Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakh language.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
174 Кб
Скачать
☆

1. Салалас құрмалас сөйлем

Салалас кұрмалас сөйлемдер мағыналық қарым-қатынасына карай ыңғайлас, қарсылықты, іліктес, себеп-салдар, талғаулы, кезектес болып алты түрге бөлінеді.

Бұлардың ішінде іліктес салалас ешбір жалғаулықсыз байланысса, талғаулы мен кезектес салаластар әрқашан жалғаулық шылаулардың көмегімен байланысады. Салаластың басқа түрлері жалғаулықсыз да, жалғаулық шылау арқылы да байланыса береді.

Ыңғайлас салалас

Құрамындағы жай сөйлемдері бастауыштарының іс-әрекеті бір тектес, мезгілдес, орайлас болып келген салаластарды ыңғайлас салалас дейміз. Ыңғайлас салалас іргелес тұрып та, және, да, де, әрі деген жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады: Бес минут өткен жоқ, әскери адам енді. Денесі тіп-тік, өңі сұп-сұр (Ғ. Мүст.).

Қарсылықты салалас

Қарсылықты салалас жай сөйлемдердегі істің, оқиғаның бір-біріне қарама-қарсы болатынын көрсетеді. Қарсылықты салаластың құрамы өзара іргелес те, бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады. Қарсылықты салаластағы жай сөйлемдердің баяндауыштары кебінесе антоним сөздерден және болымды-болымсыз формадағы сөздерден жасалады: Жанат орнын ұсынып еді,— отырған жок (Ғ. Мұст.). Бәріне де тоқтағым, бәрімен де танысқым келеді,— оған уақыт аз (С. М.).

Іліктес салалас

Іліктес салалас құрамындағы жай сөйлемдердің бірі екіншісіне түсінік болатындай, бірін-бірі толықтырып айқындайтындай қатынасты білдіреді. Іліктес салалас_ әрқашан іргелесе байланысады. Бірінші жай сөйлемінде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді басқа да сөздер болады:

Ректорат мынаны еске салады: студенттерді ерте бастан ғылыми еңбек жазуға төселдіру (С. Шаим.). Бұл трубалардың жуандығы сондай — Бейсен сияқты тәпелтек адамдар ішінде жүгіріп жүрерлік (Ғ. Мұст.).

Себеп-салдар салалас

Салалас құрамындағы жай сейлемдер өзара бірі екіншісінде айтылған істің себебін не салдарын білдірсе, ондай салаласты себеп-салдар мәнді салалас дейміз. Себеп-салдар салалас іргелес те, жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады. Ол жалғаулықтар мыналар: өйткені, себебі, сондықтан, неге десеңіз.

Қолың қатты дейді, қорқып тұрмын (Ғ. Мұст.). Ақыры тапқан сияқты; оң көзінің астыңғы қабағы бүлкілдей бастапты (Ғ- М-)

Талғаулы салалас

Талғаулы салалас құрамындағы жай сөйлемдердің өзара болжалдық қарым-қатынаста болып, тек біреуіндегі істің, оқиғаның жүзеге асатындығын көрсетеді. Талғаулы салалас я, яки, болмаса, не, немесе, әлде, әйтпесе деген жалғаулықтар арқылы байланысады. Талғаулы салаластың арасына үтір қойылады. М ы с а л ы: Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын (X. Ес).

Кезектес салалас

Құрамындағы жай сөйлемдерінің іс-әрекеті өзара талғау, салғастыру мәнді салаласты кезектес салалас дейміз. Кезектес салалас біресе, кейде, бірде деген жалғаулықтар арқылы байланысады. Жазуда кезектес салаластың арасына үтір қойылады. Мысалы: Жұлдыздың саналы еркі ұйқыға қарсы шығады, Бірде ұйқы еңсереді, бірде ерік еңсереді (Б. Соқп.).

2. Тыныс белгілері (не пунктуация) - тіл білімінде жазуға тән шартты белгілер жүйесі.

