Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

1.Шикізатты даярлау.

1.1. Полипропиленді қайта өңдеу алдында, гигроскопиялық немесе конденсирленген ылғалды азайту мақсатында, кептіру жүргізу қажет.

1.2. Гранулирленген және ұсақталған полипропиленді кез келген тақтайлы кептіру шкафтарында перфорирленген қойғыштарда 20-30 мм (вакумды пайдалануда кептіру уақыты 2-3 есе қысқарады) қабаттармен немесе кептіргіштерде ауаны алдын ала қыздырумен және кейін ауаны гранула арқылы үрлеумен кептірулер жүргізу ұсынылады. Кептіргіштер қойғыштары ыстық ауаның еркін конвекциясын қамтамасыз ету үшін шкафтың ұзындығынан қысқа болуы қажет.

1.3. Кептірілген полипропилен герметикалық жабылған ыдыста сақталуы қажет.

    1. Құю машинасының бункеріне термопластты құрғақ және қыздырылған түрінде салу қажет.

  1. Пресс пішіндерді орнату және құю машиналарын реттеу 2.1. Жұмыстың басында:

Реттеуші тәртіпті аз жылдамдықтар мен қысыммен қосу;

  • Тізелік рычактарды түзету;

  • Түйісу түйіндерінің плиталары арасындағы қашықтықты пішіннің монтаждық мөлшеріне қарағанда барынша үлкен етіп орнату;

  • Пішіннің қозғалмалы плитасын ашылудың ең жоғарғы жолына жылжыту;

  • Пішінді көтерілетін құрылғыға бекіту, пішін тік ілулі тұруы қажет;

  • Пішінді қозғалмайтын бекіткіш плитаға жақындату, орталық тесікке енгізіп бекіту, пішінді бекіту кезінде ілгіштер тығыз жанасуын қадағалау қажет;

  • Тізелік рычактарды түзулеу, сонымен қатар машинаның қозғалмалы плитасы пішінге жанаспауы қажет, ұштықтың диаметрі мен ұзындығын тексеру, машинаның қозғалмалы плитасын пішінге алып келу;

  • Итергіш жағында орналасқан жартылай пішінді тығыз бекіту;

  • Үрлегіш түйіннің жанасу нүктесін бекіту, орталықты және түйінді енгізу тереңдігін қадағалау;

  • Пішінді жетерліктей кең ашу, бұл кейіннен одан пішіндік бөлшектердің түсуін қамтамасыз етеді;

  • Қажет болса пішінді алдын ала қыздыру;

  • Құю машинасын реттеуге кірісу және құю үрдісін қолайландыру.

2.2. Құю машинасын реттеуді, нақты бөлшектің құю жүйесін қамтамасыз ету үшін машинаны толық даярлау мақсатында, осы машинаны эксплуатациялау бойынша қолдану көрсеткішіне және технологиялық картаға сәйкес орындау қажет. Дайын бұйымның сапасы реттеуші көрсеткіштердің төрт топтарымен анықталады:

  • Температура (балқыма температурасы, пішін температурасы);

  • Уақыт (үрлеу уақыты, қанықтыру уақыты, мөлшерлеу уақыты, салқындату уақыты және айналым уақыты);

  • Қысым (үрлеу қысымы, қысым астында ұстау, динамикалық қысым, пішін ішіндегі қысым);

  • Жылдамдық (үрлеу жылдамдығы, шнек айналымдарының саны).

Бұл реттелетін көрсеткіштер келесі факторларға байланысты:

- полимердің қайта өңделетін түріне;

- таңдалған машинаға;

- қолданылатын құю пішініне.

Құю машинасында көрсеткіштер сәйкес реттеуші және басқарушы құрылғылар (термореттегіштер, уақытты алдын ала орнату құрылғысы, гидравликалық компоненттер) көмегімен орнатылады.

Маңызды көрсеткіштер технологиялық картада тіркеледі. Микропроцессорлық басқарулы құю құрылғыларында мәліметтерді енгізу басқармасымен пернетақта көмегімен орталықтандырыла жүзеге асырылады (Фото 2.)

Фото 2. Микропроцессор

Қосымша: қажет болса, пішінді силиконды жақпамен немесе глицеринмен қаптау.

Дайындалған термопластты құю машинасының бункеріне жүктеуді жүктегіш ваккум немесе көмекші ыдыс көмегімен орындау қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]