Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakh language.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174 Кб
Скачать
☆

1. Туынды етістіктер [өңдеу]

Туынды етістіктерге, әдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер жатады. Туынды етістіктерді тиісті түбірге және жұрнаққа бөлшектеуге болады, бірақ ол туынды тұлға есебінде қолданыла береді. Мысалы: ой+ла, той+ла, тер+ле, сүр+ле, ем+де, көз+де, тоқпақ+та, іс+те, сын+а, мін+е, мол+ай, ес+ей.

Есім негізді етістіктер [өңдеу]

Есім негізді етістіктерге етістіктерден өзге сөз таптарынан жасалатын етістіктер жатады, олар арнаулы жұрнақтар арқылы көбінесе зат есімнен, сын есімнен, үстеулерден, еліктеуіш сөздерден, әредік одағайлардан жасалады.

Есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар мыналар:

-ла (-ле, -да, -де, -та, -те) жұрнағы;

-лан (-лен, -дан, -ден, -тан, -тен) жұрнағы;

-лас (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес) жұрнағы;

-лат (-лет, -дат, -дет) жұрнағы;

-а (-е) жұрнағы;

-ай (-ей, -й) жұрнағы;

-қар (-ғар, -кер, -гер) жұрнағы;

-ар (-ер, -р) жұрнағы;

-ал (-әл, -ыл, -іл, -л) жұрнағы;

-ық (ік) жұрнағы;

-сы (-сі) және -ымсы (-імсі) жұрнақтары;

-сын (-сін) жұрнағы;

-сыра (-сіре) жұрнағы;

-ра (-ре, -ыра, -іре) жұрнағы;

-ырай (-ірей) жұрнағы;

тек белгілі бір есімдерден, кейбіреулері тек санаулы ғана есімдер мен етістіктерден туынды етістік жасайтын әрі көне, әрі маңдымсыз жұрнақтар бар. Оларға мыналар жатады:

-ы, -і (бай-ы, жас-ы, жан-ы, желп-і, кең-і, келк-і, тарп-ы т. б.)

-шы, -ші

-ан, -ен, -ын, -ін, -н

-ырқа, -ірке

-ырқан, -іркен

-ына, -іне

-қа, -ке, -ға, -ге

-ди, -тый, -ти

2. Салыстырмалы шырай

Біркелкі сыңдардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыру арқылы көрсететін шырай түрі салыстырмалы шырай деп аталады. Мысалы: үлкен-үлкенірек, жақсы-жақсылау, терең-тереңірек, көк-көкшіл т. б.

Салыстырмалы шырай мынадай жұрнақтар арқылы жасалады:

1. -рақ, -рек, -ырақ, -ірек: Мысалы: жақсы-рақ, жұқа-рақ, кіші-рек, күшті-рек, ұзын-ырақ, толығ-ырақ, үлкен-ірек, биіг-ірек т. б. Мысалдан көрінетіндей, сөздің соңғы дыбысы дауысты болса, жуан буыннан кейін -рақ, жіңішке буыннан кейін -рек жұрнағы жалғанады; сапалық сын түбірінің соңғы дыбысы дауыссыз болса, жуан буыннан кейін -ырақ, жіңішке буыннан кейін -ірек жұрнағы жалғанады.

2. -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу: Мысалы: жақсы-лау, сары-лау; кіші-леу, күрең-деу, терең-деу, сұр-лау, жасыл-дау, көк-теу, суық-тау т. б.

Сөздің соңғы дыбысы дауысты және үнді р, й, у болса, жуан буыннан кейін -дау жіңішке буыннан кейін -деу жалғанады; сөздің соңғы дыбысы үңді м, н, ң, л не ұяң болса, жуан буыннан кейін -дау, жіңішке буыннан кейін -деу жұрнағы жалғанады; сөздін соңғы дыбысы қатаң болса, жуан буыннан кейін -тау, жіңішке буыннан кейін -теу, жұрнағы жалғанады.

