- •2. Қалау рай
- •3. Туған жер - қасиетті ұғым
- •1. Салалас құрмалас сөйлем
- •2. Тыныс белгілері (не пунктуация) - тіл білімінде жазуға тән шартты белгілер жүйесі.
- •3. Аты аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарман — Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы.
- •1.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
- •1.Омонимдер(гр. Homos — біркелкі, onyma — есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.
- •1. Септік жалғаулары (орыс. Падежные окончания) арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.[1]
- •2. Себеп салдар құрмалас сөйлем
- •1. Сұраулы сөйлемдердің стилистикалық ерекшеліктері
- •2. Жалпы және жалқы есімдер [өңдеу]
- •3. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі («Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» қр заңынан үзінді)
- •1. Туынды етістіктер [өңдеу]
- •2. Сабақтас құрмалас сөйлем
- •2. Құрмалас сөйлем
2. Сабақтас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемнің біреуінің көбіне алғашқысының баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысқан құрмаластың түрін сабақтас құрмалас дейміз.
Сабақтас құрмаластың құрамындағы бірінші сөйлем баяндауышы тиянақсыз тұлғада келетіндіктен, ол өз бетімен жеке тұрып сөйлем бола алмай, келесі жай сөйлемге бағына байланысады.
Мысалы, Айнаштың жіңішке саусақтары жығылып жатқан күріштің сабақтарын жыпылдатып жинап үлгіргенше, оң қолына ұстаған өткір орақ сол қолдың уысындағы сабактарды қырқып та үлгірді. (С. М.) деген құрмалас екі жай сөйлемнен құрылған. Бірінші жай сөйлемнің бастауышы — саусақтары (несі?) да, баяндауышы — жинап үлгіргенше (саусақтары не істегенше?), екінші жай сөйлемнің бастауышы — орақ (не?), баяндауышы — қырқып та үлгірді (орақ не істеді?). Бұл құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемін өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені оның баяндауышы тиянақсыз тұлғада айтылған: Айнаштың жіңішке саусақтары жығылып жатқан күріштің сабақтарын жыпылдатып жинап үлгіргенше… Құрмаластың құрамындағы мұндай жай сөйлемді бағыныңқы сөйлем дейміз. Ал құрмаластың құрамындағы екінші жай сөйлем тиянакты болады да, өздігінен дербес айтыла алады: оң қолына ұстаған өткір орақ сол қолдың уысындағы сабақтарды қырқып та үлгірді. Құрмаластың құрамындағы мұндай жай сөйлемдерді басыңқы сөйлем дейміз. Сөйтіп, сабақтас құрмалас сөйлем бағыныңқы (шартты белгісі /—–/) және басыңқы) (шартты белгісі І—–І ) жай сөйлемдерден құралады.
3. Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.
Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.
Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.
1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1% болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды.
Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда.
Билет№24
1. ҮНДЕСІМ (ҮНДЕСТІК) ЗАҢЫ — буын не сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстардың бір әуезбен айтылуы. Тілде сөздің құрамындағы дыбыстарды (дауысты, дауыссыз) ұйыстырып, бүтін сөз етіп тұратын лингвистикалық құбылыс. Ондай құбылыс туыстас тілдер тобына ғана тән. Үндестік заң дыбыстарды алдымен буынға (егер сөз бір буынды болса), содан кейін буындарды сөзге (егер сөз екі не көп буынды болса) біріктіреді. Үндестік заңы қазақ тілінің іргелі заңдылығы болғандықтан, оның ықпалы тілдегі дыбыстардың айтылымы мен естілімінде басым болады. Осы тұрғыдан дыбыстар төрт топқа бөлінеді: 1) жуан езулік әуез дәйекшесіз ([]) беріледі. Мысалы, ата, қызық, алыс, т.б.; 2) тік таяқша ([]) жіңішке езулік әуезді: мыс., әже, егін, бірлік, т.б.; 3) дөңгелекше () жуан еріндік әуезді: мыс., қол, бұрұм, орұн, т.б.; 4) тік таяқша мен дөңгелекше () жіңішке еріндік әуезді көрсетеді: мыс., күн, көлүк, түлкү. Буын не сөздің үндесім әуезі сол буын не сөз құрамындағы дыбыстардың жасалымы өзара үйлескен, естілімі өзара үндескен тіркесін құрайды. Дәстүрлі қазақ тілтанымындағы (түркологияда) фонетика ережеде Үндестік заңын дауыстылардың үндесуі деп түсіндіріп келсе, қазақ тілінде тек дауыстылар ғана үндеседі, ал дауыссыздар көрші дауыстының ықпалында болады делінген. Сонымен қатар дыбыстардың бір-біріне ықпалын да сингармонизм заңдылығына жатқызып келді. Дауыссыз дыбыстардың арасындағы ілгерінді ықпал бойынша (мысалы, әліпби-әліппи, құр қалу-құрғалу, көкбет-көкпет, т.б.) алдыңғы дауыссыз кейінгі дауыссыздың айтылымына (артикуляциясына) әсерін дауыссыздардың сингармонизмі деп атайды. Зерттеу нәтижесінде сөз құрамындағы дыбыстардың жуан-жіңішке, еріндік-езулік болып айтылуы сөз просодикасына байланыстылығын көрсетеді. Қазақ тілінің сөз просодикасы үндесім болғандықтан, ол сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстарға бірдей тең ықпал етеді.
2. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем — синтаксистік компоненттеріндегі баяндалған оқиға-әрекеттер бір-біріне қарама- қарсы қойылатын құрмалас сөйлем. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдегі қарсылықты мағына екі түрлі кұбылысты, іс-әрекетті, көріністі салыстыра баяндауға негізделеді. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің бір компонентінің баяндауышы болымды, енді бір компонентінің баяндауышы болымсыз тұлғада беріліп, қарама-қайшы мән туғызады. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер жасалу жолына бірнеше түрге бөлінеді:
1. Жалғаулықты, Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем— ол бірақ, дегенмен, әйтсе де, алайда, сонда да, әйткенмен сияқты жалғаулықтар арқылы жасалады. Мысалы: Дьяковен де жерде тіл табысып кетерміз деп дәмеленіп еді, бірақ ол ойлағаны болмады (Ә. Нүрпейісов).
2. Жалғаулықсыз, Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем - Мұнда оның компоненттері ешбір жалғаулықсыз іргелес, қатар жұмсалады. Мысалы: Мәмбет екінші рет тағы атайын деп еді, мылтығының шаппасы жүрмей тұрып алды (I. Жансүгіров). Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді Ахмет Байтұрсынұлы "Тіл — кұралында" қайырыңқы салалас сөйлем деп атаған (А. Байтұрсынов. Тілтағылымы. Алматы, 1992, 302-6)
3. Қазақстан облыстары
Сіз өзіңізді қызықтыратын Қазақстан елді-мекендерін Қазақстанның әр облысына арналған тізімінен таба аласыз.
Алматы облысы
Атырау облысы
Ақмола облысы
Ақтөбе облысы
Батыс Қазақстан облысы
Жамбыл облысы
Маңғыстау облысы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Павлодар облысы
Солтүстік Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысы
Қарағанды облысы
Қостанай облысы
Қызылорда облысы
Билет№25
1. Көмекші етістік – толық лексикалық мағынасы жоқ, жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын, тек негізгі етістіктермен, есім сөздермен тіркесіп қолданылатын етістіктер. Қазақ тілінде 4 К.е. бар: е (еді, екен, емес), жазда, ет, де (деді, деген, десе, дейді). Мыс., Жаманға жүзің салма малды екен деп, жақсыдан күдер үзбе жарлы екен деп (ел аузынан). Жеке тұрып лексик. мағына білдіре алмайтын, сөзге әр түрлі грамм. мағыналар үстейтін мұндай К. е-тер мәнсіз көмекші етістіктер деп аталады. Қазақ тілінде толық лексик. мағынасы бар бірқатар етістіктер әрі негізгі, әрі К. е. мәнінде жұмсалады. Қазақ тілінде мұндай отызға тарта етістік бар: ал, бар, бер, бол, жібер, кел, кет, т.б. Мыс., қал (негізгі етістік) – айтып (К. е.), қой (негізгі етістік) – айтып (К. е.), жөнел (негізгі етістік) – жүгіре (К. е.). Лексик. мағынасынан айырылып, К. е. мәнінде жұмсалған мұндай етістіктерді мәнді көмекші етістіктер дейді. Мыс., Бір күні ел көшкенде, қыр астында ойнап жүріп, екеуі жұртта қалып қойыпты (Ы.Алтынсарин). К. е. негізгі етістікке есімше, көсемше тұлғалары арқылы тіркеседі: айтып қой, жаза сал, бара жатыр. Әдеб.: Оралбаева Н., Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары, А., 1975; Исаев С., Қазақ тілі, А., 1993; Қазақ тілі, А., 1996.
