- •2. Қалау рай
- •3. Туған жер - қасиетті ұғым
- •1. Салалас құрмалас сөйлем
- •2. Тыныс белгілері (не пунктуация) - тіл білімінде жазуға тән шартты белгілер жүйесі.
- •3. Аты аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарман — Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы.
- •1.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
- •1.Омонимдер(гр. Homos — біркелкі, onyma — есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.
- •1. Септік жалғаулары (орыс. Падежные окончания) арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.[1]
- •2. Себеп салдар құрмалас сөйлем
- •1. Сұраулы сөйлемдердің стилистикалық ерекшеліктері
- •2. Жалпы және жалқы есімдер [өңдеу]
- •3. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі («Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» қр заңынан үзінді)
- •1. Туынды етістіктер [өңдеу]
- •2. Сабақтас құрмалас сөйлем
- •2. Құрмалас сөйлем
2. Себеп салдар құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдердің бірі екіншісінде айтылған ойдың болу себебін білдіретін салаластын, түрін себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем дейміз.
Себеп-салдар салаласта бір жай сөйлем екіншісінде айтылған ойдың болу себебін білдірсе, екіншісі білдіретін ой оның салдары болып табылады. Сөйтіп, салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бірі себеп мәнді де, екіншісі салдар мәнді болады. Бірде себеп мәнді жай сөйлем бұрын тұрып, салдар мәнді жай сөйлем кейін тұрса, бірде керісінше салдар мәнді сөйлем бұрын тұрып, себеп мәнді жай сөйлем кейін тұрады.
Себеп-салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар (сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені) арқылы да, жалғаулықсыз, іргелес тұрып та байланысады.
Жалғаулықты себеп-салдар салаластар өйткені, себебі деген шылаулар арқылы құрмаласқанда, алдыңғы жай сөйлем салдар мәнді болып келеді де, екінші жай сөйлем ондағы ойдың болу себебін білдіреді. Жалғаулықты себеп-салдар салаластар сондықтан, сол себепті шылаулар арқылы құрмаласса, алдыңғы жай сөйлем екінші жай сөйлемдегі ойдың болу себебін білдіріп, себеп мәнді болып келеді де, екінші жай сөйлем салдар мәнді болады. Жалғаулықсыз себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің де бірде біріншісі себеп мәнді, екіншісі салдар мәнді болса, бірде біріншісі керісінше салдар мәнді, екіншісі себеп мәнді болып та қолданылады. Жазуда олардың айырмашылығы тыныс белгісінен байқалады: егер біріншісі себеп мәнді жай сөйлем, екіншісі салдар мәнді жай сөйлем болса, олардың арасына үтір қойылады, ал себеп мәнді жай сөйлем кейін келіп, салдар мәнді жай сөйлем бұрын тұрса, бірінші жай сөйлемнен кейін қос нүкте қойылады.
Мысалы, Тегі, бұл шоқу көзді ағызудың ғана тәсілі болмау керек, себебі көзі аққан жылан тулап бетімен лағады да, ақыры өледі. Әдетте оруды ең кұрметті кісі бастауға тиіс, сондықтан көпшілік бұл қүрметін Сырбайға көрсетпек болды. Ботаны ағыс алып кетер деп қауіптене отыра Сырбай оның ноқтасының бауын босатып жіберді: басын тартса, құлағына су кетірермін деп ойлады (С. Мұқанов). Құмның ыси бастауынан қашып аң біткен Бет-пақтың даласына қарай өтіп кетсе керек, таңертеңнен бері не бір қарақұйрық, не бір киік кездеспеді аңшыға (С. Мұратбеков) дегенде, алғашқы екі саластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен себебі, сондықтан жалғаулық шылаулары арқылы құрмаласқан да, соңғы екі салаласта жалғаулықсыз, іргелес байланысқан. Үшінші салаластың бірінші жай сөйлемі салдарлық мәнде жұмсалған (Ботаның ноқтасынын, бауын Сырбайдын, босатып жіберуі) де, екінші жай сөйлем оның себебін білдіреді (себебі — егер өйтпесе, ботаның құлағына су кетеді деп ойлауы), сондықтан бұл жай сөйлемдердің арасына қос нүкте койылады. Соңғы садаластың бірінші жай сөйлемі екінші жай сөйлемдегі ойдың себебін білдіріп тұр. (Құмның ыси бастауынан аң біткеннің Бетпақтық даласына қарай өтіп кетуі), екінші жай сөйлем оның салдары болып тұр) сондықтан не бір қарақұйрық, не бір киік аңшыға кездеспеді). Бұл жай сөйлемдердің арасына үтір койылады.
