- •Қ.О.Бітібаева қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы
- •Isbn 978 – 601 – 7314 – 26 – 2
- •Isbn 978 – 601 – 7314 – 26 – 2 – (1-кітап)
- •Isbn 978 – 601 – 7314 – 25 – 5
- •I тарау Нәтижеге бағытталған білім беру және әдебиет пәнін оқытудың өзекті мәселелері
- •Әдебиетті оқыту – ғылым, шығармашылық үдерісті оқыту әдістері
- •Әдебиет сабақтарында әдіс-тәсілдерді, оқыту технологияларын таңдау жолдары
- •Көркем шығарманы оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру
- •Көркем шығармаларды оқып-үйренудің әдіс-тәсілдері
- •Іі тарау. Көркем мәтінді оқу жұмыстарын ұйымдастыру
- •Автор ізімен талдау, оның негізгі мақсаттары
- •Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау жолдары
- •Әдеби шығармаларды проблемалық талдау жолдары
- •Абай-Құнанбай (Әмір – Үмітей оқиғасына байланысты)
- •«Абай жолындағы» абай бейнесін проблемалап оқыту
- •Эпикалық шығармаларды оқыту
- •М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопесын оқыту
- •Абай, феодалдық қоғам және құнанбайлар
- •М.Әуезов. «Абай жолы», 2-кітап:
- •Абай бейнесі (3-4 кітаптар бойынша)
- •Әңгіме жанрын оқыту
- •«Кек жолында»
- •Мысал жанрын оқыту
- •Ертегілерді оқыту
- •Мұғалім баяндауының үлгі-жоспары. Әдіс-тәсілдер
- •Публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрды оқыту
- •Хаттарды оқытудың негізгі ерекшеліктері
- •Шоқанның демократтық көзқарасы Дәйекті пікір дәлелдеме
- •Батырлар жырларын, лиро-эпикалық жырларды оқыту
- •«Құлагер» поэмасы. Сюжеті, композициясы, поэтикалық компоненттері
- •Поэманы талдауға қойылатын сұрақтар жүйесі
- •Драмалық шығармаларды оқыту
- •М.О.Әуезов-драматург,аудармашы
- •Ііі тарау ақын- жазушылардың өмірбаянын, шығармашылық жолын оқыту жазушы өмірбаянын
- •Сәкен Сейфуллин (үзінді)
- •С. Мұқанов, ә.Марғұлан еңбектері
- •Шолу тақырыптарын оқыту
- •XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті
- •Әдеби сын-зерттеу еңбектерін оқыту
- •Тапсырма мына үлгіде орындалады:
- •Абайдың уытты сатирасы
- •Әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту
- •Әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру жолдары
- •Үй тапсырмасын беру және бала білімін есепке алу жолдары
- •Үй тапсырмаларының түрлері
- •М.Әуезов. «Абай жолы», 1-кітап
- •Әбіш – Абай
- •Оқушыларды тіл мәдениетіне, ауызша және жазбаша тіл шеберлігіне баулу
- •Сабақ үлгілері мен түрлерінде тіл дамыту, сөйлеу мәдениетіне баулу жолдары
- •Ы.Алтынсарин: Үсенге мінездеме(ауызша)
- •Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
- •Бақтығұлдың тағдыры (м. Әуезов. «Қараш-Қараш оқиғасы», 8-сынып)
- •М.Әуезов. «Қараш-Қараш оқиғасы»
- •Шығарма, оған қойылатын талаптар, шығарманың негізгі түрлері
- •Шығарма жазуда басшылыққа ал:
- •Оқушыларды шығарма жазуға даярлау
- •Әдебиет сабағындағы көрнекілік
- •Көрнекілік түрлері
- •Көрнекіліктерді пайдаланудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері
- •М.Әуезов. «Абай жолы». Әйелдер бейнесі
- •Абай бейнесі. 1-кітап
- •IV тарау сыныптан тыс жұмыстар сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, маңызы
- •Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
- •Ақын-жазушыларға байланысты мынадай кештер өткізуге болады:
- •Әдеби конференциялар
- •Сыныптан тыс оқулар
- •Сыныптан тыс оқу сабақтары
- •Төменде сабақтан тыс уақытта оқуды қалай ұйымдастыруға болады, соның үлгісі ұсынылып отыр
- •Сабақтан тыс уақытта шетел әдебиетімен таныстыру
- •Әдебиетті тереңдетіп оқыту мәселелері
- •Абай «Жаз»
- •Сабақ үлгілері мен түрлері
- •Әдебиет пәнінің маңызы мен негізгі міндеттері. Абайдың табиғат лирикасы.
