- •Бірінші дүние жүзілік соғыс және халықаралық қатынастар.
- •1.1 Дүние жүзілік соғыс және белді державалардың саясаты.
- •Париж конференциясы: барысы және мемлекеттердің ұстанымдары.
- •Халықаралық қатынастардың Версаль-Вашингтон жүйесінің қалыптасуы.
- •Халықаралық қатынастардың Версаль жүйесінің құрылуы.
- •Вашингтон конференциясы және оның шешімдері.
- •3 Версаль-Вашингтон жүйесінің халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны
- •Халықаралық қатынастардың жаңа жүйесінің қарама- қайшылығы
- •Версаль-Вашингтон жүйесінің дағдарысы
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер:
Қорытынды
Бірінші дүние жүзілік соғыс төрт жылдай уақытқа созылды. 1918 жылдың күзінде бүкіл әлемді қамтыған, қаншама мыңдаған адамдардың өмірін қиған, қаншама мемлекетті қиратуға әкелген бірінші дүние жүзілік соғыс аяқталды. Соғыс соңына қарай қазан айында ұрыс қимылдарын тоқтатып уақытша бітімге келу туралы ұсыныстар жасалды. Соғысты тоқтату туралы уақытша бітім 11-қарша айында Париж қаласы маңындағы Компьен орманында одақтастар армиясының бас қолбасшысы маршалл Фердинанд Фоштың теміржол вагонында Германия өкілдерімен жасалды. Сөйтіп, бірінші дүние жүзілік соғыс Антанта елдерінің (Англия, Франция, Ресей) жеңісімен және Төрттік Одақ елдерінің (Германия, Австро-Венгрия, Түркия, Болгария) жеңілісімен аяқталды. Бұл уақытша бітім Германияға басып алған елдердің территориясынан армиясын әкетуді міндеттеді. Сонымен қатар Германияның сүңгуір қайықтары мен қарулары жеңген мемлекеттерге берілуі тиіс болды және Эльзас пен Лотарингия жерлерінің Францияға қайтарылуы қарастырылды. Келісімде герман кайзері ІІ Вильгельмнің міндетті түрде биліктен кетуі талап етілді және т.б. Дүние жүзілік соғысқа 34 мемлекет қатысты, соғыс қимылдары 14 мемлекеттің территориясында жүрді.
Ендігі жерде жеңген мемлекеттер соғыстан кейінгі халықаралық қатынастарды реттеп, оны қорытындылауға Париж конференциясына жиналды. Конференция 18 қаңтар 1919 – 21 қаңтар 1920 жылдары аралығында Францияның Париж қаласында Лувр сарайында өтті.
Конференцияға 27 елдің мыңнан астам өкілдері қатысты және жиналған мемлекеттердің әрқайсысының соғыстан кейінгі жағдайды реттеудің жоспарлары, өз ұстанымдары болды. Конференцияның барысында негізгі мәселелер сол кездегі белді мемлекеттер Ұлыбритания, Франция және АҚШ өкілдерінің өзара кеңесуімен шешілді.
Өзімізге белгілі соғыс барысында орын алған ерекше оқиға ол патшалық Ресейде монархиялық билік жойылып, оның орнына социалистік революция жеңіске жетіп, коммунистік тәртіптің орнауы болды. Бұл әрине әлемде теңдесі жоқ оқиға болды және осы кезден бастап әлемнің капиталиятік және социалистік деп екіге бөлінуіне алып келді.
Конференцияның қорытындысында соғысты бастаған және жеңілген Германия мен оның одақтастарының әрқайсысымен келісім шарттар жасауға қол жеткізілді.
АҚШ-тың Еуропа дипломатиясына бірінші рет араласуы және соғыс барысындағы жағдайлардан кейін оның әлемдік саясатта үстемдікке ұмтылуы оның кейін Вашингтон конференциясын шақыруына түрткі болды. Париж конференциясы мен Вашингтон конференциясының шешімдері соғыстан кейін халықаралық қатынастарда Версаль-Вашингтон жүйесінің қалыптасуына алып келді.
Версаль-Вашингтон жүйесі ұзақ өмір сүрмегенмен, оның тарихи маңызы - сол кездегі соғыстан кейінгі саяси жағдайды ретке келтіріп, сәл де болса тыныштық орнатуға, Еурорпа мемлекеттерінің қираған шаруашылықтарын ретке келтіріп, күштердің өзара қатынастарын анықтауға жағдай жасады.
