Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakh language.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174 Кб
Скачать
☆

2. Құрмалас сөйлем

Сөйлем құрылысына қарай жай сөйлем және кұрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді. Жай сөйлем бір ғана ойды білдіріп, бір интонациямен айтылады да, құрмалас сөйлем екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.

Мысалы, Ералы, Ойқұдық үстінде жауынды бүркер сүр аспан жиі түнереді. (М. Әуезов) деген сөйлемде 9 сөз қолданылып, бір ғана ойды білдіріп тұр. Сөйлемде бір баяндауыш (не істеді?)— түнереді, бір бастауыш (не түнереді?)— аспан қолданылған, қалғандары — тұрлаусыз мүшелер: жиі (қалай түнереді?)— кимыл-сын пысықтауыш, Ералы, Ойқұдық үстінде (қайда түнереді?)— мекен пысықтауыш, сұр (қандай аспан?)— анықтауыш, жауынды бүркер (қай аспан?)— анықтауыш.

Төбесінде көзі қанталаған қарақұс отыр, іргесінде ініне жүгірген суыр ғана жүр. (3. Қабдолов) деген сөйлем екі жай сөйлемнен құрылған, өйткені бұнда екі бастауыш және екі баяндауыш бар: отыр (не істеді?)— баяндауыш, қарақұс (не отыр?)— бастауыш және жүр (не істеді?)— баяндауыш, суыр (не жүр?)— бастауыш. Сөйтіп, екі жай сөйлем кұрмаласып, күрделі бір ойды білдіріп тұр.

Екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.

Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өз ара мынадай жолдармен байланысады:

1. Интонация арқылы іргелес байланысады. Мысалы, Байжанның оны көруі бірінші рет еді: орта бойлы, төртбақтау, толықша, сарғылт өнділеу, қырықты алқымдап қалған жігіт екен. (С. М.) Бұл — екі жай сөйлемнен құралған: 1— сөйлемнің баяндауышы (не?)— бірінші рет еді, бастауышы (не бірінші рет еді?)— көруі, 2-сөйлемнің баяндауышы (кім екен?)— жігіт екен де, бастауышы түсіп калғаң, бірақ оны табуға болады (кім жігіт екен?)— ол. Бірак, бұл екі жай сөйлем әрқайсысы бөлек-бөлек болмай бір интонациямен айтылған: бірінші жай сөйлемнен кейін даус ырғагы көтеріңкі айтылып кідіріс ұзаққа созылмай, екінші сөйлеммен ұласып кетеді де екі сөйлемнің арасын байланыстырып, күрделі бір ойды білдіруге дәнекер болып тұрады.

2. Жалғаулык шылаулар ( кейде септеулік шылаулар) арқылы байланысады. Мысалы: Сырбай қонақтарын сол далаға онша көңілді қалыппен басқарып апара жатқан жоқ, себебі биылғы егін шығымы әлсіздеу (С. Мұқанов). Құнанбай күзеуден ерте қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс күземді ерте алып көшіп еді (М. Әуезов) деген құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірімен себебі деген жалғаулық шылау мен соқ деген септеулік шылау байланыстырып тұр.

3. Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнін (көбіне алғашқысының) баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласып, кұрмаласа байланысады. Мысалы: Құрыммбайдың оқуға кетуі шын болса, ол өз ісін ойламаған жерден істеген екен (Б. Майлин) деген құрмаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемнің баяндауышы шын болса шартты рай тұлғасында келіп, тиянақсыз болып, сөйлем бітпей, келесі жай сөйлеммен жалғасып байланысып тұр.

Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас құрмалас.

Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер өз ара тең дәрежеде байланысып, әрқайсысының баяндауыштары тиянақты тұлғада жұмсалса, ол салалас сөйлем болады. Мысалы, Бұйрық нақ осылай болса керек, резервтегі күштің бәрі осы араға төгілді (Бақ.), деген құрмаластағы әрбір жай сөйлем бір-біріне бағынбай, тең дәрежеде колданылған, сондықтан жеке-жеке айтыла алады, олардың баяндауыштары осылай болса керек және төгілді тиянақты тұлғада келіп тұр.

Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі екіншісіне бағына байланысып, бағынған сынарының (көбіне алғашқысының) баяндауышы тиянақсыз тұлғада келеді. Ондай құрмаласты сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы, Қаланың көлемі үлкен болғанмен, көп этажды үйлер сирек болатын. (3. Қабдолов) деген құрмалас екі сөйлемнен құрылған. Бірінші сыңарының баяндауышы — үлкен болғанмен тиянаксыз тұлғада, есімшенің -ған тұлғасына көмектес жалғауы жалғанып колданылған. Өйткені бұл баяндауыш тұлғасымен сөйлемді аяқтап бітіруге болмайды. Сондықтан бірінші жай сөйлем келесі екінші жай сөйлемге бағынып тұр.

Кемінде үш жай сөйлемнен құралып, олар бір-бірімен салаласып (бағынбай, тең дәрежеде) та, сабақтасып (бірі екіншісіне бағынып) та байланысатын құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы, Әрқайсысы ашылған кітаптын, аумағындай алты қиықтан майды себелеп, қыс күнінің шуағы төгілді де, артынан-ақ бұлт бүркене ме, бозамықтанып сейіліп кетеді (С. Сматаев) деген кұрмалас төрт жай сөйлемнен кұралған. Бірінші сөйлем мен екінші сөйлем сабақтаса байланыскан, өйткені бірінші сөйлемнің баяндауышы (себелеп) көсемше жұрнақты (-п) тиянақсыз тиянақсыз тұлғада келіп, екінші сөйлемге бағынып тұр. Ал екінші сөйлем мен үшінші және төртінші сөйлемдер бір-бірімен салаласа байланысқан, өйткені олардың әрқайсысының баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп (төгілді, бүркене ме, сейіліп кетеді), әр сөйлем бір-біріне бағынбай, жеке-жеке қолданыла аларлық қасиетте келген. Сөйтіп, жай сөйлемдер бір-бірімен әрі сабақтаса байланысып, бірі екіншісіне бағынып, соның нәтижесінде бірінің баяндауышы тиянақсыз тұлгада жұмсалып, әрі салаласа байланысып, жай сөйлемдер бір-біріне бағынбай, тең дәрежеде, соның нәтижесінде баяндауыштары тиянақты тұлғада қолданылған. Сондықтан (жай сөйлемдер әрі сабақтаса, әрі салаласа байланысатындықтан) аралас құрмаластың құрамында үш және одан да көп жай сөйлем болады.

3. Қазыбек бек Тауасарұлы (1692 ж. Алматы облысы Кербұлақ ауданы – 1776 жылы Алматы облысы Күрті ауданы) – батыр. Ұлы жүздің шапырашты тайпасының асыл руынан шыққан. Кейбір мәліметтер бойынша жас кезінде шығыс елдерінде болып, мұсылманша жан-жақты білім алған. Жоңғар шапқыншылығы кезінде шапырашты Наурызбай батырдың әскерінде мыңбасы (кейбір деректерде ақылшысы) болған. Жоңғарлармен болған 1727 жылғы Бұланты шайқасына, 1729 жылы Аңырақай шайқасына қатысқан. Батыр қайтыс болған жерді халық Қазыбек тауы деп атап кеткен. Оның ұлы Қасқары батыр да жоңғарларға қарсы соғыста көзге түскен. Б.Қыдырбекұлы, Б.Нұржекеев, т.б. авторлардың пікірлері бойынша Қазыбек Бек “Түп тұқианнан өзіме шейін” – деген шежіреөтірік кітап] еңбек жазған.

