- •1. Металлургиялық цехтар туралы ұғымды, цехтардың құрамын, жоба бойынша қуаттылығын баяндау.
- •2. Металлургиялық зауыттың құрамын, металлургиялық зауыттың цехтарының өз-ара байланысын көрсету.
- •3. Металлургиялық цехтардың өнімділігі, жоба бойынша есептелген қуаттарына жетуі туралы айту.
- •4. Металлургиялық технология , технологиялық өнім және жартылай өнім, өнімнің шығымы тураты айту.
- •5. Металлургиялық шикізат, шикізат түрлеріне шолу жасау.
- •6. Технологиялық ағым (тізбек) туралы ұғымды мысал келтіріп сипаттау.
- •7. Бейімді (майысқақ) технологиялық тізбек, қатты байланысқан технологиялық тізбек туралы мысал келтіріп түсіндіру
- •11. Металлургиялық өндірістің құралды-жөндеу, технологиялық үрдісін (асутп) автоматты басқару жүйесін түсіндіру.
- •9. Тастанды қалдықтарға, металлургиялық өндірістің қалдық-қоқыстарын жинау жүйелеріне сипаттама беру.
- •10. Металлургиялық өндірістің техникалық бақылау жүйесін түсіндіру
- •12. Металлургиялық өндірістің тұрмыстық қызмет көрсету жүйесін, қойма шаруашылығын баяндау.
- •13. Металлургиялық өндірістің цехтарындағы көтергіш крандарды, әр-түрлі жүктерді тасымалдауды жобалауды айту.
- •14. Металлургиялық өндірістің цех ғимаратының ішіндегі температураны, вентилляциясын, жарық беруді жобалауды түсіндіру.
- •15. Металлургиялық өндірістің цех ғимаратын сығылған ауа, электр
- •16. Металлургия саласындағы жоба, жобаның түрлерін, цехтарды жобалаудың негізгі принциптерін сипаттау.
- •17. Жобалау кезіндегі объективтілік, прогрессивтілік принципті түсіндіру.
- •18. Жобалау кезіндегі жинақтылық , нормативтік принципті түсіндіру
- •19. Жобалау кезіндегі экономикалық, аймақтық, ұзақтылық принципті айту
- •20. Жобалау кезіндегі қауыпсыздық, эстетикалық принципті түсіндіру.
- •21. Жобалау үшін қажетті материалдарды, жобалау тапсырмасын, жобаны әзірлеу ретін баяндау.
- •22. Жұмыс құжаттамасын әзірлеуге, жобаның технологиялық бөліміне шолу жасау.
- •23. Жобаның өндірістік бөліміне, тіршілік қауыпсыздығына сипаттама беру.
- •24. Металдардың түрлеріне, жіктелуіне анықтама беру.
- •26. Металлургия кенішінің кендерін байытып, оларды қорытуға дайындайтын өндіріс орындарын көрсету.
- •28. Көмірдің жіктелуі. Коксхимия заводтарының технологиясын түсіндіру.
- •29. Металлургия зауытындағы оттегі мен сығымдалған ауаны және металлургиялық газдарды тазалауға арналған өндіріс орындарын баяндау
- •30. Металлургияда тас көмірлердің және оның өнімдерін әзірлеуді айту.
- •31. Металлургиядағы шойынды балқытуға арналған өндіріс орындарын баяндау.
- •38. Кварц құмы, әк тасты шихтаға енгізетін себебін мысалмен түсіндіру. Динас кірпіш, магнезитті кірпіш, магнезитохромитті кірпіш, шамот кірпіш;
- •39. Динас, магнезитті кірпіштерге сипаттама беру.
- •40. Көміртегілі кірпіштің құрамын және қолдану орнын сипаттау.
- •41. Шамот және жоғары глиноземді кірпіштерге сипаттама беру.
- •42. Магнезитті, магнезитохромитті кірпіштерді баяндау.
- •43. Домна пештерінің табанын қалауға арналған материалдарды көрсету.
