- •1. Металлургиялық цехтар туралы ұғымды, цехтардың құрамын, жоба бойынша қуаттылығын баяндау.
- •2. Металлургиялық зауыттың құрамын, металлургиялық зауыттың цехтарының өз-ара байланысын көрсету.
- •3. Металлургиялық цехтардың өнімділігі, жоба бойынша есептелген қуаттарына жетуі туралы айту.
- •4. Металлургиялық технология , технологиялық өнім және жартылай өнім, өнімнің шығымы тураты айту.
- •5. Металлургиялық шикізат, шикізат түрлеріне шолу жасау.
- •6. Технологиялық ағым (тізбек) туралы ұғымды мысал келтіріп сипаттау.
- •7. Бейімді (майысқақ) технологиялық тізбек, қатты байланысқан технологиялық тізбек туралы мысал келтіріп түсіндіру
- •11. Металлургиялық өндірістің құралды-жөндеу, технологиялық үрдісін (асутп) автоматты басқару жүйесін түсіндіру.
- •9. Тастанды қалдықтарға, металлургиялық өндірістің қалдық-қоқыстарын жинау жүйелеріне сипаттама беру.
- •10. Металлургиялық өндірістің техникалық бақылау жүйесін түсіндіру
- •12. Металлургиялық өндірістің тұрмыстық қызмет көрсету жүйесін, қойма шаруашылығын баяндау.
- •13. Металлургиялық өндірістің цехтарындағы көтергіш крандарды, әр-түрлі жүктерді тасымалдауды жобалауды айту.
- •14. Металлургиялық өндірістің цех ғимаратының ішіндегі температураны, вентилляциясын, жарық беруді жобалауды түсіндіру.
- •15. Металлургиялық өндірістің цех ғимаратын сығылған ауа, электр
- •16. Металлургия саласындағы жоба, жобаның түрлерін, цехтарды жобалаудың негізгі принциптерін сипаттау.
- •17. Жобалау кезіндегі объективтілік, прогрессивтілік принципті түсіндіру.
- •18. Жобалау кезіндегі жинақтылық , нормативтік принципті түсіндіру
- •19. Жобалау кезіндегі экономикалық, аймақтық, ұзақтылық принципті айту
- •20. Жобалау кезіндегі қауыпсыздық, эстетикалық принципті түсіндіру.
- •21. Жобалау үшін қажетті материалдарды, жобалау тапсырмасын, жобаны әзірлеу ретін баяндау.
- •22. Жұмыс құжаттамасын әзірлеуге, жобаның технологиялық бөліміне шолу жасау.
- •23. Жобаның өндірістік бөліміне, тіршілік қауыпсыздығына сипаттама беру.
- •24. Металдардың түрлеріне, жіктелуіне анықтама беру.
- •26. Металлургия кенішінің кендерін байытып, оларды қорытуға дайындайтын өндіріс орындарын көрсету.
- •28. Көмірдің жіктелуі. Коксхимия заводтарының технологиясын түсіндіру.
- •29. Металлургия зауытындағы оттегі мен сығымдалған ауаны және металлургиялық газдарды тазалауға арналған өндіріс орындарын баяндау
- •30. Металлургияда тас көмірлердің және оның өнімдерін әзірлеуді айту.
- •31. Металлургиядағы шойынды балқытуға арналған өндіріс орындарын баяндау.
- •38. Кварц құмы, әк тасты шихтаға енгізетін себебін мысалмен түсіндіру. Динас кірпіш, магнезитті кірпіш, магнезитохромитті кірпіш, шамот кірпіш;
- •39. Динас, магнезитті кірпіштерге сипаттама беру.
- •40. Көміртегілі кірпіштің құрамын және қолдану орнын сипаттау.
- •41. Шамот және жоғары глиноземді кірпіштерге сипаттама беру.
- •42. Магнезитті, магнезитохромитті кірпіштерді баяндау.
- •43. Домна пештерінің табанын қалауға арналған материалдарды көрсету.
- •44. Темір кендерін сипаттау
- •45. Кенді қорытуға әзірлеуді айту
- •46. Ұсақтау, сұрыптау, сумен шаю және кесектеуді сипаттау.
