- •3.1 Полипропилен қасиеттері және қолданылуы
- •3.2 Полипропиленнің негізгі қасиеттері
- •1.Шикізатты даярлау.
- •Балқыманы балқыту, гомогенизация және мөлшерлеу.
- •Пішіннің түйісуі және үрлеу түйінін ашу
- •Балқыманы пішінге үрлеу
- •Бұйымды салқындату
- •Пішінді ашу және бұйымды алып шығу
- •Бөлшектерді өңдеу
- •1. Дәнекерлену (суық дәнекерлер, күйдірілген тігістер, айқаспалы тігістер)
- •2. Толқынды беткей
- •3. Күмісті жолақтар
- •4. Көмкеру (үстеме құю, грат)
- •5. Күйдірулер
- •7. Бұйымның артық салмағы
- •8. Бұйым салмағының ауытқулары
- •9. Бұйымды нашар шешу
- •10. Жылтырлықтың жеткіліксіздігі
- •Жеткіліксіз толтырылу
- •12. Бойлық иілу
- •13. Қуыстар
- •14. Бос саңылаулар
- •15. Саңылаулар
- •Термопласт-автоматта дайындалатын бұйымдар ассортименті
- •Бақылау әдістері
- •Тасымалдау және сақтау
- •5. Термопласт-автомат операторы еңбегін қорғау және қоршаған ортаны қорғау.
- •6 Термоласт-автомат операторының қызметтік қолдану көрсеткіштері
1. Дәнекерлену (суық дәнекерлер, күйдірілген тігістер, айқаспалы тігістер)
Пішінді толтыру кезінде бұйым беткейінде дәнекерлер қалыптасулары мүмкін, немесе оларды тағы да басқа ұғымдармен атайды - суық дәнекерлер, күйдірілген тігістер, айқаспалы тігістер.
Дәнекерлер, пішінді материалмен толтыруда қалыптасатын, балқыманың екі немесе бірнеше ағымдарының байланысулары нәтижесінде түзіледі. Дәнекердің түзілуі пішінде орналасқан қойғыштың материалмен ағып өтуі нәтижесінде де мүмкін. Қойғыш балқыма ағымын екі ағымға ажыратады. Қойғыштан кейін екі бөлек ағымдар байланысады. Ағымдардың байланысу орнында балыма құю қысымының ықпалымен балқиды және монолит – дәнекер түзіледі. Жиі дәл осындай әсер полиамидті қысым астында құю кезінде техникалық бөлшектер өндірісінде қалыптасады.
Ағымдардың байланысу орнында балқыма құрамында болатын ауа және ылғал жинақталады. Балқыманың жаңа мөлшерлерінің ағымы қалыптасқан дәнекерді бұйым беткейіне қарай ығыстырады. Дәнекер пішіннің суық қабырғасына жанасады және бұйым беткейінде жұқа әлсіз көрінетін жабынды қалады.
Дәнекерлерді жою өте қиын. Дәнекерлерді жою бойынша технологиялық ұсыныстар балқыманың екі ағымдарының қосылуларын жақсартуға қол жеткізу және ылғал мөлшерін азайту және балқымадағы бөгде кірлерді азайту үшін негізделген.
Дәнекерленуді жақсарту үшін материал температурасын Тл және пішін температурасын Тф ұлғайту, құю қысымын Рл жоғарылату, үрлеу жылдамдығын Q жоғарылату қажет. Пішінді толтыруды ағымның бірінші тәртібінде жүргізу қажет.
Материал ылғалын төмендету үшін қайта өңдеу алдында мұқият кептіру қажет.
Дәнекерлерді жоюда маңызды рөлге бұйымды ротектирлеу кезеңінде қойғыштар мен құю жүйелерінің орналасуларын мұқият өңдеу ие.
Дәнекерлерді, егер де бұйымды проектирлеуде дәнекерлерді жою мүмкін болмаса, бұйым беткейін декорирлендіру арқылы жоюға болады. Дәнекер қалыптасуы мүмкін орында «шагрендік тері» жасайды. Бұл үшін пішінде белгілі бір бедерлеулер жасалады.
Дәнекерлерді жоюға үрлеулердің көлденең кесінділерінің мөлшерлерін ұлғайту ықпал етеді.
2. Толқынды беткей
«Толқынды» беткей әдетте бұйымда, егер де пішін екі тәртіпте толтырылатын болса, қалыптасады. Бірінші тәртіп (I) – пішін бойынша материалдың тұрақты көлемді жылдамдықпен ағу тәртібі. Ол толтырудың басталу сәтінен гидрокелтіргіште ең жоғарғы қысымға Рmax жету сәтіне дейін созылады. Пішінді осы тәртіпте толтыру бұйымның жақсы сыртқы беткейін қамтамасыз етеді.
Егер де гидрокелтіргіште белгіленген қысым пішінді бірінші тәртіпте толтыру үшін жеткіліксіз болса, ағым жылдамдығы азаятын екінші тәртіп басталады (II). Материалдың азаятын жылдамдықпен ағуы кезінде бұйым беткейінде ұсақ толқындар көрінеді, олар беткейдің бұлыңғырлығын және бедерлігін құрады. Бұл бұйымның сыртқы түрін нашарландырады.
Егер де бұйымның сыртқы түрі үлкен маңызға ие болса, пішінді толтыруды ағымның бірінші тәртібінде жүзеге асыру қажет. Бұл үшін материал температурасын Тл ұлғайту, құю қысымын Рл жоғарылату, үрлеу жылдамдығын Q жоғарылату және пішін температурасын Тф жоғарылату қажет.
Бірінші тәртіпте материал аққыштығын жоғарылату және пішінді толтыруды қамтамасыз етуге негізгі материалға модифицирлеуші қоспаларды қосумен болады. Егер мүмкіндік болса, қарастырылып отырылған ақауды жою үшін полимердің төмен созылғыштықты маркасына өту қажет.