Нүкте (.) - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Нүкте белгілі бір ойдың аяқталуына байланысты қойылады. Нүкте дұрыс қойылмайтын болса, сөйлем түсініксіз болып шығады, не нүктенің қойылмауынан екінші бір мағына туындауы мүмкін.[1] Нүкте – аяқталған ойды білдіретін шартты белгі. Нүкте

Үтір — сөйлемнің құрылысына, синтаксистік ерекшелігіне, мағынасына байланысты ең көп қолданылатын тыныс белгісі. Үтір құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдерді, оңашаланған мүшелерді, оқшау сөздерді, бірыңғай мүшелерді, төл сөзді, т. б. айыра білу үшін қойылады

Тырнақша (" «») - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Тырнақша кідіріске, интонацияға немесе сөйлемнің құрылысына байланысты емес. Тырнақшаның мағынасы да, қызметі де алуан түрлі. Ол бірде тырнақшаға алынған сөздің немесе сөйлемнің өзге біреудікі екендігін білдірсе, енді бірде оның өзі тура мағынасында қолданылмай, басқа бір мағынада қолданылып тұрғандығын, болмаса заттар мен нәрселердің шартты атаулары екендігін білідіреді. Сонымен, тырнақша, негізінен, мағынаға байланысты қойылатын белгі.

Сызықша - жай және құрмалас сөйлемдерде қолданылатын және бөлу-ажыратудың инвариантты семантикалық-синтаксистік мәңімен біріктірлеген көп түрлі функцияларды атқаратын ұзын келбеу сызықша түріндегі тыныс белгісі.

Қос нүкте (:) - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Көп нүкте сөйлемнің синтаксистік ерекшеліктері мен мағынасына баыланысты қойылады. Қос нүктенің сөйлемдегі басты қызметі - сөйлем мүшелерінің арасындағы түрлі қарым-қатынастарды көрсету.

3. Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ‎) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет.

Билет№3

1. Нақ осы шақ

Нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте істеліп, болып жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді.

а) Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жур деген етістіктердің жіктелуі арқылы жасалады. Бұл төрт етістік қалып етістіктері деп аталады. Қалып етістіктеріне жіктік жалғауы тікелей жалғанып, есімдерше жіктеледі.

Қалып етістіктерінің жіктелу үлгісі. Жақ отыр тұрмын жүр жатыр

I.

II.

III. отырмын отырсың отырсыз отыр — тұрмын тұрсың тұрсыз

тұр — жүрмін жүрсің жүрсіз

жүр — жатырмын жатырсың жатырсыз жатыр —

I.

II.

III. отырмыз отырсыңдар отырсыздар отыр тұрмыз тұрсыңдар тұрсыздар тұр жүрміз жүрсіңдер жүрсіздер жүр жатырмыз жатырсыңдар жатырсыздар жатыр

Отыр, тұр, жүр, жатыр деген қалып етістіктері III жақта жіктік жалғауынсыз жұмсалады. Бұнда да есімдер (мысалы, зат есім, сын есім, сан есім) сияқты III жақта жіктік жалғауы болмайды. Қалып етістіктерінің үшеуі (отыр, тұр, жүр) екі түрлі мағынада жұмсалады: 1) 2-жақ жіктеу есімдігімен (сен) тіркесіп, II жақ бұйрық мағынасын білдіреді: сен отыр, сен тұр, сен жүр: 2) 3-жақ жіктеу есімдігімен тіркесіп, III жақта жұмсалып, осы шақ мағынасын білдіреді: ол отыр, ол тұр, ол жүр. Ал жатыр етістікті II жақ бұйрық рай мағынасында жат (сен жат) түрінде 3-жақта жіктелгенде, жатыр (ол жатыр) түрінде қолданылады.

ә) Нақ осы шақтың күрделі етістіктің -ып, -іп, -п және -а, -е, -й тұлғалы көсемше түрі мен отыр, тұр, жүр, жатыр деген қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесінен жасалады.

Бұл нақ осы шақ күрделі етістіктен жасалатындықтан да оның күрделі түрі деп танылады. Күрделі етістіктің құрамындағы көмекші етістіктердің (отыр, тұр, жүр, жатыр) жіктелуі арқылы шақтық мағына беріледі. Мысалы: Мен оқып отырмын. Сен ойнап жүрсің. Оқушы кітап оқып тұр.

Күрделі нақ осы шақтың жіктелу үлгісі. Жақ жекеше көпше

1.

2.

3. оқып отырмын оқып отырсың оқып отырсыз оқып отыр- оқып отырмыз

оқып отырсыңдар

оқып отырсыздар

оқып отыр

2. Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені атаймыз.

Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді.

Толықтауыш болатын сөз таптары [өңдеу]

Толықтауыш болатын сөз таптары:

Зат есімнен болады

Зат есім орнына қолданылған немесе заттық мағынаға ие болған есімдік, сан есім, сын есім, есімше, тұйық етістік, үстеу сөздерден болады.