- •44. Темір кендерін сипаттау
- •45. Кенді қорытуға әзірлеуді айту
- •46. Ұсақтау, сұрыптау, сумен шаю және кесектеуді сипаттау.
- •47. Сумен шаю, гравитация және магниттік сепарацияны сипаттау
- •48. Байыту өнімдеріне мысал келтіріп баяндау
- •49. Одсадка машинасының жұмыс істеу принципін түсіндіру.
- •50. Флоттау машинасының жұмыс істеу принципін түсіндіру.
- •51. Домна пешінің пайдалы көлемінің пайдаланылу коэффициеті туралы түсінік беру
- •54. Болат өндірісіне талдау жасау.
- •55. Металлургиялық коксты, флюсты және электроэнергияны қажет етпейтін үрдістер туралы түсінік беру.
- •56. Шахталы пештерде жүретін үрдістерді сипаттау
- •58. Негіздік және қышқылдық үрдістер туралы әңгімелеу
- •59. «Қайнап жатқан» қабатта үрдісін сипаттау
- •60. Болат өндірісінің негізгі шикізаттарын көрсету
- •61. Ақ шойындар мен сұр шойындардың ерекшеліктерін айқындау
- •62. Болат балқыту үрдісінің кезеңдерін көрсету
- •64. Қож арқылы тотықсыздандыруды түсіндіру
- •65. Болат өндірудің мартен тәсілін сипаттау
- •66. Электрдоғалы пештерде жүретін технологияны баяндау
- •67. Болатты индукциялық пештерде алуды түсіндіру
- •86. Шойын өндіруді жобалау кезінде «темір-көміртегі» күй диаграммасын қолдану
- •121. Вакуумдық балқыту камерасы жөнінде түсінік беру.
- •122. Электрдоғалық пештердің активті және реактивті қуаты туралы әңгімелеу.
- •124. Электрдоғалық пештердің бір фазасының және бүкіл үш фазалық жүйесінің активті қуатын баяндау.
26. Металлургия кенішінің кендерін байытып, оларды қорытуға дайындайтын өндіріс орындарын көрсету.
Кендердің байытылуы құрамына кіретін минералдардың физика-химиялық қасиеттерінің (тығыздық, магнитті қасиеттері, дымдалуы) айырмашылығына негізделген. Кенді сумен шаю тығыз кен мен бос жынысты (құм мен саз) айыруға мүмкіндік береді. Гравитациялық байыту – пайдалы қазбаларды сулы, не ауалы ортада, не суспензияда минералдардың тығыздығы мен құлау жылдамдығының айырмашылығына негізделген байыту әдісі. Магнитті байыту – кен ішінде бағалы минералдардың магнитті қасиеттері болған жағдайда қолданылатын әдіс. Мысалы мұндай қасиеттерге темір минералы – магнетит ие. Минералдың магниттілігіне байланысты байытылатын құрғақ кеннің жұқа қабаты әр түрлі кернеулі магнит өрісінен өткізіледі де, минералдар мен бос жыныс бір бірінен бөлінеді. Флотация (франц. flottation - қалқу) – минералдардың физика-химиялық қасиеттерінің айырмашылықтарына негізделген, ең көп тараған байыту әдісі. Минералдарды бөлу – олардың беттерінің дымдалу ерекшеліктеріне байланысты. Дымдалуы төмен минерал түйіршіктері ауа көпіршіктеріне жабысып, қалқып шығады да, көбік қабатын құрайды, ал дымдалған түйіршіктер пульпа ішінде қалып қояды. Байыту нәтижесінде өндірілетін металл мөлшері жоғары концентрат алынады. Концентраттарды қолдану металлургиялық пештер жұмысының техника-экономикалық көрсеткіштерін елеулі арттырады. Байыту орындарын байыту фабрикалары – деп атайды
27. Шахталар мен карьерлер; кен-байыту комбинаттары туралы айту.