2.-------------------------------------------------------
3.-------------------------------------------------------
Билет№26
1. Күшейтпелі шырай
Біркелкі сындардың бірінің екіншісінен не өте артық, не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі күшейтпелі шырай деп аталады. Мысалы: үлкен — үп-үлкен,— тым үлкен, тамаша — тап-тамаша — өте тамаша, жақсы —жап-жақсы, аса жақсы, кіші — кіп-кіші — тым кіші т. б.
Күшейтпелі шырай екі түрлі жолмен жасалады.
1. Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдердің алдына күшейткіш буындардың үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: биік — біп-биік, ұзын — ұп-ұзын, жақын — жап-жақын, суық — сұп-суық т. б.
Күшейткіш буындар (сын есімнің алғашқы буыны п дыбысына бітіп: биік — бі-йік — біп; жап-жақсы) негізгі сын есімдермен дефис (-) аркылы жазылады. Тек ақ, көк сөздерді күшейткіш буын үстелгенде аппақ (ап-ақ емес), көкпеңбек (көп-көк емес) болып бірігіп жазылады.
2. Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдерге өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, нақ, шымқай, орасан, ыңгай, кілең, сияқты күшейткіш үстеулердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: өте күшті, тым биік, ең жақсы, аса терең, нағыз жүйрік, шымқай қызыл, орасан зор т. б. Бұл сияқты күшейткіш үстеулер сын есімдердің алдында келеді де, бөлек жазылады.
2. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқылы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу шартын білдіретін сабақтастың түрі.
Шартты бағыныңқылы сөйлем қайтсы? не етсе? Қайткенде? Не еткенде? Қайтпей? Не етпей? Қайтпейінше? Не етпейінше ? деген сұрақтарға жауап береді.
Шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:
а) Етістіктің шартты рай түрінен болады. Осындай қалың жұрт батысқа қарай ағылып бара жатса, сол көптің бірі боп біз қандай оп – оңай араласып кетер едік.
ә) Болымсыз етістіктің –й тұлғалы көсемше түрінен болады: Мен үйге келмей, іс бітпейді.
б) Жатыс септік тұлғасындағы есімшеден болады. Қара теке Әзімбай болғанда, осы текенің әкесі – сары теке қатар тұр еді.
3. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы - 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) - қазақ және Кеңес Одағының геологі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақсан шыққан тұңғыш академик.
Билет№27
1. Етіс (етіс категориясы) деп амалдың (істің) субъекті мен объектіге қатысын, сондай-ақ, керісінше субъекті мен объектінің амалға (іске) қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз. Етістер - етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі.
Етістерді етістіктің өзге категорияларынан ерекшелендіріп тұратын сипаттары мынадай:
ол онан жөн сұрады;
олар бір-бірінен жөн сұрасты;
ол онан жөн сұратты;
онан жөн сұралды;
ол өзі сұранды
деген сөйлемдердегі етістіктерін (сұра, сұрас, сұрат, сұрал, сұран) бір-бірімен салыстырғанда, олар бір түбірден өрбіген түбірлес негіздер екені айқындалады. Осы бес түрлі негіздің соңғы төртеуі сұра түбірінен тиісті жұрнақтар арқылы (-с, -т, -л, -н) туып, бір-бірінен ерекшеленіп тұр; осы формаларына қарай (түпкі лексикалық мағынасы бір боа тұрса да), олардың семантикалық мәндерінде де бір-бірінен айырмашылық бар.Сондай-ақ: тасы, тасыс, тасыт, тасыл, тасын;
жу, жуыс, жудыр, жуыл, жуын
айт, айтыс, айттыр, айтыл
тәрізді түбірлес етістіктерден де осы жүйе аңғарылады.