Версаль –Вашингтон жүйесінің маңызы:
Біріншіден, Еуропадағы және әлемдегі халықаралық қатынастарды реттеп, белгілі бір тәртіпке келтірді;
Екіншіден, келісім шарттарды ашық жасау, ашық дипломатия және халықаралық құқық нормаларын сақтауды міндеттеді;
Үшіншіден,мемлекеттердің әскери жағдайын, қару-жарақтары мен әскери күшін реттеді;
Төртіншіден, бұдан былай даулы мәселелерді бейбіт реттеу үшін халықаралық ұйым Ұлттар Лигасы құрылды;
Бесіншіден, бірінші рет ұлттардың өзін өзі билеуі туралы мәселе қойылды
Версаль – Вашнигтон жүйесінің ерекшеліктері:
Біріншіден, Ұлыбритания, Франция және АҚШ сияқты елдердің халықаралық қатынастардың жаңа жүйесінде жетекшілік рөлінің бекітілуі және олардың жаңа жүйенің қалыптасу сипатына ықпалының күшеюі. Басқа жеңген мемлекеттердің екінші орында қалуы.
Екіншіден, жеңілген мемлекеттер мен Кеңестік Ресейге қатысты олардың мүдделерін ескермеу саясатының орын алуы. Версаль келісім шарттарының өзі жеңілген мемлекеттерді территориясынан да, басқа да саяси, экономикалық мүмкіндіктерінен де айырды.
Үшіншіден, АҚШ-тың саяси оқшаулануы және Еуропа саясатына араласпау принципін ұстануы. Дегенмен, Дауэс, Юнг жоспарлары арқылы Еуропа елдерін өзіне экономикалық тәуелділікте ұстауға тырысуы, соғыс кезінде тапқан пайдасын одан әрі жалғастыруға тырысқан сыртқы саясатының көрінісі болып табылады.
Төртіншіден, Еуропада халықаралық қатынастардың жаңа субьектілерінің пайда болуы континенттің саяси, географиялық жағдайына өзгеріс енгізгенімен, дәл сол кезде халықаралық қатынастарға айта қаларлықтай өзгеріс әкелген жоқ.
Бесіншіден, Ұлттар Лигасының құрылуы халықаралық қатынастарда белгілі бір тепе-теңдіктің сақталуына әсер еткенімен, Ұлыбритания мен Францияның арасындаға қарама-қайшылық бұл Ұймының тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ете алмады.
Версаль – Вашнигтон жүйесінің осал тұстары:
Біріншіден, АҚШ, Ресей сияқты державалардың жүйеден тыс қалуы;
Екіншіден, территориялық бөлісудің дұрыс болмауы және мұның өзі болашақта территориялық даулардың тағы да бір соғысқа айналуына алып келді;
Үшіншіден, жаңа территориялық бөлісу Еуропадағы қалыптасып қалған экономикалық байланыстарды үзді;
Төртіншіден, әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған Ұлттар Лигасының өзінің мақсаттары мен мінддеттерін орындай алмауы;
Бесіншіден, Версаль Вашингтон жүйесін құрған белді державалар Ұлыбритания, Франция және АҚШ арасында қарама қайшылықтың сақталуы.
Версаль – Вашингтон жүйесінің қарама – қайшылығы:
Біріншіден, жеңген мемлекеттер мен Германия арасындағы қарама қайшылық сақталды;
Екіншіден, жеңген мемлекеттердің өздерінің арасындағы қарама – қайшылық орын алды;
Үшіншіден, Советтік Ресейге қарсы саясат сақталды;
Төртіншіден, Еуропаның кіші мемлекеттерінің арасындағы қарама –қайшылық байқалды;
Бесіншіден, метрополиялар мен отар елдердің арасындағы қарама –қайшылықтың күшеюі басталды.
Версаль-Вашингтон жүйесінің күйреуіне Гитлерлік Германияның күшейіп, әлемдік үстемдікке ұмтылуы басты себеп болғаны анық. Бірінші дүние жүзілік соғысты бастауға себеп болған, әрі соғыс соңында жеңілген Германияның қайтадан күшейіп бас көтеруіне себеп болған біріншіден, АҚШ-тың оны экономикалық және саяси қолдауы болса, екіншіден, Еуропаның белді державалары Англия мен Францияның арасындағы бәсекелестік және Кеңестік Ресейдің әлемдік саясаттағы рөлі мен алатын орнына мән бермеушілік болды деп ойлаймыз. Кеңестік Ресейді халықаралық қатынастарда оқшаулау және Германияның агрессиясын оған қарсы бағыттаймыз деп ойлау да жаңа жүйенің дағдарысына әкелгені сөзсіз.
Дегенмен, Версаль-Вашингтон жүйесінің екі дүние жүзілік соғыс аралығында халықаралық қатынастар мен әлемдік саясатта өзіндік орны мен рөлі болғандығы анық.
