Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

14. Бос саңылаулар

Бос саңылаулар бұйым ішіндегі каверналар мен көпіршіктер.

Бос саңылаулардың қалыптасуларында үрлеу көлемін тексеру қажет (шнек қадамы Н). Егер Vвпр {Н}  жеткіліксіз болса, оны жоғарылату қажет.

Сондай-ақ ұштық шнекінің клапанының жұмысын тексеру қажет. Материалды пішінге урлеу кезінде кері бағытта ағулар орын алмауы қажет. Бос саңылаулардың қалыптасуларына құюдың технологиялық көрсеткіштері де ықпал етеді. Бос саңылауларды азайту үшін шөгуді компенсациялай отырып салқындатуда пішіннің материалмен қанығуын арттыру қажет. Бұл үшін құю қысымын Рл немесе пішіндеу қысымын Рф жоғарылатады, қысымды лақтырумен пішіндеу тәртібін пайдаланатын болсақ, қысым астында ұстау уақытын tвпд  арттырады, пішін темературасын жоғарылатады Тф.

Бос орындардың азаюларында пішінде салқындатуда материалды жылулық қысу төмендейді. Бұл үшін материал температурасын Тл азайтады. Үрлеме мөлшерлерін жоғарылату салқындату кезінде пішіннің материалмен қанығуын жақсартады және бос орындарды азайтады.

15. Саңылаулар

Саңылаулардың түзілулерінің себебі бұйымның қабырғаларының бірінде пішін бөлшектерінің бүтіндіктері бұзылған болуында.

Егер де пішін бөлшектерінің бүтіндігі бұзылмаған болса, пішінді толтыру құю жүйесінен теңдей қашықтықтағы деңгейлер бойынша біртекті жүзеге асырылады. «Саңылаулар» тәрізді жарамсыздықтың қалыптсауы бұл жағдайда мүмкін емес.

Егер де пішін бөлшектерінің бүтіндіктері бұзылған болса, осындай қарапайым пішінді толтыру күрделі жүзеге асырылады. Қалыңдығы кіші пішін қабырғасынан ағу баяу жүреді. Басқа барлық қабырғалары ертерек қалыптастырылады. Сондықтан қабырғаны толтыру бүйір жағынан жүреді. Егер де құю қысымы Рл жеткіліксіз болса, қабырғада саңылау қалыптасады. Егер құю қысымы Рл жеткілікті болса, қабырғада дәнекер қалыптасады.

Жарамсыздықтың осындай түрлерін жою үшін пішін бөлшектерінің бүтіндігін тексеру және бүтіндік бұзылыстарын жою қажет.

Термопласт-автоматта дайындалатын бұйымдар ассортименті

Термопластавтоматтарда келесі атауларды полипропиленнен фитингтер әзірлейді, кесте 2 және сурет 4.

Кесте 2.

Бұйым атауы

Атаулық сыртқы диаметрі, мм

Қабырғаның атаулық қалыңдығы, мм

Үштік 45º

50х50

3,2

Үштік 45º

110х50

3,2

Үштік 45º

110х110

3,2

Үштік 90º

50х50

3,2

Үштік 90º

110х50

3,2

Үштік 90º

110х110

3,2

Әкеткіш 87º30'

50

3,2

Әкеткіш 87º30'

110

3,2

Жартылай әкеткіш 45º

50

3,2

Жартылай әкеткіш 45º

110

3,2

Ауыстырғыш

110х50

3,2

Муфта

50

3,2

Муфта

110

3,2

Муфта

160

5,0

Фото 4 и 5. Полипропиленнен әзірленген фитингтер

Канализацияның құбыр өткізгіштерінің монтажы кезінде фитингтердің қандай түрлері қажет болатындығын қарастырамыз.

Канализация құбырларына арналған фитингтер

Фитингтер – бұл, байланыстырғыш элементтердің рөлін атқаратын, канализациялық құбырларға арналған құрам бөлшектері. Фитингтер арқасында, құбырларды тармақталған желілерге байланыстыруға болады, түрлі диаметрлі элементтердің герметикалық байланыстарын жүзеге асыруға болады.

Муфта байланыстырғыштар – бұл құбырлардың жеке кесінділерін құбыр өткізгіштердің тік сызықты аймақтарына байланыстыруға арналған арнайы элементтер. Бір диаметрлі құбырларды жалғау үшін пайдаланылады.