Туралы, жөнінде, жайында деген шылаулардың бірімен тіркесіп келген сөздер етістіктен болған мүшенің алдында келсе, толықтауыш болады.

Толықтауыш та дара, күрделі және үйірлі болып келеді.

3.-----------------------------------------------

Билет№4

1. Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.

Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.

2. Пысықтауыш [1] деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз.[2]

Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?

3. Шәмші Қалдаяқов (15.8. 1930, Отырар ауданы Шәуілдір ауылы – 29.2.1992, Алматы) – композитор, Қазақстанның халық артісі (1991). Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы. Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі. Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956- 1962 жж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында В.В.Великанов класында оқыды. Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландыруында, яғни халықтық қайнармен қабыстыруында жатыр. Ал бұл оның қазақ жұртының музыкалық дәстүрі сүтін еміп өскендігіне дәлел. Осылайша бағзы мен бүгінгі мақамдарды керемет ұштастыруы Ш.Қалдаяқов туындыларының даңқын дүрілдетіп шығарып, дүйім далаға кең жайылуға кепілдік берді. Мұхтар Әуезов өмірден озар тұсында университет студенттері алдында сөйлеген әйгілі сөзінде Шәмші саздарын Ақан, Біржан өнерпаздығынан кейінгі бір "жыл келгендей жаңалық" сезіндіретін үздік құбылыс ретінде бағалағаны мәлім. Жұрт аузында "бүкіл қазақ еліне ән салдырған Шәмші" атануының сыры сонда. Сазгер әндері, әсіресе, 60-70-жылдардагы жастардың аузында жүрді. Кешеулеген "хрущевтік жылымық" дәуірінің жас адамдары шетел композиторлары мен орындаушыларына, мәселен, "Биттлзге" калай ынтықса, қазақстандық өз сазгерлерімізді де солай сүйіп тыңдады. Бұл соңғысы мен арасында, әрине, Қалдаяқов бірінші орында тұрды. Әсем да ақылды көкөрім жасты ғана емес, ересек, егде қауымның да, сан түрлі мамандық, алуан ұлт адамдарының да көңілін баурап алды. Халық арасында әсіресе күллі отаншылдық, елшілдік нотасын тап басқан "Менің Қазақстаным" туындысы айрықша мәшһүр болды. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы ұл-қыздар Алматы алаңдары мен көшелерінде Шәмшінің осы әнін ұрандай шырқап шықты. 2005 жылдан "Менің Қазақстаным" туындысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны болып бекітілді.

Билет№5

1 2. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері - сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын, бір ғана сұраққа жауап беретін, көбінесе бір тұлғада, бір сөз табынан жасалып, бір ғана сөзге қатысты болатын сөздер тобы. Сөйлемнің барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшелері бола алады.

Бірыңғай бастауыш: Жаз келер, қыстыгүні қысым етіп, Қар, суық, аяз, боран — бәрі кетіп (Шәкәрім). Бірыңғай баяндауыш: Ат міндім, атан алдым, шекпен кидім, Жөнім жоқ сені мақтай сөйлемеске (Жамбыл). Бірыңғай толықтауыш: Бай бейілін, мейірін, Сән, салтанат сейілін, Ақыл күшін, зейінін, Ең ақыры, төбетін, Күймен, жырмен мадақтап, Бәйіт қылып беретін (Жамбыл). Бірыңғай анықтауыш: Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың Алданбайсың артынан ерте берсең (Шәкәрім). Бірыңғай пысықтауыш: Ол мойнын бұрып жан-жағына қарады да, түйенің табанындай аяқ-қолдарын асықпай, табандықта сермеп жүзіп жүре берді (Б. Момышұлы). Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады. Негізінен, мұндай реттерде ыңғайлас жалғаулықтар, қарсылықты жалғаулықтар және талғаулы жалғаулықтар қатынасады: Арбада, дөңгелектер де, адамдар да, олардың ойлары да қызғылт шаңның ішінде (М. Жұмабаев); Бірыңғай мүшелерідің алдында немесе соңында жалпылауыш сөздер болады. Ондай қызметті есімдіктер, сияқты, тәрізді сөздер, сондай-ақ сан есімдер де атқарады: Арқаға аяқ салып түскен барып Екі оттың — орыс, қытай арасына (М. Жұмабаев).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]