Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бітібаева Қ. Қазақ әдібиетін о.ә..docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
559 Кб
Скачать
☆

Сабақ үлгілері мен түрлерінде тіл дамыту, сөйлеу мәдениетіне баулу жолдары

Сабақты түрлендіріп өткізу тақырып, сынып ерекшелігіне байланысты. Оның үлгілерін іздеу, әсіресе, соңғы кездерде тәжірибеде кеңінен қолдау табуда.

Әсіресе, оқушылардың ауызша тілін, сөйлеу мәдениетін, шеберлігін арттыруда пікірталас, айтыс сабақтар, баспасөз конференциясы, брифинг, көзқарас сабақтарының маңызы ерекше. Ал жазбаша тіл дамытуда реферат қорғау, конференция, семинар, семинар-сабақ, т.б. сабақтардың орны зор. Мысалы, 8-сыныпта М.Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасын» оқып болған соң, қорытынды

233

ретінде «Билер соты» сабағын өткізуге болады. Сөз қылмыстылар – Сәлмен мен Жарасбайға жүргізіледі. Ақтаушы, айыптаушылар, куәләр, билер, төбе билер сайланады. Ең бастысы – балалардың сөздік қоры осы ұғымдармен байиды және бүгіндерде қолданудан шығып қалған, бірақ халқымыздың тарихында, тіліміздің тарихында маңызы бар «төбе би», «билер тартысы» деген сөздермен, оның қызметі, мағынасымен таныстырады. Билердің, ақтаушы, айыптаушылардың сөздері мақал-мәтелдерге, термин айтатын сөздерге құрылады (мұғалім көмектеседі). Сондай-ақ, кімнің сөзі болса да, шығармадан алынады, соны негіз етеді.

Мысалы, куә Бақтығұл сөзінен үзінді: «Қайран Тектім-ай, алпамсадай арысым едің... Кескен теректей құладың ғой, қу жоқшылық бір құлатты, кегің кетті, қуарғырлар соққысы мен мазағына ұшыратты, дертке шалдықтырса да, керек десе, қатпа лақ құрлы қалжа да бермеді ғой.

Жар деген жалғыз қанатым – Тектімді тепкіңмен өлтірмеп пе едің? Он алты жасымнан отыз алты жасыма дейін жиырма жылдың қысында қар төсеніп, мұз жастанып, жалғыз тыным көрмей, күзетіңде, жылқыңның соңында, қораңның шетінде түндер бойы інім Тектіғұл өтті. Мынау әйелім Қатира сары ала етек күң болып, отыңмен кіріп, күліңмен шықты...»

Мұндағы оқушыға таныс емес қалжа, «сары ала етек күң» сияқты сөздер көбінде осы кітаптың өзінен алынады. Билер тартысы сабағының тіл дамытудағы маңызы неде?

Біріншіден, «Қараш-Қараш оқиғасы» - тіл жағынан болсын, тақырып ауқымы, көтерген мәселесі жағынан болсын, аса күрделі шығарма. С. Мұқанов: «М.Әуезов өзінің алғашқы шығармаларымен-ақ қазақ прозасын еуропалық проза деңгейіне көтерді»,- деген. Сол алғашқы прозалық шығармаларының бірі – «Қараш-Қараш оқиғасы». Шығарманы талдауда оқушылар, әрине, мазмұндайды, сұраққа жауап береді, пікірталас жүргізеді. Бірақ тілі аса бай, портрет, мінездеме, әсіресе, суреттемелерге ерекше толы бұл әңгімені шебер ұстаз оқушыларға тек білімдік мақсатпен ғана оқытпай, әдеби, көркем тілін дамытуға пайдалануы керек.

