- •Қ.О.Бітібаева қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы
- •Isbn 978 – 601 – 7314 – 26 – 2
- •Isbn 978 – 601 – 7314 – 26 – 2 – (1-кітап)
- •Isbn 978 – 601 – 7314 – 25 – 5
- •I тарау Нәтижеге бағытталған білім беру және әдебиет пәнін оқытудың өзекті мәселелері
- •Әдебиетті оқыту – ғылым, шығармашылық үдерісті оқыту әдістері
- •Әдебиет сабақтарында әдіс-тәсілдерді, оқыту технологияларын таңдау жолдары
- •Көркем шығарманы оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру
- •Көркем шығармаларды оқып-үйренудің әдіс-тәсілдері
- •Іі тарау. Көркем мәтінді оқу жұмыстарын ұйымдастыру
- •Автор ізімен талдау, оның негізгі мақсаттары
- •Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау жолдары
- •Әдеби шығармаларды проблемалық талдау жолдары
- •Абай-Құнанбай (Әмір – Үмітей оқиғасына байланысты)
- •«Абай жолындағы» абай бейнесін проблемалап оқыту
- •Эпикалық шығармаларды оқыту
- •М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопесын оқыту
- •Абай, феодалдық қоғам және құнанбайлар
- •М.Әуезов. «Абай жолы», 2-кітап:
- •Абай бейнесі (3-4 кітаптар бойынша)
- •Әңгіме жанрын оқыту
- •«Кек жолында»
- •Мысал жанрын оқыту
- •Ертегілерді оқыту
- •Мұғалім баяндауының үлгі-жоспары. Әдіс-тәсілдер
- •Публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрды оқыту
- •Хаттарды оқытудың негізгі ерекшеліктері
- •Шоқанның демократтық көзқарасы Дәйекті пікір дәлелдеме
- •Батырлар жырларын, лиро-эпикалық жырларды оқыту
- •«Құлагер» поэмасы. Сюжеті, композициясы, поэтикалық компоненттері
- •Поэманы талдауға қойылатын сұрақтар жүйесі
- •Драмалық шығармаларды оқыту
- •М.О.Әуезов-драматург,аудармашы
- •Ііі тарау ақын- жазушылардың өмірбаянын, шығармашылық жолын оқыту жазушы өмірбаянын
- •Сәкен Сейфуллин (үзінді)
- •С. Мұқанов, ә.Марғұлан еңбектері
- •Шолу тақырыптарын оқыту
- •XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті
- •Әдеби сын-зерттеу еңбектерін оқыту
- •Тапсырма мына үлгіде орындалады:
- •Абайдың уытты сатирасы
- •Әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту
- •Әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру жолдары
- •Үй тапсырмасын беру және бала білімін есепке алу жолдары
- •Үй тапсырмаларының түрлері
- •М.Әуезов. «Абай жолы», 1-кітап
- •Әбіш – Абай
- •Оқушыларды тіл мәдениетіне, ауызша және жазбаша тіл шеберлігіне баулу
- •Сабақ үлгілері мен түрлерінде тіл дамыту, сөйлеу мәдениетіне баулу жолдары
- •Ы.Алтынсарин: Үсенге мінездеме(ауызша)
- •Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
- •Бақтығұлдың тағдыры (м. Әуезов. «Қараш-Қараш оқиғасы», 8-сынып)
- •М.Әуезов. «Қараш-Қараш оқиғасы»
- •Шығарма, оған қойылатын талаптар, шығарманың негізгі түрлері
- •Шығарма жазуда басшылыққа ал:
- •Оқушыларды шығарма жазуға даярлау
- •Әдебиет сабағындағы көрнекілік
- •Көрнекілік түрлері
- •Көрнекіліктерді пайдаланудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері
- •М.Әуезов. «Абай жолы». Әйелдер бейнесі
- •Абай бейнесі. 1-кітап
- •IV тарау сыныптан тыс жұмыстар сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, маңызы
- •Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
- •Ақын-жазушыларға байланысты мынадай кештер өткізуге болады:
- •Әдеби конференциялар
- •Сыныптан тыс оқулар
- •Сыныптан тыс оқу сабақтары
- •Төменде сабақтан тыс уақытта оқуды қалай ұйымдастыруға болады, соның үлгісі ұсынылып отыр
- •Сабақтан тыс уақытта шетел әдебиетімен таныстыру
- •Әдебиетті тереңдетіп оқыту мәселелері
- •Абай «Жаз»
- •Сабақ үлгілері мен түрлері
- •Әдебиет пәнінің маңызы мен негізгі міндеттері. Абайдың табиғат лирикасы.