- •Абайдың суреткepлік шебеpлігі
- •Абай, әбіш және толық адам
- •Конструкторлық жoбалау технологиясы
- •Vііі шумақ
- •Vіі шумақ
- •«Сегіз аяқ» үлкен бір белдей әрі мол, әрі бір жағынан көркем, келісті шыққан, зор шығарма.
- •Дебат үлгісіндегі тапсырма
- •Жоба, Үлгісі:
- •А. Құнанбаев. Қара сөздер
- •Мемуарлық құжаттармен орындалатын іздендіру тапсырмалары
- •Өзіңді-өзің таны, өз біліміңді өзің сарала
- •Сауалнама-интревью
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
- •Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы
Эпикалық шығармаларды оқыту
Эпикалық шығармаларға әңгіме, роман, эпопея, мысал, хикаят (повесть) жатады. Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшіліктері - олардың негізгі бір мазмұнға құрылуы, сюжет, композициясы, тақырыбы, көркем бейнелері, яғни көркем компоненттерінің барлығы. Сондықтан оларды талдау барысында, ең алдымен, әдебиет теориясынан білім беріледі. Мысалы, «Әңгіме жанры деген не? Оның хикаяттан немесе романнан айырмашылығы не?» дегендей. Әдеби-теориялық білім бастауыш ұғымнан бастап, сынып жоғарылған сайын, оқушылардың жас ерекшіліктеріне байланысты күрделене түсуі керек. Эпикалық шығармаларды оқытуда, талдауда міндетті түрде мына мәселелер басшылыққа алынады:
Көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы, проблематикасы.
Көркем образдары, образдар галереясы.
Автор - көркем туындыны жасаушы, көркем туындыны жазушы. Автор және көркем туынды.
Көркем шығарманы талдау оны оқудан басталады. Көркем туындыны толық оқымай, мазмұнын жетік меңгермей тұрып, оны талдау мүмкін емес. Әңгіме, мысал сияқты шағын жанрларды талдау (барлық көркем компоненттерін қосып) роман, эпопеяларға қарағанда әрі қолайлы, әрі жеңіл болады. Әңгіме мен мысалды талдауда мұғалімнің олардың көркем табиғатын таныту, барлық бітім-болмысын сөз етуге мүмкіндігі мол. Ал роман, эпопеяны бағдарламада көрсетілген аздаған сағаттарда толық дәрежесінде талдау мүмкін емес. Сондықтан, әсіресе, осындай көлемді шығармаларды оқыту үшін, мұғалім айрықша еңбектенеді. Ең бастысы, қандай мәселелерге көңіл бөлу керек, талдаудың қай түрі тиімді, қандай әдіс-тәсілдер нәтижелі болмақ, міне, осы мәселелерге мұғалім ерекше назар аударады. Оқушылар роман, повестерді оқи отырып, автормен «кезігеді», онымен іштей сырласады, олар авторды да, оның туындыларын да өз пікірі, эмоциясы, дүниетанымы арқылы
80
қабылдайды, ал мұғалім мақсаты-сол алғашқы, өзіндік қабылдауларды ғылыми негізге бағыттау, дұрыс бағыт-бағдар беру болып табылады. Көлемді шығармаларды талдауда да мұғалім көркем мәтінмен жұмысқа ерекше ден қоюы керек. Әрі оны тұтастай қарастыруды ойластырғаны жөн (мазмұн мен форма бірлігін сақтай). Эпикалық шығармаларды талдау әр буында өзіндік ерекшіліктерімен даралана талданады (сыныбыны, жасына қарай). Мысалы6 бастауыш буында (5-7) сюжеті, композициясы, кейіпкерлеріне назар аударылса, 8-9-сыныптарда ол тереңдетей түседі, авторлық тұрғыға, оның негізінде жатқан проблематикаға көңіл бөлінеді, ал жоғары сыныптарда әдебиеттану ғылымының басты талаптарымен талдау, әдеби-теориялық негіде тереңірек талдау жүзеге асуы тиіс.