234

Жалпы, ерекше бір есте ұстайтын мәселе – әдебиет сабағындағы тіл ұстарту жұмыстары сол оқытылып жатқан көркем шығарма негізінде, соның тіл ерекшелігі негізінде жүзеге асыуы тиіс. Дегенмен, ізденгіш мұғалім тіл дамыту сияқты күрделі мәселелердің де оқушыға жеңіл, қонымды, қызықты әдіс-тәсілдерін ізденеді, әрі тіл дамыту тек бір ғана мақсатты – тіл дамытуды ғана көздемейді. Ол белгілі бір білім, ұғым беру негізінде жүзеге асады. Оқушының білімі терең, дүниетанымы, ұғымы кең болса, тілі де бай болады. «Билер соты» сабағынан оқушы ең әуелі халықтың әдет-дәстүрі туралы үсінік алады (билер, дала соты, т.б). Екіншіден, сөздік қорлары байиды.Үшіншіден, бұл сабақ таптаурын болған «сұрақ-жауапқа» негізделген сабақ емес, оның түрі, құрылысы оқушыларды қатты қызықтырады. Жас ерекшелігіне қарай осындай күрделі мәселелерді ойын элементі бар сабақ негізінде меңгереді. Ең бастысы, бұл сабақ құрғақ сөздерге емес, шығарманың өз тіліне құрылады. Оқушыларының кітаби емес сөйлеу дағдысын қалыптастыруға еңбек етеді, әсіресе, Әуезовше сөйлеуге дағдыландырады. Оқушылар кез келген әдеби шығармалар бойынша билер тартысы сабағын өтіп отырған жоқ, мұғалім кез кедген көркем шығарма негізіндетіл дамыту еңбегін жасап жатқан жоқ, олар Абайдан кейінгі қазақ әдеби тілінің баюына да шығармаларымен ғажайып үлес қосқан Әуезов шығармаларының негізінде жұмыс жүргізіп жатыр.

Оқушылардың көркем тілін дамытуда пікір қорғау, әдеби айтыс сабақтарының да орны ерекше (әсіресе, ауызша сөйлеу тілін әдеби таласқа түсетін балалар сылдыр сөйлей бермей өз ойларын дәлелді түрде жеткізу үшін, ғылыми материалдар, әңгіме болып жатқанкөркем шығарманың өзінен нақты мысалдар алып, үзінді дәйектемеге сүйене отырып, сөйлеулері керек. Мысалы, пікірталасы «Абай жолы» эпопеясындағы әйелдер бейнесіне, соның ішінде «Ұлжан бақытты ана ма?» деген сұрақ айналасында жүрсе (әрине, бұл пікірталастың бір ғана сұрағы), оқушылар Ұлжанның мына бір сөздерін өз пікіріне қолдануға болады: «Балам-ай, күндестің аты күндес те! Қу жараны жалап жазған боламыз да. Әйтпесе менің де қай сырымды біліпсің! Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін, «Күндестің күлі күндес» дегенді сен білмей-ақ қой.

235

Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді бер. Бір кезде жақсы жақының еді. Кім тентек, кім мақұл? Қайдан білдің? Әкең дұшпан десе, сен әділ бол!»

Бұл үзінділер, біріншіден, Ұлжан бейнесін ашуға көмек жасаса, екіншіден, «күндестің аты – күндес», «күндестің күлі – күндес» деген сияқты бүгін де қолдануда сирек кездесетін сөздерді оқушыларға таныстырады. Тоғжан, Әйгерім, т.б. әйелдер бейнесі туралы сөз қозғағанда, олардың жоғарыдағыдай тек сөйлеу тілі емес, портреті, іс-әрекеттерін сипаттайтын жерлерден де мысал алу тиімді. Себебі, М.Әуезовтің көркем, сұлу тілі әйелдер бейнесіне ерекше жомарттық танытқан. Жоғарыда айтылып кеткендей, тіл ұстартуы көркем. Шығарма тілінің негізінде жүргізілсе, соның бір тәсілі – осындай мәтінмен жұмыстар. Эпопеядағы әйелдер бейнесін оқытуға дамыту айналасында еңбектенуге болады. Тәжірибелік жұмыс жазушының әйелдер бейнесін жасаудағы эстетикалық табысын анықтату сияқты жұмыстар істелінеді. Сондай-ақ, эпопеяның «Жайлауда» бөлімінің 324-334-беттері бойынша жазушының тіл көркемдігіне талдау жасату – аса тиімді. Осы он шақты беттерде Әуезов Біржан, Оралбай, Керімбала, Әйгерім, Үмітей, Балбала, Базаралылардың кескін-келбетін көз алдыңа шебер, небір айшықты сөздермен кестелей әкеледі. Осының алдындағы оқиғалардан жүдеу тартқан сезімің осы беттерді оқығанда, көктем гүліндей құлпырады, ғажап бір нұрлы жайлауға тап болғандай боласың. Әуезов жырлаған қуарған сахарадан бір сәт кәусар суын ішіп, сұлулық жұмағына кіргендей сезінесің, сахара да әп сәтте ұжмаққа айналып жүре береді. Мысалы, Әйгерім әні, оның Абайға, айналасына әсері былай суреттелінеді:

«Ал, бидай, саған айтам иғайымды... Арғы сөзі Абайдың құлағына кірген доқ. Барды айтып жатқан сөз емес, әуен мен үн... Көп күміс қоңырау сән түзеп, бір үн сала ма? Әлде нендей ғайып текті ақ қанатты асыл зат көз жүзінде күнге шағылыса ма! Күміс сыбдаң нұр шашып, сырлы аспанға мәлімсіз сапарға серікке шақыра

236

ма?! «Барші сараң, сырдаң бойыңды! Түйіліп қалған жүрегі, тартылып қалған, ашылмай тығылған жан сырым бар. Ашшы сырыңды! Өрге, өнерге шақырайын бар үніммен. Иықтан басқан зілден, мынау дел-сал күйден өтші! Сонда... сонда осы толқынды торғын желек астындағы жас сұлудай, жанындағы жарындай, осының нәркес көз, бұлбұл нақыс үніндей, ақ тамақ, алгүл жүзіндей, жас жарастық, жарқын өнер төгілер еді өзіңнен! Шықшы іркілмей, бұқпашы баяу! Мені де еліктір, өзің де өрлеп, желікші, желпінші. Мынау нәзік қоңыр сәулелі көлеңке сияқты қорғалық, асыл өнеріңді ашшы!» - дейді, жұртқа қарап шырқаса да, Абайға арнап наз тілек тастап отыр.

Ал осындағы бірде-бір сөзді өзгертуге болмайды. Немесе, Абай қанша Тоғжан бейнесінде қабылдансын, қанша Тоғжанға ұқсатсын, Әйгерім портретіне Тоғжан портретінен бір сөз ауыстыруға бола ма?! Жазушы шеберлігінің, құдіреті де, тілінің көркемдік қуаты да осында жатса керек. Оқушылардың көркем тілін дамыту, ең алдымен, сол өзі оқып жатқан шығарманы үлгі етуден басталу керек. Сабақ түрлері көп. Баланың тілін оның түрлері дамытпайды, сондағы түрлі жұмыстар, яғни тіл ұстартуға арналған әр түрлі жұмыстар дамытады.

Тәжірибелік сабақтар тіл дамыту жұмыстарына қолайлы болып келеді. Мысалы, І.Жансүгіров шығармашылығын оқытып болған соң, қорытынды сабақты ақын поэзиясының тіл көркемдігі, поэтикалық, эстетикалық нәрі, табысы айналасында өтуге болады. Мұндай жұмыстар тек бала білімін тереңдетіп қана қоймай, тілін дамытуға, қазақтың бай тілін меңгертуге, оны бейнелі, образды, көркем түрде пайдалана білуге де жетелейді.

  1. «Құлагер» поэмасындағы Көкше көріністеріне поэтикалық талдау жасата отырып, С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы Көкшетау көріністерімен салыстыру.

Мақсаты:

А) Екі ақынның бай тілін, суреткерлігін, халық тілінің негізінде поэтикалық тіл жасау шеберлігін талдау (теңеу, метафора, эпитеттерді жасауда).

237

Ә) Көкше көріністерін суреттеуде қай ақын оқушы талғамымен жақындығын анықтау.

Б) Сондай-ақ, Көкше көріністері бейнеленген суреттер арқылы өздеріне шығарма, суреттеме (ауызша да, жазбаша да орындатуға болады) жаздырту.

В) Суреттер арқылы: «Қай ақын Көкшені шебер суреттеген?» деген сұрақтар айналасында пікірталас ұйымдастыру.

2. «Құлагер» поэмасындағы Құланның сипаты мен Абайдың «Аттың сынын» салыстыру.

Мақсат:

А) Жүйрік ат сыны, екі ақындағы үндестік және өзіндік ерекшеліктерді сараптау.

Ә) Поэтикалық тіл көркемдіктері, халықтың сөйлеу тілін поэтикалық тілге айналдыру шеберліктері.

3. Көркем тілдерін дамытуда, тіл мәдениетін қалыптастыруда бейнелеу өнері, музыка сабақтарының маңызы ерекше. Әдебиетші мұғалім осы пәндер мұғалімдерімен бірлесе отырып, жүйелі жұмыс жүргізу керек. Мысалы, Ана, соғыс, табиғат, атамекен туралы бейнелеу өнерінің туындылары баршылық.

