Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмм дріс.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1.4. Жазық механизмдегі жоғарғы жұпты алмастыру.

Механизмнің структуралық анализін орындаған кезде, оның құрамында жо-ғарғы жұп болса, онда оны төменгі жұппен алмастыру керек. Ол үшін келесі шарттарды орындау қажет:

1) жоғарғы жұп алмастырылатын кинематикалық тізбектегі звеноның салыс-тырмалы қозғалысына қойылған байланыстар саны өзгеріссіз қалуы керек.

2) жоғарғы жұптың лездік салыстырмалы қозғалысы сақталу керек.

Бірінші шартты орындау үшін, бір жоғарғы жұпта бір байланыс шарты болады, сондықтан алмастырылытын кинематикалық тізбек те бір байланыс шартын қоюы керек. Осыдан келесі теңдеу шығады:

, осыдан:

Бұл звенолар саны мен алмастырушы кинематикалық тізбектегі жұптың саны арасындағы байланысты көрсететін таблицаны алуға мүмкіндік береді:

1

3

…

2

5

…

Сонымен, қарапайым жағдайда жоғарғы жұпты алмастыру үшін бір қосымша звено мен екі 5-ші классты жұп керек.

1.7-ші сурет

Екінші шартты орындау үшін келесі әдісті қолдану керек:

1) жоғарғы жұптың элементтерінің түйісу нүктесінен нормаль жүргізе-міз (1.7-ші сурет).

2) нормаль бойынан 1-ші элементтің қисықтық центрінің орнын жә-не 2-ші элементтің қисықтық центрінің орнын анықтаймыз.

3) осы центрлерде төменгі жұпты (5-ші классты) орналастырамыз, ал олар-дың арасына шартты алмастырушы звеноны орналастырамыз.

Егер жоғарғы жұптың звеносының бір жұбы түйісу зонасында түзу сызық формасында болса, онда бұл жердегі 5-ші классты жұп ілгерлемелі болуы керек.

1.5. Артық (қайталанатын) байланыс және механизмдегі жергілікті қозғалыс.

Механизмдегі қозғалысты өзгерту заңына әсер ететін қозғалыс пен байла-ныс шарттарымен қатар механизмде бұл заңдарға әсер етпейтін қозғалыс пен байланыс шарттары болады. Бұндай байланысты артық, ал қозғалысты – жергілікті қозғалыс, немесе еркіндік қозғалу мүмкіндігінің артық дәрежесі деп атайды. Бір артық байланыс есептік қозғалысты бірге азайтады, ал бір жергілікті қозғалыс бірге арттырады.

1.8-ші суретте қарама қарсы жақтары тең (атауы осыған байланысты) шар-нирлі параллелограмм механизмі көрсетілген. Бұл механизмнің есептік мүм-кіндік қозғалу дәрежесі:

Бұл звеноларда қозғалыс жоқ, яғни бұл механизм емес, ферма болып сана-лады. Бұл жерде звенолардың қозғалысы, мысалға 1-ші звено жетекші болған жағдайда болады, яғни нақты қозғалыс:

2 және 4-ші звено бір функцияны атқарады, 3-ші звеноға қозғалысты береді. Структура тұрғысынан қарасақ, бұл звенолардың бірін (мысалы, 4-ші звено) артық байланыс деп есептеуге болады.

1.8-ші сурет 1.9-шы сурет

Егер жұдырықшалы механизмнің қозғалу мүмкіндігін есептесек (1.9-шы сурет), онда , яғни бұл механизмде екі жетекші звено болуы керек, бұл мүмкін емес, себебі .

Бұл жағдайда жергілікті қозғалыс болып роликтің 2 итергішке 3 қатысты айналуы саналады. Бұл қозғалыс механизмдегі қозғалысты өзгертуге қатыс-пайтын болғандықтан, ол еркіндік қозғалу мүмкіндігінің артық дәрежесі болып саналады. Мұнда бұл қозғалыс сырғымалы үйкелісті жылжымалы үйкеліске алмастыру үшін қажет.

Механизмнің структуралық анализін жасаған кезде артық байланыс пен жергілікті қозғалыстар алынып тасталуы керек.

Бақылау сұрақтары:

1. машина, механизм дегеніміз не, олардың айырмашылығы?

2. механизмнің звеносы дегеніміз не?

3. кинематикалық жұп дегеніміз не?

4. жазық кинематикалық жұптың классификациясы?

5. кинематикалық тізбек дегеніміз не?

6. жазық механизмнің қозғалу мүмкіндігі қалай есептеледі?

7. механизмнің қозғалу мүмкіндігінің физикалық мағанасы?

8. артық байланыс дегеніміз не?

9. жергілікті қозғалу мүмкіндігі (еркіндіктің артық дәрежесі) дегеніміз не?

10. Л.В. Ассурдың механизмді құру структурасының принципі?

11. бастапқы механизм дегеніміз не?

12. Ассур группасы дегеніміз не, Ассур группасының классификациясы?

13. механизмнің құрылым формуласы дегеніміз не?

14. механизмнің классификациясы?

15. жоғарғы кинематикалық жұпты төменгімен қалай алмастырады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]