3.---------------------------------------------------
Билет№14
1. Жұрнақ дегеніміз — өзі жалғанған сөзге лексикалық немесе грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Мысалы: бүркіт және бүркітші деген сөздер түбірлес сөздер болғандарымен, екеуінің лексикалық мағынасы бір емес, екеуі — екі басқа сөз. Жұрнақтардың қызметтері де, мағыналары да біркелкі емес, әр түрлі. Кейбір жүрнақтар түбір сөздің мағынасын өзгерткенімен, сол сөзді басқа бір грамматикалық категорияға ауыстырып жібермейді. Мысалы: мал мен малшы деген сөздер лексикалық мағынасы жағынан басқа-басқа сөздер, бірақ белгілі грамматикалық мағынасы жағынан зат есімге жатады. Кейбір жұрнақтар белгілі бір сөз табына тән сөздерді басқа бір сөз табына ауыстырады. Шеге, түз, аяк, дегендер зат есімге тән сөздер болса, оларды -ле(шегеле), -да(тұзда), -та(аяқта) жұрнағы етістікке айналдырып тұр.
Сөйтіп, сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудыратын жұрнақты — сөз тудырушы жұрнақ деп атайды. Мысалы: киім, өнім деген сөздер -ім, жұрнағы арқылы ки, өн сөздерінен туған. Сондай-ақ aш, тол сөздерінен -ық жұрнағы арқылы ашық, толық деген жаңа сөздер жасалған. Сөз таптарының әрқайсысының өзіне тән категориялары тудыратын мұндай жұрнақтардың лексикалық қызметінен гөрі грамматикалық қызметтері анағұрлым басым болады. Мұндай жұрнақтарды сөз түрлендіретін жүрнақтар деп атайды.
Жалаң жүрнақ деп мағына жағынан да, форма жағынан да бөлшектенбейтін бір бүтін жұрнақты айтады. Мысалы: білім, кешкі, ойла, кеспе, малшы, ұшқыш дегендердегі -кі, -ла, -ne, -шы, -қыш жұрнақтарының әрқайсысы мағына жағынан, тұлға жағынан да біртұтас жұрнақ.
Мағына жағынан бір бүтін бола тұрса да, құрамы жағынан кемінде екі я онан да көп жалаң жұрнақтардан құралып (бірігіп) жасалған жұрнақтар күрделі (құранды) жұрнақтар деп аталады. Мысалы: Тұрғылықты, көтеріңкі, ашпалы деген -легі -ғылықты, (ғы-лық-ты), -іңкі (ің-кі), -палы (па-лы)
2. Келер шақ — қимыл, іс-әрекеттін дәл казір емес, болашақта істелетінін білдіретін етістік шағы. Келер шақ мағынасы мен формасына қарай үшке бөлінеді:
1. Ауыспалы келер шақ.Ӏс-қимылдын алдағы уакытта анық іске асатынын білдіреді. Ол негізінде етістіктін түбіріне -е/-й жұрнақтары жалғану аркылы жасалады: Біз айтқанды орындаймыз.
2. Болжалды келер шақ.Ӏс-кимылдын келешекте іске асуына күмәндануды білдіреді. Етістіктін түбіріне есімшенін -ар/-ер/-р жүрнағы жалғану аркылы жасалады: Әуелі өзіміз барармыз. [1]
3 Мақсатты келер шак. Ӏс-кимылдын мақсатын білдіреді, етістіктін түбіріне есімшенің - мақ/-мек жүрнағының косылуы аркылы жасалады: Олар ауылға қайтпақ.
3. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.
Өмірбаяны [өңдеу]
Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген.«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады.Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған.
Билет№15
1. Сөздердің орын тәртібі орыс. порядок слов — сөйлем мүшелерінің сөйлемде орналасу реті. Қазақ тіліндегі Сөздердің орын тәртібі типологиялық тұрғыда оның жалғамалы құрылымдық көрсеткіштерінің бірі. Сөздердің орын тәртібінің сөйлемнің жасалуында зор мәні бар. Оның тұрақты және жылжымалы типтері бар. Мысалы: орын тәртібі тұрақты болатындарға жалғаусыз қабыса байланысатың сөйлем мүшелерін, орын тәртібі жылжымалы болатындарға жалғаулар арқылы қиыса, менгеріле байланысатын сөйлем мүшелерін жатқызуға болады. Сөздердің орын тәртібі синтаксистік байланыстардың басты түрінің бірі ретінде сөйлемдегі сөздердің қызметін анықтауға мүмкіндік береді. Жалпы ереже бойынша баяндауыш сөйлемнің соңында, бастауыш одан бұрын, анықтауыш анықтайтын сөзінен, толықтауыш пен пысықтауыш өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты сөйлем мүшелерінің қалыпты орнынан жылжып отыруы заңды құбылыс болып табылады.
2. Жіктеу есімдіктері [өңдеу]
Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.
Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады.[3]
Есімдіктердің де септеу жүйесі басқа есімдерімен негізінде бір ізді болғанымен, олардың әр тобына тән кейбір ерекшеліктері де жоқ емес. Мысалы, жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері төмендегінше септеледі:Атау мен сен ол
Ілік менің сенің оның
Барыс маған саған оған
Табыс мені сені оны
Жатыс менде сенде онда
Шығыс менен сенен онан (одан)
Көмектес менімен сенімен онымен
Бұл үлгіден, басқа есімдерге қарағанда, жіктеу есімдіктерінің ерекшелеу септелетіні көрінеді. Бірақ бұл ерекшелік олардың көпше түрлеріне және сіз деген есімдіктерде кездеспейді, соңғылар (сіз, біз, сендер, сіздер) септеу жағынан басқа есімдерге ұқсас келеді.
Сілтеу есімдіктері [өңдеу]
Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне деген сөздер жатады. Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды білдіріп, қай? қайсы? деген сұрауларға жауап беретін аттрибутивтік сөздер.
Сұрау есімдіктері [өңдеу]
Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?
Бұлардан басқа да бірнеше сұрау есімдіктері бар, бірақ олар - белгілі жолдармен жоғарыда көрсетілген негізгі сұрау есімдіктерінен жасалған есімдіктер.
Өздік есімдік [өңдеу]
Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады.
Белгісіздік есімдіктері [өңдеу]
Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз.
Белгісіздік есімдіктердің жасалауына бір, әр, әлде деген үш сөз ұйытқы болып қызмет атқарады, белгісіздік есімдіктер осы сөздердің кейбір басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. Мысалы:
Біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме (бірнеше).
Әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай.
Әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан (алдақашан).
Болымсыздық есімдіктері [өңдеу]
Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. б.).
Жалпылау есімдіктері [өңдеу]
Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылысатарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз.
Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады.
3. Жоңғар хандығының жойылуы [өңдеу]
1741 жылы жоңғарлар Орта жүзге басып кіріп, Әбілмәмбет пен Абылай сұлтанның ауылдарын ойрандап, Абылайды тұтқынға алып кетеді. Келесі 1742 жылы Қалдан Серен қонтайшы екі қосын әскер шығарып, Әбілмәмбет хан мен Барақ сұлтанға қалмақ билеушісіне тәуелділігін мойындатып, олардан аманат алады. Тек Кіші жүз ғана орыс әкімшілігінің араласуымен қалмақтардың басқыншылығынан аман қалады.