Тау-кен ісі кен ісі – ғылым мен техниканың жер қойнауын игеру, пайдалы қазылымдар өндіру жұмыстарын қамтитын саласы. Ол жер қыртысына техногендік әсер етудің барлық түрін қамтиды. Тау-кен ісі негізінен жер қойнауындағы пайдалы қазбаларға барлау жүргізу, құрамы мен сапасын анықтау, өндіру жүйесін тағайындау, алынған пайдалы қазылымдарды алғашқы өңдеуден өткізу және тау-кен технологиясы саласында ғылыми-зерттеуші жұмыстарын жүргізумен айналысады. Содан кейін ғана кен қазу үшін дайындық жұмыстары (кенді ашу, дайындық қазбалар жасау, жер астылық және жер үстілік қажетті құрылыстар тұрғызу, т.б.) орындалып, кен белгіленген жүйемен қазыла бастайды.
Тау-кен ісі адамзат қоғамы пайда болуымен байланысты тым көне заманнан басталды. Тау-кен ісінің алғашқы өндірген шикізаты кремний болды. Темір кенін қазу және өңдеу туралы алғашқы жазба мәліметтер 3-мыңжылдықтың орта шенін меңзейді. біздің заманымыздан бұрынғы 6–5 мың жылдықтарда мыс, алтын, қалайы,күшәла, қорғасын өндіріле бастаған, 9 – 8 ғ-ларда темір кендері, антиквар кезеңде және орта ғасырларда мұнаймен көмір, ал 20 ғ-да – радиоактивті кендер мен газ ерекше маңызға ие бола бастады. Антиквар кезеңдегі елдерде (Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим мен Жерорта т. елдерінде) 100 м-ден астам тереңдіктен кенді көтеріп шығаратын күрделі механикалық тетіктер, су төгетін механизмдер пайда болды. Су ағысын пайдаланып алтын өндіру жұмысы (Колхида, Испания), 900 м-ге дейінгі тереңдіктен диам. 12 – 15 см ұңғыма көмегімен тұз өндіру тәсілі едәуір жетілдірілді. Бу қазандарын, бу қозғалтқыштарын ойлап табу шахта жұмыстарының пайдалы қазылымдарды жер бетіне көтеру, су төгу, желдету, ұңғыманы бұрғылау сияқты қол еңбегін көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыруға оң ықпал жасады. Тау-кен ісінің сапа жағынан дамуының жаңа кезеңі 18 ғ-дың соңы мен 19 ғ-дың басында болды. Қазақстанда 18 ғ-да Риддер, Бұқтырма, Зырян, Белоусов, Николаев, т.б. кен орындары ашылып, кен өндіріле бастады. 18 – 19 ғ-ларда тек Кенді Алтайда ғана түсті металдардың 850-ге тарта кен орындары ашылды. 1920 – 80 ж. Қазақстанда кен өндіру өнеркәсіп орындары қарқынды дамыды. Осы жылдарда барлау жұмыстарының көлемі ұлғайып, түсті және қара металдар, тау-кен хим. шикізаттар, көмір мен мұнай, алтын және сирек металдар, хром, т.б. пайдалы қазылымдардың жаңа кен орындары ашылды. Сонымен қатар бұрынғы су басып қираған кеніштер қалпына келтірілді. 2-дүниежүз. соғыс жылдары Қазақстан стратег. маңызы бар металдар мен отындар – марганец, қорғасын, молибден, хром, көмір, т.б. пайдалы қазылымдарды өндірудің негізгі орт-тарының біріне айналды. 1991 – 2000 ж. пайдалы қазылымдардың өндірілуі күрт төмендеді. Ал қазіргі уақытта пайдалы қазылымдарды өндіру біртіндеп қалпына келтіріліп, мұнай өндіру қарқындап өсуде; қ. Тау-кен өнеркәсібі; Тау-кен техникасы.
Пайдалы қазылымдар өнеркәсіптің, тасымал көліктің, ауыл шаруашылығының, құрылыстың таптырмайтын шикізаты болып саналады. Сондықтан да Тау-кен ісі дүниежүз. экономикада өнеркәсіп өндірісінің ең маңызды салаларының бірі болып саналады.
