сапар барысында қол жеткізілген келісімдер мен уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды.
Мұндай іс-шаралардың бірі «шекара маңы ынтымақтастығы саласында қазақстан тарабынан жасалған ұсыныстарды жүзеге асыру және кейін Қытай Халық Республикасымен шекара маңы Аймағын ұйымдастыру ықтималдығымен Алматы облысы Панфилов ауданы «Қорғас» учаскесінде шекара маңы орталығын құру» деп аталатын 4-тармағы болды.
Шамамен екі жылдан соң Құлжа қаласында (ҚХР Синьцзян-Ұйғыр дербес ауданы) Қазақстан мен Қытай Үкіметтері арасында «Қорғас» ШМЫХҚ құру туралы шектелмелі келісімге қол қойылды, осылайша іске аспайтын және орындалмайтын деген көптеген күмән туғызған Президенттің бастамасы керісінше болып шықты.
«Қорғас» ШМЫХҚ қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында 2005 жылдың 4 шілдесінде ҚХР Өкілі Ху Цзиньтаоның ресми сапары аясында «Қорғас» ШМЫХҚ қызметін реттеу туралы келісімге қол қойылды.
Қоғам қызметінің негізгі мәні ретінде «Қорғас» ШМЫХҚ қазақстандық бөлігінің инфрақұрылымын жасау, дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қазақстандық бөлікте Келісім баяндалған қызмет түрлерін жүзеге асыруда әлеуеттік инвесторларды тарту.
2011 жылдың 1 шілдесінде Қоғамның мемлекеттік акциялар пакеті «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ сенімгерлік басқаруға тапсырылды, 2015 жылдың 11 желтоқсанында акциялар «KTZ Express» АҚ-ға сенімгерлік басқаруға тапсырылды.
«Қорғас» ШМЫХҚ жалпы алаңы 560 га құрайтын және мемлекеттік шекара арқылы өтетін «Арнаулы өткелмен» жалғанған екі елдің шекара маңындағы іргелес аумақтарда орналасқан қазақстандық және қытайлық бөліктерден тұратын сауда, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық кешені ретінде сипатталады [17].
Осылайша, Қазақстан мен Қытай әлемде ұқсасы жоқ жаңа үлгідегі сауда-экономикалық ынтымақтастығының трансшекаралық аймағының құрылуына игі бастама жасады. Жобаның бірегейлігі Орталық аумақтары шегінде адамдардың, тауарлардың (жүктердің) және көлік құралдарының визасыз, еркін өте алуында.
2011 жылдың 2 желтоқсанында «Қорғас» ШМЫХҚ ресми ашылу салтанаты өтті, 2012 жылдың 18 сәуірінен бастап 10 сағатта «Қорғас» ШМЫХҚ алғашқы туристерді қабылдай бастады.
2014 жылдың 14 желтоқсанында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянның мемлекеттік сапары кезінде «Қорғас» ШМЫХҚ қызметін реттеу туралы келісімге өгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылды, осы Хаттамамен Орталықтың қазақстандық бөлігін 217 га-ға үлкейту бекітіледі, «Қорғас» ШМЫХҚ-ға бару үшін сағат белдеуі айырмашылығы ескеріле отырып, жұмыс режімі келісілді, жеке куәлікті ата-анасының біреуінің алып жүруімен баланың туу туралы төлқұжаты ретінде де, куәлігі ретінде де тең дәрежеде пайдалана отырып, Қазақстан азаматтарына мүмкіндік беру, бұл қазақстандық бөлік үшін үлкен жетістік және бір елдің азаматы ішкі құжатты пайдалана отырып, басқа елдің аумағына визаны ресімдемей кірген кезде әлемдік практикадағы бірегей үлгі боларлық жағдай болып табылады.
Қазіргі уақытта тараптар күшіне енгізуге қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтады. Жақын арада өзгерістер толық күшіне енеді. Осылайша, «Қорғас» ШМЫХҚ аясында сауда-экономикалық, мәдени, гуманитарлық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша Қазақстан мен Қытайдың атқарған үлкен жұмысы ресімделеді.
Виза ресімдеудің және аумақта 30 күн бойы болудың қажет болмауы «Қорғас» ШМЫХҚ» АҚ өткізетін іс-шаралары қазақстандық тараптан туристер ағымының артуына себепші болды. Статистикаға сүйенер болсақ, қазақстандық пен қытайлық тараптардан «Қорғас» ШМЫХҚ-ға 2013 жылы – 650 мыңнан астам адам барған, 2014 жылы 1,9 млн адам, 2015 жылы – 2,5 млн. жуық адам барған [18]. 2016 жылдың қаңтар-мамырына Орталыққа 1 миллиондай адам барып үлгерген. 2018 жылға қарай біз бұл сан алты миллионға жетеді деп күтіп отырмыз. Бұл шекара маңы туризмі үшін өте үлкен перспективалар, бұған қоса барып қайту динамикасы өсіп жатыр.