- •Абайдың суреткepлік шебеpлігі
- •Абай, әбіш және толық адам
- •Конструкторлық жoбалау технологиясы
- •Vііі шумақ
- •Vіі шумақ
- •«Сегіз аяқ» үлкен бір белдей әрі мол, әрі бір жағынан көркем, келісті шыққан, зор шығарма.
- •Дебат үлгісіндегі тапсырма
- •Жоба, Үлгісі:
- •А. Құнанбаев. Қара сөздер
- •Мемуарлық құжаттармен орындалатын іздендіру тапсырмалары
- •Өзіңді-өзің таны, өз біліміңді өзің сарала
- •Сауалнама-интревью
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
- •Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы
I тарау Нәтижеге бағытталған білім беру және әдебиет пәнін оқытудың өзекті мәселелері
Әдебиет – сөз өнері. Ол – өнердің бір саласы. Әдебиет пәні де өнер пәні. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе, әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» дер едік. Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын игеруден жай білім ғана беріп қоймайды, ең бастысы, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің әр сабағын адам бойындағы асқақ арман, әдемі сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Әдебиет арқылы жас өспірімдер алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауынан бастау алатын қазыналы сандығы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті, ақ сенімі көрінеді.
Сонымен, әдебиетті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы – әдебиетін жан-жақты игерту, сол арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа т.б. тәрбиелеу. Әдебиет пәнінің ауқымы да, мүмкіндігі де, маңызы да ерекше болып келеді. Мектепте оқытылатын қай пән болмасын, олардың білім мен дағды, тәрбие беруде өзіндік орны, атқарар маңызы да бар. Дегенмен де, әдебиет пәні барлық пәннің анасындай қызмет атқарады. Матеметиканы меңгеру үшін де сауатты оқи білу керек, оқығанын түсіну, зерделеу, айта білу қажет (тарих, география пәндерін былай қойғанда). Әдебиет пәні барлық пәндермен тығыз байланыста болып келеді. Соның ішінде өзі де өнер пәні болып
10
саналатын себепті, ол бейнелеу өнері, музыка пәндерімен ерекше гармониялық үндестікте жүріп отыруы керек. Сондай-ақ тарих пәні әдебиеттің ең туыстас, бауырлас пәні болып табылады. Бағдарлама мен оқулыққа назар аударған адам бірден осы туыстықты аңғарар еді. Себебі, ақын-жазушы шығармашылығына тоқталмас бұрын, ол өмір сүрген тарихи кезеңнің сипаттамасы, келбеті беріледі. Қай суреткер болмасын, өз заманының жемісі. Ол, ең алдымен, өз заманын жыр етеді, соның келбетін кескіндейді, бейнелейді, шығармашылығы заманына байланысты туады. Оның шығармасы сол өз заманының айнасы болып келеді. Қазақ тілі пәнімен ерекше бауырластығы дәлелдеуді қажет етпейді. Егер әдебиетті көркем бір ғимарат, ғажайып мүсін десек, соны құрайтын заттар – тіл, тіл байлығы; сондықтан бұл екі пәнді бір-бірінен бөліп алып қарастыру дұрыс емес (әрине, екеінің өзіндік мақсат, міндеттері туралы бұл жерде сөз жоқ).