Бұл екі жұрнақ барлық сапалық сын есімдерге жалғанып, салыстырмалы шырай жасай береді. Сондай-ақ жекелеген сапалық сың есімдерге ғана жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын да жұрнақтар бар. Олар: 1. -ғыл, -қыл, -ғылт, -қылт, -ғылтым, -қылтым. Мысалы: ащқыл, ащқылтым, сарғыл, сарғылт, бозғыл, бозғылтым т. б.

2. -шыл, -шіл, -шылтым, -шілтім: Мысалы: ақшыл, ақшылтым, көкшіл, көкшілтім, ақшылтым т. б.

3. -ғыш, -ілдір: Мысалы: сарғыш, көгілдір, бозғыш т. б.

4. -аң, -қай, -ша, -ше. Мысалы: куаң, бозаң, қоңырқай, ұзынша, көкше, ақша, сұрша т. б.

3. Абылай (Әбілмансұр) хан — (1733—1737) билік құрған. Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы, Рахметтің досы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек.

Билет№20

1.Қыстырма сөз сөйлеушінің не жазушының айтылған ойға әртүрлі көзқарасын, сезімін білдіретін моральдық мәні бар сөздер. Қыстырма сөз бір сөзден де, бірнеше сөзден де тұратыны белгілі. Кей реттерде сөйлем түріндегі қыстырма сөз кездеседі. Бір қызықты жай - Абай поэзиясында да, прозасында да қыстырма сөз өте аз ұшырасады. Әдетте, мәдениетті сейлеу, жазу дәстүрінде қыстырма сөзді көп қолдана бермеген дедұрыс. Тілдің эстетикасын өте терең ұғынған және халық тілінің байлығын еркін игерген Абай Қыстырма сөзді орыңды-орынсыз көп пайдаланудың қисынсыздығын жақсы білген. Тағы бір қызық жай - Абай шығармаларында қыстырма сөз «біл» сөзінің қатысуымен жүмсалып отырады: «Кім біледі, Сен кәпір, Баяңдыдан сендің бе? Әлде айналып, кім білер, Боталы түйе секілді Қорадан шықпай өлдің бе», «Ақынды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын кердім», «Мен білемін, қайтейін. Мұндайасылтумайды», «...Әзіде білмей ме.Көп сейлеп созбайын». Әдеттегідей, А. туыңдыларындағы Қыстырма сөз айтылған ойына автордың сенімін, күдігін, жорамалын т.б. көзқарасын аңғартады.

2. Күрделі бастауыш [өңдеу]

Күрделі бастауыш деп екі я бірнеше сөздің тізбегінен жасалып, бір-ақ ұғымды білдіретін бастауышты атайды.

Күрделі бастауыш мына сияқты жолдармен жасалады:

Екі я бірнеше сөздердің тіркесінен құралған зат атауы.

Мысалы: Каспий теңізі - әлемдегі ең үлкен көл боп саналады

Қос сөз түріндегі зат есімдер:

Мысалы: Әке-шешем жасымда асырады, бақты, адам қылды.

Ашық я жасырын түрдегі ілік жалғаулы зат есім мен көмекші есімдердің тізбегі.

Мысалы: Үй іші енді тып-тыныш.

Сын есім тіркесі

Мысалы:Үш салт алтты тіл қатыспай жүріп келеді.

Кейде зат есім мен есімшеден, зат есім мен сын есімнен құралған сөз тізбектері күрделі бастауыш болады.

Мысалы: Білегі жуан бірді жығады, білімі толық мыңды жығады (мақал).

Тұлғасына қарай күрделі және бөлшек сан есімдер де сөйлемде күрделі бастауыш бола береді.

Мысалы: Жиырма бес маған тағы қайтып келді.

Күрделі баяндауыш деп екі я одан да көп сөздерден құралып, бір-ақ ұғымды білдіретін баяндауышты атайды.

