Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

12. Бойлық иілу

Бойлық иілу деп бұйым беткейінің негізгі жазықтықтан ауытқуы.

Бойлық иілу бірнеше себептерге байланысты туындайды.

Біріншіден, бойлық иілу пішінді толтыру кезінде туындайтын, бағдардың релаксациясы нәтижесінде туындайды. Пішіннің жеке аймақтарының біркелкі емес салқындауы бұйымның бойлық иілуін одан ары жоғарылатады, себебі бұл аймақтардағы бағдардың төмендеу деңгейі әртүрлі.

Бойлық иілудің себебі бұйымның түрлі аймақтарындағы кристаллизацияланудың түрлі жылдамдықтары болуы мүмкін. Салқындату кезіндегі кристалданудың түрлі жылдамдықтары бұйымның түрлі аймақтарындағы салқындату жылдамдықтарының айырмашылықтарына байланысты туындайды.

Бойлық иілудің себебі сондай-ақ салқындату кезіндегі осы аймақтардағы түрлі салқындау жылдамдықтарына байланысты бұйымның жеке аймақтарының мөлшерлерінің термиялық өзгерістеріндегі айырмашылық болуы мүмкін.

Бойлық иілуге полиамидті қысым астында құю кезінде техникалық бөлшектер мен автокөлік бөлшектерін шығаруда жол берілмейді. Бұйымның бойлық иілуін азайту үшін салқындатудың температуралық біртектілігін қамтамасыз етуге талпыну қажет. Бұл үшін пішіннің екі жартысының да температураларының теңдігі және пішін жартыларының бүкіл беткейлері бойынша алаң температурасының біртектілігі қамтамасыз етілуі қажет.

Бойлық иілу келесі технологиялық көрсеткіштерге байланысты: құю температурасынан Тл, пішін температурасынан Тф, құю қысымынан Рл, айналым операциясының ұзақтығынан (қысым астында ұстау уақыты tвпд, айналымның жалпы ұзақтығы  tц).  Бойлық иілу үрлемені орналасуына байланысты.

Бойлық иілудің төмендеуіне материалды пішінде қысым астында ұстау уақытын tвпд және салқындату уақытын tох жоғарылату ықпал етеді (айналымның жалпы ұзақтығынан tц),  себебі пішінде (бұйым құрылымы бекітілген) кристалдану толығырақ жүреді және көп деңгейде бағдар төмендейді.

Бойлық иілу материал температурасының Тл және пішін температурасының Тф төмендеуінен азаяды.

Бойлық иілудің төмендеуіне құю қысымын азайту Рл  және үрлеудің көлемдік жылдамдығын жоғарылату Q ықпал етеді, себебі толтыру кезінде туындайтын бағдар азаяды. Бойлық иілудің төмендеуіне пішіндеудің қысымды лақтыратын тәртіптерін пайдалану ықпал етеді.

13. Қуыстар

Қуыстар, бұйымның жеке аймақтарының біркелкі емес салқындауымен байланысты, бұйым беткейіндеге жергілікті тереңдіктер.

Қуыстар бұйымның теріс жағындағы жергілікті қалыңдаулар есебінен түзіледі (қаттылық қабырғалары, қабырға қалыңдықтарының өзгерістері).

Қуыстарды жоюдың негізгі әдісі – пішідерді дұрыс жобалау. Бұйымның көрнекі сыртқы беткейі жағында қалыңдықтар орналастыру ұсынылмайды.

ПІшінді өңдеу тазалығы қуыстарды ерекшелейді. Пішінді өңдеу тазалығы жоғары болған сайын, барлық жарықтық әсерлер мен беткейінің барлық ұсақ саңылаулары анық көрінеді.

Сондықтан, қалыңдықтардың орналасуларынан құтылу мүмкін болмаса, олардың теріс ықпалдары тегіс беткей немесе «шагренді тері» беткейін қалыптастырумен тегістелуі мүмкін. Бұл үшін пішіннің беткейінде арнайы бедерлер жасалынады, олар пішіндеу кезінде бұйым беткейінде іздерін қалдырады.

Технологиялық көрсеткіштерді реттеу де сондай-ақ қуыстарды азайту ықпал етеді. Қуыстарды азайту үшін материал темературасы Тл мен пішін температурасын Тф азайтады. Қуыстарды кішірейтуге құю қысымы Рл  мен қысым астында ұстау уақытын tвпд жоғарылату ықпал етеді, себебі пішінді материалмен қанықтыру жоғарылайды және салқындату нәтижесінде материалдың шөгуі компенсирленеді. Қуыстарды кішірейту мақсатында үрлеудің көлемдік жылдамдығын Q. жоғарылатады.

Қуыстарды кішірейту үшін барынша тиімді көрсеткіштерді (Тл немесе Рл)  таңдау үшін қуыстардың үрлемеге қатысты орналасуларын бағалау қажет. Қалыңдаулар үрлемеге жақын орналасуы мүмкін. Бұл жағдайда қуыстарды материал температурасын төмендету Тл арқылы жою мақсатты, себебі қанықтыру кезеңінде осы нүктеде туындайтын қысым, бұйымның сапалы беткейін қалыптастыру үшін, айтарлықтай биік.

Егер де қалыңдаулар үрлемеден алыс орналасқан болса, Б нүктесіндегі қысым, материалдың темературалық шөгуін компенсирлеу үшін, жеткіліксіз болуы мүмкін. Пішін ұзындығы бойынша қысымның туындайтын ауытқуы нәтижесінде, Б нүктесіндегі қысым А нүктесіндегі қысымнан аз. Бұл жағдайда құю қысымын жоғарылату Рл мақсатты.

Үрлеме мөлшерлерін ұлғайту қуыстардың кішіреюлеріне ықпал етеді, себебі салқындатуда материалдың шөгуі үлкен көлемде компенсирленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]