Көркем туындының сюжеті, композициясы
Эпизодтармен жұмыста мына мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек:
Қай буында болсын, оқушылар өздері оқыған шығармалардың мазмұнына, оқиғасына ерекше көңіл бөледі. Ал оқиғалар бір-бірінен туындап жатады, жалғасып жатады, оқиғанының басталуы, дамуы, шарттары, шешімдері бар. Олардың барлығы оқиға құрылысына жатады. Талдауда ең алдымен оқиға, композиция назарға алынады. Солар арқылы кейіпкерлер іс-әрекеті, характері ашылады, шығарма негізіндегі авторлық ой да көрінеді. Талдаудың бұл түрінде мұғалім ең басты эпизодтар, оқиғаларға көңіл бөледі, соны бөліп алады, оқушыларға мазмұндатады, мәнерлеп оқи отырып, әрі түсіндірмелі әдіспен өзіндегі ой, жазушыпозициясы, тақырып беріледі. Оқушы әр кейіпкер негізінде үлкен бір ой жататынын білуі керек. Образға талдау әр буында, әр жағынан қарастырылады. Мысалы, 5-6 сыныптар оқушылары әдеби кейіпкерден гөрі, Барлас пен Байкөкшені, немесе, Қарашоқыны сол қалпында өмірде болған адам деп қабылдайды. Олар үшін әдеби кейіпкер жоқ, оның есесіне тірі адам, өмірде болған адам ғана бар. Талдау барысында, сынып
81
жоғарылаған сайын, олардың әдеби кейіпкер туралы түсінігі қалыптасады, оларға сын көзбен қарауы, олардың негізінде жатқан авторлық ойға көз жүгіртулері басталады. Мұғалім де кейіпкер іс-әрекетін түсіндіру үшін, әр түрлі сұрақтар қояды.Бір кейіпкер мен екінші кейіпкерді салыстыру жұмыстарын жүргізеді, әр кейіпкерге деген автор көзқарасын, қарым-қатынасын анықтау мақсатында әдіс-тәсілдер пайдаланады. Мысалы: Сәлмен мен Жарасбайдың қайсысы Бақтығұл тғдырында ерекше орын алады? Немесе Сәлмен мен Жарасбайдың қайсысы қатал, әділетсіз, ұнамсыз? («Қараш-Қараш оқиғасы»), «Бақтығұл саған ұнай ма? Ұнамаса, қандай жоғарылаған сайын, олардың әдеби кейіпкер туралы түсінігі қалыптасады, оларға сын көзбен қарауы, олардың негізінде жатқан авторлық ойға көз жүгіртулері басталады. Мұғалім де кейіпкер іс-әрекетін түсіндіру үшін, әр түрлі сұрақтар қояды.Бір кейіпкер мен екінші кейіпкерді салыстыру жұмыстарын жүргізеді, әр кейіпкерге деген автор көзқарасын, қарым-қатынасын анықтау мақсатында әдіс-тәсілдер пайдаланады. Мысалы: Сәлмен мен Жарасбайдың қайсысы Бақтығұл тғдырында ерекше орын алады? Немесе Сәлмен мен Жарасбайдың қайсысы қатал, әділетсіз, ұнамсыз? («Қараш-Қараш оқиғасы»), «Бақтығұл саған ұнай ма? Ұнамаса, қандай мінезі, іс-әрекетін айтар едің?» тәрізді сұрақтар осы буындағы оқушыларды образ табиғатын түсінуге, өз пікірлерін айта білуге жетелейді. Жоғары сыныптарда көлемді эпикалық шығармалар оқытылады. Ескертіп кеткеніміздей, роман, эпопеяларда бірнеше образдар, яғни образдар галереясы беріледі. Оның барлығын талдап біту мүмкін емес, сондықтан ең негізгі кейіпкерлерді талдау нысанаға алынады. Сондай-ақ кейіпкерлерді іс-әрекеті, шығармадағы орны, авторлық ойға байланысты топтап, жинақтап талдау да образ талдаудың басты әдіс-тәсілдерінен саналады(төменде мысалдар беріледі). Образ талдауда мәтінді оқи отырып, көркем туындының негізгі оқиғаларына оқушы назарын аудартады. Мысалы, М.Әуезовтің «Әженің әңгімесінде» (5-сынып) мына оқиғаларды сұраптап алуға болады:
Әжесінің ертегісі, әңгімелері халық әдебиетімен жас Абайды таныстырды.
Барлас, Байкөкше ақындар Абай ауылында, аналар үйінде.