Әдебиет пәнінің тағы бір ерекшелігі – оның ойлы, ізденімпаз, өзіндің эстетикалық көзқарасы бар оқырман дайындауында (бұл жерде барлық оқушыны осылай бір бағытта дайындайды деген ұғым тумауы керек). Бұл – үлкен, қасиетті міндет. Мәдениетті, білімді адамның қай-қайсысы болмасын, оқырман. Атақты физик, математик, геолог, медик, тіпті ғарышкер болмасын, барлығы да оқырман. Оған дәлел – олардың ғылым төріне, биігіне шыға білуі, яғни оқу арқылы, кітап арқылы оқырман бола білуі. Осындай ұлы адамдар естелігін оқып отырғандағы көз жететін бір нәрсе – олардың көпшілігінің білім, ғылымға аяқ басуына әдеби кітап, соған деген ынта әсер еткен. Бұл жерде оқырман деген ұғымды кең көлемде түсінген жөн. Әдеби шығармаларды оқушыларды, әдебиетшілерді ғана «оқырман» деудің аясы тар. Бірақ сол «оқырмандықтың» алғашқы баспалдағы мектептен, әдебиет сабағынан басталатындығы түсінікті.
Әдебиет пәні – өнер пәні, адамтану пәні дедік. Сонымен қатар, әдебиет пәні – жан-жақты ойлантудың, терең ойлаудың пәні. Ең бастысы, әдебиеттің басқа пәннен айырмашылығы – онда дәлелденген ешқандай заң жүйесінің, формаларының, элементтердің
11
бұлжымас, айнымас, ережелерінің жоқтығы. Орыс әдебиетінде бір ғана Пушкиннің «Евгений Онегиніне» қаншама сын-зерттеулер, монографиялар жазылды. Әр зерттеуші оны әр қырынан қарастырады, өзіндік пікір айтады, себебі, зерттеуші ғылыми еңбек жазып отырса да, онда сөз жоқ, өзінің оқырман ретіндегі қабылдауына, сезіміне де орын береді. Қазақ әдебиетіндегі Абай, Сәбит Мұқанов, Қажым Жұмалиевтер еңбектерін былай қойғанда, бүгінгі әдебиетшілер де зерттеулер жазуда. Бұдан шығатын қорытынды әдебиеттің өзіндік ерекшелігінде жатыр. Ол – өнер туындысы. Ол – ұлттық рухани қазына, ол – әлемдік әдебиет пен мәдениеттің бір бөлшегі. Әдебиетті құзырлылық тұрғысында оқыта отырып, жан-жақты дамыған құзырлы тқлға қалыптастырудың бірден-бір жолы.
Ой, ойлану, ойланту барлық пәндерге де керек. Ойсыз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ бұл жердегі ерекше бір еске алатын мәселе – өзіндік ойлау, өзіндік пікірде жатыр. Әдебиетті оқытуда мұғалім оқушыларға көркем туынды туралы оқулық авторы, не ғалымдар пікірін қайталауды, не соны қаз-қалпында мазмұндатуды мақсат етпеуі керек, ең бастысы, сол көркем туынды туралы оқушы пікірі мен ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәнді басқа пәндерді оқытудан өзгешелігі де, күрделілігі де осында. Басқа пәндерге қарағанда сезім, эмоция, әсер, шабыттану, қиялдау, армандау, еліктеу, әр түрлі психологиялық рең осы пәнде ерекше көрінеді.
Әдебиет – жан дүниені, он екі мүшені, алпыс екі тамырды түгелдей жайлап, еш уақытта да көзге көрінбейтін сезім қылдары арқылы ақыл иесі – адамды өз ырқына жетелеп алатын қасиетті дүние. Оны оқытудың қызығы да, күрделілігі де осында жатыр.
12
