Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бітібаева Қ. Қазақ әдібиетін о.ә..docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
559 Кб
Скачать
☆

Сыныптан тыс оқу сабақтары

(5-8 – сыныптар)

Оқу бағдарламасында сыныптан тыс оқылатын әдебиеттер тізімі, әр сыныпқа нақтылы сағаттар саны көрсетілген. Бұған қатып қалған нәрсе деп қарауға болмайды. Мұғалім өз қалауы бойынша ішінара оны өзгертіп, керекті деген шығармаларды өз қалауымен ұсына алады. Мысалы, 5-сыныпта Ыбырайдың «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі оқуға, талдауға ұсынылады. Ол әңгімені оқып болған соң, оның «Бақша ағаштары», «Мейірімді бала», «Талаптың пайдасы», «Әкесі мен баласы» атты әр түрлі тақырыпта жазылған әңгімелерін сыныптан тыс оқу сабағында талқылауға болады. Сыныптан тыс оқуды жоспарлағанда, мына мәселелерді негізге алудың да тиімділігі бар. Мысалы: 5 – сыныпта М. Әуезовтің «Әжемнің әңгімесін» өткеннен кейін, Ана тақырыбына жазылған Ғ. Мүсіреповтің «Ана кесімі айнымайды», «Ананың арашысы» әңгімелерін оқыту дұрыс.

Бағдарламада «Әжемнің әңгімесінен» кейін Ғ. Мүсіреповтің «Жаңа достары» тұр, онда да Қайраттың анасы сөз болады. Жүйелілік, үндестік, байланыс – сыныптан тыс оқу сабақтарына да басшылыққа алатын маңызды оқу принциптері. Тақырып үндестігі

277

ғана емес, жанрын негізге алу да маңызды. Халық ертелігілерінен кейін әдеби ертегілерге орын беру, лирикалық шығармалардан кейін оны жалғасытырып, басқа тақырыптағы басқа автордың лирикалық шығармаларын оқыту – сыныптан тыс оқу сабақтарын ұйымдастырудың келесі мәселерінің бірі.

Сыныптан тыс оқу сабақтарын өту әдістемесіне ерекше назар аудару керек. Оны әдебиеттегі сабақтардан мүмкіндігіне қарай басқаша ойластырып өткізген жөн. Сабақ бойы сұрақ беріп мазалау, талап ету сияқты таптаурын әдістен қашақн жөн.

Әсіресе, 5-8–сыныптарға арналған сабақтан тыс оқу сабақтары қызықты, оқушыларды тартатындай, жалықтырмайтындай болып жоспарлануы, өтуі керек. Бір ізбен өтетін сабақтардан оқушылар жалығады, ал оның зияны ұшан-теңіз, себебі ондай сабақтар баланың кітапқа деген қызығушылығын тежейді, жояды. 5-8-сыныптардағы сабақтан тыс оқудың ең басты мақсаты – оқушылардың кітапқа деген ынтасы, қызығушылығын арттыру, оқырмандар әзірлеу. Концерт сабақ, әдеби ойын сабақтары, жарыс сабағы, жәрмеңке сабақ, композициялық сабақ, сахналық сабақ, сабақ-викторина, саяхат сабағы, «Біздің ертегі кейіпкерлері қонақта» атты кездесу сабағы немесе «Алақай, Тазша баланың ертегісін тыңдаймыз!» атты әңгіме сабақтары, т.б. сабақ түрлері сабақты әлендіріп, балаларды көңілдендіріп жіберетіні сөзсіз.

Неше түрлі безендірме суреттерге (әсіресе, ертегі, мысалдарды оқытқанда) орын беру, музыкаға көңіл қою, түрлі бетперде, сұлбаны пайдаланудың маңызы зор.

278

Төменде сабақтан тыс уақытта оқуды қалай ұйымдастыруға болады, соның үлгісі ұсынылып отыр

(5 - сынып)

(Үлгі-жоспар)

Рет саны

Тақырыбы

Сабақтың типі

1-сабақ

қазан

«Ерте, ерте, ерте екен...» Қазақ ертегілері бойынша әңгімелер (қандай ертегіні таңдап алады, оны мұғалім өзі біледі )

Сахналық көріністегі сабақ

2-сабақ

қараша

«Карлсон бізде қонақта». Әдеби ертегілер соның ішінде балалар арасында көп тараған шетел ертегілері бойынша. Мысалы, Г.Х.Андересонның ертегілері, А.С.Пушкин ертегілері. Ертегіден көрме

Композициялық сабақ-әңгіме сабағы

3-сабақ

желтоқсан

«Әлди, әлди ақ бөпем...» Бесік жыры, ана жыры. М.Жұмабаев «Сал, сал, бөбек, сал, бөбек», М. Дулатов өлеңдері. М. Шаханов «Ана жүрегі» балладасы, т.б. өлеңдерін негізге алу. Мұхтар, Мағжан, Міржақып туралы кіріспе әңгіме. Портреттер, әр жылдары түскен суреттерін пайдалану. Бөбектер туралы кітаптардан көрме.