Осы тақырыптағы әдеби шығармаларды өту барысында мұғалім оларды көрнекілік ретінде пайдаланады. Көрнекілік ретінде пайдалануда да маңызды мақсат жатады. Біріншіден, беріліп отырған білімді байыту, танымын арттыру. Екіншіден, көркем тілін дамыту. Бейнелеу өнері мұғалімінің сурет бойынша әңгіме жүргізуі. Мысалы, күздің бейнесін суретші бояу арқылы беріп отырғанын, сұр қорғасын, күңгірт түстермен қатар, сап-сары, жасыл бояулардың да суреттегі орнына тоқталады. Мұндай сабақты сабақ-гармония деп те атап жатады. Мәселе сабақтың типінде емес, ең басты жұмыс – оқушылардың көркем тілін дамытуда. Осы мақсатта енді әдебиетші мұғалім күз суреті бойынша оқушыларға бірнеше тапсырма береді:

А) Сурет бойынша күз көрінісіне суреттеме беру (ауызша да, жазбаша да орындауға болады).

Мына сөздерді пайдалану: алтындай жарқырап, сары нұрға бөленіп.

Ә) Сурет пен өлеңді салыстыру.

238

1. Сурет бояуы мен өлеңдегі көркемдегіш, бейнелі сөздердің ұқсастығы бар ма

2. Қайсысы күз суретін айнытпай берген? І.Жансүгіровтің «Күй», «Күйші» поэмаларын өткенде, музыка пәні мұғалімімен бірлесе отырып, тіл дамыту жұмысын жүргізу тиімді. «Күйші» поэмасындағы аты аталып, сөзбен кестеленетін күйлерді күй табақтан тыңдап, әрі ақын суреттемесін оқып, мынадай дұмыстар жүргізуге болады:

Осы күйден не ұқтың. Қандай әсер алдың? Сол туралы шағын пікір-толғау айт.

Ілияс музыка тілін көркем сөзбен жеткізе бәлген бе? Ойыңды поэмадан үзінді ала отырып дәлелде. Поэмадан күйді сипаттайтын образды, көркем сөздерді тауып, олардың күй тілін жеткізудегі орны, маңызы туралы қысқаша тұжырымда.

Оқушылар пікірін тыңдаған соң, ән-күй сабағының мұғалімі күй туралы сыр шертеді. Жоғарыдағы сұрақтардан кейін әдебиетші мұғалім екеуі ары қарай әңгімелейді.

Тіл дамыту жұмыстарын сондай-ақ, тарих, биология, т.б. сабақтармен де байланыстыра жүргізуге болады.

Мысалы, 9-сыныпта Махамбет Өтемісұлы шығармашылығын оқыту кезеңдерінде тарих мұғалімімен бірлесе сабақ-дуэт өткізіп, оқушылардың көркем тілін жетілдіру айналасында төмендегідей жұмыстар атқарады.

Үлгі:

Абай

Ілияс

Салыстырмалы талдау

Қамыс құлақ, қоян жақ, салқы төсті

Жер соғарлы, сіңірлі, аяғы

Шапса, жүйрік, берік, жуан, жуас.

Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ

Қамыс құлақ, қуарған жақ, түлкі төс

Жер соғарлы, аяғы тік

Шапса жел, мінсе жайсаң, тұрса селсоқ

«Құс топшы» қос шынтағы шалқынқырақ

Абай мен Ілияста аттың көп сыны ұқсас. Оның түп негізі жүйрік ат сипатының өзінде жатыр. Ақындар жүйрікке тән қасиеттерді дөп басып, суреттей білген. Халық тілін, яғни үндестікті пайдалануда бар тілден «қамыс құлақ», «түлкі төс», «қоян жақ», т.с.с. тамаша образды, эпитетті, бейнелеу сөздерін жасаған

239

Ескерту: Бұл үлгіні оқушылар өздері толтырады.Осындай жұмыстардың оқушы үшін маңызы неде? Біріншіден, жүйрік аттың өзіне тән қасиеттері туралы хабардар болса, екіншіден, ақындардың қарапайым, күнделікті сөйлеуде, қолданыста бар тілден бейнелі, көркем, айшықты поэтикалық тіл жасағандарына көздері жетеді. Оқушыларға «қамыс құлақ», «шоқпардай кекілі бар» деген сөз тіркестерін басқа сөздермен ауыстыруға болмайтынын, қамыс пен құлақтың жеке-жеке қарағанда бір-біріне ешқандай қатысы жоқ екендігін, бірақ ақындардың оны тіркестіріп, эпитет жасап, әрі жүйрік аттың бір сынын бейнелеп тұрғанын түсіндіру керек.