==Өмірбаяны== ол да өтірік Кіші Азияның ірі қалаларында болып, діни, ғылыми білім алған оқымысты, жоңғар басқыншылығына қарсы күресте қол бастаған батыр. Шыққан тегі — Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан. Әкесі Матайұлы Тауасар би болған. Баласының неге болсын қабілетті зеректігін ерте байқаған әкесі Қазыбекті бес жасында Бұхараға апарып, дін оқуына береді. Кішкентайлығына қарамай жақсы оқыған бала Қазыбек медресені төрт жылда тамамдап, елге оралады. Мұнда екі жыл ауыл балаларына дәріс береді.

Билет№30

1. Шартты рай формасы етістіктің жалаң (түбір, туынды), күрделі негіздеріне -са (-се) жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Шартты райдың бұл формасы мағына жағынан басқа бір амалдың я істің жүзеге асу-аспау шартын білдіреді. Осы мағынасына орай, шартты рай формалары етістік дәйім құрмалас сөйлемнің шартты бағыныңқысының баяндауышы болады да, басыңқы сөйлемнің баяндауышының істелу-істелмеу шартын көрсетеді.[3]

Шартты рай формасы үнемі жіктеліп жұмсалады. Оның жіктелу үлгісі өткен шақ формасына ұқсас.Мысалы: Мен бар-са-м (бар-ды-м) Біз бар-са-қ (бар-ды-қ)

Сен бар-са-ң (бар-ды-ң) Сендер бар-са-ңдар (бар-ды-ңдар)

Сіз бар-са-ңыз (бар-ды-ңыз) Сіздер бар-са-ңыздар (бар-ды-ңыздар)

Ол бар-са (бар-ды) Олар бар-са (бар-ды)

2. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мақсатын білдіретін сабақтасытың түрі.

Сұрақтары: Не мақсатпен? Не етпек болып? Не үшін? Неге?

а) –мақ, -мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек етістікке тіркеледі. Керек болған затты алып шықпақ болып, өзі жалғыз кірді.

ә) Тұйық етістік пен үшін шылауының тіркесуінен: Кесе-шәйнекті сындырмай ұстау үшін, жақсы сөре керек.

б) Шартты , бұйрық және қалау рай тұлғалы етісітк пен деп көмекші етістік тіркесінен болады. Сол шаң тына қалар ма екен деп, Көпей самауырда есік алдына қойды.

3. Тәуекел хан[1] — (1583-1598 жылдары билік құрған) Шығай хандың ұлы 1586-1594 жылдар аралығында ол өзге сұлтандармен хан тағына таласып, біраз уақытын соған жұмсады. Ақыры хандыққа қол жеткізді. Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ету үшін ол Мәскеумен қарым-қатынасын жолға қойды. Сөйтіп, 1598 жылы Орта Азияға жаңа жорық жасады. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алар жолда ұрыстар жүргізілген кезде Тәуекел ауыр жараланып, Ташкентте қайтыс болды.

XVI ғасырдың 90-жылдарынан XVII ғасырдың басына дейінгі Қазақ хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588 жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595 жылдардағы Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандты басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты деректермен белгілі. Бұл аймақтардың Қазақ хандығы құрамына қосылуының тарихи маңызы зор болды, бір тарихи кезеңнің екіншісімен алмасуын көрсетті. Бұл оқиғалар тек Қазақ хандығына ғана емес, шайбанилік мемлекеттерге де елеулі ықпал жасады, өйткені Орта Азиядағы әулеттер ауысуының солармен тікелей байланысы болды. 1582 жылы Шығай хан өлгеннен кейін Тәуекел хан болды. Абдаллахқа вассалдық тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды. Бірақ 1582 жылдың бас кезінде-ақ «Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтып келе жатқанда Тәуекел өзіне ханның теріс ниетінен күдіктеніп, оны тастап, өзінің Дешті Қыпшағына кетіп қалды» делінген дерек те бар.Тәуекелді осындай қадам жасауға итермелеген себептер деректемелерде түсіндірілгенімен бірсыпыра пікір айтуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]