- •1. Металлургиялық цехтар туралы ұғымды, цехтардың құрамын, жоба бойынша қуаттылығын баяндау.
- •2. Металлургиялық зауыттың құрамын, металлургиялық зауыттың цехтарының өз-ара байланысын көрсету.
- •3. Металлургиялық цехтардың өнімділігі, жоба бойынша есептелген қуаттарына жетуі туралы айту.
- •4. Металлургиялық технология , технологиялық өнім және жартылай өнім, өнімнің шығымы тураты айту.
- •5. Металлургиялық шикізат, шикізат түрлеріне шолу жасау.
- •6. Технологиялық ағым (тізбек) туралы ұғымды мысал келтіріп сипаттау.
- •7. Бейімді (майысқақ) технологиялық тізбек, қатты байланысқан технологиялық тізбек туралы мысал келтіріп түсіндіру
- •11. Металлургиялық өндірістің құралды-жөндеу, технологиялық үрдісін (асутп) автоматты басқару жүйесін түсіндіру.
- •9. Тастанды қалдықтарға, металлургиялық өндірістің қалдық-қоқыстарын жинау жүйелеріне сипаттама беру.
- •10. Металлургиялық өндірістің техникалық бақылау жүйесін түсіндіру
- •12. Металлургиялық өндірістің тұрмыстық қызмет көрсету жүйесін, қойма шаруашылығын баяндау.
- •13. Металлургиялық өндірістің цехтарындағы көтергіш крандарды, әр-түрлі жүктерді тасымалдауды жобалауды айту.
- •14. Металлургиялық өндірістің цех ғимаратының ішіндегі температураны, вентилляциясын, жарық беруді жобалауды түсіндіру.
- •15. Металлургиялық өндірістің цех ғимаратын сығылған ауа, электр
- •16. Металлургия саласындағы жоба, жобаның түрлерін, цехтарды жобалаудың негізгі принциптерін сипаттау.
- •17. Жобалау кезіндегі объективтілік, прогрессивтілік принципті түсіндіру.
- •18. Жобалау кезіндегі жинақтылық , нормативтік принципті түсіндіру
- •19. Жобалау кезіндегі экономикалық, аймақтық, ұзақтылық принципті айту
- •20. Жобалау кезіндегі қауыпсыздық, эстетикалық принципті түсіндіру.
- •21. Жобалау үшін қажетті материалдарды, жобалау тапсырмасын, жобаны әзірлеу ретін баяндау.
- •22. Жұмыс құжаттамасын әзірлеуге, жобаның технологиялық бөліміне шолу жасау.
- •23. Жобаның өндірістік бөліміне, тіршілік қауыпсыздығына сипаттама беру.
- •24. Металдардың түрлеріне, жіктелуіне анықтама беру.
- •26. Металлургия кенішінің кендерін байытып, оларды қорытуға дайындайтын өндіріс орындарын көрсету.
- •28. Көмірдің жіктелуі. Коксхимия заводтарының технологиясын түсіндіру.
- •29. Металлургия зауытындағы оттегі мен сығымдалған ауаны және металлургиялық газдарды тазалауға арналған өндіріс орындарын баяндау
- •30. Металлургияда тас көмірлердің және оның өнімдерін әзірлеуді айту.
- •31. Металлургиядағы шойынды балқытуға арналған өндіріс орындарын баяндау.
- •38. Кварц құмы, әк тасты шихтаға енгізетін себебін мысалмен түсіндіру. Динас кірпіш, магнезитті кірпіш, магнезитохромитті кірпіш, шамот кірпіш;
- •39. Динас, магнезитті кірпіштерге сипаттама беру.
- •40. Көміртегілі кірпіштің құрамын және қолдану орнын сипаттау.
- •41. Шамот және жоғары глиноземді кірпіштерге сипаттама беру.
- •42. Магнезитті, магнезитохромитті кірпіштерді баяндау.
- •43. Домна пештерінің табанын қалауға арналған материалдарды көрсету.
- •44. Темір кендерін сипаттау
- •45. Кенді қорытуға әзірлеуді айту
- •46. Ұсақтау, сұрыптау, сумен шаю және кесектеуді сипаттау.
- •47. Сумен шаю, гравитация және магниттік сепарацияны сипаттау
- •48. Байыту өнімдеріне мысал келтіріп баяндау
- •49. Одсадка машинасының жұмыс істеу принципін түсіндіру.
- •50. Флоттау машинасының жұмыс істеу принципін түсіндіру.
- •51. Домна пешінің пайдалы көлемінің пайдаланылу коэффициеті туралы түсінік беру
- •54. Болат өндірісіне талдау жасау.
- •55. Металлургиялық коксты, флюсты және электроэнергияны қажет етпейтін үрдістер туралы түсінік беру.