Оқушылардың көркем тілін дамытуда, сөз байлығын жетілдіруде сөздік жұмыстары, сондай-ақ сөз тіркестері, мақал-мәтелдермен жұмыстың маңызы зор. Тіл ұстарту деген – ең алдымен сөзбен жұмыс, тіл байлығы деген – ең алдымен, оқушының сөздік қорының молдығы, екіншіден, сол мол қорды орынды, тиімді, әрі көркем етіп пайдалана білуі. Оқушылардың сөздік қорын дамытуда әр түрлі сөздіктермен жұмыстың пайдасы ерекше зор. Түсіндірме сөздіктер, әсіресе, көркем шығармаларды оқуда оқушыға бірден-бір көмек болып табылады. Сондай-ақ, фразеологиялық сөздіктер, термин сөздер сөздігі де ауадай қажет, 5-8-сыныптар оқушыларымен әр сабақ сайын сөздік жұмысы жүріп отыруы керек. Көркем шығарманы әдеби талдау алдында, мәтінмен жұмыс кезінде міндетті түрде сөздік жұмысы жұргізіледі. Сабақтан тыс уақыттарда да оқығар көркем шығармалары бойынша түсінбеген сөздерін белгілеп келуі тапсырылып, сол бойынша сыныптап тыс оқуларда, қосымша сабақтарда әр түрлі жұмыстар атқарылуы тиіс. Мысалы, 5-сынып әдебиетінің алғашқы беттері «Керқұла атты Кендебай» ертегісімен басталады. Оқулықтың аяғында «дат» деген сөзге түсінік берілген. Ауыл баласы емес, қала баласына «Керқұла» деген сөздің өзі түсініксіз болуы ғажап емес.

Сондықтан ертегіге кіріспес бұрын мұғалі «Керқұла ат» деп қандай атты айтуға болады, ол қандай түс екенін түсіндіру керек. Сондай-ақ, «арыстай еркек құлында» «арыстай» сөзінің мағынасы да түсінікті қажет етеді. Мұғалім тіпті кейбір сөздерді қолданылу

240

орны, маңызына дейін бұл сыныптарда назар аударғаны жөн. Мысалы, Кендебайға кезіккен жетім бала әкесі туралы «ұзақ жортуылдан келгенде, алты күн қатарынан ұйықтайтын» дейді. Қазіргі балалар «жортуыл» деген сөздің мағынасын өз мәнінде ұға ма? Ұзаса бір сапар, бір жолдан келді, жолаушылап келді деп ұғады. Ал «жортуыл» деген ұғымы кеңірек қой. Батырлардың жауға аттануы, содан оралуы, маңызды бір шаруамен елінен кетіп, сапарда болуы «жортуыл» деп аталса керек. Бұл жерде «ұзақ жолдан келген» деп, «жортуылды» «жолмен» ауыстыру мүмкін емес. Себебі, баланың әкесі жай кезбе, қыдырымпаз емес, ол – батыр. Батыр болғанда, елін, жерін қорғаған батыр. Сол үшін жортуылда жүретін батыр. Мінекей, осындай сөздер, ұғымдар оқушылар оқитын туындыларда аз емес. Мұғалім сабаққа дайындалу барысында ең алдымен сондайларға назар аударып, оқушы түсінігіне ауыр болады-ау деген сөздерді бөліп алып, сол бойынша жұмыс жүргізуі керек.