Фото 4. Муфта байланыстырғыш

Әкеткіштер - құбыр өткізгіштің бағытын өзгерту қажет болғанда қолданылады. Әкеткіштер бұрылыс бұрышы 30, 45 және 90 градустарда шығарылады.

Сурет 5. Әкеткіш 450

Кресттіктер және үштіктер – бірнеше трасстарды біреуге жалғауды қамтамасыз ету қажет болғанда қолданылады. Фитингтер көмегімен құбыр өткізгіштер тармақтарын байланыстыру әр түрлі бұрыштарда жүргізілуі мүкін, ал кресттіктерді пайдалануда – тіпті түрлі жазықтықтарда да жүргізіле алады.

Сурет 6 және 7 Үштік және кресттік

Беткейге қойылатын талаптар

1.Полипропиленді фитингтердің сыртқы және ішкі беткейлері біркелкі және тегіс болулары қажет. Фитингтер беткейлерінде көпіршіктерге, сызаттарға, қуыстар мен бөгде заттарға жол берілмейді. Фитингтердің боялулары тұтас және біркелкі болулары қажет.

Фитингтерді маркерлеу

Термопласт-автоматтарда дайындалған фитингтердің сыртқы беткейлерінде маркерлер салынған, олар қамтиды:

  • Кәсіпорын атауын;

  • Фитинг диаметрін;

  • Қабырға қалыңдығын.

Фитингтерді қаптау

Фитингтерді қаптау бұйымның сақталуын және жүктеу-түсіру жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етулері қажет.

Фитингтерді полипропиленді қаптарда бұйымдардың саны мен атауларын көрсетіп қаптайды. Өнімдері бар қаптар қоймаға өткізіледі.

Қабылдау ережелері

1.Фитингтердің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін тексеру үшін келесі тексеру түрлері қолданылады:

- қабылдау-өткізгіштік - бұйымдар партиясын қабылдауда дайындаушы-кәсіпорын қызметінің сапасы;

- кезеңді – өнім сапасының тұрақтылығын бақылау үшін және т.б.

2. Қабылдауды партиялар болып жүзеге асырады.

Партия деп, материалдың бір маркасынан және бір технологиялық құрылғыда дайындалған, бір уақытта өткізілетін және сала жайлы бір құжатпен жүретін, бір атаудың және типтік мөлшердің фитингтер сандарын есептейді.

Фитингтер партиясының көлемі 5000 данадан артық болмаулары қажет.

3.Қабылдау-өткізулік тексерулер үшін үлгілерді таңдау бұйымның әрбір партиясынан жүзеге асырылады.

Кезеңді тексерулер үшін үлгілерді қабылдау-өткізулік тексерулерден өткен партиядан таңдайды. Егер де қабылдау-өткізу тексерулері кезінде кем дегенде бір үлгі қандай да бір көрсеткіш бойынша нормативтік құжаттар талаптарына сай болмаса, осы көрсеткіш бойынша, осы партиядан таңдалған, үлгілердің екі еселенген сандарында қайта тексеру жүргізіледі. Қанағаттанарлықсыз нәтижелер жағдайында бұйымдар партиясы қайта тексеруден өтпейді.

Кезеңді тексерулер нәтижелерінде қанағаттанарлықсыздай нәтижелер алғанда үлгілердің екі еселенген сандарында сәйкессіздік көрсеткіші бойынша қайта тексерулер жүргізіледі. Қайта тексерудің қанағаттанарлықсыз нәтижелері жағдайында сәйкессіздікке алып келген себептер анықталынып, жойылады.

Фитингтерді қабылдау-өткізу және кезеңдік тексерулердің көлемдері кестеге сай болулары қажет

Кесте 3.

Көрсеткіш атауы

Бақылау кезеңділігі

Фитингтер үлгілерінің саны, дана, кем емес

Сыртқы түрі, маркировка

Әр партия

5

Мөлшерлері

Әр партия

3

Фитингтердің ішкі қысымына тұрақтылық:

1сағат 200С-та

165 сағат 800С-та

1000 сағ

Әр партия

1 рет 6 айда.

1 рет 12 айда (мөлшерлер мен түрлердің әр тобы үшін)

1

1

1

Қыздырудан кейінгі фитингтердің сыртқы түрлерінің өзгерістері

1 рет 3 айда. мөлшерлер мен түрлердің әр тобы үшін

3

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]