Күрделі баяндауыштар келесі жолдармен жасалады:

Күрделі етістіктен

Есім сөздер мен көмекші етістіктердің тізбегінен жасалады

Ілік септіктегі есім сөздер мен көмекші есімдердің тіркесуі арқылы жасалады

Күрделі сан есімнен болады

Есім сөздер мен мөлшер, өлшемнің бірлігін білдіретін сөздердің тіркесінен болады

Жоқ, бар, тиіс, жөн, керек, қажет сияқты сөздер мен көмекші етістіктер тіркесіп келіп те, күрделі баяндауыш жасайды

Қалыптасқан тұрақты сөз тізбектерінен (идиомалардан) да жасалады.

3. Қазақ билері — ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған.

Қазақ билері әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері:

Төле би (1663—1759 жж.)

Қазыбек би (1667—1764 жж.)

Әйтеке би (1644—1700 жж.)

Қазақ халқының бұл билері елді үш жүздің бірлігін сақтауға шақырды.

Билет№21

1. Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем, түрлері, тыныс белгісі

Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдер құрмалас сөйлем деп аталады.

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің мағыналық жағынан өзгешеліктерінің кестесі

ЖАЙ СӨЙЛЕМ

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

1. Жай сөйлем жеке бір ойды білдіреді.

Құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді.

2. Жай сөйлем бір-бірінен айырым интонациямен айтылады.

Құрмалас сөйлемнің бірінші сыңары

екіншісімен ұласпалы интонациямен айтылады

3. Жай сөйлем интонациялық жағынан тиянақты болады.

Құрмалас сөйлемнің сыңарлары интонациялық жағынан тиянақсыз болады.

4. Жай сөйлем аяқталған ойды білдіріп, бір бүтін болып саналады.

Құрмалас сөйлемнің алғашқы сыңары аяқталған ойды білдіре алмайды, бүтіннің бір бөлшегі болып табылады.

Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен салаласа және сабақтаса байланысады. Мысалы: Қорқып тұрған атты алқымынан алды да, омбы қардан шығармай жығып алды. Бұл – салаласа байланысқан құрмалас сөйлем. Алғашқы сөйлем мен екінші сөйлемнің баяндауыштары тиянақты болып, екеуі тең дәрежеде байланысып тұр. Желге тұмсығын төсеп, белгілі иіс күтті. Бұл – сабақтаса байланысқан құрмалас сөйлем. Алғашқы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, екіншісіне бағына байланысып тұр. Бірінші жай сөйлемді екіншісінен бөліп, өз алдына жеке айтуға келмейді.

Құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса байланысуына орай құрмалас сөйлемдер: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас құрмалас болып үш түрге бөлінеді.

2. Неологизм деп өндіріс пен ғылымның, мәдениет пен шаруашылықтың түрлерімен байланысты тілде жаңадан пайда болған және әзірше көпшілік арасында толық қалыптаспаған жаңа сөздерді айтады. Жаңа сөз үнемі жаңа болып тұрмайды, көпшілік қауым бүл сөздерді меңгерген кезде, олар жалпы халықтық сипатқа ие болады да, халық тәжірибесінде жүріп екшелегеннен кейін қолданыла келе неологизм болудан қалады.

Қазақ тілі лексикасындағы сөздер де неологизм түрінде болды. Мысалы: алтын шаю (золотопромывания), amna (извержение), желі (жила), теміртас (железняк), құмтөбе (дюра), алыс өлшем (дальномер), керегетас (горсть), сөппе (вкрапленность), шөктіру (усаждение), шөгінділер (осадки) т.б. Жаңа ұғымды білдіретіндіктен, бүл сөздер де неологизм болып табылады. Шөктіру деген сөздің мағынасын салыс-ырыңыз. Бүл сөз бұрын түйені еріксіз жатқызуды білдірді, ал қазір ол геология термині болып та есептеледі. Дәл осы секілді желі деп бүрын тек бие байлау уақытында құлындарды тізіп байлап қою үшін қазыққа керілген арқанды атаса, қазір тау жынысын білдіретін атау болып қалыптасып отыр. Бүл сөздер қазақ тілі сөздік қүрамына, бір жағынан, неологизм болып, екінші жағынан, термин болып кірді.

