Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмм дріс.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Ассур группасы және олардың классификациясы.

Кинематикалық тізбек, оны барлық бос кинематикалық жұп элементтерімен стойкаға қосқаннан кейін қозғалысы нольге тең болатын болса, онда Ассур группасы деп аталады. Сонымен, .

Ассур группасының құрамына тек қана 5-ші классты кинематикалық жұптар кіреді, сондықтан, Чебышёв формуласына сәйкес:

Осыдан келесі теңдікті алуға болады: , немесе , бұл Ас-сур группасының болу шарты. Жоғарыда көрсетілген қаынастарға сәйкес Ассур группасындағы звенолар мен кинематикалық жұптарға сәйкес таблица құрамыз:

2

4

6

…

3

6

9

…

Ассур группасы класспен ретке бөлінеді.

Группаның классы группа құрамындағы ең күрделі тұйық контурдың классы-на сәйкес анықталады:

II класс III класс IV класс V класс

Контурдағы III классты кинематикалық жұп, ешқандай контур құрмай бір түзу-дің бойында орналасуы да мүмкін, бірақ бұл жағдайда контур III классты болып саналады. Ассур группасының реті, Ассур группасы бөтен звено-ларға жалғану мүмкіндігі бар кинематикалық жұптың бос элементтерінің санымен анықталады.

Осы группалар бар Ассур группасы мен и механизмге мысал:

а) II классты, 2-ші ретті Ассур группасы; б) 1-ші түрдегі төрт шарнирлі механизм

II классты группа, ілгерлемелі және айналмалы кинематикалық жұптың саны мен орналасуына қарай түрлерге (модификация) бөлінеді. Жоғарыда көрсе-тілген Ассур группасы бірінші түрге жатады. Егер группаның шеткі бір элемен-тінің айналмалы жұбын ілгерлемелі жұппен алмастырсақ, онда екінші түрдегі группаны аламыз. Егер ортадағы айналмалы жұбты ілгерлемелі жұппен алмас-тырсақ, онда екінші түрдегі Ассур группасын аламыз.

а) II классты, 2-ші ретті, 2-ші түрдегі Ассур группасы; б) кривошипті-сырғытпалы механизм; в) II классты, 2-ші ретті, 3-ші түрдегі Ассур группасы; г) кривошипті-кулисті механизм; д) III классты, 3-ші ретті Ассур группасы; е) IV классты классты Ассур группасы

Механизмнің классификациясы. Механизмнің құрылым формуласы.

Ассур группасымен қатар, механизм де класстарға бөлінеді. Механизмнің құ-рамында бірнеше Ассур группасы болуы мүмкін, бірақ механизмге сол Ассур группаларының ең үлкен классы беріледі.

Механизмнің құрылым формуласында Ассур группасының бір бірімен және бастапқы механизммен қосылу реті көрсетіледі. Мысал ретінде кинематика-лық схемаларына сәйкес екі құрылым формуласын келтіреміз:

Бір жетекші звеносы бар Екі жетекші звеносы бар

Бұл формуланың алымында звенолардың номері қойылған, ал бөлімінде –Ассур группасының классы мен реті көрсетілген. Бастапқы механизм бірінші классты механизм болып саналады. Стрелка бастапқы механизмнен звено-ларға қозғалысты беру бағытын көрсетеді. Қабылданған механизмнің класси-фикациясына сәйкес, келтірілген бірінші формула үшінші классты механизм-ге, ал екінші – төртінші классы механизмге жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]