Ақындардың Абайға, Абайдың ақындарға деген ыстық ықыласы. Ақындар батасы.
Басты оқиғаларды мазмұндату, оған жоспар жасату сюжет-композициялық талдаудың ең негізгі әдіс-тәсілі болады. Басты оқиғаларды оқушылардың өзін қатыстыра отырып, сұрыптатып алуда мұғалім мынадай сұрақтар қояды. «Балалар, осы әңгімедегі ең басты оқиға деп, қай оқиғаны айтар едіңдер?» немесе «Абайға әсер еткен, оны ерекше толқатқан қай оқиға, соны айт» деген сұрақтар арқылы оқушыларды осындай жұмыстарға жетелеу тиімді
82
болмақ. Ары қарай оқушылар бөліп алған басты оқиғаларды тақтаға немесе дәптерге жазғызып, оған тақырып қойғызып (мұғалім өзі де көмекке келеді), әңгімеге тұтастай жоспар жасатуға болады. Басты эпизодтарды бөліп ала отырып, онымен жасалатын жұмыста мұғалім көркем туындыны мүлде ұмытып кетпейді, қайта сол эпизодты ашып, оны тұтастай қарастыру жолдарын ізденеді. Ең бастысы шығарманы мүше-мүше етіп бөліп тастамай, бірлікте қарастырып отырған дұрыс.
а) Эпикалық шығармаларды образдар бойынша талдау-мектепте ең көп қолданылатын дәстүрлі әдіс. Мұндай талдаудың күрделілігі сол – олардың іс-әрекеті арқылы оқушыларға әдеби-теориялық ұғымдар туралы білім беруге де назар аударылып отырады. Тип, прототип, образ туралы алғашқы ұғымнан бастап сынып жоғарылаған сайын, олардың саны да, түсіндірудің терендегі мен ауқымды да арта түседі.
ә) Эпикалық шығармаларды оқыту, талдау барысында оның негізіндегі авторлық ойға, авторлық көзқарасқа көз жүгірту – басты мәселелердің бірі. Оқушы көркем туындыны оқып отырғанда, авторды ұмытып кетеді (қай сыныпта, қай буында болса да). Оларды, әсіресе, төменгі сыныптарда оқиғалар жүйесі, кейіпкерлер іс-әрекеті қызықтырады. Олар «Бандыны қуған Хамитті» оқып отырып, «Хамит жеңсе екен, бандыны қолға түсірсе екен» деп, толқып отырса, «Көксеректе» қасқырдың іс-әрекетін қызықтап кетеді. Мұғалім төменгі буынның өзінен бастап-ақ көркем туынды негізіндегі авторлық ойға оқушылар назарын аудартып, бұл мәселеде жүйелі жұмыс істеп отыру керек. Авторлық ойды,қай шығарманы алмайық, оңай таба салу мүмкін емес, ол образдардай, олардың іс-әрекетіндей айқын, «мен мұндалап» тұрмайды. Авторлық мақсаты оны «жарыққа шығару». «Жарыққа шығарудың бірнеше жолдары, тиімді әдіс-тәсілдері бар. Кейде егер шығарма бірінші жақтан берілсе немесе әңгімеші арқылы баяндалса, оқушылар оны автордың өзі екен деп қабылдайды. Мысалы, «Шұғаның белгісі» т.с.с. Мұндайда мұғалім әңгімелеуші мен автор бөлек адам екенін бұл тек суреткердің бір стильдік ерекшелігі, тәсілі
83
екенін айтуы керек. Осы көркем шығарманың жазылу мәнері, тілі,құрылысы, суреттеу, баяндау, портреттеу тәсілдері-бәрі-бәрі авторға, оны тануға жол ашады. Мысалы, «Қорғансыздың күніндегі» боран немесе «Көксеректегі» жарық айлы түн сияқты пейзаждардың кейіпкер тағдырларына тікелей әсері бар екенін, сол пейзаждар арқылы М.Әуезов қорғансыздардың тағдырын алдын ала білдірсе, «сүттей жарық айлы түн» Абайдың өмірлік ақ махаббатын бейнелейтінін, т.б. талдау барысында оқушылар түсінеді. Көркем туындыдағы «авторды» таныту-күрделі де маңызды мәселе. Оны тағы қандай жолдармен жүргізуге болады? Оны осы еңбекті, жалғасынан (практикалық бөлімінен)көруге болады.