Етістер жұрнақтарының түрлеріне, мағыналары мен қызметтеріне қарай, төмендегідей бес түрге бөлінеді:
негізгі етіс,
ортақ етіс -с (-ыс, -іс),
өзгелік етіс -т; -тыр (-тір, -дыр, -дір),
ырықсыз етіс -ыл (-іл, л),
өздік етіс -ын (-ін, -н)
2. Көптік жалғау — жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты варианты қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер(қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар, езен-дер, ат-тар, шөп- тер). Көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын бұдан басқа екі түрлі морфологиялық форма бар. Оның бірі -ыз (-із, -з) формасы қазіргі тілімізде кене заманнан қалған сарқыншақ ретінде бірен-саран сөздерде кездеседі. Мысалы, "мен" сөзінің көпше түрі "біз" есімдігіндегі -з формасы сөздің бөлінбейтін бөлшегіне айнапған. Екіншісі жүрді-к, айтты-қ, кетті-к, жетті-к дегендегі -к, -қ формасы да ерте кездегі көптік мағынаны білдерген қосымшалар. Көптік жалғау көптік мағынаға қосымша мынандай әр алуан ұғымды білдіреді.
Біртекті нәрселердің жиынтығын, белгілі бір адамдар тобын (мектеп-тер, үй-лер, жас-тар);
Сын есім мен есімшені субстантивтендіреді (жақсы-ларды, ақылды-ларды, оқыған-дарды);
Сан есімге, мезгіл үстеуге жалғанып, болжалдау, шамалау, мелшерлеуді білдіреді (жасы отыз-дарда, са-ғат үш-терде, былтыр-лар);
Бір нәрсенің жалпыға бірдей ортақтығын, меншіктеуші адамның көптігін білдіреді (жалғыз қыз-дарың, Сапар әке-лерің, мектеп-терің). Көптік жалғау бірыңғай мүшенің соңғысына ғана жалғанады. Көптік мағына Көптік жалғауның қатысынсыз лексикассыз, морфологиясыз, синтаксистік тәсілдер арқылы берілетін сөздер де бар (түз, ұн, құрт-құмырсқа, мәдениет, феодапизм, ақыл, достық, бала-шаға, кәрі-жас, жолдас-жора, ыдыс-аяқ). Көптік ұғымның сөз тіркесінен аңғарылатын тұстары аз емес. Мысалы, онсыз да көптік ұғымды білдіретіндіктен: барлық, көптеген, қанша, әр, бірнеше, сантүрлі, санмың, біраз сөздерімен, сондай-ақ сан есіммен тіркәсіп келгенде көптік жалғауы қажет болмайды: 5 адам, барлық адам, көп адам.
3.----------------------------------------------------------------------------------------------
Билет№28
1. Өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді. Мысалы: Ол оқуды бітірді. Мен бұл кітапты оқыдым. Ол кезде сен оннан асқансың. Шалдың бір баласы болыпты. Демалыста оқушылар қалаға баратын.
Берілген мысалдағы бітірді, оқыдым, асқансың, болыпты, баратын деген етістіктер бітіру, оқу, асу, болу, бару қимылдарының (іс-әрекеттерінің) болып кеткенін білдіріп, өткен шақ мағынасын беріп тұр.
ӨТКЕН ШАҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ.
Өткен шақ мағынасы мен жасалуына карай жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді. Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы жалғану арқылы жасалып, жіктеліп колданылады. Мысалы: Асан домбыра тарт-ты, мен өлең айт-ты-м. Сен үйге келме-ді-ң.
2. Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені атаймыз.
Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.
Анықтауыш болатын сөз таптары [өңдеу]
Анықтауыш болатын сөз таптары:
Негізгі, туынды сын есімдер анықтауыш болады:
Мысалы: Ақ сары ат доп болып ішін тартқан
Зат есімнен болады:
Мысалы: Қой қораның алдында электр моторының дүбірін естіді.
Сан есімнен болады:
Мысалы: Жаңадан екі үй құрылып жатыр
Есімдіктен болады:
Мысалы: Оспан мына қимылға тіпті сүйсініп кетті
Етістіктің есімше түрінен болады:
Мысалы: Оқыған кітаптарым мені іске бастады
Ілік септік жалғауы жалғанған сөздер анықтауыштың қызметін атқарады:
Мысалы: Көптің ісінде береке бар. Талаптанғанның еңбегі жанады.
3.----------------------------------------------------------------
Билет№29
1. Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.
Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.
Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.
Ой екпіні — сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы: Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді.
Тіркес екпіні — бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екрінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып т.б.
Дыбыс екпіні — сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: по-ой-па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл-күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.