Бұл мәселе, біріншіден, оқушының сөздік қорын дамытады, синоним сөздердің тілдегі мүмкіндігін ашады, оған көздерін жеткізеді, сөздерді өз орнына лайықты пайдалана білуге үйретеді. Сонымен бірге, көркем мәтінді өз мәнінде жете түсінуге жетелейді, жағдай туғызады. Сөздік жұмысы тек төменгі сыныптарда ғана емес, барлық сыныптарда жүйелі жүріп отыруы керек. Ізденгіш мұғалім оны қызықты, тиімді түрде, оқушылардың белсенділігін арттыра отырып жүргізеді. Мысалы, төменгі 5-7-сыныптарда әр балаға «Сөздік қоржынын» жасатуға болады. Қоржынды алфавит бойынша қалташаларға бөліп (А, Ө, Б-ны бір қалташа етуге болады, т.с.с.), суретке арналған беттерден карточкалар жасап, өздері үйренген сөздерді жазып, қоржынға орналастырып, сақтап отыруы тиімді болмақ. Оның пайдасы мынау: барлық сөздің оқушы есінде қалуы мүмкін емес қой, керегінде қарап отырады, қайталау жұмысында пайдаланады. Сақтауға қолайлы, әрі пайдалануға тиімді болу үшін. Мұндай қоржындар кабинетте тұрады (әрине, оқушының өз қалауы бойынша); мақал-мәтелдер, афористік сөздер, шешендікке құрылған даналық ақыл-нақылдарды да осындай қоржындарға жинақтаудың маңызы ерекше. Оларды «Жиреншенің дорбасы» немесе «Қарашаның сандығы» деп те атауға болады.

241

Мұғалім арнайы бір уақыттарда қоржындағы сөздер бойынша жарыс сабағын, не «жәрмеңке сабақ» өткізіп, сөздердің дорба түбінде жатып қалмауын ойластырып отырғаны жөн. «Жәрмеңке сабақта» қоржындағы асыл сөздер сатылады. Сатып алушы оны білімімен ғана алады. Олар сөздерге сөйлем құрайды, мағынасын түсіндіреді, қай шығармалардан алғанын айтып береді, т.с.с. Мұндай жұмыстарды 5-7- сыныптарда жүргізген дұрыс.

Оқушылардың тілін байыту, көркем сөйлеуін қалыптастыруда халық даналығы- халық мақал-мәтелдерін меңгертудің, сондай-ақ тұрақты сөз тіркестерінің маңызы ерекше. 7-сыныпта Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгіме-аңызы беріледі. Әңгіме «Әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол!» деген бұлақ басындағы жазуға үш жолаушы үш түрлі пікір айтады. Бұлақ басындағы бұл сөздер – мақал-мәтел емес, ьірақ даналық ойларға, ақыл-кеңеске жетелейтін сөздер. Үш жолаушының сөзінде де ақыл-нақыл, даналық пікір жатыр. Оны оқушыларға жаттатып, рөлге бөлгізіп, мәнерлеп оқыту керек. Осы үш пікірдің қайсысы дұрыс, өзіне қайсысы ұнайды, соның айналасында пікірталас ұйымдастыру да тиімді. Осы ысөздер негізінде, соның үлгісінде «Әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол!» деген ақылдың айналасында өз пікрлеріне де жол ашу керек. Сөйлемдердің оралымды, шешендікке құрылуын, ұйқасты, мәнді болып келуін талап ету дұрыс. Осындай жұмыстар оқушыларды тек көркем сөйлеуге, не көркем тілін дамытуға баулып қоймайды, ойлай білуге, даналықты түсіне білуге, дүниетанымын кеңейтуге де үлкен әсер етеді. 5-7-сыныптар оқушыларына осы мақал-мәтел, даналық, шешендік сөздерге арнап сыныптан тыс оқулар, тіл дамыту жұмыстарын жүргізіп отыру керек.

Жаңалықтың жылы бір лебі- халықтық тәрбие мен тағылымнығ өрістей бастауы. Ал сол тағылым да, білім де, тіл байлығы да шешендік сөздерде, жыраулар тілінде. «Шешендік сөздер, көсемдік сөздер» айдарымен сыныптас тыс оқулар, үйірме жұмыстары жүргізу тиімді. Сырымнан, Қазыбек биден, т.б. қасиетті ата-бабалардан қалған шешендік, даналық сөз, ақыл-нақылдармен оқушыларды үнемі таныстырып отыру керек. Кабинеттік бір бұрышына «Шешендік сөздер- көсемдік сөздер» айдарымен стенд

242

қоюға болады. Әрине, мұндай даналық сөздерді балалардың жас ерекшелігіне қарай сұрыптап пайдаланған жөн. Сабақ үдерісінде жоғары сыныптарда да көркем туындылардан мақал-мәтелдер, даналық сөздер мен шешендік оралымдарды тапқызып, оларды жазушының пайдалану тәсіліне, әрі маңызына талдау жасатудың маңызы зор. Мысалы, осы мақсатта 10-сыныпта Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романы бойынша мынадай зерттеу әдісіне негізделген тапсырмалар орындауға болады.