Абылай сұлтан тұтқында екі жылға жуық мерзім болып, орыс әкімшілігінің араласуымен және Әбілмәмбет хан өз ұлын Абылай сұлтанның орнына аманатқа жіберген соң ғана бостандыққа шығады. Тұтқында болған кезінде Абылай ойрат тілі мен жазуын үйреніп, Жоңғар хандығының ішкі өмірімен танысып, Дабашы және Әмірсана нояндармен достасады. Абылай сондай-ақ жеке ерлік қасиетімен, мемлекеттік қайраткерге лайық ақылымен Қалдан Серенге үлкен әсер етіп, қонтайшы сұлтанды еліне қайтарар алдында екеуі Қазақ хандығы мен Жоңғар хандығы арасындағы бейбітшілік туралы бітім шартын жасасады.
Қалдан Серен өмірден өткен соң (1745 жылы) Жоңғар хандығында тақ үшін талас басталып, оның арты үлкен берекесіздікке ұласады. Абылай жоңғар билігіне таласушы нояндарды кезек қолдап, оларды өзара әлсіретіп, қалмақтардың қазақ жеріне басқыншылығын болдырмауға тырысады. Бірақ сұлтанның бұл әрекеті Жоңғар хандығын біржола жоюға бағытталмағаны анық. Ондай қауіп ойраттарға шығыс жақтан, яғни Қытай мемлекеті тарапынан төніп келе жатыр еді.
1755 жылы ерте көктемінде Цин империясының әскері ойраттардың ішіндегі алауыздықты пайдаланып, Жоңғар хандығына басып кіреді. Жазға қарай жоңғарларды "тыныштандыру" аяқталады. Жоңғар ханы Дабашы тұтқынға алынып, Пекинге жөнелтіледі. Дабашыны құлату үшін қытай әскерін бастап келген Әмірсана, енді ойраттарды циндерге қарсы көтеріліске шақырады, бірақ қолдау таба алмай, қазақ жеріне, Абылай сұлтанға келіп паналайды. 1756 жылы Абылай сұлтанға Цин елшісі келіп, Әмірсананы ұстап беруді талап өтеді, бірақ Абылай елшіліктің өтінішін орындаудан бас тартып, ойраттардың ұлт-азаттық күресі жағында екендігін танытады. Цин үкіметі бұған жауан ретінде солтүстік және оңтүстік бағыттағы әскеріне екі саппен Қазақстанға енуге бұйрық береді.
Билет№16
1. Сөздердің байланысу тәсілдері орыс. способы связи слов – сөйлемнің, сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің синтаксистік байланысқа түсу жолдары. Сөйлемдегі сөздердің синтаксистік байланысқа түсуінің екі түрлі жолы бар:
Аналитикалық тәсіл – сөйлемдегі сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі, интонация және шылаулар арқылы байланысуы.
Мысалы, Тамаша өмір, шаттық жыр, қала, дала, ой мен қыр (Жамбыл);
Синтетикалық тәсіл – сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы.
Мысалы, Жаздың көркі енеді жыл құсымен. Жайраңдасып жас күлер құрбысымен (Абай). Салаластық қатынастағы сөз тіркестері аналитикалық тәсілмен, сабақтастық қатынастағы сөз тіркестері әрі аналитикалық, әрі синтетикалық тәсілдермен байланысады.
2. Одағай - сөз табы. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған. Мысалы: Уау, жігіттер-ау, бұл қалай? (Ғ. Сланов); Па, сабаз, мал болғаныңа! (бұ да); Түу, қандай тымырсық түн (бұ да); Е, жолдас, жақсы жатып, жай тұрдыңыз ба? (С. Мұқанов) дегендердегі уау, па, түу, е деген одағайлар үйреншікті сөздерге айналып, жұрттың бәріне түсінікті болып кеткен. [1]
Одағай сөздер мағына жағынан заттың өзі туралы да, сыны, саны, қимылы туралы да, қимылдың жайы-күйі туралы ұғым бермейді.
3. Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері
Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.
Билет№17