- •56. Шахталы пештерде жүретін үрдістерді сипаттау
- •58. Негіздік және қышқылдық үрдістер туралы әңгімелеу
- •59. «Қайнап жатқан» қабатта үрдісін сипаттау
- •60. Болат өндірісінің негізгі шикізаттарын көрсету
- •61. Ақ шойындар мен сұр шойындардың ерекшеліктерін айқындау
- •62. Болат балқыту үрдісінің кезеңдерін көрсету
- •64. Қож арқылы тотықсыздандыруды түсіндіру
- •65. Болат өндірудің мартен тәсілін сипаттау
- •66. Электрдоғалы пештерде жүретін технологияны баяндау
- •67. Болатты индукциялық пештерде алуды түсіндіру
- •86. Шойын өндіруді жобалау кезінде «темір-көміртегі» күй диаграммасын қолдану
- •121. Вакуумдық балқыту камерасы жөнінде түсінік беру.
- •122. Электрдоғалық пештердің активті және реактивті қуаты туралы әңгімелеу.
- •124. Электрдоғалық пештердің бір фазасының және бүкіл үш фазалық жүйесінің активті қуатын баяндау.
44. Темір кендерін сипаттау
Домна өндірісінің шикізаттары – темір кені, қождама, отын және ауа.
Темір кені – құрамындағы темірді бөліп алу экономикалық тиімді болатын тау жынысын атайды. Темір кені темірқұрамдас минералдар мен бос жыныс қоспасынан тұрады. Бос жыныс құрамына әр түрлі қосылыстар, соның ішінде кремнезем SiO2, глинозем Al2O3, кальций оксиді CaO және магний оксиді MgO кіреді. Темір кенінің домна пешінде балқытуға жарамдылығы темір мөлшеріне, бос жыныс құрамына және күкірт, фосфор, мышьяк және т.б. зиянды қоспалар концентрациясына байланысты. Құрамындағы темірдің тотықсыздану жылдамдығымен анықталатын кеннің тотықсыздану қабілеті маңызды роль атқарады және ол темір оксидінің табиғатына, кеннің тығыздығы мен кеуектілігіне байланысты. Кен неғұрлым тығыз және кеуектілігі аз болса, соғұрлым оның тотықсыздану қабілеттілігі нашар болады.
Шойын өндіру үшін темір кендерінің келесі негізгі түрлері қолданылады.
Магнитті теміртас немесе магнетит Fe3O4 оксиді түріндегі темірден (45-70% Fe) тұрады және магниттік қасиеттерге ие. Кен күңгірт түске, жоғары тығыздылыққа ие және қиын тотықсызданады.
Қызыл теміртас немесе гематит Fe2O3 сусыз оксиді түріндегі темірден (50-60% Fe) тұрады. Қызыл теміртас құрамында зиянды қосылыстар (күкірт, фосфор) аз; магнетитпен салыстырғанда оңай тотықсызданады. Осы қасиеттерінің арқасында қызыл теміртас ең жақсы темір кендерінің қатарына жатады.
Қоңыр теміртас – бұл темірдің сулы оксиді Fe2O3×3H2O. Бос жыныс әдетте күкірт және фосформен ластанған. Кендегі темір мөлшері 30%-ға жуық. Жақсы тотықсызданатындығына байланысты қоңыр теміртастың кедей кендерін пайдалану экономика тұрғысынан тиімді.
Шпатты теміртас (сидерит) FeCO3 темір карбонаты түріндегі темірден (30-40% Fe) тұрады. Сидеритті кен жоғары тотықсыздану қабілетімен және күкірт пен фосфордың аз мөлшерімен сипатталады.
Балқыту алдында кендер домна пештерінің өнімділігін арттырып, отын шығынын азайтуға бағытталған арнайы дайындықтан өтеді. Кенді балқытуға дайындаудың негізгі операциялары – ұсату, сұрыптау, байыту, күйдіру және кесектеу.
45. Кенді қорытуға әзірлеуді айту
Кенді байытудың мақсаты бос жынысты бөліп алып, темір мөлшерін арттыру. Кедей кендерді пайдалану қажеттігіне байланысты байыту кеңінен қолданылады. Темір кендерін байыту үшін негізінен жуу және магниттік сепарация қолданылады. Сумен жуу кеннен құмды-сазды бос жыныстың бір бөлігін айыруға мүмкіндік береді. Магниттік сепарацияда ұсақталған бөлшектерді магниттік өріске орналастырады. Магнит өзіне магнитті қасиеттерге ие темір кенінің бөлшектерін тартып алып, магнитті қасиеті жоқ бос жыныстан айырып алады. Кендерді байытудан кейін алынған ұсақ концентраттар шикіқұрамның қажетті газөтімділігін қамтамасыз ете алмауынан тікелей домна және басқа да шахталы пештерде балқытуда қолданыла алмайды. Сондықтан оларды балқыту алдында арнайы операциядан – кесектеуден өткізу қажет. Металлургиялық практикада кесектеудің үш тәсілі қолданылады: брикеттеу, агломерация және шекемтастар өндірісі. Брикеттер мен шекемтастар өндіретін фабрикалар әдетте кен байыту фабрикаларында, ал агломераттау фабрикалары тікелей металлургиялық комбинаттарда орналасады.