Үлгі:

Оқиғалар

Кейіпкерлер пайдаланған мақал-мәтелдер

Кейіпкер характерін ашудағы маңызы

Жазушы шеберлігі

Тұрлықұлды үйленуге үгіттеу

Ақсақалдар сөзі:

«Қатын өлді, қамшының басы сынды, байдың қатыны өлсе, төсегі жаңғырар, кедейдің қатыны өлсе, басы қаңғырар.

Тұрлықұл айналасындағылар әйел теңдігін аяққа басушылар, ескі әдет-салтты мықты ұстаушылар екенін танытады.

Мақал-мәтелдер арқылы елдегі ескілікті, әйелдер басындағы трагедияны ашып береді. Әрі ақсақалдардың аузынан айтқызып, Тұрлықұл айналасының жиренішті бейнесін жасайды.

Ескерту: 1) Мұндай жұмыстар Ғайша, Итбай, т.б. бейнелері бойынша да тапысрылады. 2) Бағанды оқушылар толтырады. Мұнда үлгі есебінде ұсынылып отыр.

Оқушылар бұл топтық тапсырмалар арқылы әр түрлі мақал-мәтел, оның қолданылуы жайында хабардар болады. Бұгінгі таңда қолданыстан шығып, ескіріп кеткен мақал-мәтелдермен танысады. Мақал-мәтелдерді орынсыз, талғаусыз қолдана беруге болмайтынын түсінеді. 10-сыныпта Абай шығармашылығын өткенде, міндетті түрде оқушылардың көркем тілін дамыту жұмыстарын қоса жүргізіп отыру керек. Әдеби тілдің, жазба көркем тілдің негізін салушы Абайдың әр өлеңі толып жатқан інжу-

243

маржанды поэтикалық тіл, даналық, шешендік сөз десек, артық емес. Бір ғана «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін алып қарасақ, осы өлеңде қаншама ақыл-нақыл, афоризмге айналып кеткен даналық сөздер бар?! «Қалың елім, қазағым» сияқты қысқа өлеңдегі «Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың», «Бас-басына би болағн өңкей қиқым» деген сөздер –Абай жасаған афористік, шешендік сөздер. Ұстарасыз аузына түскен ел- ол нағыщ бейшара, надан ел. Ол тура халқының сорлы қалпы осы бір ауыз сөзге сйып жатыр. «Аз сөз – алтын» деген, міне, осы немесе «қиқым» сөзін алып қарайық. «Қиқым»- еш нәрсеге жарамайтын, қиылып қалған ұсақ мата, тері қалдығы. Бір «қиқым» сөзі ел басқарар бірде-бір тұлға жоқ, ал қазіргі ел басындағылар «қиқымдар» деген мағынаны білдіреді. Литота сипаттағы осы бір сөздің бүкіл ел билеушілерінің масқара бейнесін беріп тұрғанын оқушы түсіне білуі керек, оны мұғалім түсіндіре білуі керек. Көркем поэтикалық тіл Абайда жатыр. Сондықтан әр өлеңін талдауда, әсіресе, оның көркем, бай тіліне, әсем суреттемелеріне, шешендік сөздеріне, даналық қорытындыларына, Абай өмірге алып келген тамаша сөз тіркестеріне ерекше назар аудару керек. Мысалы, «Жас жүрек жайып саусағын», «Көңілсіз баласын», «Өзі шошқа, өзгені ит деп оцлар», т.б. Әдебиетке ынталы оқушыларды Абайдың көркем, бай тіліне сусындату мақсатында төмендегідей зерттеу элементі бар шығармашылық жұмыс айналасына біріктіру аса тиімді.

  1. «Өлең- сөздің патшасы» тақырыбында әр сабақ сайын Абай өлеңдерінен ақыл-нақыл, афористік сипаттағы сөздерді, тұрақты сөз тіркестерін немесе Абайдың өзіне тән тіркестерді жинақтау;

  2. Олардан өлеңдер негізіндегі мәселелерді ашудағы орны мен маңызын анықтау;

  3. Өзіне ерекше ұнағандарын саралап, сол бойынша пікірталасын

ұйымдастыру. Ол таласта әдемі, сұлу сөйлеуге талаптану (шешендік, афористік сөздерді пайдалану арқылы). Ақан сері Қорамсаұлы шығармашылығын өтуде де осындай іздендіру жұмыстарын істеуге

244

болады. «Асыл мен жасық», «Жақсы мен жаман» деген сөздердің өн бойы афористік оралымдарға толы.

