Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бітібаева Қ. Қазақ әдібиетін о.ә..docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
559 Кб
Скачать
☆

Әдебиет сабақтарында әдіс-тәсілдерді, оқыту технологияларын таңдау жолдары

Ұтқырлық мұраты, мұғалімдерден сабақтың мақсатын жинақты түрде айқындап, белгілеп алғаннан кейін, сол мақсатты жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін де таңдап ала білуді талап етеді. Ол үшін әр мұғалім оқыту технологияларын жете біліп, әрі оны сабақ мақсатына қарай іріктеп алып, шебер пайдаланғаны дұрыс. Бұл – ас маңызды, мұғалімнен шығармашылық ізденісті, жүйелі, тиянақты жұмысты талап ететін мәселе. Мұғалім әр әдіс-тәсілдің өзіндік ерекшелігін, мүмкіндіктерін де жете білуі қажет. Көпшілік жағдайда мұғалімнің өзінің төселген, дағдыланған әдіс-тәсілі болады. Репродуктивтік деңгейде жүрген мұғалімдер «дағдыға» айналған әдіс-ілмен сабақ жүргізе береді. Мұндай сабақтар оқушы білімін шығармашылық деңгейге көтере алмайды. Оқу-тәрбие жұмыстарының барлық саласын бір өзі шешіп тастайтын әдіс-тәсіл, технология жоқ. Сол себептен де мұғалім оларды қай жағдайда, қалай пайдалануға болатындығын ойланғаны жөн. Мысалы, тәжірибе көрсетіп жүргендей, бір сабақта тиімді, өнімді деп табылған әдіс-тәсілдер келесі сабақтарда мақсатына жете бермеуі мүмкін. Неге олай, себебі не? Оқушылардың таным белсенділігін, дарынын, ойлау қызметін дамытуда, жетілдіруде проблемалық оқытудың маңызы ерекше. Оқытудың бұл түрі ақылы мұғалім оқушы алдына проблемалық жағдаят (ситуация) тудыратын танымдық-іздендіруші, шығармашылық смпаттағы зерттеу әдісіне бағытталған тапсырмалар береді және оны орындата алады. Дегенмен де, осы проблемалық оқыту әдіс-тәсілдерінің мүмкіншіліктері шексіз емес. Оқу материалдары мен барлық тақырыптар проблемалық жағдаятты талап етпейді. Сондай-ақ, белсенділігі, білім дәрежесі орташа, не ортадан төмен сынып ұжымына проблемалық оқыту әр уақытта да жемісті болады деуге болмайды. Бұл әдіс-тәсілдер оның үстіне уақытты да көп талап етеді. Өтетін тақырып аса күрделі емес, әрі оқушы дербес, өздері шеше алмайтындай тапсырмаларға төселген жағдайда ғана проблемалық оқытуды басшылыққа алу тиімді.

16

Түсіндірмелі-репродуктивтік әдістің де өзіндік ерекшелігі, мүмкіншілігі бар. Бұл әдіс-тәсілдің ең тиімді жағы мұғалім білімді қысқа мерзім ішінде, барлық оқушыларды қамти отырып береді. Оқу материалын ақпараттық сипатта, әңгімелеу, түсіндіру сипатында жеткізеді. Оқушылар да өз мүмкіндіктерінше ол білімді қабылдай алады. Бірақ репродуктивтік-түсіндірмелі әдісте оқушының дербес ойлауы арқылы жүргізетін өзіндік жұмыс түрлері әлсіз болып келеді. Сондай-ақ, әдебиетті оқытуда тиімділігі ерекше, көрнекілік әдісінің де мүмкіндіктері әр түрлі. Көрнекілік – оқушылардың пәнге қызығушылығын, таным белсенділігін арттырады. Дегенмен, оны үнемі пайдалану оқушылардың дерексіз түрде ойлауын тежейді, көркем тілінің дамуына кедергі жасайды. Сондықтан тиімділік идеялары да сабақта мұғалімнің өзі төселген бір әдіс-тәсілмен жұмыс істеуін немесе өзі білетін барлық әдісті бір сабаққа үйіп-төгуін жоққа шығарады, бір ізбен жұмыс істеудің тиімсіздігін дәлелдейді. Тиімділік идеялары оқыту әдістерін үйлесімді түрде, сол сабақтағы оқу-тәрбие мақсаты, тақырып ерекшелігі, сабақ өткелі отырған сыныптың жеке-даралық жағдайларын ескере отырып, таңдап, сұрыптап ала білуді талап етеді. Белгілі, нақтылы жағдайға байланысты тиімді, пайдалы деп сұрыпталынып алынған әдіс-тәсілдер екінші жағдайда тиімді болмауы да мүмкін. Сол себепті әдіс-тәсілдерді үнемі бірлікте, үйлестіре пайдаланған дұрыс болады.

Өзіндік әдісін көрнекілікпен, практикалық жұмыстармен астастырып немесе зерттеу әдісін түсіндірмелі әдіспен үйлестіре пайдаланудың маңызы зор болмақ (әрине, қандай әдістерді қалай пайдалану сабақ мақсатына байланысты туындайды). Ал, кейде практикалық, танымдық-іздендіруші әдістерді көрнекілік әдіспен үйлестіре пайдалануға болады. Әдіс-тәсілдерді үйлестіре қолдану – оқушылар еңбегін ғылыми, тиімді түрде ұйымдастырудың маңызды бір саласы. Мұндай сабақтардан оқушылар жалықпайды, әрі пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі артады. Сабаққа әзірлік үстінде өтетін тақырыпқа зер сала отырып, оны қандай әдіс-тәсілдер арқылы түсіндіргенде ғана оқушыға берік те тиянақты білім беруге болатынын әбден ойластыру қажет. Ал өзі таңдап алған әдіс-тәсілдердің нәтижелі болуы ол мұғалімнің қаншалықты дәрежеде

17

оқыту әдістерін жете біліп, жете меңгеруіне байланысты. Егер мұғалім сөздік әдісінің теориялық білім берудегі тиімділігін ескермесе, немесе оқушылардың теориялық білімдерін өмірге пайдалана білу үшін, оны тәжірибелік әдістермен үйлестіргенде нәтижесі болатынын білмесе, әрине, онда мұғалім таңдап алған әдіс-тәсілдер жүйесінің нәтижелілігі туралы сөз қозғаудың да қажеті жоқ.