2015 жылы «Қорғас» ШМЫХҚ» АҚ Бас құрылыс жоспарын түзеу және Орталықтың даму концепциясын өзгерту бойынша жұмыс жүргізді. Негізгі назар халықаралық сауданы, іскерлік ынтымақтастықты, ойын-сауық инфрақұрылымымен мәдени және ғылыми алмасуды дамытуға аударылып отыр.
Жаңа Бас жоспарға сай «Қорғас» ШМЫХҚ» АҚ мыналарды қарастырды:
-сауда орындарын (бұл көпфункционалды сауда үйлері мен орталықтары);
-мәдени алмасу орындары (концерт залы, мұражайлар және қолөнершілер қаласы);
-білім және ғылыми қызмет орындары (қазақстан-қытай университеті);
-ойын-сауық және спорттық-сауықтыру инфрақұрылымы бар демалыс орындары (жабық ойын-сауық паркі, сауықтыру кешені, стадион, көпфункционалды ойын-сауық орталығы);
-халықаралық іскерлік ынтымақтастық орындары (конгресс-холл, бизнес орталықтар).
Бүгінде 56 инвестициялық объектінің жалпы құны 255 млрд. теңгені құрайтын 30-ы бөлістірілді. 3 инвестициялық объект бойынша құрылыс аяқталды.
27 инвестициялық объект бойынша құрылыс басталып кетті. Алғашқы инвестициялық объектілер 2016 жылы пайдалануға берілетін болады [19].
Сонымен қатар, биыл Қоғам Панфилов ауданының Әкімдігімен жер телімін жалдау шартын тікелей жасасуды және Шарттардың талаптарын өзгертуді қарастыратын инвестор компанияларды айқындау жөніндегі жаңа қағидаларды айқындаған.
Бүгінде инвесторлар үшін инвестициялық объектілерде жұмысты іске асыру үшін БӨБ тәулік бойғы жұмыс режімі мәселесі шешілген.
Сондай-ақ қазақстандық тараппен қолайлы инвестициялық климатты жасау үшін мыналар бойынша іс-шаралар өткізіледі:
1. Ерекше экономикалық аймақ – «Қорғас» ШМЫХҚ туралы» Қазақстан Республикасы Заңын (бұдан әрі – Заң) әзірлеп, қабылдау. Заңның күшіне енуі 2017 жылдың қаңтарында деп күтілуде.
Заң жобасында қарастырылған негізгі жеңілдіктер мен артықшылықтар:
-жер салығынан босату;
-жер телімін пайдаланғаны үшін ақы төлеуден босату;
-ЖСҚ сәйкес инфрақұрылымдық және инвестициялық объектілерді салу және пайдалануға беру кезіндегі корпоративтік салықтан босату;
-визалар мен визаларды алмай, еңбек қызметін жүзеге асыру мүмкіндігі;
-Орталықта жұмыс істейтін адамдардың кіріп-шығуы үшін жеңілдетілген тәртіп;
-резиденттер, сондай-ақ «Қорғас» ШМЫХҚ аумағында жасалатын және оларды жасау кезінде орындалатын мәмілелер бойынша резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы жеңілдетілген есеп айырысу тетігі.
2. «Қорғас» ШМЫХҚ қазақстандық бөлігінде бақылау-өткізу бекетін құру туралы» 2012 жылғы 8 маусымдағы № 762 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізу.
Бұл өзгерістер «Қорғас» ШМЫХҚ» БӨБ-да кедендік транзит кедендік рәсімінен басқа барлық кедендік рәсімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Саяси құрамбөліктің қолайлылығын, жайлы инвестициялық климатты, жобаның стратегиялық орналасу орнын ескере отырып, «Қорғас» ШМЫХҚ құру тұтас өңірдің дамуына қуатты серпіліс бере алатын экономиканың шикізаттық емес секторындағы жедел жоба болып табылады деуге болады.
Қорыта айтқанда, «Қорғас» ШМЫХҚ» - бұл бірегей, әлемде теңдесі жоқ, Қазақстан мен Қытай бірлескен жоба. Қазіргі уақытта «Қорғас» ШМЫХҚ» жақсы дамуда, сондай-ақ екі ел халқына арналған жобада тұрған бірнеше проекттер бар. Мысалы: денсаулық саласына, гуманитарлық-ғылыми бағытта және де мәдени өнер сферасында да көптеген ғимараттар салынуда.