Концерт-сабақ

4-сабақ

«Туған жер – алтын бесік». Отан, туған жер туралы өлеңдер бойынша өткізіледі. Мұғалім қалауы, мүмкіндігіне қарай, автордың өлеңдері іріктеліп алынады. Мысалы, С. Мәуленов, Ә. Тәжібаев, Қ. Мырзалиев, Қ. Аманжолов, Ғ. Қайырбеков, М. Мақатаев. Ақын порттертерінен суреттік монтаж. Кітап көрмесі.

Жарыс сабағы

1.Мәнерлеп жатқа оқу.

2. Кім көп өлең, мақал-мәтел біледі? Ерлік сабағы

5-сабақ

Шешендік сөздер, көсемдік сөздер. Сырым Датұлы, Қаз дауысты Қазыбек, Әз Жәнібек т.б. Шешендік сөздері бойынша: а) Мұғалім түсінігі. ә) Мәнерлеп оқу. б) Ролге бөліп оқу

279

Инсценировкалы сабақ (жатқа оқу, мәнерлеп оқу, рөлге бөліп оқу)

6-сабақ

«Батыр балалар». В. Гюго – «Гаврош», Қ. Қайсенов «Жау тылындағы бала». Авторлар туралы түсінік. Кітаптар бойынша мұғалім әңгімесі. Оқушылар хабарламасы, пікірлері,Сағыс туралы әндер тыңдау («Қасиетті соғыс», «Марсельеза» Э. Потье). Кітап көрмесі. Балаларға арналған соғыс туралы әңгімелер (мұғалім қалауы бойынша)

Ерлік сабағы

7-сабақ

«Қиял-ғажайыптар елінде». Фантастикалық шығармалар негізінде өту. Жюль Верн шығармалары «Сиқырлы арал», Д. Дефоның «Робинзон Крузосы» бойынша. «Гуливердің саяхатынан» да бір-екі саяхат алуға болады. Безендірме суреттерден көрме.

Саяхат сабағы

8-сабақ

«Ана тілің – арың бұл». С. Торайғыров, Ә. Тәжібаев, Р. Ғамзатов

Викториналы әдеби-монтаж сабағы

8-9-сыныптардағы сабақтан тыс оқулар. Оқу бағдарламасында бқл сыныптарда төңікерістен кейінгі әдебиет үлгілері ұсынылады. Бұл сыныптарда да сабақты түрлендіріп, жандандарып отыру керек. Мұнда да сабақты өтіліп жатқан шығармалармен байланыстыру, тақырып, жанр, өзекті мәселелерге байланысты жүйелі түрде өткізу басшылыққа алынады. Семинар сабақтары, пікірталас сабақтар, реферат қорғау сабақтары сияқты сабақтың маңызды формалары негізге алынуы керек. Сондай-ақ, бұл жоғарғы сыныптарда шетел әдебиетінің озық үлгілерін оқыту, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, әлем, адамзат әдебиетінің асылдарын таныстыру мүмкіндігі мол.

Көркем шығармаларды оқыту ғана емес, әдеби әдістер, дәстүр мен жаңашылдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктер, поэтикалық талдаулар сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді. Кабинетте, кітапханада жоғары сыныптар үшін «Әлем әдебиетінің асылдар», «Адамзаттың Айтматовы», «М. Әуезов әлемді аралап кетті» сияқты көшпелі кітап көрмелерін жасап қоюға болады. Осы кітап көрмесінің әр тақырыбына сабақ өткізу, оны баяндама, пікір, аннотация, дәріс

280

оқу әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асыру тиімді. Мысалы, «Адамзаттың Айтматовы» тақырыбында (бір сабақ емес, бірнеше сабақ болуы мүмкін) конференция, семинар түрінде өткізуге болады.

Мынадай сұрақтар талылауға ұсынылады:

Айтматов... «Адамзаттың Айтматовы», осы бір атаудың мәні. Неге қырғыз Айтматов адамзаттың Айтматовына айналды?

«Бетпе-бет» повесі. Повестің жазылу себебі? Көтерілген адамзаттық мәселелер. Жазушы шеберлігі, қол жеткен табысы неде?

Әлемді дүр сілкіндірген «Жәмила». Жәмиланың әлемді таңғалдыру сыры неде?

«Ақ кеме». Жазушы көрегендігі, абыздығы неде? Повесть неге осылай аталған? Қандай әлемдік мәселелер көтерілген?

Жазушы шығармаларындағы миф, қиял, фольклор үлгілері, ұлттық бояу.

Жазушы еңбектеріндегі экология, мораль, дін, сенім, гуманизм мәселелері.

«Жан пида» романы. Романның осылай аталу себебі? Қалай ойлайсыздар, Шыңғыс неге өз заманы, қоғамынан көш ілгері жүреді, адамзаттың көкейкесті мәселелер. Айтматов әлемінің адамзат әдебиетіндегі орны.

281