«Аққудың астығы жоқ шайнағанмен,

Құр тілдің пайдасы жоқ сарнағанмен»

немесе:

«Жаманға жазатайым ісің түссе,

Жабысып қалады екен аспан жерге.

Жігіттің шешендігін дауда сына,

Мақтаған қыран құсты аңда сына,

Жігітті батырсынған жауда сына» -деген тамаша сөз тіркестерін,

ақыл- нақыл, шешендік мағынадағы сөздерді назардан тыс қалдыруға болмайды. Шығарма жаздырғанда немесе ауызша сөйлеу тілдерде осындай сөз маржандарын пайдалана білуге, оны орынды қолдануға баулы тіл дамытудың басты әдістерінің бірінен саналады. Мәнерлеп оқу, ойын көркемдеп айта білу, әдемі етіп мазмұндау- ауызша тіл дамытудың басты-басты сипатты белгілері, түрлері.

Әдебиет сабағының басым көп уақыты оқушылардың да мұғалімдердің де ауызекі сөйлеу тіліне кетеді. Оқыған әңгімелерін не басқа көркем туындыларын мәнерлеп оқу, мазмұндау- әдебиетті оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері. Тәжірибеде көркем туындыларды мәнерлеп оқи алатын балалардың барлығы мазсұндау кезінде немесе баяндама жасауда, әдеби конференцияда, пікірталастарда өз ойын мәнерлеп жеткізе алады деу шындыққа сай келемес еді. Сондықтан ауызекі сөйлеуде сіл мәдениетін, көркем сөйлеу дағыдыларын жетілдірудің тиімді әдіс-дәстүрлері қандай? Жауаптарының баяндама немесе жиындарда сөйлейтін сөздерінің жоспарын жасатып, сол бойынша жүйелі, мазмұнды сөйлеуге дағдыландыру. Көркем мәтінді өзіне жуық мазмұндату:

  1. Әсіресе, мәтіннің ішіндегі көркем суреттер, портреттер, т.б. ойлы монолог, әсерлі диалогтер, мақал-мәтел, даналық сөздерді құрғақ мазмұндамай, негізін сақтап мазмұндау.

  2. Мәтін ішіндегі көркем, бейнелі, образды сөздерді, яғнт эпитет, теңеу, метафораларды сақтап сөйлеу.

245

  1. Дәйексөз алу, мысалдар келтіру, оны мәнерлеп, нақтылап айта білу, жатқа айта білу.

  2. Дауыс екпініне, ырғағына, мақамына назар аудару. Айғайлап

  3. сөйлемеу, бет-аузын қисаңдатпау, әр сөзді анық, айқын, қоңыр құбылысын тиімді пайдалану. Сөйлеп тұрғанда, өзіне тыңдаушылардың көңіл-күйіне назар аудару, нақтылы, мәнерлі сөйлей отырып, олардың ынтасын өзіне бұру жайын ойластыру.

Сөйлеу мәдениетінің бір жолы- айтайын деген ойын жүйелі түрде жоспарлау, «тезис», жасап алу екеніне көздерін жеткізіп, соған дағдыландыру. Тыңдаушылар назарын өзіне тартудың басты жолдары: айтар пікірінің тереңдігі, мәнділігімен қатар, жоғарыда келтіргенде, керекті жерінде дауыс ырғағын құбылтып отыру, өлең мазмұнына қарай жігерлі, нәззік, баяу оқи білу де ерекше маңызды. Бірақ мәнерлеп оқу, мәнерлеп айту- тіл дамытудың негізгі тәсілдері емес. Негізгі мәселе- мазмұнын білу, оны жеткізуде тиісті сөйлемдер мен оралымды сөздер таба білу, ойын көркем айта білу. Мұғалім 5-7-сыныптар оқушыларының жоспарын жасап үйретулері керек. Ол жоспарды тиімді пайдалануға дағдыландыру- мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.

Жоспар, нұсқау немесе тезис мынадай бөлімдерден тұрады:

Кіріспе сөз.

Негізгі ойлар. Ой мен кіріспе арасындағы байланыс.

Негізгі ойды баяндау.

Негізгі ойдың шарықтау шегі.

Ойды аятау.

Қорытынды пікір.

Осы мәселелерді нақты мысалдармен көрсетейік.

246