Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

10. Жылтырлықтың жеткіліксіздігі

Жылтырлық - бұйымның сыртқы түрінің маңызды көрсеткіші. Бұйым беткейінің жылтырлығы материал табиғатына (қасиеттері), пішінді өңдеу сапсына, сондай-ақ құю технологиясына байланысты.

Бұйымның сыртқы беткейінің жылтырлығына қол жеткізу үшін, сыртқы беткейін жабдықтайтын, пішіннің беткейінің жақсы өңделуін қамтамасыз ету қажет.

Жылтырау бұрышы толтыру кезіндегі пішінде материалдың ағуы тәртібіне байланысты. Жақсы жылтыр беткей алу үшін, пішінді толтыру бірінші тәртіпте – ағымның тұрақты көлемдік жылдамдығы тәртібінде өтуін қамтамасыз ету қажет. Осыны қамтамасыз етпейтін болсақ, пішін екінші тәртіппен толтырылады – ағымның азаятын жылдамдықты тәртібі. Бұл тәртіпте бұйым беткейі толқынды бола бастайды және жылтырлығы жоғалады.

Ағымның екінші тәртібінен біріншіге ауысу үшін және жылтырлық алу үшін материал температурасын Тл  және пішін температурасын жоғарылату, құю қысымын Рл  және үрлеудің көлемдік жылдамдығын Q  жоғарылату қажет.

Бұйым беткейі жылтырайды, егер де ол пішін беткейін көп мөлшерде қайталаса (пішін беткейін өңдеудің жоғары сапасы жағдайында). Осыны қамтамасыз ету үшін қысым астында ұстау уақытын tвпд  жоғарылату қажет.

Сондықтан қысым астында ұстау уақытын tвпд  жоғарылату жылтыраған беткей қалыптастыруға ықпал етеді.

Кристаллдық материалдардың жылтырлықтарын жоғарылату үшін пішіндеу кезінде бұйымның беткей қабатының аморфизирленген құрылымын алу қажет болады.

Бұған материал температурасын Тл  және пішін температурасын Тф төмендетумен, сондай-ақ үрлеу жылдамдығы Q мен құю қысымын Рл азайтумен қол жеткізіледі.

  1. Жеткіліксіз толтырылу

Жеткіліксіз толтырылу деп пішінді толық толтырмауларды атаймыз.

Жеткіліксіз толтырулардың қалыптасуларының бірінші себебі, қоюлығы бойынша полимер маркасы дұрыс таңдалмағандығы, бұл қысым астында полиамидты және басқа материалдарды құюда кездеседі. Бұйымдарды пішіндеу үшін полимердің аққыштығы жоғары төмен қоюлықты маркасы қажет. Бұл жағдайда, мүмкіндік болса, полимердің барынша төмен созылғышты маркасына өту қажет.

Екінші себебі – материалдың пішінге ағуына жоғары гидравликалық қарсыласу, мысалы қысым астында полиамидты құю кезінде. Пішінде материалдардың пішінделулерін жақсарту үшін құюдың технологиялық көрсеткіштерін реттеу қолданылады. Материал температурасын жоғарылатады Тл, себебі материал қоюлығы азаяды және аққыштығы жоғарылайды. Материалдың пішінделуінің жақсаруына пішін температурасын Тф. жоғарылату ықпал етеді, бірақ та материал температурасын жоғарылатуға Тл қарағанда кем көлемде. Толымсыздықтарды үрлеу жылдамдығын жоғарылатумен Q, құю қысымын ұлғайтумен Рл, шнек қадамын арттырумен Н жоюға болады.

Толымсыздықтардың қалыптасуларының үшінші себебі – бұйымды толық қалыптастыру үшін материал мөлшерінің жеткіліксіздігіне алып келетін, құю машинасының ақаулары. Мысалы, толымсыздықтар шнек наконечнигінің клапанының тозуында болуы мүмкін. Бұл жағдайда шнекті алдыға орын ауыстыруда материал үрлеу кезінде тек пішінге ғана емес, кері бағытта шнек айналымдары бойынша да ағады.

Осыны жою үшін шнек ұштығының клапанын ауыстыру қажет. Материалдың пішінделуін жақсарту және толымсыздықтарды жою үшін тиімді құрал модифицирлеуші концентраттарды қолдану болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]