Белгілі тарихи кезеңде тілдің сөздік құрамына жаңадан еніп, сол тілде сөйлеуші қалың бұқараның көпшілігіне түсініксіз болып бірте-бірте қалыптасу барысында жүрген бірқатар сөздер тілдің өсу, даму сатыларында неологизм болудан қалып та қояды. Мысалы, қосшы одағы, қызыл керуен деген сөздер совет өкіметі орнаған алғашқы кезде тілде бұрын болмаған жаңа ұғым атауы ретінде неологизм сөздерінің қатарында қолданыла келе, кейін қатардағы сөзге айналып, қоғамдық өмірдің дамуымен байланысты ол атаулар ескіріп: қолданудан шығып, ескірген (архаизм) сөздерге айналды.

3.----------------------------------------------------------------------------------------------------

Билет№22

1. Сөз құрамы орыс. состав слова – сөздің сыртқы түр-тұрпаты. Тілдегі сөздер бір бүтін тұлға ретінде қаралғанмен, олар мағыналы бір не бірнеше бөлшектен құралуы мүмкін. Сөз құрамының ең негізгі бөлшегі – түбір. Сөз тудыратын, сөз жалғастыратын (байланыстыратын) қосымшалар түбірге қосылады. Мысалы, ек-ін, егін-ші, егін-шілік сөздері ек түбіріне жұрнақтар (-ін, -ші, -лік) жалғану арқылы жасалған. Ал бойжеткен сөзі екі түбірдің бірігуінен, бала-шаға сөзі түбірлердің қосарланып айтылуынан туған. Сөздер сыртқы тұлғасына (құрамына) қарай түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз болып бөлінеді. Сөз құрам ұғымына түбір сөзге жалғанатын жалғаулар жатады, бірақ бұлар сөз емес, сөздің морфологиялық құрамының бөлшектері. Қазақ тілі сөздердің морфологиялық құрамына қарай жалғамалы тілдер тобына қосылады.

2. Ортақ етіс

Қимыл, іс-әрекеттің иесі, орындаушысы біреу емес, бірнешеу болып, -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі ортақ етіс деп аталады. Мысалы: Омар мен Оспан хат жаз-ыс-ты. Қыз бен жігіт сөйле-с-ті. Ол бізге үй сал-ыс-ты. деген сөйлемдердегі жазу, сөйлеу, салу қимылдары бір ғана субъект (іс иесі) тарапынан емес, бірнеше орындаушы (Омар мен Оспан, қыз бен жігіт, ол мен біз) арқылы іске асатынын көрсетеді.

Ырықсыз етіс пен өздік етіс жұрнактары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айт-ты,— әңгіме айтылды, сөзді сөйледі — сөз сөйленді, қолын жуды — ол жуынды, т. б. Өзгелік етіс жұрнағы салт етістікке жалғанса, салт етістікті сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді — шамды сөндірді, оқушы орындықта отырды — окушы орындыққа отырғызды, хат жетті —хатты жеткізді т. б.

Етіс жұрнактары кейде бірінің үстіне бірі қабаттасып та жалғана береді: Сөйле-с-іл-ді, жүр-гіз-іл-ді, айт-ыс-тыр-ды т. б.

3.---------------------------------------------------------------------------------

Билет№23

1. Өзгелік етіс

Өзгелік етіс қимылдың, іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі яғни субъектінің өзі емес, екінші бір басқа субъект, қимылды орындаушы арқылы істелінетінін білдіріп, белгілі жұрнақтар арқылы жасалады.

Ол жұрнақтар: 1) -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, отыр-ғыз, жүр-гіз, айт-қыз, жет-кіз; 2) -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, сал-дыр, сен-дір, ас-тыр, тік-тір, кет-ір, ас-ыр; 3) -т; жаса-т, сөйле-т т. б. Демек, өзгелік етісті сөйлемде кимылды, іс-әрекетті іске асырушы екі субъект болады: бірі — сол кимылды орындатушы, екіншісі — қимылды тікелей орындаушы, бұл ғылым тілінде агенс деп аталады. Мысалы: Ол баласына өлең айтқызды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]