- •47. Сумен шаю, гравитация және магниттік сепарацияны сипаттау
- •48. Байыту өнімдеріне мысал келтіріп баяндау
- •49. Одсадка машинасының жұмыс істеу принципін түсіндіру.
- •50. Флоттау машинасының жұмыс істеу принципін түсіндіру.
- •51. Домна пешінің пайдалы көлемінің пайдаланылу коэффициеті туралы түсінік беру
- •54. Болат өндірісіне талдау жасау.
- •55. Металлургиялық коксты, флюсты және электроэнергияны қажет етпейтін үрдістер туралы түсінік беру.
- •56. Шахталы пештерде жүретін үрдістерді сипаттау
- •58. Негіздік және қышқылдық үрдістер туралы әңгімелеу
- •59. «Қайнап жатқан» қабатта үрдісін сипаттау
- •60. Болат өндірісінің негізгі шикізаттарын көрсету
- •61. Ақ шойындар мен сұр шойындардың ерекшеліктерін айқындау
- •62. Болат балқыту үрдісінің кезеңдерін көрсету
- •64. Қож арқылы тотықсыздандыруды түсіндіру
- •65. Болат өндірудің мартен тәсілін сипаттау
- •66. Электрдоғалы пештерде жүретін технологияны баяндау
- •67. Болатты индукциялық пештерде алуды түсіндіру
- •86. Шойын өндіруді жобалау кезінде «темір-көміртегі» күй диаграммасын қолдану
- •121. Вакуумдық балқыту камерасы жөнінде түсінік беру.
- •122. Электрдоғалық пештердің активті және реактивті қуаты туралы әңгімелеу.
- •124. Электрдоғалық пештердің бір фазасының және бүкіл үш фазалық жүйесінің активті қуатын баяндау.
50. Флоттау машинасының жұмыс істеу принципін түсіндіру.
Флотация байыту әдісі – ол пульпадағы жүзінді минералдық бөлшектердің ауа көпіршіктеріне таңдамалы жабысу қасиетіне негізделген. Сумен нашар суланатын бөлшектер ауа көпіршіктеріне жабысып сонымен бірге пульпа бетіне көтеріліп, минералдық көбік түзейді. Жақсы суланатын басқа минерал бөлшектері ауа көбігіне жабыспай пульпада қалады. Осылай кеннің әртүрлі минералдары бөлінеді.
Гравитация — минералдардың тығыздықтары, формалары және түйір мөлшерлері айырмасына негізделген байыту әдісі. Минералдардың бөліну ортасы ретінде су, ауа, жүзінді (суспензия) (қатты бөлшектердің сұйықтағы жүзгіні) қолданылады.
Магниттік сепарация минералдардың магниттік қасиеттері айырмасына негізделген. Магниттік өрісте жоғары магниттікті минералды магниттікті еместен бөлуге болады.
Электростатикалық сепарация – әдісте минералдық бөлшектердің электрлік қасиеттерінің айырмасы қолданылады (электрөткізгіштік, диэлектрлік және т. б.). Электрлік өріс әсерінен минерал түйірлері электрлік қасиеттеріне тәуелді қозғалыс траекториясын өзгертеді.
Қолмен іріктеу байытудың ең қарапайым әдісі, түсіне, формасына, жылтырлығына қарай қолмен іріктейді. Көп еңбектену қажеттігі мен қымбаттылығына байланысты қолмен байыту шектеулі қолданылады.
Байыту технологиясының көп операциялары сулы ортада жүргізіледі. Қатты бөлшектер мен сұйықтың механикалық қоспасы пульпа деп аталады. Пульпаның негізгі сипаттамасы – сұйық фаза массасының қатты зат массасына қатынасы (С:Қ).
Арзан әдістермен кенді алдын ала байыту, металлургиялықпен салыстырғанда қамтамасыз етеді:
– тікелей металлургиялық өңдеуге жарамсыз кедей кендерді металлургиялық өңдеуге тартуды;
– кенді шикізатты кешенді пайдалану мүмкіндігін арттыруды;
– өңделетін материалдар көлемінің қысқаруы есебінен металлургиялық операциялар шығыны мен дайын өнімнің өздік құнын төмендетуді.
3 деңгей
51. Домна пешінің пайдалы көлемінің пайдаланылу коэффициеті туралы түсінік беру
Домна пештерінің көлемдері әр түрлі болады. Оларды салыстыру үшін және жұмыстарының эффективтілігін көрсету үшін меншікті өнімділік ұғымы қолданылады. ТМД елдерінің домна пештерін зерттеуде ПКТК (пайдалы көлемінің тұтыну коэффициеті) қолданылады. Ол – түсірілген күйдегі үлкен конустың деңгейінен шойын леткасының осіне дейінгі пештің көлемі:
ПКТК =
,
м3
тәул/т
Бұл
жердегі,
– пештің пайдалы көлемі;
П – пештің тәуліктік өнімділігі
Еуропа мен Азия елдерінде пештерінің меншікті өнімділігін пайымдау үшін ПКТК-ға кері көрсеткіш қолданылады.
52. Пештің орташа тәуліктік өнімділігінің кокстың тәуліктік шығынына қатынасы тураля баяндау
53. Меншікті кокс шығыны туралы мысал келтіріп айту
54. Болат өндірісіне талдау жасау.
Болат – темірдің 2,14%-дан (әдетте 1,3%-дан) төмен көміртегі және басқа да элементтермен қорытпасы. Болат қара металлургия өндірісінің негізгі өнімі және қазіргі машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал. Болат өндірісінің көлемі мемлекеттің техника-экономикалық деңгейін сипаттайды.
Болат негізінен конвертерлерде, мартен және электр доғалы пештерде шойын қорытпалары мен болат сынықтарын және ферроқорытпаларды балқыту жолымен алынады. Болатқа қарағанда шойын құрамында көміртегі мен басқа да қоспалар мөлшері көп болғандықтан шойынды болатқа өндегендегі басты мақсат тотықтыру үрдістерінің көмегімен көміртегі мен қоспалардың артық мөлшерін айырып алу болып саналады. Болатты жаппай өндіру әдістерімен қатар оның қымбатқа түсетін әрі өнімділігі төмен, бірақ жоғары сапалы ерекше таза металл алуға мүмкіндік беретін – вакуумды-доғалы, вакуумды- индукциялық, плазмалы, электронды-сәулелі қайта балқыту сияқты арнайы әдістері жетілдіріліп келеді.
Қазіргі уақытта дүние жүзінде өндірілетін болат көлемінің 59,8%-ы конвертерлерде, 33,5%-ы электр пештерде, 4,2%-ы мартен пештерінде және 2,5%-ы арнайы болат балқыту қондырғыларында балқытылады.
Болаттар химиялық құрамына қарай көміртекті және легірленген болып бөлінеді. Көміртекті болаттың құрамына темір және көміртегімен қатар, марганец (1%-ға дейін), кремний (0,4%-ға дейін), сондай-ақ зиянды қоспалар – күкірт, фосфор және т.б. элементтер кіреді. Болаттың сапасын арттыру үшін құрамына хром, никель, молибден, ванадий, вольфрам және т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легірленген болат деп аталады.
Оттекті-конвертерлік болат өндірісі. Конвертерлерде болатты бессемерлік, томастық және оттекті-конвертерлік әдістермен балқытады. Алғашқы екі әдістің кемшілігі – азот концентрациясының көп болуына байланысты, алынатын болат сапасының төмендігі және шикізат базасының шектелгендігі. Соңғы кемшілік құрамында кремний, күкірт және фосфор мөлшерлері қатаң белгіленген тек арнайы (бессемерлік және томастық) шойын түрлерін қолдану қажеттілігінен туындап отыр. Сондықтан бұл екі әдістің қолдану аясы шектелген. Қазіргі уақытта бессемерлік және томастық болат өндірілмейді деуге де болады.
Конвертерлік үрдістер негізінде сырттан қосымша жылу бермей-ақ, сұйық шойынды газтектес тотықтырғыштармен өңдеу жатады. Болат балқыту үрдісі тек қана сұйық шойынның физикалық жылуы мен қоспалар тотығуының экзотермиялық рекцияларының химиялық жылуы есебінен жүзеге асады. Шойынға оттегі жоғарыдан немесе конвертердің түбінен беріледі. Металл-тотықтырғыш бөліну беттігінің үлкендігі және қоспалар тотығуының жоғары жылдамдығы конвертерлік балқытудың жоғары өнімділігін қамтамасыз етеді.
